Инфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 14:16, реферат

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де тырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады.

Содержание

Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------3

І бөлім. Инфляция - әлеуметтік–экономикалық құбылыс
1.1. Инфляция түсінігі, пайда болу себептері-----------------------------------5
1.2. Инфляция түрлері мен факторлары------------------------------------------9
1.3. Инфляцияға қарсы шаралар -------------------------------------------------10

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай
2.1. Жалпы инфляцияға сипаттама-----------------------------------------------14
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның даму қарқыны--------15
2.3. Инфляцияға қарсы жүргізілетін шараларға баға беру-----------------19

ІІІ бөлім. Инфляциямен күресу мәселелері---------------------------------25

Қорытынды -------------------------------------------------------------------------28

Пайдаланылған әдебиеттер ---------------------------------------------------30

Прикрепленные файлы: 1 файл

Инфляция- пайда болу себептері, салдары ж-не онымен к-ресі жолда.doc

— 169.50 Кб (Скачать документ)

        Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары жүргізіледі. бюджет тапшылығын Орталық банк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

        Үшіншіден, ақша  айналымын реттеу іс –шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық  ақша  көлемінің өсуіне  шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

        Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру  үшін сырттан алынған  қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын  инфляциялық  ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті  мәселе. Сондықтан  оны арнайы түрде  жеке зерттеп, қарастыру қажет болады. 

 

2.3.  Инфляцияға  қарсы жүргізілетін шараларға  баға беру

 

      2004 жылдан  бастап  Ұлттық  банктің  негізгі   мақсаты ретінде  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету   ақша – кредит  саясатындағы  мүлдем жаңа айқындама  болып табылады.

       Негізгі   мақсатты  орындау үшін Ұлттық  банкке  мынадай  міндеттер  жүктелген:

  • мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;
  • валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету.

         Ұлттық  банктің  негізгі   мақсаты мен  міндеттерін осылайша  түйіндеу инфляция бойынша мақсатты  көрсеткіштер үшін  Ұлттық банк  жариялаған Еуроодақ стандартына   және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір   нақты көрсетеді.

        Инфляциялық таргеттеу  принциптерін  пайдаланатын көптеген  елдер   инфляция жөнінде қойылған  мақсаттарға   қол жеткізу  жауапкершілігін   күшейту жағдайларында  инфляция  бойынша  бағдарлар ретіндегі тұтыну  бағаларының индексіне сүйенбейтін болады.Оның орнына  инфляциялық  үрдістердің  негізгі  бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

        Ұлттық банк 2004 жылдан бастап  «базалық инфляция» индексіне   қарай бағдарлар  белгілейтін  болады.

        2004 жылы  ақша – кредит саясатының  негізгі  мақсаты  орташа  жылдық «базалық инфляцияны»  4-6 % шегінде ұстап тұру ретінде   қалыптастырылған. Мұндай бағдарлар базалық инфляцияны  есептеу әдістемесі  бекітілгеннен кейін және ол нақты  бойынша нақты есептеу жүргізілгеннен кейін тағы да түзетілетін болады.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген  монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үш есе кысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрынннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті.

        Жалпы алғанда, инфляцияға  қарсы  саясаттың  ұзақ мерзімдік  стратегиялық  және  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық,  тоқтаусыз  тактикалық  түрі  болды. Монетарлық саясат негізінен   күнделікті  жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша  көлемін  қадағалап  реттейтін  тактикалық  саясат  түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция  кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне  айналуы  заңды да. Бірақ, жалпы алғанда,  дамыған Батыс елдерінің  тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті  тактикалық, ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының  шеңберінде  жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда  2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001 – 2005 жж. арналған  қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстаннның барлық  әкімшілік – экономикалық  аймақтарының (облыстарының) Экономикалық - әлеуметтік  бағдарламалары  жасалып, іске  асырылуда. Осы бағдарламаның барлығын стратегиялық саясаттың  құралы ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда  да монетарлық  -  қаржы саясаты Ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.

        Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз  әлеуметтік және экономикалық  салдары көптеген елдер үкіметтерін  белгілі экономикалық саясат  жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл  жерде экономистер ең алдымен  мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфлияцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

       Инфляцияға  қарсы саясатты сипаттағанда, екі  әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде  белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі  де  тырып,  жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны  тежеудің  құны  болады. Құлдырау  жағдайында  бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда  мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске  қосылады және  шығындар  артады,  салықтар  төмендетіледі. Ең алдымен  табысы төмен  нарық  субъектілеріне салынатын  салық  қысқартылады. Бұл бірден  нәтиже береді: сұраным  тез өседі, ол өндіріске  ықпал жасайды,      жалпы экономикалық   өсу  басталады. бірақ  60 – 70 жылдары дамыған  елдердің  тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру  инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен  бірге бюджет шығындарының артуы  бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады [4].

        Екінші әдістемені  жаңа  классикалық   бағыттағы  экономистер  ұсынады.  Олар  бірінші орынға  ақша  – несие  арқылы  реттеу  әдісін  қояды. Бұл әдіс  экономика  жағдайына  жанама  түрде  икемлді  ықпал  жасайды. Бұл саясатты үкіметке  тікелей  бағынбайтын Орталық банк жзүргізеді. Орталық  банк  айналымдағы  ақша көлемін  өзгертеді және  қарыз пайызы (процент)  келісімін реттейді, сонымен  экономикаға  ықпал жасайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі № 4 2005 жылғы 13 қаңтардағы берілген бойынша мына мәліметтерді көруге болады:

        Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агенттігінің ресми  деректері бойынша инфляция  2004 жылғы  қыркүйекте 0,8 % болды, бұл  соңғы  8 жылда  қыркүйекте белгіленген ең жоғарғы деңгей болып табылады (1996 жылғы қырқүйекте – 1,2 %). Азық – түлік және азық – түлікке жатпайтын тауарлар 0,8  % - ға, ақылы қызмет  көрсету – 0,7 % - ға қымбаттады.

        Азық – түлік тауарларының  құрылымында, әсіресе, жұмыртқаға баға 12,8 % - ға өсті, сүт – 4,9 % - ға, шұжық тағамдары – 3,0 %- ға, күріш – 2,6 % - ға қымбаттады. Жеміс – жидек пен көкөніске баға 1,4 % - ға, ұнға – 0,4 % - ға,  нанға – 0,1 % - ға  арзандады.

        Азық – түлікке жатпайтын   тауарлар тобына  бағаның  өсуі көп жағдайда жанар – жағармай материалдарының қымбаттауымен байланысты болды: бензин – 5,1% -  ға, дизель отыны – 2,8 % - ға , көмір – 2,4 % - ға қымбаттады. Киім – 0,6 %– ға, тұрмыстық  тоқыма бұйымдары мен аяқ – киім – 0,5% - дан қымбаттады.

        Ақылы  қызмет  көрсетудің ішінде  білім беру  мекемелерінің   қызмет  көрсету құны – 6,5% -  ға, медицина  мекемелерінің қызмет  көрсетуі – 0,3% - ға, тұрғын  үй  – коммуналдық  қызмет  көрсету  және жолаушылар көлігінің қызметі  0,1% - ға  қымбаттады.

        Ағымдағы жылдың басынан бері  инфляцияның деңгейі 3,8 % болды  (2003 жылдың  қаңтар – қыркүйегінде  - 2,8 %) , сонымен бірге азық –  түлік тауарларына баға 4,0 % - ға, азық  – түлікке жатпайтын тауарларға  - 4,1 % - ға, халыққа  ақылы қызмет көрсету – 3,1 % - ға көтерілді.

        2004 жылғы қыркүйекте инфляция  жылдық көрсетуде 7,7 % -ды құрады (2004 жылғы тамызда – 7,3 %).

        2004 жылдың 1 – жартыжылдығында ресурстардың  нетто - әкелінуі  талдау  көрінісінде  (резервтік  активтердің өзгеруіне  байланысты  операцияларды  есепке алмағанда) өткен жылдың  осындай  көрсеткішінен  екі  еседен  астамға  асып  түсіп, 1,8 млрд. долларды құрады. 2004 жыл үшін Қазақстанға  шетелдік тікелей инвестициялар сияқты Қазақстан  резиденттерінің  шетелдік  кәсіпорындарға тікелей  инвестициялварының да өсуі  тән болды. 2004 жылдың  1 – жарты жылдығында Қазақстанға шетелдік  тікелей  инвестициялардың жалпы  әкелінуі 2523 млн. доллар деңгейінде тіркелді, нетто - әкеліну 1696 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 1,7 есе асып түседі.

        2004 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық  капитал бойынша  міндеттемелер  1,8 млрд. долларға, резиденттердің шетелдік  активтері – 1,3 млрд. долл. өсті.

        2004 жылдың 1 – жартыжылдығында жалпы  сыртқы борыш 12,7 % - ға өсіп, 25,8 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік  және мемлекет кепілдік берген борыш бойынша  міндеттемелер 3,59 млрд. долларға  төмендеген кезде, сыртқы борыштың өсімі банктердің және үлесіне  сыртқы  борыштың 86 % - ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген республика  кәсіпорындарының заемдық операцияларымен толық қамтамасыз етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ бөлім. Қазақстан  Республикасындағы инфляциямен  күрес мәселелері

Осы күндері Қазақстанда  қапыптасып отырған инфляцияның  ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағынын тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінін кұрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.

Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезендерінде қоғамдық өндірістегі  диспропорциялар әр бесжылдық сайын  тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптаскан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

1) өнеркәсіп өндірісі  мен ауыл шаруашылығы арасындағы  алшақтық;

2) ауыр өнеркәсіп пен  жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;

3) шикізат өндірісі  мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы диспропорция;

4) әскери   өндіріс   пен  азаматтық  өндіріс   арасындағы сәйкессіздік;

5) материалдык өндіріс  пен материалдық емес өндіріс  арасындағы диспропорция т.б.

Бұл диспропорциялар  Кеңес экономикасының өзінде бағалардың  инфляциялық  өсуін тұрақты  түрде  қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10-15 жылда рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау іс – шаралары осы инфляцияның нәтижесін зандастыру ғана болған.

 Қазақстанда қалыптасқан өндіріс аралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда бірнеше есе жоғары.  Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90%, тұтыну товарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда товар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991 -1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд доллардан артып кеткен болатын. 1993-1996 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-тен 20%-ке дейін төмендеді.

Бұл кездері Қазақстанда  гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің  ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен  кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде І00 есе төмендетті. Бұл  өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90%-ке, ауыл шаруашылық пен азық-түлік өндірісі - 50-60 %-ке қысқарды [5].

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілғен монетарлық (ақша-қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап калды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндіріс аралық диспропоциялар қысқарғанның орнына арта түсті.

Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттын ұзақ мерзімдік  стратегиялық және күнделікті жүргізіліп отыратын ағымдық, тоқтаусыз тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы  ақша  көлемін   қадағалап  реттейтін  тактикалық  саясат түріне  жатады.   Әрине,   белгілі   бір  жағдайларда,   мысалы, гиперинфляция   кезде,    бұл   әдіс   негізгі   реттеу   әдісіне  айналуы заңды да.  Бірақ, жалпы алғанда, дамыған

Қазақстанда 2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы   Қазақстандағы   Аграрлық   саясаттың   бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001-2005 жж, арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық әкімшілік-экономикалық  аймақтарының  (облыстарының), экономикалық-әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде   қарастыруға   болады.   Енді   Қазақстанда   да   монетарлық-қаржы саясаты Ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Зерттеу жұмысының І  – тарауы «Инфляция - әлеуметтік – экономикалық құбылыс» деп  аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:

    • Инфляция түсінігі, пайда болу себептері;
    • Инфляция түрлері мен факторлары;
    • Инфляцияға қарсы шаралар.

Информация о работе Инфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары