Экономикажәне кәсіпкерлік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 17:29, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажат»,-делінген.

Содержание

Кіріспе………………..................………………………………………….......3

1 Шағын бизнесті несиелендіру механизмінің теориялық негіздері.....5
Шағын бизнестің экономикадағы орны мен маңызы…………..............5
Шағын бизнесті дамытудағы несиелендірудің ролі…………....…....…8
Шағын бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі...........................10
2 Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық несиелік қолдау механизмін талдау.............................14
2.1Қазақстан Республикасындағы кіші бизнес және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау...........................................................................14
2.2Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін талдау...........16

3 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті несиелендіру механизмін жетілдірудің жолдары............................................................21
3.1Кіші бизнесті жетілдірудің негізгі проблемалары....................................21
Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру....23

Қорытынды..........................................................................................................27

Қолданған әдебиеттер тізімі..............................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кәсіпкерлік.DOC

— 217.00 Кб (Скачать документ)

    

 

3.2 Шағын бизнесті  басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру

 

         Шағын бизнес кәсіпорнының дамуы  Қазақстан экономикасындағы жүзеге  асырылған реформаларының бірі  болып табылады. Үлкен мөлшердегі  инвестицияны қажет етпейтін  осы кәсіпорындар ғана әлеуметтік  тұрақтылық кепілі, нарықтық кеңейту  шаралары және елдегі бәсекеқабілеттілікті жоғарылату қайнар көзі болып саналады.

           Қазіргі кезде бұл касіпорындарды  дамыту, алдымен қаржылық қамтамасыз  ету және қаржылық - несиелік талдауды  іздеу проблемаларымен байланыстырылады. Жаңашыл шарттарға сәйкес шағын кәсіпорын капиталының негізгі қайнар көзі болып бұрынғысынша жеткіліксіз меншік ресурстары қалады. Бұл шағын бизнес кәсіпорнының несие нарығына және жоғарғы пайыз мөлшерлемесі жағынан бағалы қағаздар нарығына қатысуындағы, әртүрлі мемлекетік емес бағдарламалардың , қорлардың және үкіметтік ұйымдардың қаржылық ресурстарға шектеулер қоюының нәтижесі болып табылады.

            Нарықтық қатынастар көптеген  адамдардың «өз ісіне» деген  табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің  меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктің әкеп соғады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш - жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт - бағдарға, тәуекелдік бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми - техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық - өндірістік, сауда - көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және басқа да коммерциялық делдалдық сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

     Қазақстан  Республикасында шағын кәсіпкерлікті  дамыту жөніндегі жеделдетілген  шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған  бағдарламсы әзірленді. Бағдарламаның  мақсаты шағын кәсіпкерлік субъектілері  асын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған инстуционалдық жағдайларды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады.

     Бағдарлама  шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың  негізгі бағыттары:

  • шағын бизнес мәселелері бойынша заң шығарудың жаңа регламентін қабылдау жолымен заңнаманы жетілдіру;
  • шағын бизнес мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдердің нәтижелілігін қадағалау институтын енгізу;
  • әрбір мемлекеттік органда «құқықтық ақпарат кабинетін» негізу;
  • әкімшілік кедергілерді азайту және бюрократиясыздандыру;
  • кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

             Бағдарламаның міндеттері:

  • мемлекеттің жеке сектормен өзара іс-қимылының жаңа идеологиясын құру;
  • кластерлік - желілік ұстаным негізінде өмір сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйені құру және қамтамасыз ету;
  • шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша ашық заңнамалық негіз құру;
  • шағын кәсіпкерліктегі көлеңкелі айналымдағы қысқарту.

            Қазіргі жағдайда капитализмге  ауысу жолында қоғамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ , шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы болып отыр. Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік тәжірибеде экономикада тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысты көптеген факторлармен байланысты. Шынында да ірі фирмаларда зор материалдық, қаржылық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғары дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.

             Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе жартылай фабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері сондай-ақ, жеке адамдар да болуы мүмкін.

            Шағын бизнестің басты проблемасы - ол  несие беру саясаты. Несие тек қана  кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын  мүлік кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік  бере алмайды. Сондықтан шағын бизнесті  қолдайтын арнайы  банк, несие  банктің бір  бөлімі болуы керек.

             Шағын кәсіпорындар  кадрларды  даярлау, банктік несие  алу  және  информациялық  қызметтерге  мұқтаж. Шағын кәсіпкерлік  фирмалар  қазіргі  жағдайда делдалдық  сферада,  сонымен  қатар  тез айналатын  сала сауда - саттық, қоғамдық  тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және  машиналарды жөндеу, т.б. салаларда  орын алып отыр.Жоғарыда келтірілген осы жағдайлардың барлығы кәсіпорындағы басқару шараларына келіп сүйенеді. Қазіргі таңда қызметтерді басқару саласы экономиканың көптеген жақтарына маңызды әсерін тигізетін бірден бір факторлардың бірі болып табылады.

              Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару туралы жаңа  заңдар еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, әкімдердің басқарушылық және құқықтық сауаттылығына, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болады.

          Қазіргі күрделі жағдайда аймақтарда  әртүрлі ұйымдық - құқықтық  пошымдағы  шағын кәсіпкерлікті дамыту бірінші  кезектегі іс. Айта кетелік, шағын  кәсіпкерлікке заңды тұлға құрмай - ақ кәсіпкерлікпен айналысатын барлық субъектілер және қызметтерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын заңды тұлғалар жатады.

        Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет нақты қолдау көрсетеді.

        Айта кетейік, қызметкерлерінің  жылдық орташа саны 50 адамнан  аспайтын, жыл ішіндегі активтерінің  жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын шаруа қожалықтарының да шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік қолдауға құқығы бар.

         Аймақтарды дамытуға қаражат  жұмсайтын инвесторлар үшін тікелей  қаражат жұмсауды мемлекеттік  қолдау туралы заңдарда көзделген тәртіппен және шарттармен бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қолданыла алады. Атап айтқанда, біріншіден, бұл мемлекеттік заттай гранттар; екіншіден, келісімшарт жасалған сәттен бастап табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын 5 жылға дейінгі мерзімге негізгі ставканың 100 пайызына дейін кеміту, сондай - ақ одан кейінгі 5 жылға дейінгі кезеңге табыс салығыны, жер салығының  және мүлікке салынатын салықтың ставкасын негізгі ставканың 50 пайызынан аспайтын шекте кеміту, үшіншіден, инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар, шикізатпен материалдар импортына кеден бажын салудың толық немесе ішінара босату.

         Жеңілдіктер мен преференциялардың  мөлшері тікелей инвестиция көлеміне, инвестордың жобаны іске асыру мерзімі жөніндегі міндеттемелеріне, оның өзін - өзі өтеуіне, экономика секторының басымдылығына және басқа жағдайларға байланысты айқындалады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001 - 2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 50 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.

                   Кәсіпкерлік қызмет субъектілері  заңдық тұлға құрмай тұрып,  азаматтық - құқықтық қатынастардың,  әсіресе шетелдік заңдық тұлғалармен қатынаста белседі қатысушысы болуы белгілі дәрежеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да  соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалықтарының заңдық тұлға құра отырып, шаруашылық жүргізудің ірірек ұйымдық - құқықтық түрлеріне бірігу фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ  емес. Мұндай шешім кәсіпкерліктің осынау жаңа субъектілерінің еңбек, материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай - ақ оңтайлырақ еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

             Бүгінде аймақтарда  кәсіпкерліктің  бәрінен көп кездесетін субъектілері  әзірге азаматтардың заңдық тұлға  құрмай - ақ, дербес яки біріккен  кәсіпкерлік  болып отырғаны  белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай мұндай азаматтар өздері барып мемлекеттік тіркеуден өтуге, сондай - ақ, тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жеке кәсіпкер ретінде есепке тұруға тиіс.

      Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.      О. Баймұратов    Қазақстан қаржы нарығы.Алматы «Экономика» 2007 ж

2.     Б.Жүнісов,  Ұ.Мәмбетов, Ү. Байжомартов Нарықтық  экономика негіздері  Алматы  1994 ж

3.      К.З.Хамитова  Экономикажәне кәсіпкерлік негіздері  Астана  2007  ж

4.     Н.Қ. Мамыров,  М.Ә.Тілеужанова  Макроэкономика  Алматы «Экономика» 2003 ж

5. Илясов.И. Қаржы.- Алматы, 2004.

6. Жүнісов.А. Нарықты  экономикаға қіріспе.- Алматы, 2003.

7. Кәсіпорын қаржысын  талдау.- Алматы, 2004.

8. Шеденов.Ө Д. Жалпы  экономикалық теория. - Ақтөбе, 2004.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша – 1

  

 

 
Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды  өз бетінше жүйелік бағыт болып  табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдерін  басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді. (кесте №1)10 
 
кесте №1

     

Дамыған мемлекеттер  тәжірибесі

ҚР деңгейін бағалау

 
     

 

1

Мемлекттік саясат мақсаттарын  анықтайтын кәсіпкерлік қызметті қолдау сұрақтарын реттейтін әлеуметтік құқықтық актілер болуы.

Даму үстінде

 
2

 
Мемлекеттік қаржылық, технологиялық, ақпараттық, кеңістік және кадрлық  мемлекеттік жобалардың жүйесін  құрастыру және жүзеге асыру 

 
Даму үстінде

 

 
3

 
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тікелей және жанама шараларының байланысы

 
Жоқ

 

     

 

4

Әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден шағын кәсіпкерлікті  қолдау жобаларын жүзеге асырудың ассигновациясын  анықтау

Даму үстінде

     

 

5

Шағын бизнес саласындағы  барлық міндеттерді міндеттерді реттейтін дамыған арнайы мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің болуы

Жоқ

 
6

 
Орталық, аймақтық және жергілікті билік  органдарының функцияларын өзара рационалды бөлу

 
Даму үстінде

 

     

 

7

Мемлекеттік билік органдарының шағын бизнес мүдделерін қорғайтын ұйымдармен өзара қарым – қатынасы

Жоқ

 
     

 
8

 
Шағын бизнес саласындағы мемлекеттік  саясатты өзара қарым – қатынасты  қолдауға бағытталған

 
Даму үстінде

 


 
Үлестерден көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан  шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді. 
 
Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады.  

 
 

 

 
 
Қысқаша, басқа мемлекеттік тәжірибесін  қарастырайық. Мысалы, Кореяда субконтрактілік кеңінен тараған. Бұл форма кәсіпкерлерге шағын және ірі бизнесті ұжымдандыру мүмкіндігін береді. Яғни, трансұлттық компаниялар шағын кәсіпорындардың көмегімен өзінің өндірістік және өткізу желілерін кеңейтеді. Оның үстіне үкімет шағын кәсіпорындарды модернизациялауға бағытталған жобалар құрастырды, технология және сапаның ұлттық институтын құрды, шағын кәсіпорындардың өнімдерін алу және өткізуді кепілдеді. 1997 ж. соңында Оңтүстік – Кореяда 2 640 000 шағын және орташа кәсіпорындар тіркелді, ол жалпы Оңтүстік Корея компаниялардың 99,5 % құрды, онда 9 млн. адам жұмыс істейді немесе жалпы жұмысшылардың 78,5 % құрайды. Шағын және орта бизнес Әкімшілігінің мәліметтері бойынша шағын және орташа кәсіпорындардың 90 % жалпы саны 50 жуық.  
 
Енді Литвадағы шағын кәсіпкерлікті қарастырайық. Қазіргі уақытта бұл сектор экономика тұрақтануының негізгі фактор болып табылады, оның көмегімен дотацияны қажет етпейтін халықтың орта бөлігі құралады. Литваның ішкі өнімдегі шағын кәсіпорындардың үлесі 69 % құрайды. Ал жұмысшылар саны бойынша еңбекке қабілетті адамдардың 1/3. Кәсіпорындардың 90 % - тен көбі шағын және орташа болып табылады. Мемлек





Информация о работе Экономикажәне кәсіпкерлік негіздері