Инсттутционализм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 17:00, реферат

Краткое описание

Институционализм, институттық экономикалық теория (латынша іnstіtutо іс-қимыл салты, әдет-ғұрып, сондай-ақ іnstіtutum орнату, құру) экономика ғылымындағы қоғамның және экономиканың дамуын әлеуметтік психология тұрғысынан түсіндіретін бағыт. институционализм эконономикалық ой-пікірдің жетекші бағыттарының бірі, бұл бағыт экономиканы барлық негізгі құрылымдары тұрақты әлеуметтік өзгерістерге ұшыраған әркелкі жүйе ретінде қарайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Институционализм мектебі.docx

— 30.54 Кб (Скачать документ)

         Институционализм  мектебі

Институционализм, институттық экономикалық теория (латынша іnstіtutо іс-қимыл салты, әдет-ғұрып, сондай-ақ іnstіtutum  орнату, құру)  экономика  ғылымындағы қоғамның және экономиканың дамуын әлеуметтік  психология  тұрғысынан түсіндіретін бағыт. институционализм эконономикалық ой-пікірдің жетекші бағыттарының бірі, бұл бағыт  экономиканы  барлық негізгі құрылымдары тұрақты әлеуметтік өзгерістерге ұшыраған әркелкі жүйе ретінде қарайды. бұл  теория  бойынша экономика дамудың сипаты мен бағытын нарық өздігінен айқындамайды, қайта үстемдік құрып отырған  экономика  институттардың бүкіл жүйесі айқындайды. әлеуметтік  бағдарламалар, индикативтік  жоспарлау  және   мемлекет   тарапынан   араласудың   басқа   да нысандары  қоғамдық  дамудың  қажетті  нышандары   ретінде қаралады.  Институционализмнің   көптеген   идеялары   дамыған   бірқатар жетекші   елдердің   эконномика   саясатына   негіз   ретінде   алынған.   иституционализм экономикалық   құбылыстарды   қоғамдық   психология,   салт-дәстүр,   әдет-ғұрып, жалпы   жұрт   таныған   дағдылар,   сондай-ақ   ойлау   тәсілі   және   адамдар   тобы   немесе   тұтас   халық   үшін   басым  сипат   алып   отырған   мінез-құлық сияқты   институттар   ықпалының   нәтижесін   түсіндірді.   Анда   әлеуметтік құбылыстар   отбасы,   мемлекет,  кәсіподақтар,   тағы   басқа  институттарға жатқызылады.  Иституционализмді   жақтаушылар   мінез-құлық,   әдет-ғұрып, салт-дәстүр   тарихын   зерделеуге   баса көңіл  бөлді.   Кейінгі   жылдары олар   экономика   үдерістерді   технократиямен, технология   детерминизммен   байланыстыра  бастады.   Нео-иституционализм  өкілдері   трансакция   шығын теориясын,   меншік   құқығының   экономика   теориясын,   қоғамдық   таңдау теориясын,   тағы  басқа   талдап  жасады.   Барлық   бағыттағы иституционализмге  тән   ортақ   сипат:  экономиканы  бағалауға   адамгершілік-психология   тұрғыдан  қарау;  қазіргі   заманғы  экономика   жүйені бүкіл   оғамның   мүдделері   үшін  әлеумет  бақылау  және  мемлекет  реттеу тұғысынан   реформалауды   талап  ету;   жалпы   ұлттың  әлеумет-мәдени дамуына  зиян  келтіретін   жеке   дамуға   сын   көзбен   қарау. 

 

 

 

Институционализм - xx  ғасырдың   90-жылдарында  тек   әлеуметтік  ғылым ғана   емес,   сонымен   катар   экономикалық,   саяси   ғылымдар   да   "жаңа институционализм"   теориясына    канық    болды.  "Жаңа институционализм" теориясының   негізін   салушылар    арасында   көптеген   келіспеушіліктер болды,    сонымен    қатар    институттар   туралы   ортақ    түсініктер   де   орын алды.    Ол   институттарда   ресурстардың    бірдей   етіп    бөлінбеуін   қолдан отырып,    белгілі   бір    билік    етуші    топтардың    өзара   іс-қимыл    ережелерін    ұсынуына   мүмкіндік   беретін    әлеуметтік    конструкциялар    деп түсіндірді.    Мұнда    жалпы    теориялардың   екі    тобың    бөлуге    болады; 
1. Біріншісінде,    әлеуметтік    факторлар    мен   институттарды    қүру    процесіне   қатысушылар - институттардың    маңызды    құраушысы    болып табылады; 
2. Екіншісі,   әлеуметтік    институттарды    әлеуметтік   құрылысы   ретінде тусіндіруге    күш    салады.    Қазіргі   заман   ғылымында    "Жаңа институционализмнің"    төрт    түрін    бөліп   көп    көрсетуге    болады:

  • Тарихи    институционализм
  • Ұтымды    таңдау    институционализм
  • Экономикалық   институционализм
  • Әлеуметтік    институционализм

Қазіргі    заман    ғылымында    ғалымдар    "институт"    ұғымының     мағынасын түсіндіруде    бір    шешімге   келе алмай    отыр.    Бірқатар    ғалымдар   институт    ұғымын   әлеуметтік   қатынастарды   анықтап    мұндай   қатынастарға   қатысушылардың    рөлін    түсіндіретін,    сонымен    қатар қатысушылардың    өзара    әрекет    ету    процесін,   әрекет    ету    нұсқаулығы мен    қалған    қатысушылардың   іс-рекетін   түсіндіру    әдісі    арқылы бақылайтын   ұжым   ретінде    түсінеді.    Енді    бір    теоретиктер   "институт" ұғымы   аясыңда    арнайы   ойлап    табылған    зандар   мен    ережелер, үшіншілері  -   ұжым    арқылы   орындалатын   және    бөлек – бөлек   топтардың келісіміне    қол   жеткізу    арқылы   жүзеге   асырылатын   ресми    емес ережелер   түріндегі    нормалар    жиынтығы,    төртіншілері - өзінен -  өзі болатын    нәрсе    сиякты    қабылданатын   жүйе   деп    түсіңдіреді.    Көріп отырғанымыздай    зерттеушілер    арасында   бұл    мәселе    тұрғысынан    ортақ бір    шешім    жоқ.    Бүл    "жаңа   институционализмнің"    негізін   салушылар    өз     әріптестерінің    теорияларын   жақсы    біле    тұрса    да,    әдетте    арадағы келіспеушілік    туралы    пікірталасты   шешу    мүмкін    емес   деп санайтыңдығынан   көрінеді.    Мұнымен    қоса,    "институт"   феноменін    түсінуде   белгілі    бір   келісушіліктер   немесе    сәйкес    келетің    тұжырымдар да    бар.    Әңгіме    барлық    үлгінің    қалай    болған    күңде    де    "кеңістік", "сахна"    немесе   "ойын"    деп     аталып    жүрген    оқшау    әлеуметтік    білімнің пайда   болу    проблемасымен   байланыстығы   туралы   болып    отыр.    Бұдан    институционализмнің   барлық    үлгілері - институттарды   әлеуметтік конструкциялар   түрінде    түсінетіндігі    туралы    айтуға    болады.    Басқаша айтқанда,    жаңа    институционализмнің   көптеген   авторлары   институттарды әлеуметтік    субъектілердің    немесе   акторлардың   ықпалының    нәтижесі    деп    түсіндіреді.    Үшіншіден,    өзара    іс-қимыл   және    институттар    пайда болғанға    дейін   болған    ресурстарды   бөлу    ережелері    ықпал    ету    көздері    болып    көрінеді    және   де   өлеуметтік    субъектілер    мінез-құлықтың    үлгілерімен   үйлесе    келіп,    институттарды    ашудың    және  ұдайы   өсірудің    негізі    болады.

Жана    институционализм   теоретиктері   институттарды   тудыратын   және үдайы    болып    отыратын   "өзара    эсер   ету    ортасын"   түсіндіруде    де   бір – бірімен  келіседі.   Негізгі    көңіл    аудартатын    мәселелер    мүндай    әрекет    ету    аландарының    пайда    болуы,    олардың    тұрақтылығын    қалай сақтайтындығы    және    түрінің    өзгеруі    болып    табылады.   Мұнда институциаландыру   ережелері   абстракциядан    аландарда    өзара    әсер етуші    бір     үлгінің    нақты    бастауына    айналатын   процесс   ретінде түсіндіріледі.

 

Қазіргі институционалды  теория өз дамуында ғылыми-әдістемелік  тұрғыда екі іргелі бағыт –  “ ескі’’ институционализм және неокласикадан  бастау алады. Бұл теория екі бағытта  дамыды: Неоинституционалды теория және жаңа институционалды теория.

Қазіргі институционолизмнің  ескі институционализмнен бірқатар айырмашылығы бар. Біріншіден, “ ескі’’ институционализм өкілдері экономикалық мәселелерді басқа қоғамдық ғылымдардың әдістері қолдана отыра зерттейді.Неоинституционалды теория, керісінше қоғамдық ғылым салаларындағы саяси, құқықтық және басқа да мәселелерді неоклассикалық экономикалық теорияның, әсіресе, қазіргі микроэкономика және ойындар теориясының әдістерін қолдана отыра зерттейді. Бұл ғылымға “Экономикалық империализм” атымен енген.

Екіншіден, “ ескі’’ институтционализм негізінен индуктивті әдісті қолданып,жеке жағдайлардан жалпы жағдайларды талдаған. Институттардың біртұтас теориясы қалыптасқан жоқ. Қазіргі институтционализм дедуктивті әдісті қолдану арқылы институттарды біртұтас теория негізінде талдауға тырысады.

Үшіншіден , “ ескі’’ институтционализм радикалды экономикалық ағым ретінде индивиттердің мүддесін қорғауды ұжымдық іс- әрекетке баса назар аударады. Холизм әдістемесі негізінде зерттеуді индивиттен емес, институттан бастайды. Басқаша айтқанда, институттардың сипаттамасынан индивиттердің сипаттамалары алынады. Ал институттардің мәні олардың макродеңгейдегі қатынастарды ұдайы өндірудегі қызметімен түсіндіріледі. Институционалды детерминизм қағыдасы басым: Институттар кездейсоқ дамудағы негізгі тежеуші, тұрақтандырушы фактор ретінде қарастырылады.Институттар бұрынғы үрдістердің нәтижесі болғандықтан бұрынғы жағдайларға беймделген сондықтан олар әлеуметтік, психологиялық инерцияны факторы болып табылады. Демек , институттар кейнгі дамудың “шектерін ” құрайды .

Неоинституционализм әдістемелік инддивидуализмді қолданады. Яғни, зерттеудің орталық мәселесі – өз еркімен өз мүддесіне сәйкес шешім қабылдайтын тәуесіз индивид.

2.     Неоинституционалды экономиканың зерттеушілік бағдарламасы алғаш рет Р. Коуздың «Фирма табиғаты», «әлеуметтік шығындар мәселесі» еңбектерінде қалыптасты. Осы бағдарлама шеңберінде неоклассикалық теорияға бірқатар өзгерістер енгізілді.

Біріншіден, түрлі  меншік және контракт формалары қарастырылады. Жеке меншік пен қатар ұжымдық, мемлекеттік, акционерлік меншік формаларыталданып, әртүрлі меншк режимдерінің салыстырмалы тиімділігі олардың рынокта мәміле жасауды қамтамасыз етуі бойынша салыстырылады. Осы бағыттың іргелі теориялары: меншік құқығы теорисы (Р. Коуз, Р. Познер, С. Пейович), оптималды контркт теориясы(Дж. Стиглиц, Й. Макнил), қоғамдық таңдау теориясы (Дж. Бьюкенен, Г. Таллок), конституционды экономика теориясы (В. Ванберг). Конституционды экономиканың ерекшелігінеоклассикалық қоғамдық таңдау теориясы және    «ескі» институционализмнің құрамдас бөлігі ретіндегі «тәртіп теориясының» элементтерінің біріктіруінде.

Екіншіден, неоклассикалық модельге ақпараттық шығындар, ақпараттың асимметриясы түсініктері енгізіледі. Яғни, нарық жағдайы және мәміле туралы ақпараттарды іздеу қол жетумен  байланысты шығындар.

Үшіншіден, өндірістік немесе трансформационды шығындар мен  қатар неоинституционалистер трансакционды  шығындардың болуын қарастырады. Трансакционды  шығындар теориясында (Р. Коуз, О. Уильмсон) мәміле жасауда қалыптасатын барлық шығындар трансакционды шығындар ретінде  анықталады.

3.  Жаңа институционалды экономика неоклассиканың постулаттарына тәуелсіз, институттардың жаңа теориясын қалыптастырды.

Жаңа институционалды  экономика, біріншіен, ойындар теориясын (Дж. фон Нейман, О. Моргенштерн ) қолдана отыра неоклассикалық жалпы тепе-теңдік моделін өзгертеді. Ойындар теориясы экономикалық теориядағы дербес бағыт болса да, жаңа институционалды экономиканың модельдері ойындар теориясы бірқатар болжамдардан құрылады:

  • Бірнеше тепе-теңдік нүктелері болуы мүмкін;
  • Тепе-теңдік нүктелері Парето бойынша оптимум нүктесіне сәйкес болуы міндетті емес;
  • Тепе-теңдік мүлдем болмауы мүмкін.

Екіншіден, когнитивті шектемелерді енгізу арқылы, толық емес рационалдық теориясы (Г. Саймон) дамытылады. Бұл теорияға сәйкес, индивид мәміле және нарық жағдайы туралы барлық ақпаратты жинауға және жинақталған ақпаратты оптималды түрде өңдеуге қабілетсіө. Ақпаратты өңдеуге қабілеттілік, ақыл-ой сирек ресурс ретінде қарастырылады. Бұл неоклассикалық рационалды таңдау моделінің, оның негізіндегі оптималдылық қағидаларының өзгеруіне әкелді. Аталған қағида қанағаттылық қағидасымен ауыстырылады.

Үшіншіден, жаңа институционалды  теория неклассикалыұқ теориядағы индивидтер талғамының экзогенді сипаты және тұрақтылығын терістеп, институтар және индивидтердің  шешім қабылдаудағы байланыстың  екі жақты сипатын негіздейді. Институттар индивидтер таңдауының шектемесі болғанымен де, индивидтер институционалды шектемелерді өзгертуге  қабілетті.

«Ескі»  институционализмнің дамуына үлесін қосқан ғалымдар: 

  • Торстейн Веблен (1857 — 1929)
  • Дж. Гобсон 
  • Уэсли Клэйр Митчелл (1874 — 1948) 
  • Джон Морис Кларк (1884 — 1963) 
  • Джон Коммонс (1862 — 1945).

Жаңа  институционализмнің дамуына үлесін қосқан ғалымдар:

  • Рональд Коуз (род. 1910)
  • Дж. М. Кларк
  • Дж. Гэлбрейт
  • Хейлбронер 
  • Оливер Уильямсон (род. 1932)
  • Дуглас Норт (род. 1920).

 

      Институционализмнің  басқа экономикалық мектептерден  айырмашылығы:

  • Неоклассикалық мектепте баға, пайда, сұраныс секілді категориялар кеңінен қарастырылады.
  • Маржиналистер секілді экономиканы таза пән ретінде қарастырмай, әлеуметтің бөлігі ретінде қарастырады.
  • Институционалистердің көзқарасы бойынша экономикамен ғылым, мәдениет және саясат өзара тығыз байланысты.
  • Оптимизация принциптерін жоққа шығару.
  • Қоғамның қалауы әрқашанда бірінші қарастырылады.
  • Экономиканы механика ретінде қарастырмай, керісінше экономикалық процесстер әртүрлітабиғи феномендер әсер етеді деп қарастырады.
  • Мемлекеттің нарықтық экономикаға әсер етуіне келіседі.
  • Институционалистердің пікірі бойынша индивидтің, яғни адамдардың іс-әрекеттерін алдын-ала болжау мүмкін емес. Яғни экономикалық жағдайға бағалардан басқа инфляция, жұмыссыздық, дағдарыс, саясаттық тұрақсыздық және т.б. факторлардың әсер етуі.
  • Институционалистердің ойы бойынша нарықтағы жағдайға қарамастан баға тұрақты болып келеді.
  • Институционалистердің пікірі бойынша экономистердің міндеті текқана болжау жасау емес, сонымен қатар ақыл-кеңес бере отырып, саясаттағы өзгерістердің мәнін түсіндіру.

Информация о работе Инсттутционализм