Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 23:10, реферат
Қоғамдағы экономикалық қатынас – күрделі ұғым. Бір жағынан, олар адамдардың табиғатқа қатынасын, адамның табиғатпен өзара әрекетпен көрсетеді. Бұл қатынас табиғи ресурстарды рационалдық пайдалану бойынша.
Оларды техника-экономикалық қатынас ретінде белгілеуге болады. Басқа жағынан экономикалық қатынас – бұл қатынас өндірістің факторларына меншік ретінде анықталатын (өндірістік қатынас) адамдар арасындағы қатынас. Бұл әлеуметтік – экономикалық қатынас.
Техника-экономикалық және әлеуметтік экономикалық қатынас экономиканың екі жағынан бірлігін бейнелейді. Бұл бірлік ұйымдастыру – экономикалық қатынаспен бекітілген, яғни барлық экономика мен оның бөлек бөліктерімен ұйымдастыру және басқару жүйесі.