Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 19:44, реферат
К. МарксПруссияда (Германияда) Трир қаласында, адвокаттың еврей отбасында 1818 жылғы 5 мамырда дүниеге келген. Маркс Трир гимназиясында, одан соң Бонн және Берлин университеттерінде оқыды. Университетті бітіргеннен кейін «Демокриттің натурфилософиясы мен Эпикурдың натурфилософиясы арасындағы айырмашылық» деген тақырыпта докторлық диссертацияны тамаша қорғап шығады.
Маркстің революциялық қызметі өте ерте басталды. 1842 жылы ол «Рейн газетін» (рейндік радикал буржуазияның органы) шығаруға белсене қатысты және оның редакторы болды. Редактор болып жүргенінде ол экономикалық мәселелермен тереңірек айналысты, мемлекет пен заң орындарын сынға алудан саяси экономияны сынауға көшті