Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 12:24, реферат

Краткое описание

Экономикалық ілім тарихи қалыптасқан уақыты-саяси экономия.Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр.Бұлай өзгертудің негізі мәселенің түпкі мәнінде емес , өйткені ғылымның іргетасы , заңдылықтары өзгермейді.Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастыру мен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтырын да зерттеуі тиіс.Демек,жалпы адмзаттық көзқараспен бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар ,әлеуметтік-таптық қарым-қатынастар да жоққа шығаруға болмайды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
2. Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері
3. Экономикалық категориялар мен заңдар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖОСПАР.doc

— 98.00 Кб (Скачать документ)

ә) «материалдық жабдықтарды шаруашылық тұрғыдан пайдалану; 
б) экономикалық тұрғыдан өткізу (өткізілсе, «меншік» иесіне табыс әкеледі деген сөз). Меншік көп қырлы, күрделі түсінік. Оны тек өндірістін заттық факторларына балау дұрыс емес. Ол жұмыс күшінің ендіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі мен типін көрсетеді, ал мұның езі, әрбір қоғамның экономикалық жүйесінің маңызды сипаты. Меншік қатынасы бүкіл шаруашылық организімін, яғйи бүкіл ұдайы өндіріс қатынасын (өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну) қамтиды. Меншік қатынасы қандай сипатта болса, ұдайы өндіріс сипаты да сондай болганы. Меншік — тарихи ұғым. Жалпылама меншік деген түсінік жоқ, ол белгілі бір нақты тарихи нысанда орын алады. Тарихта әр түрлі меншік нысандары болғаны белгілі, оны жеке және қоғамдық меншік деп екі түрге топтауға болады: 
Жеке меншік — өндіріс құрал-жабдықтарына, оның нәтижесіне жеке бір адамдардың — меншік иесінің иелік етуі.

Меншіктін тағы бір түрі — аралас меншік. Мұнда жеке және қоғамдық меншіктің әр қилы ұштасуы орын алады. Мысалы, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік меншік. Рыноктық қатынасқа көшумен байланысты ғылыми әдебиеттерде, баспасөз беттерінде қоғамдық меншікті даттап, жеке меншікті мақтау жиі ұшырасады. Меншіктің бір түрін, екіншісіне қарама-қарсы койып, біреуіне монополиялық айдар тағудың неге соқтыратынын емір өзі көрсетті. Осымен байланысты айтарымыз, біріншіден меншіктің кай түрінің қалыптасуы, дамуы немесе жолын тарихи көонекті етуі (кеңес одағының ыдырауы) адамдардын таңдауы бойынша емес, өндірістің белгілі бір тарихи даму деңгейіне, басқа да себептерге байланысты объективті туындайды. Екіншіден, шындығына келгенде қоғамның дамуында, оның бір экономикалық системадан екіншісіне ауысуы кезеңінде меншіктің көп түрлі нысандарының болуы әбден заңды. Оның үстіне ешбір елде меншіктін бір түрі таза классикалық түрде орныққан емес. Барлық елдердің экономикасында да біз жоғарыда атап өткен меншіктің бірнеше түрлері әр қилы арақатынастан орай алды. Бұл туралы алдағы тақырыптарда кеңірек тоқталатын боламыз.

 

 

 

 

 

Қорытынды

      Қандай  да ғылымның басты міндеті- табиғатта  немесе қоғамда қолданылатын  заңдарды адам мүддесіне қолдану  үшін танып білу болып табылады. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасына бағынбайды.

    Жалпы экономикалық  теорияның ерекше мән беретіні- адам, оның қажеттілігі мен мүддесі,  қоғамдық, табиғаттың, материалдық  объектілері мен субъектілері  және басқа ресурстарға қатынасы болып табылады. Жалпы экономикалық теория шаруашылық қызметінің түрлерін, принциптерін, ережелерін, ресурстарды қолданудың тиімді бағыттарын жасайды. Сондай-ақ өндіруші мен тұтынушылардың және экономикалық мүдделері негізінде экономикалық мінез-құлқының логикасын, олардың қажеттілігін қалыптастырады.

  Сонымен, экономикалық  теория – бұл іргелі экономикалық  ғылым, әлеуметтік-гуманитарлық және  кәсіби экономикалық білімнің  негізі. Осы тұрғыдан, экономикалық  теорияны қоғамдық байлықты және  экономикалық қатынастар мен экономикалық заңдарды зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

       Пайдаланылған  әдебиеттер:

1. А.Я.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеева. «Экономикалық  теория». Алматы, 2005ж 

2. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүнісов Б.А, Байжомартов У.С, Комягин Б.И  «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе 2004ж 

 

 


Информация о работе Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы