Экономика теориясы-экономикалық саясат негізінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 14:39, реферат

Краткое описание

Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды. Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады. Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

Содержание

Экономикалық жүйе және оның элементтері.

Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі.

Аралас экономикалық жүйе.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЭКОНОМИКА.doc

— 114.00 Кб (Скачать документ)

ЭКОНОМИКА ТЕОРИЯСЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ НЕГІЗІНДЕ.       

     

         

         МАЗМҰНЫ:

 

  1. Экономикалық жүйе және оның элементтері.

 

  1. Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі.

 

  1. Аралас экономикалық жүйе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды. 
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы  ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады. 
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет  шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен  шектеледі, шетелдермен қатынас  болмайды.  
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика  белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:

  1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
  2. Өндірістің дамуы мен  әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
  3. Техникалық прогресс шектеулі.
  4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
  5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
  6. Мемлекет пен қарулы  күштердің ролі өте жоғары.

 

Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы: 
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.  
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.  
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.

  1. Өндіріс  құралдарына мемлекеттік меншік.
  2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.
  3. Өндірушілердің монополист ретінде  көрінуі.
  4. Орталықталынған  ресурстар қоры.
  5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.
    • Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:

    Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықты  экономика жағдайында шаруашылық механизмі  айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты  экономика өзінің икемділігімен  ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.  
    Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.  
    Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:

    1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
    2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
    3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.

    Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:  
    Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:

    1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
    2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.

    Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу  қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы  дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажетіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы (және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы) анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды. 

    Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар

    • Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күшіңді өзің көр».
    • Жапондық үлгі – бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мүнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.
    • Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.
    • Қытайлық үлгі – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.

     

                   ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ

    ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

    Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық  бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей  қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіңдірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз — ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.

    Экономикалық  процестерді танып-білу әдістерінін  жаратылыстану ғылымдарыидагы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді колданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны гылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардын мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудын себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, экс-перименттер жүргізу, логикалық және математикалық модедьдер жасау.

    Экономикалық  зерттеулердің маңызды әдісі  — ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техиикалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоққысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді окшаулап, оның тұрақты, әрдайымқайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болғаы жағдайда ғана объектіні мүмкіндіғінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын(өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т. б. белгілейді.

    Абстракция  әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінін дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, үгымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталган жағын білдіреді. Та-ну процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нактылыққа қарай жүреді.

    Индукция  мен дедукция. Ғылымда, оныңішінде экономикалық ілімде жеке процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы  өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ өмірде   де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің калыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.

    Индукция  жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, прннциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар  негізінде зкономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғмлымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалықбайланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде кызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сактау проблемасыігың мацызы зор. Мұның Өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауга кажет. 

     

    2.1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ  -МАТЕМАТИКАЛЫҚ

    МОДЕЛЬ (ҮЛГІ)ЖАСАУ

    Экономикалық  жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиыи міндет. Экономикалық жүйенін жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық зандарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ казіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оган "диагаоз" қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін экономикада   не   болатынын    қабылдаған   шешімдерінің   әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономикаиы математикалық модельдеу өте киын іс. Онымен бірге экономика дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен ұштасады.

    Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді  зерттеу үшін математикалық әдістерді  қолдануға ерекше көңіл белген бағыттың негізін қалаушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Дженонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері В. Леонтьев, Л. Конторович, С. Шаталин, В. Макаров, А. Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын есім — математик, физик және кибернетик Дж. Нейман. Ол Пристон университетінің экономисі О. Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі "Жаттығу теориясы" және "Экономикалық мінез-құлық" деген еңбек жазды. Бұл енбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары "Жаттығу теориясы" тұргысынан зерттелген.

    Саяси экономия ғылымы. Бұл ұғымды тұңғыш рет ғылымға енгізген меркантелист Антуан Монкретьен (1575—1631). Саяси экономиянын  ерекше назар аударғаны материалдық  игіліктерді өндіру. Оныи себебі: өнеркәсіп  төңкеріс дәуірі басталды, рыноктын кең өркекдеуіне жол ашылды. Қазіргі ғылыми-индустриалды өндіріске сәйкес қоғам тұрғысынан қарағанда саяси экономия ғылымы классиктерінің кептеген ой-пікірлері ескірген тәрізді. Бірақ У. Петти (1623—1687) Адам Смит (1723—1790), Давид Рикардо (1772—1823), Франсуа Кенэ (1694—1774) және А. Тюрго (1727—1781) есімдері өз заманьшдағы асқан ойшыл-ғалымдар қатарында саналады. Олардың кейбір ғылыми қағидалары әлемдік зкономикалық теорияға қосылған орасан зор үлес. Ресейге саяси экономия ілімі XVIIIғасырдың соны, XIXғасырдың басында Адам Смиттің есімі және идеяларымен келгені мәлім. Қазақтың әйгілі ағартушылары Абай Құнанбаев (1845—1904), Шокан Уәлиханов (1835—1865). Шоқан Орыс географиялық қоғамының толықмүшесі болып сайланғаны белгілі. Демек, Абай мен Шоқаңдар Адам Смиттің және т. б. экономикалық ой-пікірлерінен хабардар болып, Қазақстан экономикасының мәселелеріне ез көзқарастарын жазды.


    Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары. «Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады және тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерініңжиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

    Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталады.

    Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:

    1. қаржылық қатынастардың жиынтығы;
    2. ақшалай қорлардың жиынтығы;
    3. басқарудың қаржылық аппараты.

    Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардың жиынтығықаржылық қатынастарды құрайды.

    Қаржылық  қатынастар өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегісубъектілердің рөлі қаржылық қатынастар жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.

    Қаржылық  қатынастар негізінен мына екі сфераны қамтиды:

    1. мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақшалай қатынастар;
    2. кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақшалай қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақшалай қатынастар.

    Қаржылық  қатынастардың буындарына тән болып  келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлардың жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

    Қаржының  материалдық мазмұны өзінің көрінісін бюджеттік, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизадиялық айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақшалый қорларды кіріктіретін қаржылық ресурстарды қалыптастырып, пайдалануда табады. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған. Бір қорлар үнемі жұмсалады (тұтыну коры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).

    Қаржылық  қатынастардың нысандары мен  ақшалай қорлары басқарылатын материалдың  объектіні құрайды. Басқарушы субъект  қаржыны басқарудың мемлекеттік жэне коғамдық аппараттарының жүйесі - қаржылық аппарат болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржылық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлау үдерісіндегі экономикалық және бақылау жұмысымен, қаржылық қатынастар буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржылық аппарат қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасып жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да, қондырмалық қатынастардың да айқыш-ұйқыш тоқайласуын және оның басқарымдылығын білдіреді.

    Информация о работе Экономика теориясы-экономикалық саясат негізінде