Холдингтер құрастыру қажеттілігі, маңызы және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 16:55, реферат

Краткое описание

Холдингтік компания корпорация ұйымдастырудың жетекші нысанының бірі болып табылады. Холдинг иеленуші компания – басқа компаниялардың қызметін бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау акцияларын иелену үшін құрылатын қаржы компаниясының ерекше түрі.

Содержание

Кіріспе
Холдингтік компанияның маңызы
Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты
«Самұрық» холдингінің экономикалық құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Холдингтер+құрастыру+қажеттілігі%2C+маңызы+және+түрлері.doc

— 131.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар мен инжиниринг университеті.

«Экономика және құқық» факультеті

«Экономика» кафедрасы

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Холдингтер құрастыру қажеттілігі, маңызы және түрлері

 

 

 

 

 

Орындаған: 

Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Актау 2014

 

Жоспар

     

  1. Кіріспе
  2. Холдингтік компанияның маңызы
  3. Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты
  4. «Самұрық» холдингінің экономикалық құрылымы
  5. Қорытынды
  6. Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

 

        Холдингтік компания корпорация ұйымдастырудың жетекші нысанының бірі болып табылады.  Холдинг иеленуші компания – басқа компаниялардың қызметін бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау акцияларын иелену үшін құрылатын қаржы компаниясының ерекше түрі.

 

        Корпоративтік альянстар компанияларға өзінің күш жігерін белгіленген бизнес түріне жаңа технологияларды және тауар өткізу нарығын игеру шоғырландыратын құрылым құруға мүмкіндік береді. Альянстың нарыққа тікелей бағдарланған ауқымдағы операцияларға дейін қамтитын көптеген нысаны бар. Корпоративтік альянс нысанының біріне бірқатар компания белгіленген мақсаттарға жету үшін бірігетін бірлескен кәсіпорын жатады

.

       Холдингтерді  құрудың негізгі мақсаты  корпоративтік  басқаруды жетілдіру және елдің  қор нарығын дамыту жолымен мемлекет қатысатын компнаиялар холдингтерінің құрамына кіретін ұзақ мерзімді құндылықты барынша көбейту болып табылады. Мемлекеттік холдингтер бүкіл Қазақстанның бизнесі үшін корпоративтік жүріп-тұрудың моделіне айналуға тиіс.   

 

 

    Барлық мемлекеттік холдингтердің, оларға кіретін ұлттық компаниялардың және басқа да ұйымдардың басты міндеттерінің бірі корпоративтік басқарудың халықаралық практикасын, есептілігін және айқындылығын енгізу арқылы олардың қызметін ретке келтіру болып табылады.

 

Холдингтің миссиясы – компания қызметінің бәсекеге қабілеттігін және экономикалық тиімділігін арттыруға көмектесетін корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне компанияны, жалпы алғанда ұлттық экономиканың мемлекеттік секторын дамыту жөніндегі орта- және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу.

Холдингтің басты мақсаты – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларда мемлекет мүддесіне жауап беретін экономиканың нақты секторын дамыту стратегиясын құру, компаниялардың ұзақ мерзімді құндылықтарын көбейту. Холдинг компаниялардың топ-менеджменті тиімділігін бағалау негізінде қол жеткізілетін даму мақсатын белгілейтін болады. Осы жұмыстың нәтижелері отандық капитал жұмысының тиімділігін, әлемдік инвесторлар үшін қазақстандық экономиканың ашықтығын әрі тартымдылығын арттыруға біршама деңгейде мүмкіндік беретін болады.

 

1.Холдингтік компанияның  маңызы

 

        Холдингтік  компания (өнеркәсіп, көлік, сауда, банк  ісі және т.б) корпорация ұйымдастырудың жетекші нысанының бірі болып табылады.

Холдинг иеленуші компания – басқа компаниялардың қызметін бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау акцияларын иелену үшін құрылатын қаржы компаниясының ерекше түрі.

 

Холдингттік компаниялардың екі негізгі түрі кең тараған:

  • Қаржылық (Таза)
  • Аралас.

           Қаржылық холдингттік компания қаржылық бақылауды және басқаруды жүзеге асыру мақсатымен құралады. Аралас холдингттік компания керсінше, белгілі бір кәсіпкерлік қызметтен айналысады: өнеркәсіптік, сауда көлік-логистикалық, несиелік-қаржылық және т.б.

 

          Аралас холдингтен диверсификацияның жоғары дәрежесі мен және топ компанияларының арасындағы байланыстардың әлсіреуімен сипаталатын өндірістік концерндер немесе конгломераттар болып табылатын ҚӨТ/ң көбісінің бас компаниялары ретінде тараған. Бірақ соңғы онжылдықтарда қаржылық және қаржылық емес фирмаларды көпұлттық топтың құрылымдарға біріктіретін қаржылық холдинттік компаниялардың артуы байқалып отыр.

 

Мұндай холдингтер қаржылық ұйымдар бола отырып басқа қаржылық институттардан, банктерден, инвестициялық қорлардан функционалды ерекшеліктері бар. Банктерге қарағанда холдинттік компаниялар қаржылық емес кәсіпорындарға яғни өнеркәсіптік, сауда, құрылыс және басқа да фирмаларға тікелей инвестицияларды жүзеге асыруда заңмен шектелмеген.

Компаниялар топтарын ұйымдастыру  процесі “төменнен” немесе “жоғарыдан” жүруі мүмкін, кейде екі әдісі де пайдалынады. Бірінші кезеңде, “төменнен” жүрген ұйымдастыруды заңды тәуелсіз құрылтайшы – компаниялардың бірігіп болашақ топтың ядросын құруымен өтеді. Кейін, бас холдинг компаниясының құрылуынан кейін, КҰК – дың прцесі “жоғардан” жүргізіледі. Сонымен қатар, бірнеше жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

 

Ең көп таралған түрі, тандалған елде еншілес компанияны ашып, сол арқылы сату — өткізу операцияларын өркендетіп отырып, жергілікті нарыққа басқа жерде өндірілген КҰК – ның өнімін өткізу, қызмет көрсету немесе жергілікті өндірісті ұйымдастыру әдетте, осындай еншілес – компанияларды 100 % түрде бас компания бақылап отырады. Кейіннен, бұл бақылау азаюы мүмкін. Бұл мысалы, КҰК – ды басқару деңгейінде қосымша капиталды еншілес компанияның кейбір акцияларын сату арқасында иемдену шешімі қабылданған жағдайда көрінеді. Бірақ, КҰК белгілі бір елден инвестицияны шығару жөнінде шешім қабылдап, шетел еншілес компанияларда бас компанияның үстемді акционерлік бақылауы жойылмайды.

 

Еуропа мен Солтүстік Американың дамыған елдерінің көпұлтты компаниялардың көбісі фирманы іскерлік бақылау және олардың қызметік басқару мақсатымен олардың акцияларының бақылау пакетін иелену үшін құрылатын қаржылық немесе қаржылық-өнеркәсіптік компаниялардың ерекше түрі болып табылады. ҚӨТ/ң құрлымы мен басқарудың әртүрлі аспектілерін талқылағанда  “холдингтік  компания”  терминімен қатар оған ұқсас ”аналық” немесе “бас” компания терминдерін де жиі қолданады; холдингтік компанияға деген басқарушы қызметтің бөлінуіне байланысты, сонымен қатар “бас ұйым” деген де термин де қолданады.

 

       Холдингтің  өз капиталынан бірнеше рет  асатын капиталы болуы мүмкін. Холдинг, сол немесе басқа компанияның бақылау акциясын сатып алумен қатар, бақылаудағы компанияның Директорлар кеңесіне және басқа да басқару органына өз өкілдерін тағайындауы мүмкін.

 

Холдингтік компанияның мына артықшылықтары болады:

Меншік капиталдағы үлес түріндегі айтарлықтай бақылау (10-15%);

Тәуекелді жою (элиминациялау). Жүйе ішіндегі жекелеген компаниялар дербес заңды тұлға болып табылады және олардың кез келгенінің міндеттемелері басқа компаниялардың міндеттемелерінен бөлінген тәуекел сол себептен төмендетіледі. Алайда іс жүзінде бас компания тауарларды сатып алушыларды ұстау, сондай-сқ бастапқы инвестициялар бағдарламаларын жүзеге асыру және өзінің еншілес компаниясына кредит беретін банкіге кепілдік беру үшін өз филиалдарына жиі көмек көрсетуге мәжбүр болады.

 

       Бірігу – екі және одан астам компанияның әлеуетін біріктіру тәсілінің бірі. Осындай бірігу кезінде мәмілеге тартылатын компаниялардың бүкіл активі, сондай-ақ басқарушылық және техникалық тәжірибеде біріктіріледі.

      Корпоративтік  альянстар компанияларға өзінің күш жігерін белгіленген бизнес түріне жаңа технологияларды және тауар өткізу нарығын игеру шоғырландыратын құрылым құруға мүмкіндік береді. Альянстың нарыққа тікелей бағдарланған ауқымдағы операцияларға дейін қамтитын көптеген нысаны бар. Корпоративтік альянс нысанының біріне бірқатар компания белгіленген мақсаттарға жету үшін бірігетін бірлескен кәсіпорын жатады.

 

 

 

 

 

2. Холдингтерді  құрудың негізгі мақсаты

 

        Холдингтерді  құрудың негізгі мақсаты  корпоративтік  басқаруды жетілдіру және елдің қор нарығын дамыту жолымен мемлекет қатысатын компнаиялар холдингтерінің құрамына кіретін ұзақ мерзімді құндылықты барынша көбейту болып табылады. Мемлекеттік холдингтер бүкіл Қазақстанның бизнесі үшін корпоративтік жүріп-тұрудың моделіне айналуға тиіс.       

Барлық мемлекеттік холдингтердің, оларға кіретін ұлттық компаниялардың және басқа да ұйымдардың басты міндеттерінің бірі корпоративтік басқарудың халықаралық практикасын, есептілігін және айқындылығын енгізу арқылы олардың қызметін ретке келтіру болып табылады.      

 Осы мақсатта мемхолдингтердің  қызметі Корпоративтік басқару  кодексіне сәйкес мынадай негізгі  қағидаттарда құрылуға тиіс:

стратегияны жүргізу және қаржы-шаруашылық қызметті басқаруды,  оның қаржысын және нәтижелерін тиімді бақылауды жүзеге асыру;

қызметтің айқындылық деңгейін арттыру және жұртшылықты мемхолдингтердің даму стратегиялары, олардың меншік құрылымы, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы хабардар ету жолымен олардың қызметін жария түрде бағалауды қамтамасыз ету;

айқын конкурстық рәсімдер өткізу негізінде персоналды іріктеуді жүзеге асыру.

 

 

3.  «Самұрық» холдингінің экономикалық құрылымы

 

 

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ «Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысымен құрылды.

Мемлекеттік холдинг құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылғы Сингапурға сапарынан кейін ұсынды. Президент сапар барысында «Temasec» Сингапур холдингі қызметімен танысты, ол – индустрияландыру компаниясының шеңберінде 1960-шы жылдары жүзеге асырылған барлық мемлекеттік инвестицияларды басқару үшін Сингапур үкіметі 1974 жылы іргетасын қалаған дүниежүзіндегі мемхолдингтердің неғұрлым танымалдарының бірі. Бүгінгі таңда құны 60 млрд. доллар портфелді басқаратын «Temasec» компаниясы компаниялардың қолданыстағы портфелін оңтайландыруға, халықаралық компанияларды және өсуі ықтимал компанияларды қалыптастыруға тырыса отырып, белсенді рөл атқарады.

 

Мемлекеттік компанияларда корпоративтік басқаруды жетілдіру үшін біршама елдер мемлекеттік холдингтер құру жолын таңдады. 2002-2003 жылдары іле-шала бірнеше мұндай құрылымдар – Малайзияда, Норвегияда, Ұлыбританияда және Қытайда пайда болды.

 

«Самұрық» мемлекеттік холдингін құру жөніндегі жоспарды әзірлеуге «McKinsey» компаниясы тартылған болаты, ол – тәуелсіз шетелдік консалтинг компаниясы, мемлекеттік активтерді басқарумен айналысатын компанияларды құру жөнінде үкіметтерге арналған 6 жобаны іске асыруда практикалық тәжірибесі бар консалтрейтингтің әлемдік жетекшісі. Қазақстан тарапынан жобаға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жанындағы «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ қатысты.

 

Холдингтің басты мақсаты – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларда мемлекет мүддесіне жауап беретін экономиканың нақты секторын дамыту стратегиясын құру, компаниялардың ұзақ мерзімді құндылықтарын көбейту. Холдинг компаниялардың топ-менеджменті тиімділігін бағалау негізінде қол жеткізілетін даму мақсатын белгілейтін болады. Осы жұмыстың нәтижелері отандық капитал жұмысының тиімділігін, әлемдік инвесторлар үшін қазақстандық экономиканың ашықтығын әрі тартымдылығын арттыруға біршама деңгейде мүмкіндік беретін болады.

 

ТМД кеңістігінде бірінші пайда болған «Самұрық» холдингі» АҚ-ның бірегейлігі - мемлекет экономикасының тұрақтылығын бағдарланған компанияның серпінді бизнесімен үйлестіруінен құралады. Осы мақсатта тәуелсіз директорлар институты құрылды, бухгалтерлік есептілік және аудиттің халықаралық стандарттары енгізілуде, озық тәжірибеге және үздік халықаралық стандарттарға сәйкес корпоративтік басқару үлгісі өзгереді.

«Белсенді акционер» ретінде әрекет жасай отырып, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, компанияның бюджеттерінің ашықтығын арттыру міндеттерін шешеді деп танылған «Самұрық» холдингі» АҚ компанияның жедел қызметіне араласпай, директорлар кеңесі арқылы компанияның қызметін басқарады.

 

Холдингтің миссиясы – компания қызметінің бәсекеге қабілеттігін және экономикалық тиімділігін арттыруға көмектесетін корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне компанияны, жалпы алғанда ұлттық экономиканың мемлекеттік секторын дамыту жөніндегі орта- және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу.

 

Қазіргі кезеңде негізгі мақсаты аясында Холдинг қызметі мынадай бағыттарға көзделген:

    • ұлттық компанияларды корпоративтік басқару жүйесін енгізу және жетілдіру;
    • Холдинг құрамына кіретін компаниялардың бағалы қағаздарын шығару арқылы ішкі қор нарығын дамыту және одан әрі нығайту жөніндегі шараларды іске асыру.

 

Ұлттық компаниялардың директорлар кеңесі арқылы оларды корпоративтік басқаруды жүзеге асыру аясындағы Холдингтің негізгі функциялары мыналар:

  • әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды ескере отырып, Мамандандырылған кеңес қабылдаған шешімдер негізінде компанияларға мақсат қою;
  • компаниялардың алдарына қойған мақсаттарына жетуді қамтамасыз етуге бағдарланған орта мерзімді бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламаларды және жылдық бюджеттерін бекіту;
  • компания тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін қарастыру және анықтау;
  • мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету, соның ішінде компанияның қаржылық нәтижелерін барынша ұлғайту;
  • компаниялар өздерінің мақсаттарын орындамаған жағдайда түзету шараларын қабылдау;
  • компания басшыларын таңдау және оларды ынталандыру;
  • компания қызметі нәтижесінің мониторингі;
  • компания аудитін ұйымдық қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне арнап корпоративтік қаржы мәселелері бойынша ұсынымдар жасау.

 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ еншілес  және тәуелді компаниялары


«Самұрық-Қазына» холдингіне қырықтан астам ұйым кіреді. Солардың ішіндегі компаниялардың көбісі 1990 жылдары құрылса, басқалары әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты пайда болған. Холдинг 2010 жылдың 4 мамырына қарай келесідей активтерге ие болған

 

Компания аты

Қор үлесі

Активтері(млн)

Табыс

Таза пайдасы

Өз капиталы

1.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ

100%

5 752 400

2 098 943

305 309

 

2.

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ

100%

1 300 467

583 900

65 155

 

3.

«KEGOC» АҚ

100%

180 368

44 408

5 796

 

4.

«Қазақтелеком» АҚ

45.90%

370 562

152 732

34 220

 

5.

«Қазпошта» АҚ

100%

33 197

18 822

281

 

6.

«Эйр Астана» АҚ

51%

49 134

97 470

11 360

 

7.

«Самұрық-Энерго» АҚ

94.01%

 

76 940

10 863

 

8.

«Академик Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты»

50+1%

697

415

-19

 

9.

«Электр энергиясы ауқымы рыногінің қазақстандық операторы»

100%

168

     

10.

«Аэропорт Павлодар» АҚ

100%

305

455

4

 

11.

«Атырау халықаралық Аэропорты» АҚ

100%

3 976

2 022

214

 

12.

«Ақтөбе» Халықаралық Аэропорты» АҚ

100%

3 035

1 058

- 77

 

13.

«Самурық-Қазына Инвест» ЖШС

100%

518

558

55

 

14.

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС

100%

2 307

327

59

 

15.

«Қазақстан Даму банкі» АҚ

100%

958 611

54 159

2 226

 

16.

«Kazyna Capital Management» АҚ

100%

76 072

2 916

2 242

 

17.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ

100%

218 500

19 712

14 049

 

18.

«Ұлттық Инновациялық Қор» АҚ (07.08.2009 ж. Сауда және Индустрия министірлігінің басқаруына берілді)

100%

27 111

843

2 656

 

19.

«Экспорттық несие мен инвестицияларды сақтандырудың Мемлекеттік Сақтандыру корпорациясы» АҚ

100%

12 850

1 174

839

 

20.

«Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ

100%

25 620

1 158

2 656

 

21.

«Астана Финанс» АҚ

5.52%

       

22.

«Майкайыңалтын» АҚ

25%

Example

     

23.

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ

100%

528 537

230 940

59 014

 

24.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы

84 542

1 359

383

   

25.

«Біріккен химиялық компания» ЖШС

100%

3 790

0

-888

 

26.

[[СК-Фармация|«СК-Фармация» ЖШС

100%

16 693

 

2 483

 

27.

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы

100%

2 453

0

-584

 

28.

«Казахстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы АҚ

Example

24 698

15 423

322

 

29.

«Инвестицияларға ықпалдасудың қазақстандық орталығы»

100%

       

30.

«Стресстік активтер Қоры» АҚ

100%

       

31.

«БТА Банк» АҚ

75.1%

1 895 710

164 867

988 035

 

32.

KGF Management

100%

       

33.

KGF SLP

100%

       

34.

KGF IM

100%

       

Информация о работе Холдингтер құрастыру қажеттілігі, маңызы және түрлері