Ұйымда персонамен жұмыс істеуді жоспарлау?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 19:06, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсатарға жеткізбей отыр.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

Менеджмент және кадрларды дайындаудың теориялық негіздері.......5
Менеджер туралы түсінік және оның маңызы...............................................5
Жұмысшылар мен қызметкерлердің «өмірлік жал» жүйесі..........................7
1.3 Басқару стилінің түсінігі...................................................................................9


Жапонияда персоналдарды басқару..........................................................11
2.1 Басқарудың жапондық типінің түрлері.........................................................11
Жапония мемлекетінде кадрларды дайындау ерекшеліктері.....................13
Жапондық менеджментте қызметшілерді басқару жүйесі..........................16
Жапондық кәсіпкерлердің басқару жүйесін ұйымдастыруы......................18

Жапондық және американдық менеджменттерді салыстырмалы сараптау және жетілдіру.....................................................................................20
Еңбекке ақы төлеу және ынталандыру ерекшелікері..................................20
Жапония мен АҚШ мемлекеттерінде менеджер кадрларын дайындау және қайта дайындау......................................................................................................21
Шетел кәсіпорындарында персоналды стратегиялық басқару тәжірибелері және жетілдіру жолдары.......................................................................................25
Американдық және жапондық басқару үлгілерін салыстырмалы сипаттау арқылы жетілдіру....…………………………...…………………….…………..27

Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

personaldy_baskaru.doc

— 233.00 Кб (Скачать документ)

Басқарудың жоғары сатыларында стратегиялық сипаттағы мәселелер шешіледі: кадрлар саясаты, оны орындаудың стратегиясы мен тактикасы және оны орындаудың тапсырмалары, әдістемелік пен нормативтік материалдарды жасау тапсырмалары қалыптасады, оның орындауына бақылау қойылады және кадрлармен жұмыс істеу бойынша барлық бөлімшелерде жалпы жетекшілік жасайды.

Қазіргі жағдайда кадрлық  қызмет кадрлармен жұмыстың барлығында ұйымдастырушы және үйлестіруші  болуы қажет. Ол құрылымдық бөлімшелерде кадрлар саясатын жүзеге асыруда  бақылаушы функциясын, еңбекақы төлеуді, жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсетуді, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдайды, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды қадағалауы керек.

 

 

 

 

2 Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынасының құқықтық аспектілері

 

Еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негiзiнде белгiлi бiр еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөнiнде туындайтын жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы қатынастар.

Қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға.

Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға.

Жұмыс беруші мен қазметкер  арасындағы еңбек қатынастары 2000 жылдың 1 қаңтарында қабылданған, «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңына сәйкес бекітілген, жеке немесе ұжымдық келісім шарттармен, құқықтық нормативті актілермен реттеледі.

 

 

    1. Жұмыс беруші мен жұмыскердің негізгі міндеттемелері және  құқықтары

 

Қызметкерлердiң  негізгi құқықтары мен мiндеттері

1. Қызметкердiң құқықтары:

  1. жұмыс берушiмен осы Заңда белгiленген тәртiппен жеке еңбек шартын жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
  2. тең еңбегi үшiн қандай да болсын кемсiтусiз тең ақы алуға;
  3. қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына;
  4. егер басқа заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кәсiптiк одақтарға немесе басқа да қоғамдық бiрлестiктерге өз еркiмен мүше болуға;
  5. демалысқа;
  6. өзiнiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеттiруге;
  7. кепiлдiктер мен өтемақылар алуға;
  8. еңбек дауларын тараптардың келiсуiмен немесе сот тәртiбiмен шешуге;
  9. жұмыс берушіден жеке еңбек шартында тараптың атынан өкiлдiк ететiн лауазымды адамның өкiлеттiгiн растауды талап етуге;
  10. ұжымдық шартпен және жұмыс берушiнiң актiлерiмен танысуға;
  11. өзiнiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруға құқығы бар.

2. Қызметкердің міндеттері:

  1. жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актiлерінде жазылған еңбек міндеттерін адал орындауға;
  2. еңбек тәртiбiн сақтауға;
  3. жұмыс процесiнде жұмыс берушiге мүлiктік зиян келтіруге жол бермеуге;
  4. еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға;
  5. жеке еңбек шартына сәйкес өзiне сенiп тапсырылған, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
  6. адамдардың өмiрі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қатер төндiретiн ахуал туындағаны туралы хабарлауға;  2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен
  7. тармақшамен толықтырылды
  8. міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін ұсынуға;

 

Жұмыс берушiнiң негізгi құқықтары мен мiндеттерi

1. Жұмыс берушінің құқықтары:

1) Осы Заңда белгiленген  тәртіппен қызметкерлермен жеке  еңбек және ұжымдық шарттарды  жасасуға, өзгертуге және бұзуға;

2) жұмысқа қабылдау  кезiнде қызметкерден осы Заңда  көзделген, белгiлi бiр еңбек  қызметімен айналысуға және (немесе) белгiлi бiр қызметтi атқаруға мүмкiндігін растайтын құжаттар берудi талап етуге;

2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда

3) өз өкілеттігі шегінде  жұмыс берушінің актілерін шығаруға.

Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілерді қабылдау қызметкерлер өкілдерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады;

4) қызметкерлердi көтермелеуге, оларды осы Заңда және өзге  де нормативтiк құқықтық актiлерде  белгiленген тәртіппен тәртіптiк  және материалдық жауапкершілiкке тартуға;

5) өзіне қызметкер  келтiрген зиянды өтеттіруге;

6) 2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен алып тасталды

7) өз құқықтары мен  мүдделерiн бiлдiру және қорғау  мақсатында жұмыс берушiлер бiрлестiктерiн  құруға және оларға кiруге;

8)   қызметкерге сынақ мерзiмiн белгілеуге;

9) егер жеке еңбек шартының  талаптарында жазылған болса,  қызметкерді оқытып-үйретуге байланысты  өз шығындарының орнын толтыруға  құқығы бар. 

2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Жұмыс беруші міндеттері:

1) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының  еңбек туралы заңнамасына, жеке  еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес  еңбек жағдайларын қамтамасыз  етуге; 

2) қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын  қарауға, келіссөздер жүргізуге және ұжымдық шарт жасасуға;

3) қызметкерлерді өз қаражаты  есебінен өздерінің еңбек міндеттерін  орындауы үшін қажетті құралдармен  және материалдармен қамтамасыз  етуге; 

4) қызметкерді жұмысқа қабылдаған  кезде онымен жеке еңбек шартын жасасуға, қызметкерді ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға;

5) жалақыны және Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық  актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық  шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде  көзделген өзге де төлемдерді  уақтылы және толық көлемінде  төлеп тұруға;

6) қызметкерге жыл  сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;

7) Қазақстан Республикасының  еңбек туралы, еңбек қауіпсіздігі  және еңбекті қорғау туралы  заңнамасының, жеке еңбек, ұжымдық  шарттардың талаптарын сақтауға;

8) қызметкердің еңбек  міндеттерін атқаруы кезінде  оның денсаулығы мен өміріне  зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыруға;

9) қызметкердің өмірі  мен денсаулығына келтірілген  зиянды Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес өтеуге;

10) қызметкерлердің еңбек  қызметін растайтын құжаттардың  және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға  арналған ақшаның ұсталуы мен аударылуы туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз етуге;

11) егер жұмысты жалғастыру  қызметкердің өмірі мен денсаулығына  қауіп төндірсе, оны тоқтата тұруға;

12) қызметкерге зиянды (өте зиянды) және қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың ықтималдығы туралы ескертуге;

13) жұмыс орындары мен  технологиялық процестерде қатердің  алдын алу жөнінде шаралар  қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық  прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстарды жүргізуге;

14) қызметкерден міндетті  зейнетақы жарналары есебінен  зейнетақымен қамсыздандыру туралы  шарттың көшірмесін талап етуге; 

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді

15) жұмыс уақытының, соның ішінде жұмыс уақытынан тыс істеген жұмыс, әрбір қызметкердің зиянды (өте зиянды), қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында, ауыр дене еңбегімен айналысқан жұмыс уақытының нақты есебін жүргізуге;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды

16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен профилактикалық, алдын ала және міндетті медициналық тексерулерден өткізілуге тиіс адамдардың осындай тексерулерден уақтылы өткізілуін қамтамасыз етуге міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

    1. Жеке және ұжымдық еңбек келісім шарттары

 

Жеке еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында жазбаша нысанда жасалатын екiжақты келiсiм, ол бойынша қызметкер жұмыс берушiнiң актiсiн атқара отырып, белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал жұмыс берушi қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісiмiнде көзделген өзге де ақшалай төлемдердi уақытында және толық көлемiнде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттенедi;

Жеке еңбек шартының мазмұны 

1. Жеке еңбек шартында:

1) тараптардың реквизиттерi:

жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жерi, жұмыс берушi - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен уақыты;

жұмыс берушiнiң (оның өкiлiнің) тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын  куәландыратын құжатта көрсетiлсе) және қызметi, ал жұмыс берушi жеке тұлға  болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi;

қызметкердiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын  құжатта көрсетiлсе), жеке басын куәландыратын  құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; әлеуметтiк  жеке қодының нөмiрi (ӘЖК), салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi (СТН);

2) еңбек мiндетi (белгiлi  бiр қызмет, мамандық, кәсіп бойынша  жұмыс);

3) жеке еңбек шартының  мерзiмi;

4) еңбек мiндеттерiн  жүзеге асыру басталатын күн; 

2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда

5) еңбек жағдайларының  сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр  дене еңбегі немесе зиянды (өте  зиянды) немесе қауіпті (өте қауіпті)  еңбек жағдайларында жұмыс істегені  үшін берілетін кепілдіктер мен  өтемақылар;

6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi;

7) еңбекке ақы төлеу  және еңбектi қорғау жағдайлары;

8) жұмыс берушiнiң құқықтары  мен мiндеттерi;

9) қызметкердiң құқықтары  мен мiндеттерi;

10) жеке еңбек шартын  өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi;

11) өтемақылар төлеу  мен кепiлдiктер беру тәртiбi;

12) тараптардың жауапкершілiгi  көрсетiлуге тиiс. 

2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Жеке еңбек шартын  белгіленген мерзімге жасасқанда  тараптардың осы шартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өзара жауапкершілігі белгіленуі мүмкін.

2. Тараптардың келiсiмi  бойынша жеке еңбек шартына  өзге де жағдайлардың енгiзiлуi мүмкiн. 

2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Жұмыс беруші қызметкерден осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда жеке еңбек шартында келісілмеген жұмысты атқаруды талап етуге құқылы емес.

Жеке еңбек шартын тоқтату мен бұзу негiздерi

1. Жеке еңбек шарты:

1) мерзiмiнің бiтуi бойынша; 

2) тараптардың еркiне  байланысты емес мән-жайлар бойынша  тоқтатылуы мүмкiн. 

2. Жеке еңбек шарты:

1) тараптардың келiсiмi  бойынша; 

2) тараптардың бiрiнiң  бастамасы бойынша; 

3) заң актiлерiнде көзделген  өзге де негiздер бойынша бұзылуы мүмкiн.

3. Тараптар жасасқан жеке еңбек шарты тараптардың келiсiмi бойынша бұзылуы мүмкiн. Қызметкер мен жұмыс берушiнiң жазбаша келiсуi жеке еңбек шартын тараптардың келiсiмi бойынша бұзудың негiзi болып табылады.

4. Жеке еңбек шарты тараптардың бiрiнiң бастамасымен, егер бұл тарап екiншi тарапқа жеке еңбек шартында келiсiлген мерзiмде жазбаша ескертсе, бұзылуы мүмкiн. Бiр тараптың екiншi тарапқа ескерту мерзiмi жеке еңбек шарты бұзылған кезге дейiн бiр айдан кем болмауы керек.

2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Жеке еңбек шарты  осы Заңның 26-бабының 8), 9), 10), 11), 12), 14), 15) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзылған кезде қызметкердi алда шарттың бұзылатыны туралы ескерту талап етілмейдi.

5. Жеке еңбек шартын  бұзу және тоқтату жұмыс берушiнiң  бұйрығымен ресiмделедi.

Ұжымдық шарт - еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу үшін бір немесе бірнеше жұмыс беруші (олардың өкілдері) мен қызметкерлердің бір немесе бірнеше өкілдері арасында жазбаша шарт нысанында жасалған құқықтық акт.

1. Ұжымдық шарттың  мазмұнын келiссөздер жөнiндегi екiжақты  комиссияда тараптар белгiлейдi.

Ұжымдық шартта бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер қойылатын бiлiктілiк талаптарына сәйкес келген жағдайда оларды жұмысқа қабылдау туралы талап болуы мүмкiн.

2. Ұжымдық шарт:

оның қолданылу мерзiмi туралы;

орындалуын бақылау  тәртiбi туралы;

шарт талаптарының орындалмағаны  үшiн жауапкершiлiк туралы;

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы ережелердi қамтиды.

3. Ұжымдық шарттардың  ережелерi қызметкерлердiң құқығын  шектемеуi, еңбек жағдайларын нашарлатпауы  және заңдарда белгiленген кепiлдiктердi  бұзбауы керек.

Информация о работе Ұйымда персонамен жұмыс істеуді жоспарлау?