Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2014 в 23:49, лекция
Экономика туралы алғашқы түсініктерді біз Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ежелгі ойшылдардың еңбектерінен көреміз. Алғашында экономикалық білімдер адамдардың мінез-құлықтарының жалпы ережесіне кірген, олар адамдардың қатынастарын қоғамдық ұйымдастыру мағлұматтарының жалпы жинағына қосылады. Ежелгі Грецияда Аристотель ғылымға «экономия» деген атауды кіргізеді. Бұл сөз гректің «эйкос» - шаруашылық және «номос» - заң деген екі сөзінен тұрады. Осыдан «экономиканың» мағынасы грек тілінен аударғанда «шаруашылық заңдарын» білдіреді.
Бірінші кезең: ХҮІІ ғ. басында Италияда, Англияда және Францияда кең тараған саяси-экономикалық ілім меркантелизм (итал. - саудагер) болды. Оның мәні: Байлық сыртқы сауда нәтижесінде жиналады, сондықтан айналым саласын ғана зерттеу керек.
1.1 Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері және дамуы.
1.2 Экономикалық теория пәні және әдістері. Экономикалық заңдар мен категориялар
1ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ
ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ. Экономикалық
теорияның қоғамда алатын рольі мен
орны
Жоспар:
Экономика туралы алғашқы түсініктерді біз Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ежелгі ойшылдардың еңбектерінен көреміз. Алғашында экономикалық білімдер адамдардың мінез-құлықтарының жалпы ережесіне кірген, олар адамдардың қатынастарын қоғамдық ұйымдастыру мағлұматтарының жалпы жинағына қосылады. Ежелгі Грецияда Аристотель ғылымға «экономия» деген атауды кіргізеді. Бұл сөз гректің «эйкос» - шаруашылық және «номос» - заң деген екі сөзінен тұрады. Осыдан «экономиканың» мағынасы грек тілінен аударғанда «шаруашылық заңдарын» білдіреді.
Бірінші кезең: ХҮІІ ғ. басында Италияда, Англияда және Францияда кең тараған саяси-экономикалық ілім меркантелизм (итал. - саудагер) болды. Оның мәні: Байлық сыртқы сауда нәтижесінде жиналады, сондықтан айналым саласын ғана зерттеу керек.
Екінші кезең: Сол кездегі Еуропа әлі аграрлық ел болғандықтан көптеген экономистер өндірісті ауыл шаруашылығымен теңдестірді. Олар физиократтар (грек. Physis – табиғат, kratos - билік) мектебінің өкілдері болып саналған. Ол ХҮІІІ ғ. ортасында Францияда қалыптасқан. Оның негізін салушы Франсуа Кенэ (1694-1774). Өкілдері: Тюрго, Дюпон де Немур, Мирабо және т.б.
Үшінші кезең: Айналым саласында табысқа жеткен буржуазия өндіріс саласына кіре бастайды. Бұл әлбетте теорияда көрінеді: байлықтың көзі саудада емес, өндірісте екені дәлелденеді. Нағыз байлық ақша емес, тауарлар болып саналады. Осылайша классикалық саяси экономия мектебі пайда болды. Оның басын Уильям Петти бастаған.
Төртінші кезең: Экономикалық ғылымның әрі қарай дамуы қиын жолдармен дамиды. ХІХ ғ. екінші жартысының басында саяси экономия терең дағдарыста болды. Содан ол екі тармаққа бөлінді: марксизм және маржинализм. Марксизмнің негізін салушы - Карл Маркс (1818-1883). Маркс өзінің зерттеуінің пәні, капиталистік өндіріс әдісі мен соған тиісті өндіріс және айырбас қатынастары деп санады, ал соңғы мақсаты - капитализмнің экономикалық заңдарын ашу. Маржинализмнің (франц. тіл. ауд. - шекті) марксизмнен айырмашылығы - ол қанауға негізделген капиталистік өндіріс әдісінің мәнін зерттеуге мән бермеді (абстракцияланды).
Саяси экономия қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып қалыптасады.
Экономикалық теория шаруашылықты рационалды жүргізу заңдарын және шаруашылық субъектілерінің мінез-құлықтарын (поведение) әртүрлі тарихи кезеңде және әртүрлі шаруашылық деңгейінде оқытады.
Осылайша бірнеше рет тексерілген және бекітілген экономикалық процестерді жинақтап қорытуды экономикалық заңдар деп атайды.
Жалпы ғылымдық әдістер дегеніміз - көне грек философтарымен негізделген, сосын кейінгі ұрпақ, ғалымдармен дамытылған диалектикалық-материалистік принциптер. Бұл әдістерге сүйенсек, барлық экономикалық процестер қарама-қайшылықта және үнемі қозғалыста болады.
Тарихи жолмен құбылыстарды олардың пайда болу, даму, бір-бірін алмастыру кезегі бойынша талдауға болады.
Логикалық (теориялық) жолмен бұл құбылыстарды талдау олардың тарихи дамуының көрінісі болып табылмайды. Ол зерттелмекші құбылыстың өзара байланысын, мәнін терең ұғыну үшін абстракциялау әдісін қолданады. Яғни қосалқы, жанама қасиеттерге көңіл аудармау.
Ғылыми танымның жеке әдістеріне жататындар: байқау, алынған мәліметті синтез және талдау (анализ) арқылы өңдеу, индукция және дедукция, заңдар жүйесі мен категорияларды жіктеу, оларды тексеру, эксперимент жүргізу, модельдер жасау, оларды математикалық формалау т.б.
Математикалық модельдер кескіндер (графиктер) мен математикалық теңдеулер арқылы жүргізіледі. Бірақ бұл әдісті дұрыс өңделген экономикалық көрсеткіштерге пайдаланған жөн.
танымдық
методологиялық (әдістемелік),
іс-тәжірибелік (практикалық).
Экономика-лық теория маңызды үш функцияны атқарады:
1
Информация о работе Экономикалық теорияның қоғамда алатын рольі мен орны