Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2014 в 11:04, реферат
Краткое описание
Сондықтан еңбекті ұйымдастыруға әрқашан назар аударылуы қажет. Ұйымдастыру деген ұғым тәртіпке, белгілі бір жүйеге келтіруді талап етеді. Кез келген еңбек ұжымы адамдардан құралады. Адамдардың әр тобына немесе әр қайсысына нақтылы тапсырма беріледі де, осы тапсырманы орындауға қажетті өндіріс құралдары бекітіледі және жағдай туғызылады. Олардың еңбегінің нәтижесі әркімнің өз міндетін жете біліп, оны абыроймен орындауына байланысты. Бұл үшін еңбекті дұрыс ұйымдастыра білу қажет.
Содержание
1.Еңбекті ұйымдастыру 2. Еңбекті ұйымдастырудың түрлері: 3. Жұмыс жағдайын жақсартын отыру: 4. Еңбек мотиві мен стимулы, ауыл шаруашылықтың әр алуан формаларында жүзеге асыру. 5.Экономикалық қатынастар кезіндегі жақтардың экономикалық жауапкершілігі
Ынталандыру ұжымға
тәуелді барлық талаптар бойынша шығындар
көлеміне байланысты қойылды. Дегенмен
еңбекке төлеуге шығын үлесін азайту еңбек
өнімділігінің төмендеуі кезінде де айлық
жалақыны жоғарылату тәсілдерін іздестіруді
туындатты. Колхоздарды және совхоздарды
тұтастай жалға алу тәртібі енгізілуі
үрдісінде оның мәні мен мазмұны әдеттегі
ұжымдық тәртіптегідей қалды. Жалға алу
тәртібіндегі ұжымдарда оперативті және
технологиялық мәселелерді шешу бұрынғысынша
қалды. Жалға алу тәртібін экономикалық
реформалаудың өтіп кеткен кезеңі ретінде
бағалай отырып, 1993-94 жылдары республиканың
жекелеген ауыл шаруашылық кәсіпорындарда
оның ішінде қарастырылған облыста жалға
беруші өндірілген өнімді өз бетінше жайғастыратын
жалға алу қатынастары дамуға ие болды.
Ареналық қатынастардың қызмет ету үрдісінде
4 фактор анықталды және заңды түрде сипатталды:
- жерді ұзақ уақытқа
пайдалануға бағытталу;
- ауыл шаруашылығындағы
өндірістік тәуекел үшін жұмыскер мен
жалға беруші арасындағы жауапкершілікті
бөлу;
- жалға алу уақтысында
жер үшін және басқа да құрылыстар үшін
қосымша шығындарды алуға жалға беруші
құқығын беру;
- қосымша құнның тек
белгілі бөлігі шенген жер ренгасы асып
кетпеу үшін кеңейтілген өндіріс жағдайларын
жалға берушінің жасау мақсатындағы арендалық
төлемдердің көлемін заңды шектеу.
Көрсетілген факторлар
Қазақстан Республикасының әсіресе Оңтүстік
Қазақстан облысының арендалық қатынастарды
ұйымдастыру негінен табылады. Облыста
1995-98 жылдары жалға алу тәртібі салыстырмалы
үлкен дамуға ие болды. Шаруашылықтардың
үлкен санынан 50,2 пайызынан астамы арендаға
ауыстырылды. Аренда қолдау тапқан жерлерде
оның қамтуы 70-90 пайызға дейін жетті. Мал
өсіруде аренда көлемді дамуға ие болды.
Облыс көлемінде 42,4 пайыз жайылым мен
24,6 пайыз ірі қара мал басы жалға берілді.
Ал арендалық тәртіп іс жүзінде соңғы
жылдар көлемінде кең таралуға ие болды.
Және мұндай аз уақыт ішінде барынша тарала
түсті. Бұл оның ұйымдастырудың басқа
формаларымен салыстырғанда барынша жоғары
нәтижелілігімен және өсімдік өсіру мен
мал өсіру салаларындағы еңбек төлеміне
байланысты болды.
Арендалық қатынастар
еңбек жалақысымен ұйымдастырудың тәртіптік
формаларымен салыстырғанда және оның
үстіне тәртіпсіз жұмыс істеуші ұжыммен
салыстырғанда өсімдік өсіруде де, мал
өсіруде де жоғары нәтижелілік көрсетеді.
Өсімдік өсіруші ұжымдарда ұйымдастырудың
дә сәстүрлі формалармен салыстырғанда
арендалық қатынастарда жұмыс істейді.
Оларда еңбек өнімділігі 31,2 пайыз жоғары,
өндіріс рентабелділігі 24,6 пунктте, орташа
айлық еңбек жалақысы 1,5 есе. Мал өсіру
ісінде нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштері
сәйкес дамуға ие болды. Еңбек өнімділігі
1,4 есе, өндіріс рентабелділігі 63,4 пайыз,
орташа айлық жалақы 3,33 пайыз. Өсімдік
өсіру ісімен салыстырғанда мал өсіру
ісіндегі арендалық қатынастардың нәтижелілігінің
барынша елеулі өсуі бұл салада көптеген
жылдар ішінде негізгі категориялы жұмысшыларға
қатынасында көмекшілерге қызмет көрсетуші
өндіріске қатысты жұмыскерлер саны дәлелсіз
үлкен көлемге жеткендігімен түсіндіріледі.
Негізгі категориялы жұмыскерлердің қарауылдарға,
аспаздарға, жем цехы жұмыскерлеріне,
есепшілерге және басқаларға қатынасы
негізгі категориялы жұмыскерлер пайдасына
шешілген жоқ. Бір негізгі жұмыскерге
шаруашылықтың бірқатар формаларында
2,8 және одан астам қызмет көрсетуге жұмыскерлер
келеді. Арендаға өту кезінде оларға бірден-ақ
босатылады. Өндіріс нәтижелілігінің
өсуінің екінші елеулі факторы – арендаторлардың
сапаны ескере отырып қабылдауды енгізу
арқылы және сондай-ақ малды қоректендіруге
жем даярлауды жақсартуды елелулі түрде
35,4 пайызға жоғарылату мен олардың ұрлануы
мен шығындалуын қысқарту арқылы фермаға
түсетін жем сапасын елеулі жақсарту.
№1 Кесте
2003-2005 жылдар
арасындағы Шардара ауданының
көксу өндірістік кооперативіндегі
сүт өндірісінің әр алуан ұйымдастырушылық
формаларының нәтижелілігі (орта
шамамен бір жыл ішінде)
Көрсеткіштер
ӨК бойынша
барлығы
Жұмысты
ұйымдастырушылық формасы мен еңбек жалақысы
Келісім бойынша арендалық
қатынастар
Орындалған жұмыс көлемі
бойынша тө-лем (дәстүрлі форма)
Аренда (тәртіп)
Суб. Аренда бойынша
1. Сиыр басы (дана)
80
26
30
12
12
2. Бір басқа сүт сауу
(кг)
1692
2310
1364
1586
1506
3. Бір басқа бір жыл
ішіндегі өндірістік шығындар (мың тг.)
40,9
42,8
40,4
40,2
40,1
4. Бір жыл ішінде бір
бастан өнім өндірілді (мың тг.)
42,3
57,8
34,0
39,7
37,7
5. 1теңге өндірістік
шығыннан өнім өндірілді (тг.)
1,03
1,35
-0,2
-0,13
-0,60
6. Бір жұмыскердің
орташа айлық жалақысы (тг.)
7950
9100
7400
7700
7600
7. Рентабелділік (%)
103,4
135,0
-15,6
-1,3
-6,0
Ескертпе: ҚР және ОҚО
статистикалық агенттігінің материалдары
негізінде автор құрастырған.
Арендалық қатынастардың
жоғары нәтижелілігі көптеген шаруашылықтардың
алдыңғы қатарлы ұжымдардың жұмыс тәжірибелерімен
айғақталады. Шаруашылықтың экономикалық
механизмін іс-жүзіндегі жүзеге асыру,
ұжымдағы арендалық қатынастар мен еңбекті
ұйымдастырудың дәстүрлі формаларын енгізу
өндірістегі дербестікті дамытумен кейде
өнімді жүзщеге асырумен, қайтадан құрылған
өндірістік бөліктерге оперативті басқару
құқығмен беруге байланысты. Өндірістік
және нарықтық қатынастарды дамытудың,
еңбек жалақысы мен ұйымдастырудың жаңа
формаларының әрекеттілігінің негізгі
шешуші факторларының бірі басқарудың
жалпы жүйесіндегі жан-жақты қолдау болып
табылады. Жаңа қалыптасулар орнату сатысынан
табылады, олардың ұйымдастырушылары
шаруашылықтың жаңа жағдайларында өндірісті
ұйымдастырушылардың қожайындық тәртібін
шеберліктертерін көрсетуге мүмкіндік
беретін жұмыс стилдері мен әдістерін
жасайды.
Демек, ауылшаруашылығы
мен ауыл шаруашылығы өндірісінде жұмыстарды
дер кезінде және сапалы орындауға еңбек
құралдары, еңбек пәні мен еңбектің өзінің
өндіріс үрдісі кезіндегі құрамдық бөліктермен
үйлестірілген әрекеттестігі кезінде
қол жеткізіледі. Қандай да бір элементтің
талаптарға сәйкес келмеуі немесе мүлдем
жоқ болуы өндіріс үрдісін аз нәтижелі
немесе барынша мүмкіндіксіз етеді. Ол
өзара міндеттемелерді қабылдауға мәжбүр
етеді.
Экономикалық
қатынастар кезіндегі жақтардың экономикалық
жауапкершілігі
Тұрақсыздық келісілген
міндеттемелер құнына пайызда орнатылады.
Ол 100 пайыз деңгейінде және одан жоғары
сенімді түрде орнатылады. Тұрақсыздықты
келісілген міндеттемелерді бұзу факторы
ретінде қолданады, ал шынайы зиянды да
осыфлайшы орналастырады. Өсім орындамау
құнына пайызда орнатылады. Өсім де тұрақсыздық
сияқты шығын жұмсалуының 100 пайызын қарастыра
алады. Айыппұлға немесе өсімге тәуелсіз
қосымша шектен ззиянды талап етуге болатындығы
заңмен қарастырылған.
Келісімшартта жалға
берушімен жалға алушының әр бірінің жауапкершілігін
айқын көрсету қажет. Жалға берушіге төмендегілер
бойынша мәндеттемелерді орындауға жатпайтын
немесе орындамау үшін жауапкершілікті
анықтау ұсынылады:
- материалды техникалық
қамсыздандыруға;
- ғимараттар мен құрылыстарды
жөндеу және құрастыруға;
- өндірістік қызмет
көрсетуге;
- өнімді қабылдау және
өңдеуге;
- ғылыми техникалық,
ақпараттық, басқарушылық, қаржылық, есептік-экономикалық,
әлеуметтік, тұрғын үй коммуналдық, тұрмыстық,
мәдени көпшілік және басқа да қызметтер
көрсетілген.
- несие беруге және
олармен өзара есептесуге.
Жалға алушыға төмендегілер
бойынша міндеттемелерді орындауға жатпайтын
немесе орындамау үшін жауапкершілікті
алмастыру ұсынылады:
- жер потенциалын қорғауға;
- жалға алынған ғимарат
құрылыс, техника мен басқа да негізгі
құралдардың сақталушылығына;
- төлемдер мен қызметтерді
жүзеге асыруға;
- жалға алу төлемдері
мен несиелерді және олардың пайыздарын
салықтар мен басқа да төлемдерді төлеуге;
- есеп жүргізу мен
есеп беруге.
Еңбек өнімділігін
ұйымдастырудың маңызды ынталарының қатарына
орындаушылардың материалдық қызығушылықтары
– еңбек жалақысын ескеру де жатады.
Нарыққа өтумен байланысты
Ақ алтын өндірістік кооперативінде төлем
формасы талқыланды. Өөндірілген өнім
үшін табыстан төлем және нарықтық кірістен
еңбек жалақысын қалыптастыруды қарастыратын
нарықтық экономиканың бірінші және екінші
моделі бойынша. Қалдықтық қағида ойынша
еңбек жалақысын қалыптастыруды қарастыратын
шаруашылықтық есептің бірінші моделі
жұмыскерлер талабынан бірден-ақ қолдау
таппады. Оны қабылдамау тек пайда қалдығын
қолдану қағидасымен байланыстырылды.
Кірісті нормативті бөлігі қарастыратын
екінші модел өнімді еңбекке деген ынта
ретінде жазушылармен ассоциацияланған
жоқ, өйткені бұл моделде әкімшіліктік
бұйрықтық жүйеден кейбір нәрселер қалған
болатын. Бұдан басқа ұжым мұны қолданған
емес. өйткені жыл сайынғы түсім. 1,2 млн
теңге шегінде құралды және тұрақты төмендеп
отырды. Екінші моделді енгізу приоритеті
сәйкес ұсыныстармен беріліп отырғандығына
қарамастан өндірістік кооперативте оны
да қабылдаған жоқ.
Екі моделдің ішінен
өндірістің нақты жағдайларымен көбіне-көп
сәйкес келетіні жақсы және нашар жерлерде
шаруашылықтың тең жағдайларын жасай
алатын бірінші модел болып табылады.
Еңбекке жақсы ынталандырумен барынша
ұмтылысы кооперативте өндірілген өнім
құнынан жалақы беру болып табылды. Шаруашылықта
төлемнің осы формасы қабылданған болатын.
Кез келген экономикалық
ынталандырудың белсенділігі оның ұжымның
еңбектік іс әрекетінің нәтижелілігін
қаншалықты нысанды қамтитындығын анықталады.
Еңбек жалақысының деңгейі соңғы нәтижелерге
шынайы ықпал ететіндігін мойындау айрықша
қуатты моралдық ынталандыруды тудырады,
барынша өнімді еңбекке алып келеді. Және
өндірілген өнімге ақы төлеуде еңбек ұжымының
іс жүзіндегі үлесі ғана көзделетіндіктен,
еңбек жалақысын мұндай есептеу қағидасын
ендіруге ұсынуға болады. Еңбек мотивтері
мен стимулына құқықтық реттестіруді
дамыту, шаруашылық ішіндегі негіз бойынша
материалдық жауапкершіліктер мен материалдық
қызығушылықтар деңгейі осындай. Еңбекке
стимул мен мотивтің қарастырылған қағидалары
кооперативке де жарамды болып табылады.
Еркін арена жалға алушыға жердің және
де басқа да құралдардың толықтай қожайыны
статусын қамтамасыз етеді және өндіріс
пен өндірілген өнімге қожайындық құқық
береді. Жер бұл жерде жеке меншік ретінде
сатып алынады бұрынғы республикалардың
бірқатарында оны жеке меншікке сатуға
рұқсат берілген немесе шешілу сатысында
болатын. Украйна жерге мемлдекеттік және
ұжымдықпен қатар жеке меншіктерді енгізген
болатын. Жер ұзақ уақыттық жалға өнім
өндіру үшін 49 жылға дейін алдына алады.
Мемлекеттік және басқа да кәсіпорындардан
жерді жалға алу да кездейсоқтық болып
табылмады. Дегенмен мұндай жалға алудың
нәтижелілігі аз, өйткені бұл кезде жалға
берушіге белгіленген тәуелділік туындайды.
Жерден, өндіріс құралдарынан және өндірілген
өнімнен бөгделенушілікті фермерлік жолмен
жою барынша ықпалды тәсіл болып табылады.
Және шет ел тәжірибесі көрсеткендей жоғары
нәтижелілігімен сипатталады.
Хрестяндық шаруашылықтың
жеке меншігінің жаңа формаларының дамуының
қазіргі кезеңінде оған қолдау көрсетілмейді.
Көбінесе фермерлік шаруашылықтарды өте
аз жер көлемдері бөлінеді.
Хрестяндық шаруашылық
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін
құрылады. Сондықтан да олар жер өңдеу
ісін ғана емес мал өсіру ісін де жерсіз
тиімді ұйымдастыра алмайды. Бұл жерде
жерді қаншалықты бөлу жөнінде емес, жермен
қамтамасыз ету жөнінде сөз болып отыр.
Егер де жанұя құрамында 6-7 адам, оның ішінде
еңбекке жарамдылары 2-3 адам деп есептесек,
онда орташа жүктемеге бір жұмыскерге
жанұялық шаруашылықты есептеуге ауыл
шаруашылық мәдениетін өсіру кезінде
4-5га бекіту қажет. Ал мал өсіру ісінде
50-100 бас жануарларды ұстау үшін 10-20 га
жерден аз емес көлемде жер иелену қажет.
Фермерлікті дамыту
үшін шаруашылықтарды қажетті көлемдегі
жерлермен қамтамасыз ету және оларды
20 га дейін жеткізуді шапшаңдату қажет.
Осылайша хрестяндық шаруашылықты дамыту
мен нығайту үшін бұл жұмыста келесі міндеттер
ұсынылады:
- ауылда жұмыс істеуді
қалаушылар үшін жер алу мүмкіндігін қамтамасыз
ету;
- жер бөліктерін жоғары
нәтижелі шаруашылықты жүргізуге мүмкіндік
беретін көлемге дейін жоғарылату үшін
жағдай жасау.
Бірқатар жағдайларда
еркін аренда өндірістің бұрынғы және
ұйымдастырудың басқа да формаларын тіршілік
етуінің қаупі ретінде негізссіз қарастырылады.
Оған нысанды себептер
де бар:
- болашақ шаруа фермерлердің
жеткіліксіз даярлық деңгейі;
- хрестяндық шаруашылық
көлеміне сәйкес келетін өндіріс құралдарының
жоқ болуы;
- фермерлік шаруашылықтарды
құруды мемлекеттің материалдық көмек
беруге қабілетсіздігі;
Хрестян фермер иығына
нәтижесіз өндіріс ауырлығын арту жөніндегі
негізді ьшешімдерді мақұлдауға болмайды.
Өндірісті ұйымдастырудың барлық формалары
үшін шаруашылықтың тең жағдайларын құру
қажет, тек осы жағдайда ғана өндірісті
ұйымдастырудағы потенциалдық мүмкіндіктерді
жүзеге асыруға және олардың жақсы жағдайын
қамтамасыз етуге болады.
Тежелу механизмі бірқатар
деңгейге дейін бұрынғы колхоздар мен
совхоздарды акционерлік қауымдастықтар
мен өндірістік кооперативтерге реформалау
арқылы төмендетілуі мүмкін.
Жұмыстың осы бөлімі
бойынша қорытындыда келесі тұжырымдарды
жасауға болады:
Өндіріс нәтижелілігін
жоғарылату, материалдық қызығушылықтарды
дамыту арқылы, шаруалардың жерден, өндіріс
құралдарынан бөгделенушілігін жою және
тікелей өндірушіге қожайындық сезімді
қалпына келтіру жолымен табысты жүзеге
асырыла алады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы
жұмыс істеуші ұжымдар тәжірибесі, нарықтық
қатынастар дамуы, нарық факторымен барлық
талаптарын сақтау кезіндегі жоғары нәтижелілікті
аяқтайды және осы міндетті шешудің нәтижелі
жолы болып саналады.
Ауыл шаруашылықтағы
нарықтық қатынастарды жүзеге асыру әкімшіліктік
бұйрық берушілік және бюрокардтық жүйемен
әлі де болса ерікті және еріксіз түрде
жүзеге асырылуда. Бұл еңбек құқығынан
азаматтық құқыққа өту және еңбек қатынастарынан
жеке меншік қатынастарға өтуді ескере
отырып қатынастардың келісілген негізін
ары қарай тереңдетуді туындатады., осыған
байланысты ұсынылады:
а) оперативті санкциялар
– айыппұлдар, өсімдер арқылы жақтардың
экономикалық жауапкершілікті қолдануға
өтуі;
б) оперативті санкцияларды
аралық сияқты соңғы нәтижелерге де орналастыру;
в) санциядан басқа
жіберілген пайда мен келтірілген зиянды
толығымен қалпына келтіру ұсынылады.