Капиталдық салым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 12:05, реферат

Краткое описание

Капитал дегеніміз – тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндірісқұрал-жабдықтары капиталисті кәсіпкерлердің қолына жинақтала бастады. Өндіріс құрал-жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономика лек.doc

— 47.50 Кб (Скачать документ)

Капиталдық салым

 

 

 Капитал дегеніміз – тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндірісқұрал-жабдықтары капиталисті кәсіпкерлердің қолына жинақтала бастады. Өндіріс құрал-жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.

Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар:

  1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
  2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе—теңдіктің бұзылуы;
  3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
  4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
  5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал

Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:

- өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына  тікелей инвестициялар;

- портфельдік инвечтициялар 

Ішкі инвестициялық  ресуртар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға, реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.

Шетел инвесторы – шетелдік заңды  тұлғалар, шетел азаматтары, шетел  мемлекеттері, халықаралық ұйымдар, шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда.

Шетелдік инвестиция дегеніміз  – қабылдаушы елдегі компанияның  қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі қазіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.

Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды, материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды, өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды, басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады.

2004 жылғы қаңтарда  қаржы емес активтерге инвестициялардың  бағалау көлемі 57,6 млрд. Теңгені  құрады, оның 56,9 млрд. Теңгесі негізгі  капиталға инвестицияларға келеді.

2004 жылғы қаңтарда  инвестицияның өсуі республиканың  12 өңрінде байқалды. Ең көп Өсу Жамбыл (4,8 есе), Павлодар (2,2 есе), Оңтүстік Қазақстан (1,6 есе), Қостанай, Атырау, Қарағанды (14 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1,9 есе) байқалды. Өсім сондай—ақ Шығыс Қазақстан, Ақмола,Қызылорда, Алматы облыстары мен Алматы қаласында да (4-13%) байқалды.

Инвестициялық қызмет дегеніміз  – шаруашылық жүргізуші субъектілер  жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар – сатып алуға, құруға, негізгі құралдарды қайта  өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады.

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13,3% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4,2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52,3% машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47,7% құрады (11;11-21б)

Тікелей инвестициялау  – шаруашылық субъектілердің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға  қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып  табылады.

Портфельдік инвестициялар  – портфельді қалыптастыруға байланысты және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептеледі.

Аннуитеттік – тұрақты  аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы  қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.

Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан экономиасын  тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті, ең алдымен еліміздің ішкі резертерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестицияларымен  жұмыс істейтін кәсіпорындардың  санының көбейе түскен мәлім. Қазіргі кезде республикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі ьолып отыр. Осыған орай өндіріске және меншік инвестицияларды уақытша ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Сонымен нарықтық экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрмен қатысуы мен олар үшін барныша қолайлы жағдай жасауымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз.(3;158-166 б)%%



Информация о работе Капиталдық салым