Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 14:59, реферат

Краткое описание

Экономикалық институттар – экономикалық жүйелер аясындағы адамдар арасындағы өзара әрекеттесуді реттеп отыратын формаланған ережелер мен формаланбаған нормалар. Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал –жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Содержание

1.ЖИТС- тің жұғу көздері және жолдары
2.Инфекция көзі
3. Қзақстанда ЖИТС- пен күресу жұмыстарын ұйымдастыру
4.Вирусты гепатит белгілері
5.Вирусты гепатит түрлері
6.Вирусты гепатиттің алдын- алу шаралары

Прикрепленные файлы: 1 файл

М.docx

— 49.57 Кб (Скачать документ)

 

Вирусты гепатит – жұқпалы  ауру. Оның энтеральді және пареэнтеральді түрлері бар. Энтеральді түріне А  және Е гепатиттері жатады. Олар тұрмыстық қарым-қатынас арқылы беріледі, көбінесе балалардың ұйымдасқан ұжымдарында күз-қыс мерзімдерінде  жиі кездесіп тұрады. 

 

Осы ауру әрбір 3-5 жылда өршіп  тұрады. Ал парентеральді түріне В, С, Д гепатиттері жатады. Аурудың қоздырғыштары табиғи және жасанды жолмен жұғады. Табиғи жолмен жұқтыру механизмдері жыныстық қатынас арқылы беріледі; перентеральды – анадан балаға және тұрмыстық қарым-қатынас кезінде, нақты айтатын болсақ, тіс щеткалары, жуыну жөкелері, тарақтар мен қырыну құралдары арқылы беріледі. Жасанды жолмен жұқтыру медициналық және медициналық емес манипуляциялар арқылы жүзеге асады. Медициналық жұқтыру - тері–аллергиялық сынама, зақымданған қан немесе оның компоненттерін құю, иньекция жасау, операция жасау, стоматологиялық манипуляциялар, аборттар, гинекологиялық тексеру, органдарды трансплантанттау арқылы беріледі. Медициналық емес жолмен берілу – татуировка, сүндетке отырғызу, қырыну, маникюр және педикюр (қолданылатын құрал-саймандарды дұрыс зарарсыздандырмаған кезде) жасау арқылы беріледі. Бір ине қолданатын нашақорлар, медициналық манипуляция жасау кезінде жеке бас қорғау ережесін сақтамаған медицина қызметкерлері және донорлар арасында осы ауру жиі кездеседі. Тіс дәрігерлерінің қабылдауында болған кезде сіз бір рет қолданылатын және стерильденген медициналық құралды қолдануын талап ете аласыз. Сұлулық салондарда таза пенюарларды, маникюрға арналған ыдыстарды, қысқыштарды, бигудилерді және басқа да құрылғылардың таза болуын талап етуге құқылысыз. Татуировканы, пирсингты және құлақ тесуді санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар жерлерде жасау қажет.А гепатитін жұқтыру кезінде делсалдық, тәбеттің болмауы, лоқсу және құсу сияқты белгілер байқалады. Осындай күй 3-7 күн сақталып тұрады. Аптаның соңына қарай сары аурудың белгілері пайда болады: зәрдің түсі өзгеріп, үлкен дәреті ағарады, көздің іші мен тері сарғая бастайды. А гепатитінің вирусы аурудың ағзасынан зәр және сілекей арқылы сыртқа шығады. Ауру сау адамға вируспен зақымданған тағам мен су, әр түрлі тұрмыстық заттар, жуылмаған қол және жемістер мен көкөністер арқылы жұғады. Вирусты гепатитті жұқтырып алмау үшін жеке бас гигиенасын сақтау қажет. Бірақ осы аурумен күресудің ең тиімді жолы вакцинация болып саналады, осы тәсіл көптеген өркениетті мемлекеттерде өзінің тиімділігін көрсетті. Қазіргі кезде 2 жасар балаларды осы вирусқа қарсы егу шаралары жоспарлы түрде өткізіліп отырады. Вирусты гепатит А-ға қарсы екпе 6 ай аралықпен екі рет алынады.Вирусты гепатит В-ға қарсы кесте бойынша стандартты егу 7-10 жыл мерзім ішінде адам ағзасын тиімді қорғап тұрады. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинаның бірінші дозасы жаңа туылған нәрестеге 24 сағат ішінде салынады, келесі дозасы 2-ші ай, 3 доза 4-ші айда салынады. Медициналық қызметкерлер мен медициналық жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттерін егу ҚР ДСМ 2012 жылдың қараша айының 12 жұлдызындағы №33 қаулысына сәйкес 0-1-6 кестесіне сәйкес жүргізіледі. Вирусты гепатит В ошағында қатынаста болғандар мен қан және оның компоненттерін құйғандарды егу шұғыл түрде 0-1-4 кестесіне сәйкес жүргізіледі. Егілу қаланың емханаларында және медициналық орталықтарда жүргізіледі


  Жыл сайын 28 шілдеде бүкіл әлемде Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні аталып өтеді. Осыған орай Қазақстанда гепатит ауруының алдын алуға арналған дәстүрлі айлық өткізіледі. Айлық шеңберінде республика өкңірлерінде тұрғындар арасында гепатиттің алдын алуға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, медициналық қызметкерлер үшін оқыту семинарлары мен тренингтер, алдын алу, ауруды анықтау және емдеу мәселелері бойынша кеңес беретін «ашық есік күндері» ұйымдастырылады. 
Қан қызметін жетілдіру - еліміздің денсаулық сақтау жүйесі үшін басым бағыттардың бірі. Қолданылатын қан компоненттерінің инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін арттыру үшін Қазақстанда соңғы жылдары заманауи құралғылармен жабдықталған 10 жаңа қан орталығы салынды. Қан және оның компоненттерін әзірлейтін және өңдейтін автоматтандырылған қазіргі заманғы технологиялар енгізіліп, 300-ден астам маман біліктілігін арттырды. 
Республиканың барлық өңірлерінде донорлар қаны екі сатыда: иммуноферменттік сараптама (ИФА) және полимеразды тізбекті реакция (ПЦР) әдістері арқылы автоматтандырылған құрылғылар арқылы зерттеледі.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында қан әзірлеу шарттары ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сай келеді. Өндірістік үрдіс толықтай автоматтандырылған. Қан компоненттерінің сапасына автоматтандырылған зертханалық бақылау жасалатындықтан, адам факторына жол берілмейді. Мұндай әдістер халықаралық стандарттарға сай келеді және CDC халықаралық сарапшылары сертификаттаған. 
Орталықта қан құюдың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген. Зарарлы немесе зерттелмеген қанды өткізбейтін құралғылар орнатылған. Әрбір құйылған қанның үлгісі қалдырылып, кейінгі сараптама үшін 5 жылға сақталады. Кез-келген донор немесе реципиент қан сапасына күмәнданса, сақталған қан үлгісіне сараптама жасауды талап ете алады. 
Донорлар қоры жасақталған. Әрбір донор қан өткізгенге дейін жіті тексеруден өткізіледі. Автоматтандырылған есеп жүйесі кездейсоқ адамдардың донорлар қатарына еніп кетуіне жол бермейді. 
Орталық күн сайын Астананың 22 медициналық ұйымына 80 литрге дейін қан мен оның компоненттерін жеткізеді. Тек соңғы 6 айдың ішінде 5202 науқасқа 10 мыңнан астам литр қан және қан компоненттері құйылды. Осы уақыт ішінде Астанада вирусты гепатиттің 10 оқиғасы тіркелді, бірақ олардың бірде-біріне қан құйылмаған. 
Бүкіләлемдік банк жобасы шеңберінде шетелдік сарапшылармен бірлесе отырып, отандық қан қызметін халықаралық тәжірибеге сай аккредиттеу стандарттары әзірленді. 
Бүгінгі таңда республиканың қан орталықтары қызметін тұрақты негізде тексеріп отыратын жүйе жұмыс істейді. 2012 жылдан бастап референс-зертхана қызмет ете бастады және қан қызметіндегі зертханалық зерттеулер сапасын сырттай бағалау бағдарламасы енгізілді.

  .Ауруды тану. Әлсіздік, дімкәстік, тез шаршағыштық, тәбеттің болмауы, жүрек айну пайда болған кезде дәрігерге қаралу қажет. Ауызда ащы дәмнің сезілуі, оң жақ қабырға астының ауырлап кетуі, несептің қараюы бауырдың зақымдалғанына меңзейді және тез арада медициналық жәрдемге жүгінуді талап етеді. Сарғаю, ең алдымен, ауыздың сілемейлі қабықшасы (тіл жүгеншігі, қатты таңдай) және аққабықта, одан кейін теріде байқалады. Вирустық гепатиттерді тану ауру көріністері және эпидемиологиялық мәліметтерге, сондай-ақ арнайы зертханалық зерттеулерге (қан сарысуында А, С, D, Е гепатиттерінің вирусына қарсы антиденелердің, вирус антигендері, В гепатитінің антигендері және соларға сәйкес антиденелердің табылуы) негізделеді.Емделуі. А гепатитімен ауыратындардан тыс, вирустық гепатиттермен ауыратын барлық науқастар ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімдерінде емделуі тиіс. Науқастардың емі мынадай шараларға негізделеді: жартылай төсек режимі, диета (ішімдікті, қуырылған, ысталған тағамдарды, балқытылған майларды, консервілер, ащы дәмдеуіштер, шоколад, конфеттерді рационнан шығару), полидәрумендер, осының өзі А және Е вирустық гепатитінің жеңіл түрлерімен ауыратын науқастар үшін жеткілікті болып жатады.Диспансеризациялау. Вирустық гепатиттердің сарғаю түрлері кезінде сарғаюдың кетуі бауырдағы қалыпқа келу процестерінің алдында жүреді. Сондықтан жіті гепатитпен ауыратындарды (қалыпқа келу кезеңінде стационарда) бақылай бастайды да, аурудың созылу қаупін анықтау үшін және қажет болған жағдайда, интерферонмен емдеуді уақтылы іске асыру үшін бақылауды амбулаторияда жалғастырады. Диспансеризацияға инфекционистің қайта қарауы, қанды биохимиялық зерттеу, В, С және D гепатиттері кезінде антигенді және вирустардың антиденелерін анықтау жатады.Вирустық гепатитке шалдығып, одан емделген адамдардың барлығы стационардан шыққан соң, 30 күн ішінде алғашқы рет инфекционистің диспансерлік тексеруінен өтеді.А және Е гепатиттерінен емделген соң денсаулығында және қанның биохимиялық көрсеткіштерінде ешқандай ауытқу болмаған жағдайда, диспансерлік бақылау аяқталады. Қалыпты жағдайдан ауытқу сақталған жағдайда, 3 айдан соң қосымша тексеру жүргізіледі.Гепатит ауруынан соң қайта қалпына келтіру кезеңінде жарты жылдай уақыт мерзімінде дене еңбегінің ауыр түрлерімен және спортпен айналысуға тыйым салынады. Осы мерзімге жоғарыда аталған азық-түліктен бас тарту ұсынылады. Кез-келген спирттік ішімдіктерді тұтынуға қатаң тыйым салынады. Дәрі-дәрмек қабылдау барынша шектелуі тиіс. 6 ай бойы алдын алу екпелерін жасатуға қарсы көрсетілім бар, шұғыл болмаса, операциялар жасатпаған дұрыс. Инфекционистің шешімі бойынша, вирустық гепатиттен кейінгі қайта қалпына келу кезеңінде оңалу шипажайда өткізілуі мүмкін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Қолданылған әдебиеттер:

  1. К.Д.Дурманов Жалпы хирургия
  2. http://www.gor-polic2.kz
  3. http://www.bnews.kz
  4. http://kz.zaman.com.tr
  5. http://kk.wikipedia.org

Информация о работе Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік