Экономиканың жеке салаларын қаржыландыру шығындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 17:39, лекция

Краткое описание

Жалпы 2011жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамытудың қол жеткізілген қарқыны сақталды. Бір жылдағы жалпы өңірлік өнім көлемінің бағасы 12,5% өсіммен кемінде 140 млрд.теңгені құрады. Өнеркәсіпте 791,1 млрд.теңге сомасына өнім сатып алынды, өткен жылдың деңгейінен 25%-ға артық.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономиканың жеке салаларын қаржыландыру шығындары.docx

— 19.63 Кб (Скачать документ)

Экономиканың  жеке салаларын қаржыландыру шығындары.

Жалпы 2011жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамытудың қол жеткізілген қарқыны  сақталды. Бір жылдағы жалпы өңірлік  өнім көлемінің бағасы 12,5% өсіммен  кемінде 140 млрд.теңгені құрады. Өнеркәсіпте 791,1 млрд.теңге сомасына өнім сатып  алынды, өткен жылдың деңгейінен 25%-ға артық.  
Өнеркәсіптік өнім өндірісінде нақты көлем индексі 109,9%-ды құрады, орта республикалық көрсеткіштен 6,4 пайыздық тармаққа және 0,8 пайыздық тармаққа ағымдағы жылға жеткізілген нысаналы индикаторынан жоғары. 
Жалпы облыста ауыл шаруашлығының жалпы өнімінің көлемі 206,8 млрд.теңгені құрады, 2010 жылғы осы кезеңінің деңгейінен 35%-ға артық. Нақты индекс көлемі 102%-ды құрады, жеткізілген нысаналы индикаторынан 0,3 пайыздық тармаққа жоғары. 
Негізгі капиталындағы инвестиция 239,6 млрд.теңге, ол өткен жылдың деңгейі 5,6%-ға артық. Нақты көлем индексі 155%-ды құрады.  
Салынған инвестиялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың өз қаражаты 63,8%, республикалық бюджеттің қаражаты - 208%, жергілікті – 605 % және өзге қаржыландыру көздері -8,9% алып отыр. 
Шағын және орта бизнестің субъектілері өндірген өнімдерді шығару көлемі 381,7 млрд.теңгені құрады, ол өткен жылдың деңгейінен 3,9%-ға артық.  
Белсенді субъектілердің саны 12% өсіммен 66,6 мың бірлікті құрады, жұмыс істейтіндер саны 3,9% өсіммен 233,6 мың адам.  
Сонымен қатар, тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны 1,6% өсіммен 12,3 мың бірлікті, оның ішінде әрекет ететіндер – 6,4 мың бірлікті, ол 2010 жылдың деңгейінен 12,1%-ға кем, белсенді – 1,7% өсіммен 5 мың бірлікті құрады. 
Әлеуметтік салада 2011 жылғы үшінші тоқсан қорытындысы бойынша 5,1% мөлшерінде қол жеткізілген деңгей сақталды, ол өткен жылдың төртінші тоқсан деңгейінің 0,3 пайыздық тармағына, орта республикалық көрсеткіштің 0,2 пайыздық тармаққа төмен. 
Білім жүйесін дамытуға 2011 жылы 60,5 млрд.теңге бөлінді.

Облыста жалпы мектепке дейінгі  білім берумен қамту 2012 жылғы 1 қаңтарда 86%-ды құрады (52921 бала) және жыл басымен  салыстырғанда 14,1%-ға өсті.

Жалпы білім беретін мектептерді  компьютерлік техникамен қамтамасыз ету  бір компьютерге 10 оқушыдан құрады (2010 жылы көрсеткіш 11 құрады). Кең жолақты  Интернетке мектеп 34,1%-ға қосылды.  
Денсаулық сақтау саласын дамытуға 2011 жылы 28,6 млрд.теңге бөлінді. 

«Қорғаныс» шығындарына 97, 2 млн. теңге бөлінді және меңгерілді. Мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттар және табиғи апаттарды ескерту және жоюды басқару бойынша 75,3 млн.теңге меңгерілді.

Мобилизациялық дайындық облыс көлеміндегі мобилизация  бойынша 35,3 млн.теңге бөлінді және меңгерілді. 1876 газтұмылдырық жиынтығы алынды.

«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқарушылық іс» шығындарына 3 531,3 млн. теңге бөлінді және меңгерілді.

«Облыс территориясында қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметі» бағдарламасы бойынша 3 млрд. 185,8 млн. теңге шығыс жасалды.

Құқық қорғау органдарының объектілеріне 56,0 млн. теңгеге капиталды жөндеу жасалды, материалдық-техникалық жабдықтауға 115,2 млн. теңге шығындалды.

Әлеуметтік маңызы бар  көрсеткіштердің тұрақтануы байқалады. 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  сәбиилердің өлімі 9,5%-ға (1000 тірі туылғандарға 18,2), туберкулезбен ауру – 10,1%-ға (100 мың халықтың 109,8), ісікпен ауыру  – 0,5%-ға (100 мың халықтың 271,0) төмендеді. 
2011-2013 жылдарына арналған облыстың бюджеттік көрсеткіштерінің болжамына сәйкес бюджеттік саясат тиімді шараларды және экономикаға жағымды әсер ететін бюджет қаражатының көлемін анықтауға, бюджеттің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Дарынды балаларға жалпы  білім беру және арнайы білім беретін  бағдарламалар бойынша оқитын балалар, оқулықтарды сатып алу және жеткізу, біліктілікті арттыру, балалардың психикасын зерттеу және оларға консультативтік  көмек көрсету, балалар мен жеткіншіктерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу, кәсіптік лицейлер мен колледждерде мамандарды даярлау бойынша бюджеттік бағдарламаларды  іске асыру қамтамасыз етілді, оған 11621,4 млн.теңге, сонымен қатар, ата-ата  қамқорлығынан айырылған жетімдер мен балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге 1073,6 млн.теңге сомасында қаражат  жұмсалды. 

Үйде оқытылатын мүгедек  балаларды жабдықпен, бағдарламалық  қамтыммен қамтамасыз етуге аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін  ағымдағы нысаналы трансферттер, педагогикалық  кадрлардың біліктілігін арттыру үшін оқу жабдығын сатып алу, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу  орындарында оқу-өндірістік шеберханаларды, зертханаларды жаңарты және қайта  жабдықтау, мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының көлемін ұлғайтуға, өндірістік оқытуды  ұйымдастыру үшін техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың өндірістік оқыту шеберлеріне қосымша ақы  мөлшерін белгілеуге арналған республикалық  бюджеттен берілетін 197,8 млн.теңге  ағымдағы нысаналы трансферттер қамтамасыз етілді. 2020 –Жұмыспен қамту бағдарламасын  іске асыру шеңберінде экономика  саласындағы білікті кадрлар  қажеттілігін қанағаттандыру үшін республикалық  бюджеттен 165,3 млн.теңге бөлінген болатын. Даярлау бойынша 2979 адам, қайта даярлау  – 3328 адам оқыды, 965 адам біліктілігін арттырды. 2011 жылы 2201 адам оқытылды, 1203 адам жұмысқа орналастырылды немесе 54,6%. 

Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім берудің 8 объектісі  салынды (оның ішінде қоса қаржыландыру), оның 4-уі ауылдық мектеп, облыстың өңірлеріндегі  апаттық мектептердің орнына 24 мектеп құрылысы бойынша шығыстар жүргізілді, мектептер мен мектепке дейінгі  мекемелерді одан әрі кеңейту  және жаңғырту үшін объектілердің ЖСҚ  әзірлеуге қаражат жұмсалды.

Денсаулық сақтауға шығындар 30881,5 млн. теңгені құрады. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз етуге 19914,3 млн.теңге жұмсалды немесе жылдық жоспардың 99,9%-ы. Жеңілдікті дәрілік заттармен қамтамасыз етуге 4419,9 млн.теңге жұмсалды, соның нәтижесінде диабетпен ауыратын ауруларды, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігімен  ауыратындар дәрі-дәрмектермен, халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз етілді.

Денсаулық сақтау ұйымдарын  материалдық-техникалық жарақтандыруға 2 840,1 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде 1444,8 млн.теңгесі –жергілікті бюджет, 1395,3 млн.теңгесі – республикалық бюджет қаражаты. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 754,7 млн.теңгеге денсаулық сақтаудың ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізілді.  
2189,5 млн.теңге сомасына халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттармен, азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаторлық емдеу деңгейiнде жеңiлдiктi жағдайларда дәрiлiк заттармен қамтамасыз етуге. 2088,2 млн.теңге мөлшерінде тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер толығымен игерілді. 
Республикалық трансферттер есебінен дамытуға Өскемен және Семей қалаларында денсаулық сақтаудың 3 объектісі салынды, Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансерінің радиологиялық орталығының 2-кезектегі құрылысы пайдалануға берілді.  
Облыстық қаражат есебінен ауылдық елді мекендердегі дәрігерлік амбулаториялар құрылысына арналған 29 ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді, пайдалануға «Паталогоанатомиялық бюро» КМҚК ғимаратына жапсаржай пайдалануға берілді.

Мүгедектерге арнайы құралдармен  қолдау көрсетуге (жиналмалы, тірек  таяқтары, есту аппараты, телефакс, мобильдік  телефондары) 47,1 млн.теңге, протездік-ортопедиялық көмек 105,5 млн.теңгеге көрсетілді.

Республикалық бюджеттен  берілетін 217,2 млн.теңге нысаналы трансферттер есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелердегі  арнайы әлеуметтік қызеттердіі стандарттарын, мүмкіндіктері шектеулі балалардың күндізгі емделудің қосымша топтарын ашу, үкіметтік емес секторында мемлекеттік  әлеуметтік тапсырысты енгізу толық  көлемде қамтамасыз етілді. 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 4021,0 млн.теңге жұмсалды. Облыстық мәдениет ұйымдарын ұстауға және облыстық, өңірлік іс-шараларды өткізуге 2160,4 млн.теңге жұмсалды. Жол картасы шеңберінде 130,4 млн.теңге сомасына мәдениет мекемелеріне жөндеу жүргізілді.  
Облыстың жалпы спортын дамытуға, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға дайындыққа 379,3 млн.теңге жұмсалды. Өткен жылы ағымдағы жөндеу 20,6 млн.теңге жүргізілді.

Қала маңындағы теміржол бағыттарына халықтың жүруін қамтамасыз ету үшін тасымалдаушыларға облыстық бюджеттен 200,4 млн.теңге көлемінде субсидия, күнделікті ішкі әуе тасымалдауды субсидиялауға – 129,4 млн.теңге төленген болатын. 
Есеп беру жылында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған шығыстар 16936,9 млн.теңгені құрады.

2020 Жұмыспен қамту бағдарламасын  іске асыру басталды, соның аясында ресупбликалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 1 123,7 млн.теңге қарастырылған болатын, 956,4 млн.теңге бөлінді, Өскемен, Семей және Зырян қалаларындағы тұрғын үй құрылысына 868,8 млн.теңге жұмсалды, 867,0 млн.теңге игерілді. 

Агроөнеркәсіп кешеніне қолдау көрсетуге 6 484,4 млн.теңге жұмсалды, осы қаражаттарды пайдалану облыстың 11 жуық ауыл шаруашылығы құрылымына сатылған элиталық және бірегей тұқымдарын өндіруде үш элиталы тұқым шаруашылық 40%-ға дейін шығындарын қайтаруға мүмкіндік берді, 3,2 мың бас ірі қара мал, 638 жылқы және 16,8 мың бас қой төмен бағалары бойынша, 1,8 мың марал және бұғы ұстауға, мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруға үш құс фабрикасы мен 250 мал шаруашылығына субсидия төленді, 2,3 мың ауыл шаруашылығы  тауарларын өндiрушiлерге жағар-жанармай материалдарын үшін шығындар қайтарылды.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты орталықтандырып сатып алу бойынша 301,3 млн.теңге игерілмей қалды.

1033,9 млн.теңгесі биологиялық, су, жер ресурстарын, атмосфералық ауаны қорғау және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар, орман және жануар әлемін қорғау бойынша жұмсалды. 


Информация о работе Экономиканың жеке салаларын қаржыландыру шығындары