Еңбек уақытына қойылатын талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 20:56, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында қызметкерлердің жұмыс уақыты тынығу уақытымен тығыз байланыста белгіленген. Аталған бапта «Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істегендерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын, демалыс және мереке күндерінде, жыл сайынғы ақылы демалысқакепілдік беріледі» делінген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЕҢБЕК УАҚЫТЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР СРСП.docx

— 24.93 Кб (Скачать документ)

ЕҢБЕК УАҚЫТЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында қызметкерлердің жұмыс уақыты тынығу уақытымен тығыз байланыста белгіленген. Аталған бапта «Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істегендерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын, демалыс және мереке күндерінде, жыл сайынғы ақылы демалысқакепілдік беріледі» делінген. 
 
Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек туралы заңның 45 – бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленгеннормадан азырақ көзделуі мүмкін.

Қызметкер жеке еңбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс уақыты ішінде орындауға міндетті, дегенмен бұл уақыт нақты жұмыс істелген уақытыпен сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс істелген уақыты дегеніміз — жұмыс уақытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты. Еңбекке ақы төлеу нақты жұмыс істелген уақытқа төленеді.

2001 жылғы өндірістік күнтізбелікке сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат болып белгіленген қызметкерлер үшін жұмыс күннің ұзақтығы:

5 күндік жұмыс аптасында – 5 күн – 8 сағаттан

6 күндік жұмыс аптасында – 5 күн – 7 сағаттан, ал бір күн – 5 сағаттан болып белгіленген (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 05 – 2 (8008 хаты).

Қысқартылған жұмыс уақыты. жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін қорғау, оқу мен өндірісті оңтайлы ұштастыруға жағдай жасау, өндіріске кәмелетке толмаған жетекшілерді және еңбекке қабілеттіліктері төмендеген тұлғаларды тарту мақсатында белгіленген. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:

1) 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 24 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында – 4 күн – 5 сағаттан, 1 күн – 4 сағаттан;16 жастан 18 жасқа дейін – аптасына 36 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында – күніне 6 сағаттан, ал 5-күндік жұмыс аптасында – 4 күн 7 сағаттан 15 мин. (7,25 с) және 1 күн – сағаттан аспайтын;

2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.

Ауыр дене жұмыстары деп қызметкерлердің ауыр заттарды көтеруге немесе орын ауыстыруға байланысты қызметкердің түрлері не 300 ккал (сағаттан астам күш-қуат жұмсайтын басқа да жұмыстардыайтады. Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайларына белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі қызметкердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауыруына, оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары жатады. Қауіпті (өте қауіпті) – белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.

Жұмыс ісеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістердің кәсіптер мен қызметтердің тізімін, содан-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Толық емес жұмыс күні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқшаулардың, мүгедектердің, зейнеткерлердің және тағы басқыа азаматтардың жағдайларын ескре отырып, олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс күніне жасалуы мүмкін. Қысқартылған жұмыс күнінен толық емес жұмыс күнінің айырмашылығы мынада: егер алғашында жұмыс күні жалақы азайтылмай қысқартылатын болса, толық емес жұмыс күнінде қызметкер жалақысын жұмыс істеген уақытына немесе шығарған өнімнің көлеміне қарай алады.

Толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс істеген қызметкерлердің еңбек құқықтарының көлемі ешқандай шектелмейді.

Түнгі уақыттағы жұмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6 – ға дейінгі уақыт болып есептеледі. Жұмыс уақытының кемінде 50 пайызы түнгі уақытқа келетін ауысым түнгі ауысымға жатады Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2000 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 бұйрығымен бекітілген « Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулрды» 20-тармағы).

Жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі уақытта жұмыс істеуге 18 жасқа толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.

 

 

 

Жұмыс уақытының түрлері

Қалыпты жумыс уақыты. Кәсіпорындардағы (мекемелердегі, ұйымдардағы) қызметкерлердің қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы жетісіне 40 сағаттан аспауы тиіс. Көрсетілген мөлшер экономиканың салаларына, кәсібіне, мамандығына, қарапайым қалыпты еңбек жағдайлары бар қызметтерге қарамастан қызметкерлердің барлығына бірдей қатысты. Жұмыс уақытының апталық 40 сағаттық ұзақтығы екі жақтың келісімі бойынша ұзартуға болмайтын ең шектік ұзақтық.

Қысқартылған жұмыс уақыты еңбекті қорғау, оқуды өнімді еңбекпен ойдағыдай ұштастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, кәмелетке толмағандар мен еңбек қабілеті төмен адамдарды өндіріске тарту мақсатында қызметкерлердің жекелеген топтары үшін белгіленеді.

Еңбек туралы заңда 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін қысқартылған жұмыс уақыты белгіленген. 16—18 жастағы адамдарға аптасына 36 сағаттық жұмыс уақыты, ал 14—16 жас арасындағы жасөспірімдер үшін аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген. Арнаулы тізім бойынша жағдайлары еңбекке зиянды ауыр дене еңбегімен айналысатын қызметкерлердің аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақытын пайдалануға құқығы бар.

Толық емес жұмыс уақыты қызметкер мен жұмыс беруші арасында оны жұмысқа қабылдар кезде және одан кейін де келісім арқылы белгіленеді. Толық емес жұмыс уақытын ұзақтығы заңмен белгіленген қалыпты жұмыс уақытынан кем қысқартылған жұмыс уақытынан ажырата білу керек. Олардың айырмашылығы еңбекке ақы төлеу тәртібінде. Егер қызметкерлерге қысқартылған жұмыс уақыты үшін жалақы толықтай төленетін болса, ал толық емес жұмыс уақыты үшін жұмыс істеген уақытына сәйкес немесе шығарған өніміне қарай төленеді

Түнгі уақытта жұмыс істеуге онсыз болмайтын жағдайда ғана жол беріледі. Атап айтқанда, технологиялық процестері үздіксіз өндірістерде, байланыс, медицина мекемелерінде, көлікте және басқаларда.

Кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт деп есептеледі. Және де жұмыс уақытының кем дегенде жартысы түнгі уақытқа келетін болса, ауысым түнгі деп есептеледі.

18 жастан төмен және  түнде жұмыс істеуге тыйым  салатын медициналық анықтамалары бар өзге де адамдар түнгі жұмысқа жіберілмейді.

Екіқабат әйелдерді түнгі жұмысқа қатыстыруға, олардың жазбаша келісімі бойынша ғана жол беріледі. Жекелеген жағдайларда мүгедек адамдардың түнгі жұмысқа пайдаланылуы мүмкін, бірақ олардың келісіммен және ұсынылған жұмысты атқаруға медицина қызметкерлерінің рұқсаты болған жағдайда ғана.

Жұмыс уақытының белгіленген ұзактығынан тыс жасалатын жұмыс мерзімінен тыс жұмыс деп танылады. Бұл жұмыс қызметкердің еңбек міндеттемесіне кірді ме, жоқ па немесе қызметкер оны жұмыс берушінің тапсыруы бойынша орындады ма, бұл арада оның мәні шамалы. Мерзімнен тыс жұмысқа жасы 18-ге толмаған және жүкті әйелдер жіберілмейді. Мерзімнен тыс жұмысқа ақы қосымша төленеді.

Қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан қолы бос және өз қалауынша пайдалана алатын уақыты тынығу уақыты болып табылады. Еңбек туралы заңда тынығу уақытының мынадай түрлері белгіленген:

  • күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер;

  • апталық демалыс күндері;

  • мереке (жұмыс істемейтін) күндері және еңбек демалысы.

 

ГЛОССАРИЙ

  • Ұлттық мерекелер — Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.

  • Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.

  • Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Статистика тәжірибесінде жұмыс уақытының өлшем бірлігі ретінде адам-күн және адам-сағат пайдаланылады. Адам-күн ретінде бір адамның толық жұмыс күні ішінде жұмысқа келуін есептейді. Статистикада жұмысшының істеген адам-күні деп оның жұмысқа келуі саналады. Мұнда оның жұмыста қаншама уақыт болғаны есептелмейді. Толық күндік тоқтап қалулар күні деп жұмысшының жұмысқа келіп, бәрақ оған тәуелді емес жағдайларға байланысты жұмысқа кіріспеген күндер саналады. Кәсіпорын тізімінде тұрған жұмысшы үшін жұмысқа келмеудің (неявка) адам-күні деп жұмысшының сол күні жұмыс істеуіне тиісті, әлде тиісті еместігіне қарамастан жұмысқа келмеген күндері саналады. Жұмыс уақытын адам-күнмен есептеу жалпы жұмыс күні ішінде болуы мүмкін жұмыс уақытының шығындалуын анықтап бере алмайды. «Істелген адам-күн» ұғымының өзі бұл жағдайды түсіндіреді. Сондықтан, жұмыс уақытын адам-күнмен есептеумен қатар, адам-сағатпен деп есептеу еңгізілген. Адам-сағатпен есептегенде нақты жұмыс істелген сағат саны және жұмыс күні ішіндегі ауысымішілік үзілістер есептеледі. Статистикалық есепте адам-сағатпен есептеу тек қана жұмысшылар бойынша жүргізіледі. Істелген адам-сағат деп бір адамның нақты жұмыс істеген сағаты саналады. Сонымен қатар, жұмыс режиміне байланысты істелеген адам-сағаттың берілген жұмыс сағатынан тыс тағайындалған (сверхурочный) түрі болады. Тыс тағайындалған сағаттардың болуы кәсіпорынның бапсыз жұмысының және өндірісті ұйымдастырудағы басқа да жетіспеушіліктердің болуын көрсетеді. Ауысымішілік үзілістер жұмысшылардың ауысым ішінде өндірістік міндеттерін орындамауын көрсетеді. Жұмысшылардың ауысым ішіндегі өндірістік міндеттерін орындамауынан туындайтын ауысымішілік үзілістер ауысымішілік уақыт шығындарына немесе ауысымішілік тұрып қалуға жатады. Статистика тәжірибесінде ауысымішілік тұрып қалу деп жұмыс күні немесе ауысым кезінде, ұзақтығы 5 минуттен жоғары болатын тұрып қалу уақыты саналады.


Информация о работе Еңбек уақытына қойылатын талаптар