Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2012 в 21:12, реферат
Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.
Қазіргі заман талабына
сай экономикалық өзгерістерге байланысты
қандай да болмасын саладағы мамандықтар
үшін нарықтық экономика негіздері туралы
білімділікті жете меңгерудің маңызы
өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік
стандартқа сәйкес «Экономикалық теория
негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда
жүргізіледі.
Осы пәнді оқытудың негізгі
мақсаты – болашақ мамандардың экономикалық
мәселелерді белсенді түрде талдай
білуге, экономика жағдайын ойлау қабілетін,
экономика туралы білімділік ой-өрістерін
кеңейтіп, осыған байланысты көзқарастарын
дұрыс қалыптастыру болып табылады.
Экономикалық тероия адамзат
қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше
орын алады. Себебі, адамдар өмір сүру
үшін алдымен материалдық, рухани игіліктер
өндірілуі қажет. Басқаша айтқанда, өмірге
қажетті азық – түлік, киім, тұрғын үй,
отын, т.с.с. тұтынуға жарамды заттар өндірілуі
керек.
Осыған орай не өндіру, қалай
өндіру, кімдер үшін өндіру деген сұрақтар
адам баласының әрбір жеткіншек буындарының
алдында тұрған маңызды міндет. Адамзат
өмір сүруі үшін тұтыну қажет. Тұтыну қалай
тоқтамаса, өндіріс те солай тоқтамауы
керек. Нәтижесінде өндіріс қоғамдық өндіріс
болып саналады. Себебі жеке өнім өндірушілер
өздерінің қажетін өтеп ғана қоймай, қоғам
мүшелері үшін де қызмет атқарады. Қоғамның
өндіргіш күштері даму барысында, алдымен
адамдардың еңбекке қабілеттердің өсуіне
байланысты, алғашқы қауымның өзінде қосымша
өнім пайда болуына сәйкес, тайпалар арасында
тікелей өнім айырбасы, кейіннен ақша
арқылы айырбас жүргізіп, зкономика тауар
– ақша немесе нарық қатынасы пайда болды.
Нарық қатынастарының дамуы
елімізде білім беру жүйесінің алдына
айқын талаптар қойып отыр. Ғылыми прогресс
пен экономикалық, әлеуметтік салалардағы
жедел өндірістерді ескере отырып, білім
беру жүйесінде қазіргі оқу бағдарламаларын
енгізу арқылы білім берудің мазмұнын
жаңарту қажет. «Білім» беру бағдарламасында:
«Мемлекеттік білім беру жүйесінде жүргізілетін
реформаларының мақсаты, оны нарықтық
экономика жағдайларында ғаламдық ауқымға
ие болуын ескере отырып, сапалы өзгерістерін
қамтамасыз ету болып табылады», - делінген.
Сондықтан білім беру саласы
жаңа мазмұнға ие бола отырып, қазіргі
заман талабына сай, жан – жақты дамыған,
іскер, жаңашыл азаматтар дайындауы тиіс.
Өскелең ұрпақтың өмірге естене араласуы
мен іс – әрекетінің тиімділігі, білім
деңгейі мен тәрбиесі педагогтар еңбегіне
тікелей байланысты. Бұл бағытта білім
беретін оқу орындарында экономика пәнін
оқытудың рөлі ерекше. Себебі бүгінгі
түлек жаңаша өмір сүріп қана қоймай, қоғамның
әлеуметтік – құқықтық, қоғамдағы экономикалық
құбылыстар мен процестердің мәнін түсіндіру,
қоршаған орта өзгерістеріне бейімделе
бейімделе білуі мен қоғамда өз орнын
таба білуге үйрету. Снымен қатар студенттерді
эконмикалық мәдиенетпен, қоғамның экономикалық
дамуының заңдылығымен таныстыру, оларды
жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы негізінде
материалдық құндылықтарды өндіру мақсатында
еңбек ете білуге үйрету және өз Отанының
патриот азаматын тәрбиелеу. Экономикалық
теорияны оқыту – ұқыптылыққа үйретуге
үлкен мүмкіндіктер тудырады, экономикалық
түсініктердің мағынасына терең үңілуіне
көмектеседі.Әр түрлі экономикалық тәсілдердеің,
тасымалдардың қолданылуы білім сапасының
көтерілуіне қол жеткізеді. Сонымен бірге,
олардың танымдық белсендігі мен өзіндік
қабілеттерінің қалыптасуына, ынталандыру
идеялармыен жақын танысуына қолайлы
ықпалын тигізеді.
1. Экономикалық теорияның
ғылым ретінде даму кезеңдері.
Экономика туралы
ғылым табиғат пен қоғам
Көп ғасырлар бойы «экономия»
сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу
ережелерін қамтыған. Бірақ феодалдық
бытыраңқылықты жеңу, орталықтандырылған
мемлекеттердің бірлесуі үй шаруашалығын
жүргізу ережелерін ғана емес, жалпы ұлттық
мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің
анықталуын қажет етті. Осыған байланысты
«экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болып,
«саяси экономияға» айналды, ол грек тілінде
«полис – мемлекет; ойкос – үй шаруашылығы;
номос – заң» дегенді білдіреді. «Саяси
экономика» ұғымын ғылымға енгізген А.
Монкретьян болатын. 1615 жылы онвң «Саяси
экономия трактаты» деген еңбегі жарық
көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықты
жүргізу кеңестері баяндалған. Экономика
– қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары
жөніндегі ғылым. Мәселен, экономиканың
көрнекті өкілі, ағылшын экономисі Уильям
Петтидің «Еңбек – байлықтың атасы, жер
– оның анасы» деген әйгілі қағидасы мәлім.
Қазіргі экономика пәні капитализмнің
дүниеге келу қарсаңында (ХVI ғ. аяғы –
XVII ғ. басы) дами бастады. Алғашқыда буржуазия
өндіріске емес, байлықтың бейнесінде
танылған сауда және алтын операцияларымен
айналысатын айналым саласына әрекет
еткен. Сол себепті де бастапқы экономикалық
ілім ретінде меркантелизм (итальян тілінде
mercante – саудагер) ілім қалыптасты.
Меркантелизм екі кезеңнен
тұрады. Алғашқы кезеңде ол алтын мен күмісті
байлықтың жалғыз нысаны ретінде идеализациялауға
тән монетаризм түрінде танылады. Монетарист
«ақша балансы» теориясын ұсынды. Оған
сәйкес олар елден ақшаны сыртқа шығаруға
тыйым салу қажеттілігін ұсынды. Соңғы
меркантелисттер ақша емес, тауар айырбастау
саласын зерттеуге көшті. Осылайша «Сауда
балансы» теориясын жасаған болатын. Алғашқы
меркантелистерден айырмашылығы, соңғы
меркантелистер ақшаны сыртқа шығаруға
тыйым салды, өндірістік тауарлардың экспортын
көбейтіп, шетелдік тауарларға жоғарғы
кеден салығын салып, ұлттық экономиканы
қорғауды, яғни протекционизм (лат. Тілінен
аударғанда protectio – қорғау) саясатын жүзеге
асыруды ұсынды.
Еуропа әлі аграрлы ел болғандықтан,
көптеген зкономистер өндіріст ауыл шаруашылығымен
теңестірді. Олар физиократтар мектебінің
(грек. Тілінен аударғанда Physic – табиғат,
kratos - билік) өкілдері деп аталады. Бұл
мектеп Францияда XVIII ғасырдың орта шенінде
қалыптасты және классикалық саяси экономиканың
француздық нұсқасы болып табылады. Оның
негізін салушы XV Людовиктің дәрігері
Франсуа Кэне болды. Классикалық саяси
экономиканың көрнекті өкілдеріне Адам
Смит және Давид Рикардо жатады. А. Смит
1777 ж. «Халық байлығының табиғаты мен себептері
туралы» деген зерттеу кітабын жазған.
Классикалық мектептің елеулі
ғылыми табыстары:
1. Басты зерттеу нысаны ретінде олар айналымды
емес, өндіріс саласын алды.
2. Еңбектің мәнін барлық тауарлар құнының
негізі және өлшемі ретінде қарады.
3. Экономикалық нарық арқылы өздігінен
реттелуі қажеттігін және патшалар, билеушілер
де жоя алмайтын өзіндік объективті заңдары
бар екенін дәлелдеп отыр.
4. Қоғамның барлық әлеуметтік топтарының,
атап айтсақ, кәсіпкерлер, жұмысшалар,
жерге меншік иелері, банкирлер, саудагерлер
табыстарының қайнар көздерін айқындады.
Экономика ғылымының әрі қарай
дамуы күрделі жолдардан өтті. ХІХ ғасырдың
екінші жартысының басында политэкономия
терең дағдарысты басынан өткерді. Ол
екі тармаққа – марксизм және маржинализмге
бөлініп кетті.
Марксизмнің негізін салушы
– Карл Маркс (1818 – 1883жж.). К. Маркстің басты
еңбегі – «Капитал». К. Маркс өз зерттеулерінің
пәні ретінде өндірістің капиталистік
әдісін және оған сәйкес өндіріс пен айырбас
арасындағы қатынастарды, ал соңғы масаты
ретінде капитализмнің экономикалық заңдарын
ашуды көздеді.
Экономикалық теорияны ең ашық
идеологияландырған марксистер болды.
Олар өздерінің теориялық көзқарастарында
жұмысшы табының мүдделерін ашық қорғады.
Сондықтан олардың экономикалық ғылымын
жұмысшы табының саяси экономикасы деп
атайды. Олардың теориясының басты жорамалы
– өндіріс құралдарына қоғамдық меншік
пен жұмысшылар мүддесі негізінде барлық
экономикаға орталықтандырылған жоспарлау
басшылығын орнату болатын.
Қазіргі заманғы экономикалық
ғылым негізі екі бағытта жүреді:
1. Неоклассикалық;
2. Кейнсиандық;
Бірінші бағыт ХІХ ғасырдың
70 – жылдарында пайда болды. Оның ең көрнекті
негізін қалаушылардың бірі – Альфред
Маршал (1842 - 1924) болды. Неоклассикалық
доктрина ХХ ғасырдың 30 – жылдарына дейін
кең тарады, бірақ оны ағылшын экономисі
Джон Мениард Кейнстің (1883 – 1946) атымен
аталған экономикалық ағым (кейнсиандық)
«ығыстырып» шығарды. 1929 – 1933 жылдардағы
Ұлы депрессиядан кейін, экономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз етуге рынок
қабілетті емес екенін, әлеуметтік мәселелердің
дұрыс шешілуін мемлекеттік реттеу қажет
екенін көрсетті. Неоклассиктер мен кейнсиандықтардың
арасындағы айтыстағы түйінді мәселе
– мемлекеттің экономикадағы рөлі болды.
Неоклассикалық бағытты қолдаушылар экономиканы
тиімді дамыту үшін, экономикаға мемлекеттің
араласуы шектелуі тісті деп есептеді.Кейнсиандықтар
керісінше, нарық экономикасын мемлекеттің
бақылауымен және макрореттеудің белсенді
көмегімен үдерісті дамытуға болады деп
есептеді.
А. Смит сияқты К. Маркс та нарықты
капиталдың қорлауының аса ірі құралы
болып табылады деп есептеді. Алайда, Смитпен
айырмашылығы сол, Маркс бұл процесс таптық
күрестің шиелінісуі және капитализмнің
күйреуімен аяқталады деп есептеді, өйткені
оның қарама – қайшылықтары соншалықты
елеулі болғандықтан да, нарық механизмінің
оларды жоюға әлі жетпейді. Бұл идея осы
күнге дейін пікірталас туғызып келеді.
К. Марксті сынға алушылар капитализмнің
күйремегендігін, жұмысшы табының кедейленбегендігін
дәлелдеуге ұмтылады.
Марстің экономикалық ілімі
Ресейде кеңінен тарады, себебі мұнда
ХХ ғасырдың бас кезіндегі пролетариаттың
жағдайы Батыс елдеріне қарағанда әлдеқайда
ауыр болатын. Кеңес Одағында Маркстік
емес ойдан туындағанның барлығы қабылданбады.
Маржинализмнің (француз тілінен
аударғанда marginal – шекті) марксизмнен
айырмашылығы – қанауға негізделген өндіріс
әдісі ретінде капитализм мәнін зерттеуден
бас тартып, шаруашылық қатынастарын зерттеуге
ден қойды. Бұл бағыт ХІХ ғ. 70 жылдарында
дүниеге келді. Оның өкілдері: Австрияда
– К. Менгер, Англияда – У. Джевонс, Швейцарияда
– Л. Вальрас. Маржиналистер экономика
ғылымының мақсаы шектеулі ресурстарды
бөлудің тиімді әдістері мен шаруашылықты
ұтымды жүргізудің әдістерін іздестіруде
деп таныды. Өздерінің зерттеулерінің
әлеуметтік бейтараптылығын баса көрсету
үшін олар, тіпті «политэкономия» ұғымынан
бас тартып, «экономикс» ілімін енгізді.
Мұны ең бірінші У. Джевонс, одан кейін
оған тәуелсіз А. Маршалл «Экономика принциптері»
кітабын жазу арқылы жүзеге асырды.
Маржинализмнің марксизмнен
айырмашылығы – ол өзіне жаңа құнды пікірлер
мен әдістерді қабалдауға мәжбүр ететін
идеялар бәсекесі қысымында болды.
Маржинализмге тұтас баға бере
отырып, оның құндылығы ретінде өзіне
сәйкес тұжырымдамаларда көрініс тапқан
жаңа идеялардан бас тартпағандығын айта
кетуге болады. Алайда, маржинализмге
айтарлықтай негативті қасиет бар, ғни
шектен тыс математикаландырылған абстрактілі
ойларға, графиктер мен формулаларға әбден
толықтырылған. Ал ең бастысы, әлеуметтік
мәселелерге назар аудармайды.
Маржинализмнің әлеуметтік
мәселелерді шеше алмауына қарсы әсер
ретінде институционалды – әлеуметтік
бағыт пайда болады (латын тілінен ibstitutum
– ұйым, мекеме). Оның өкілдері: Т. Веблен,
У. Митчел, М. Вебер, В. Зомбарт, Д. Гэлбрейт,
Г. Мюрдаль және т.б.
Институционалды – әлеуметтік
теорияға сәйкес экономикалық даму сипаты
тек нарықтық өзі ғана емес, нарық тек
бір бөлігі болып табылатын тұтас экономикалық
институттардың жүйесі.
Тарихи тәжірибе экономикалық
ғылым дағдарысының, тек сол ғылымның
өзінің дағдарысымен ғана емес, оның зерттеу
нысаны – экономиканың дағдарысымен байланысты
екенін көрсетеді.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Теориялар
Меркантелизм Т. Мен, А. Монкретьен итальян тілінен аударғанда «меркантэ» саудагер деген ұғымды білдіреді. |
Байлық сыртқы сауда жасау |
Физиократизм Ф. Кенэ, А. Тюрго грек тілінен «Physic» - табиғат, «kratos» - билік дегенді білдіреді. |
Өндіріс аясын зерттеу. Бірақ өндіріс аясы түсінігіне ауыл шаруашылығы жатқызылған. |
Классикалық саяси эк. |
Байлықтың өндірілген игіліктер тек айырбасталатын сауда сапасы емес, өндіріс болып табылатыны дәлелденеді. Шынайы байлық ақша емес, тауарлар. |
Марксизм |
Қосымша құн теориясы. Қоғамның барлық экономикалық құбылыстары талдауының классикалық тәсілдемесі. |
Маржинализм |
Экономикалық категорияларды зерттеу үшін шекті шаманы пайдалану. Микроэкономикалық әдіс. |
Жаңа классикалық |
Қоғамдық нысанаға тәуелсіз
экономиканы зерттеу – « |
Кейнсиандық |
Реттемелі экономика теориясы – мемлекеттің араласуы. Макроэкономикалық тәсілдеме. |
Институтционализм |
Экономикалық дамудың сипаттамасы, нарық бөлігі болатын экономикалық институттардың жүйесі болады. |
2. Экономикалық теория пәні, тәсілі
Ерте заманғы ойшылдардан бастап қазіргі
заманғы экономист ғлымдардың барлығының
көзқарастарында бір жалпы сипат байқалды:
олардың көздеген мақсаттары қоғам байлығының
өсуіне әкелетін тиімді шаруашылық жүргізу
жолдарын зерттеу.
Қоғам өмірінің дамуының әртүрлі
сатыларында шаруашылықты жүргізуді дұрыс
ұйымдастыру әр түрлі әдістермен жүзеге
асырылады. Қарапайым, техникаға маманданбаған
еңбек кезеңінде өндірістің тиімділігін
арттыру үшін тек адам еңбегін қанауды
ашық түрде күшейту, табиғи және еңбек
ресурстарына ысырапшылықпен қарау орын
алды.
Экономикалық теория шаруашылықты
тиімді жүргізу заңдары мен шаруашылық
жүргізуші тұллардың әр түрлі деңгейлерін
және әр қилы тарихи кезеңдердегі әрекеттерін
ұғымдар мен категориялар жүйесі арқылы
зерттейді.
Экономикалық теория, басқа
кез келген ғылым сияқты, танымның әр түрлі
нысандары мен әдістерін қолданады, олардың
барлығышаруашылық өмірді зерттеу әдістерінен
тұратын ғылыми әдіснаманы құрайды. Ол
әдістер жалпы ғылыми және жеке болып
бөлінеді.
Жалпы ғылыми әдістер – бұл
көне грек философтары негізін салған
және кейінгі буын ғылымдары дамытқан
диалектика – материалитік принциптер.
Бұл әдістерге сәйкес, барлық экономикалық
процестер бір – біріне тәуелді. Қайшылықты
түрде дамиды және ұдайы қозғалыста болып
табылады. Бұл процесті зерттеу барысында
тарихи және теориялық тәсілдер қолданылады.
Тарихи әдіс құбылыстардың
пайда болып, дамып және бірінің орнын
бірі басқанын тізбекті түрде талдауға
жәрдемдеседі.
Логикалық тәсід осы тарихи
құбылыстардың тарихи жолының дәлме –
дәл көрінісі емес. Ол зерттеліп отырған
құбылыстың мәнін ұғыну мен абстракциялауды,
яғни олардың болмашы қасиеттерін жорамал
түрде таза зерттеуді көздейді. Соның
нәтижесінде бұл құбылыс жайында ғылыми
түсінік немесе тауар, баға, ақша және
т.б.сияқты экономикалық категориялар
қалыптасады. Зерттеудің мұндай әдісі
абстракция деп аталады.
Экономикалық теория тарих,
философия, статистика, математика және
т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Экономикалық
ғылымдар жүйесінде ол орталық орынға
ие.
Осылайша экономикалық теория
біріншіден, экономикалық заңдарды айқындайды.
Бұл – экономикалық ұғым ретінде санада
қалыптасқан құбылыстардың себеп – салдары
байланыстары.
Экономкалық процестердің ішкі
мазмұнын, мәнін анықтау үшін объективті
заңдарды ашуды қажет етеді. Олар экономикалық
құбылыстар мен процестердің қасиеттері
арасындағы қажетті, тұрақты, ұдайы тәуелділіктерді
көрсетеді және объективті болып табылады,
яғни себеп салдарлы байланыстарды айқындайды.
Экономикалық заңдар адамдардың
экономкалық іс – әрекеті мен қатынастарын
білдіреді. Сонымен, экономикалық заңдар
бұл – адамдар арасындағы экономикалық
қатынастарды бейнелеу нысаны.
Олар адамдардың қоғамдық іс
– әрекеттерінің тәуелді байланыстарын,
жүйелі ұғым нысандағы заңдарын қарастырады.
Экономикалық заңдарға әлеуметтік,
қоғамдық қатынас заңдары жатады. Өздерінің
әрекет ету сипатына қарай экономикалық
заңдар ерекше және жалпы болып екіге
бөлінеді. Ерекше экономикалық заңдар
жекелей алынған дәуірлерге, формаларға
тән. Мымалы, құлдық және феодализм дәуіріндегі
материалды игіліктерді бөлу заңдары.
Жалпы экономикалық заңдар
барлық экономикалық нысандарға әрекет
етеді. Мысалы, еңбек өнімділігін арттыру
заңы және басқа да тарихи – әлеуметтік
қажеттіліктер.
|
Микроэкономика |
Макроэкономика |
Экономиканың жеке субъектілері (фирмалар, салалар) деңгейінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін зерттеу |
Экономика жалпы зерттеу |
Негізгі категориялары |
Өндірістік факторлары, шығындар, баға, сұраныс, ұсыныстар |
Ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, инфляция, жұмыссыздық |
|
Эстрополяция |
|
Болашаққа дайындалған тенденциялар негізіндегі экономикалық даму болжамы |
Индукция |
Көптеген деректерді зерттеу нәтижесінде жалпы қорытынды жасау |
Дедукция |
Жалпы ережелер негізінде жеке қорытынды шығару |
Гипотеза (болжам) |
Алдын ала тексерілген қағида |
3. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері
Экономика басқа білім саласы секілді,
ең алдымен танып – білу қызметін атқарады.
Ол экономикалық теорияларды, қоғамдық
экономикалық өмірдегі барлық жағдайда
жай көзге көрінбей бұркемеленіп тұратын
құбылыстардың сырын зерттейді, түсіндіреді,
практикалық іс – әрекетке пайдалануға
үйретеді.
Болжаушылық қызметі (грек тілінен
аударғанда «прогносис» - болжап айту)
экономикалық теорияда ғылыми – техникалық
және әлеуметтік – экономикалық дамудың
болашағын ғылыми негізде болжап, талдау
қызметін атқарады. Болжаушылық қызметі
халық шаруашылығы дамуының жоспарын
және болжамын құруда маңызды рөл атқарады.
Практикалық қызметі мемлекеттің
саяси экономикасының ғылыми негізделуін,
ұтымды шаруашылық етуінің принципі мен
әдістерін шығарады. Практикалық қызмет
аса қажетті және аса күрделі болып келеді.
Өйткені теорияның дұрыстығы практиканың
қатаң сынынатүскенде ғана белгілі болады.
Соның нәтижесінде бұл құбылыс жайында
ғылыми түсінік пайда болады, яғни логикалық
түсінік немесе тауар, баға, ақша, бәсеке
және т.б. сияқты экономикалық категориялар
қалыптасады.
Ғылыми танымның жекеленген
әдістеріне: байқау, синтез бен анализдің
көмегімен материалды өңдеу, индукция
және дедукция, заңдар мен категориялар
жүйесін құрау, оларды тексеру, тәжірибе
– сынақтар жүргізу және т.б. жатады.
Осы замандағы қалыптасып отырған ғаламдық процестер мемлекеттік құрылымы тұрақсыз, демократиясы әлсіз елдер үшін қауіпті болады. Сонымен бірге, тиімді де қатты тәртіп қалыптасқан мемлекеттер үшін бұл процесс экономикалық дамуға жаңа жол ашады. Әлем экономикасына жол ашуда жеке мемлекеттердің сақтығын түсінуге де болады. Әлем шаруашылығына қосылу – артықшылықтармен бірге қосымша қайшылықтардың пайда болуын білдіреді. Бұл мемлекеттің рөлін және жауапкершілігін арттыра түседі. Мемлекеттің міндеттері мен жауапкершілігі әсіресе өтпелі экономика жағдайында ерекше болады. Өтпелі кезеңде ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттікті нығайту – ұзақ мерзімдік қоғамдық стратегиялық басымдылық деп түсінген дұрыс.
Экономикалық саясат теориясы
өмірде кездесетін кез келген
жағдайлардың бәріне дәлме-дәл
келетін, дайын шешімдерін
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Негізгі бөлім: