Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 20:08, лекция
ХV ғасырдың соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскен ақшаға шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантилистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы рынокта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүреді деп есептелген.
1. Халықаралық сауданың меркантилистік теориясы
2. Абсолюттік артықшылықтар теориясы
3. Салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
2 тақырып. Халықаралық
сауданың классикалық
Дәріс жоспары (1 сАғат)
1. Халықаралық сауданың меркантилистік теориясы
2. Абсолюттік артықшылықтар теориясы
3. Салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
1)Ерте меркантилизм
ХV ғасырдың соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскен ақшаға шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантилистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы рынокта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүреді деп есептелген.
Кеш меркантилизм
XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасыр ортасына дейін дамыған.
Оның негізгі қағидасы активті сауда балансының жүйесі болды. Байлық сыртқы нарықтарда ақшаға айнала алатын тауарлардың артық мөлшерімен сипатталады. Бұл тауардың артық мөлшері әкелінетін және шығарылатын тауарлар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есептеліп
Меркантилистер
байлықтың шектеулі көлеміне ие әлемді қарастырған. Сондықтан бір елдің байлығы тек екінші елдің кедейленуі есебінен ғана жүзеге асады. Байлықтың өсімі тек қайта бөлу есебінен ғана жүзеге асатындықтан, әр ұлтқа мықты экономикадан басқа мықты әскер, әскери және сауда флоты қажет.
Меркантилистер көзқарастарына сәйкес экономикалық жүйе 3 сектордан құралады: Өндірістік сектор,Ауылдық сектор,Шетелдік колониялар
Ел байлығын алтын мен күмістің көлемімен байланыстыра отырып, меркантилистер ұлттық бағдарды нығайту үшін мемлекет :
оң сауда балансын ұстап тұру- тауарларды көбірек экспорттап, азырақ импорттау;
тарифтер, квоталар арқылы оң сауда балансын қамтамасыз ету үшін сыртқы сауданы реттеу
Шикізаттың экспортына тыйым салу немесе шектеу және ел ішінде өндірілмейтін шикізаттың бажсыз импортына рұқсат беру
2)Адам Смит өзінің «Халықтар байлағының табиғаты мен себебі туралы зерттеу» (1746 ж.) атты еңбегінде еркін де өзара тиімді ХС негізі болып елдің абсолютті шығындарының айырмашылығы табылатынын айтып өтті
А. Смиттің абсолютті артықшылықтар теориясы
ел |
Шығындардың 1 бірлігіне астық өндірісі |
Шығындардың 1 бірлігіне астық өндірісі |
Қазақстан |
50 |
25 |
Өзбекстан |
40 |
100 |
Егер ел өзге елдермен салыстырғанда тауарды шығындар бірлігіне көбірек өндіре алса, онда ол абсолютті артықшылыққа ие болады. Ол шығындар абсолютті аз елдерден тауарларды импорттап, шығындары экспортерлерден төмен тауарларды экспорттауы қажет.
Абсолютті артықшылықтардың факторлары: Табиғи( Климат, табиғи ресурстар) Ие болған(Технология, жұмыскерлердің біліктілігі )
Абсолютті артықшылықтар теориясы Теорияның артықшылығы: ол құнның еңбек теориясына негізделген және халықаралық деңгейдегі еңбек бөлінісінің артықшылықтарын көрсетеді.
Теорияның кемшіліктері: ол елдердің қандай да бір тауарларды өндіруде абсолютті артықшылықтар болмаса да, өзара саудаға неліктен түсетінене қатысты сұраққа жауап бермейді.
3. ХС елдерде абсолютті артықшылықтар болмағанда да өзара тиімді болып табылады. Мұнда баламалы баға немесе орын басу шығындары термині қолданылады – басқа тауар бірлігін өндіру үшін
қажет жұмыс уақыты арқылы сипатталған бір тауар бірлігін өндіру үшін қажетті жұмыс уақытымен сипатталған ішкі нарықтағы екі тауар бірлігінің бағаларын салыстыру
Д. Рикардо - А.Смиттің ізін басушы, салыстырмалы артықшылықтар теориясын дамытты – өндіріс шығындарын салыстырмай, өндірілген тауарлардың баламалы құнын салыстыру. Англияда шараптың 1 литрін өндіру туралы шешім матаның 2/3, Норвегияда – 5/6 метрінен мәжбүрлі түрде бас тартумен қатар жүреді. Сәйкесінше, Норвегиядағы шараптың баламалы құны жоғары және шарапты Англия экспорттайтын болады.
Елдер өзге елдермен салыстырғанда салыстырмалы неғұрлым төмен шығындармен өндіре алатын тауарлардың өндірісіне маманданады.
Д. Рикардо мысалы
Өнім |
АҚШ-та |
Еуропада |
Азық-түліктің 1 бірлігі |
1 жұмыс күні |
3 жұмыс күні |
Киім-кешектің 1 бірлігі |
2 жұмыс күні |
4 жұмыс күні |
Д.Рикардо теориясының шектеулілігі
Көлік шығындарын ескермейді
Сыртқы сауданың ел ішіндегі табыстардың бөлінуіне ықпалын қарастырмайды
Бір факторлы болып табылады
Толық жұмыс бастылықты қарастырады
Шамамен бірдей елдер арасындағы ХС түсіндіруге мүмкіндік бермейді
Информация о работе Халықаралық сауданың классикалық теориялары