Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2015 в 10:03, реферат
Фирманың шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өніруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
1.1. Фирманың шығындары және олардың түрлері
1.2. Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары
1.3. Фирма табысы, оның мәні мен қызметі
1.4. Фирма пайдасының бөлінуі және пайдалануы…
1.5. Фирма қызметінің пайдалылығы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Фирма шығыны мен кірісі»
Факультет: Жалпы Медицина
Тексерген: Алманиязова Қ.Н.
Алматы 2015ж.
Жоспар:
1.1. Фирманың шығындары және олардың түрлері
1.2. Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары
1.3. Фирма табысы, оның мәні мен қызметі
1.4. Фирма пайдасының бөлінуі және пайдалануы…
1.5. Фирма қызметінің пайдалылығы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Фирма шығыны мен кірісі.
1.1Фирманың шығындары және олардың түрлері.
Фирманың
шығаратын тауарларының
Шығындар – бұл фирма өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Фирма шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
-өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететі шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар.
-өндірісті ұлғайтуға
және жаңартуға кететін
-өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Өндірістік шығындардың жіктелуі
Сыныптау белгілері Шығындардың бөлшектенуі
1.Экономикалық элементтер
2.Өзіндік құнның статьялары
3.Технологиялық процестеге қатыстылығы Негізгі, қосымша процестеге қатыстылығы
4.Құрамы Бірэлементтік, кешенділік
5.Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі Тілекелі, жанама
6.Өндірістік процестегі ролі Өндірістік, өндірістен тыс
7.Мақсатқа сәйкес жұмсау
8.Жоспарға қатысу
Тұрақты, ауыспалы
9.Өнімнің көлеміне қатысы
10.Шығу мерзімділігі
11.Дайын өнімге қатысы Дайын өнімнің шығындары
Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амотизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.
Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына иәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.
1.2. Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары.
Шығындады жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
-ғылыми-техникалық прогрестің жетітіктерін пайдалану;
-өндіріс және еңбек ұйымдастыруды жетілдіру;
-экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыу.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімі ету – аруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалан отырып, шикізаттардың әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда недәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.
Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сай өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сай өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
- өндірісің техникалық деңгейін көтеру;
- өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;
- басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, т.б.
1.3. Фирма табысы, оның мәні мен қызметі.
Табыс – төтенше таралған, кең түре қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немес материалдық құндылықты алуды көрсетеді.
Фирма табыстарын қалыптастыру:
Фирманың табысы - өнімді сатудан түскен табысы, басқадай өткізуден алынған табыс, өткізуден тыс операциялардан алынған табыс (шығыстарды алып тастағандағы).
Өнімді сатудан түскен табыс - өнімдерді сатудан түскен ақшалай түсім, қосылған құн салығы, акциздер, өнімнің өзіндік құны.
Басқадай өткізуден алынған табыс – негізгі қорларды және басқа да мүліктерді, қалдықтарды, т.б. сатудан түскен табыс.
Өткізуден тыс операциялардан алынған табыс – құнды қағаздар дивидендтері, жалға алғаны үшін төлем, өсімақы, тұрақсыздық ақы, айыппұл т.б.
Фирманың табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), фирмада (жалпы табыс, таза табыс) ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.
Фирманың жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендігі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Жиі қолданылатын таза табыс ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саалады.
Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты – бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:
-Жалпы табыс (ЖТ) – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.
-Орта табыс (ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу (К)
ОТ = -----------
-Шекті табыс (ШТ) – бұл өнімің өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі
ШТ = ----------
Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, фирманы ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді.
1.4. Фирма пайдасының бөлінуі және пайдалануы.
Пайданы үлестіру объектісі фирманың баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы – салывқ және басқ да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Пайданы үлестірудің бағытын анықтау, фирманың қарауында қалатын, құрылым статьясын пайдалану фирманың құзыретіне жатады.
Пайданы үлестірудің принциптері:
- фирманың өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен фирманың арасында бөлінеді;
- мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес. Салықтың құраы және алымы, оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;
- салықтан кейінгі фирманың қарауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы мен өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;
- фирманың қарауында қалатын пайда әуелі фирманың одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.
Фирманың қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі – фирманың мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі – тұтынуға пайдаланылатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тұтынуға бағытталған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жылдардағы мүмкін болатын орнын толтыруға бағытталады.
Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда фирманың қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Фирмаларда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны фирма басшысы бекітеді.
Фирма қызметінің пайдалылығы.
Тиімділік деп фирма қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:
-фирманың тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;
-фирманың тапқан пайдасының
сатылған өнімнің өзіндік
Фирма қызметінің тиімділік деңгейін бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс, пайда) кеткен шығындар немес пайдаланған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді.
Практикада фирма қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері қолданылады.
1.Өнімнің пайдалылығын барлық сатылған өнімнің және оның жеке түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады. Бірінші жағдайда ол өнімді сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп шығарады; баланстық пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім, таза пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері фирманың ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді сату табысы жөнінде түсінік білдіреді.
2.Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негізгі өндірістік қорлардың және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге болады.
3.Фирманың жұмсалым
Фирманың жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы есептелінеін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.
Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент мөлшерлемесі:
- басқа фирмалардың үлес қосуынан түскен табыстар;
- құнды қағаздардан түскен табыста;
- алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімдету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор.
Фирма ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылуын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндірістік қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттырылады.