Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 20:33, реферат
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды.
Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері , мақсаттары және қызметтері.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық негіздері , мақсаттары және міндеттері
Жоспар.
Экономикаға мемлекеттің араласуының
объективті қажеттілігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі
және құралдары.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері
, мақсаттары және қызметтері.
1-сұрақ. Экономиканы
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді.
2-сұрақ. Экономиканы
Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм – елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген.
Нарықтық өатынастардың
А. Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүлде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты. Бұл мүлде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді.
А.Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А. Смит: рынок басты реттеуші болатындықтан, рынокқа толық еркіндік беру қажет,- деп есептеді.
Рыноктық үйлестіру
Нарық экономикасында мемлекеттің
рөлін теориялық танудың
Сөйтіп, ЭМР-дің (экономиканы мемлекеттік реттеудің ) объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. ЭМР-дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.
ЭМР-дің объектілері – бұл
автоматты турде шешілмейтін, немесе
алыс келешекте шешілетін
ЭМР-дің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін , ақша айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.
Мемлекеттің кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық жағдаятын реттеу саясатынын мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде тауарлар мен қызметке сұранысты қолдау мен капртал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады. Ол үшін жеке капиталға қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік шығындар мен инвестициялар өсіріледі.
Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу кезінде, тауар қорларының азаюы, импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне сұраныстың күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан келіп, баға мен еңбекақының негізсіз өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, ЭМР-дің міндетті – « экономиканың қызып кетуіне » жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.
ЭМР сонымен бірге, аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рөл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы дағдарыста қалған шаруашылық бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда – салалардың ішінде, салалар арасында және барлық халық шаруашылығында оның тиімділігін көтеруде және бәсекелестік қабілетін арттыруда құрылымдылық ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа шаруашылық саласының дамуы көтермелейді. Сонымен бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға кедергі жасауға шаралар қабылдануы да мүмкін.
Экономика мемлекеттік реттеудің объектісі-капиталды жинақтау болып табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады.
Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу – бұл нарықтық экономика көзқарасы тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатнастарды қалыпты қолдау. Бұл қатнастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет ететін экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынастар ұлттық бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін еңбекақының шектен тыс өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен қамтамасыз етудің қажетсіздігі және тез төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге, тұтынушы сұранысының , салық түсімнң төмендеуіне, жәрдемақыға салықтың өсуіне және қауіпті әлеметтік нәтижелерге әкеледі.
Ақша айналымын реттеуде ерекше
назар аударылатын негізгі
Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге сол баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық валютаның тұрақтылығына күшті ықпал етеді.
ЭМР объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.
ЭМР-дің құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінің мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына – қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.
ЭМР-дің мақсаттары. ЭМР-дің ең басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.
ЭМР құралдары. Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты). Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.
Нарықтық экономикалы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы елеусіз көлемде пайдаланады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршған ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі.
Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:
– қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық
аумағындағы саясат;
– ақша саясаты;
– табыстарды реттеу саясаты;
– әлеуметтік саясаты;
– баға бегіленімін мемлекеттік реттеу;
– сыртқы экономикалық реттеу;
Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша – кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.
Негізгі экономикалық құралдар:
– есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін,
дисконттық саясат);
– елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға
міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;
-мемлекеттік мекемелердің
3-сұрақ. ЭМР-дің экономикалық қызметі.
Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:
- экономиканың қызмет ету үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;
- монополияға қарсы реттеу;
- макроэкономикалық
- ресурстарды орналастыруға ықпал ету;
- табыстарды бөлу аясындағы қызмет;
- мүліктік қатнастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.
Заңдық базаны құру – бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің өзі іс – әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың заңдық қағидаларын белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және мемлекет арасындағы өзара қатнастарды анықтайтын заңдар мен нормативті актілерді атап өтуге болады.
Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық қамтамасыз етілуімен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.
Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің белгілі бір түрлері қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу және т.б. – құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.
Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу – әлеуметтік топқа жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында қолданылған, табыстарды салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды өз мойнына алады.
Мемлекеттік меншік – сату-сатып
алу объектісі болмайтын және
пайда әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді.
Мемлекеттік меншіктің