Еңбек нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 21:28, курсовая работа

Краткое описание

Тауар және өндірістік факторлар нарықтарын да жетілген бәсеке деп есептейік. Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
1. Белгілі бір еңбек түрін жалдау кезінде бір-бірімен бәсекелестікке түсетін фирмалар саны өте кеп.
2. Бірдей еңбек түрін ұсынатын біліктілігі бірдей жұмысшылар саны өте көп және олардың әрқайсысы еңбек нарығын-да өз қызметін ұсынады. Бұл уақытқа олар бір-біріне тәуелді болмайды.
3. Жеке фирма да, жеке жұмысшы да нарықтағы еңбекақы мөлшеріне бақылау жасамайды. оған әсер етпейді және олар еңбекақыны өздері белгілей алмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Еңбек нарығы.docx

— 25.40 Кб (Скачать документ)

   Еңбек нарығы

 

    Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі

Тауар және өндірістік факторлар нарықтарын да жетілген бәсеке деп есептейік. Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

  1. Белгілі бір еңбек түрін жалдау кезінде бір-бірімен бәсекелестікке түсетін фирмалар саны өте кеп.
  2. Бірдей еңбек түрін ұсынатын біліктілігі бірдей жұмысшылар саны өте көп және олардың әрқайсысы еңбек нарығын-да өз қызметін ұсынады. Бұл уақытқа олар бір-біріне тәуелді болмайды.
  3. Жеке фирма да, жеке жұмысшы да нарықтағы еңбекақы мөлшеріне бақылау жасамайды. оған әсер етпейді және олар еңбекақыны өздері белгілей алмайды.

Енді еңбек сұранысы мен ұсынысына тоқталайық. Фирма өндірісте тек кана еңбек ресурсын колданатын болса, онда шекті өнімділіктің азаю заңына байланысты МР, белгілі бір нүктеден кейін төмендей бастайды. Тауардың бағасы тұрақты, себебі тауар нарығы - жетілген бәсекелес нарығы. Сондықтан еңбектің шекті өнімділігінің (МР) азаюына байланысты шекті түсімділік, яғни шекті өнімділіктің ақшалай мөлшері ( ) төмендейді. Қосымша бір жұмысшыны жалдағаннан түсетін қосымша түсім еңбектің шекті түсімділігі деп аталады.  жэне ( ) ол төмендегідей формуламен анықталады:

= МК  • MP

мұндағы МR- шекті түсім,

МР  -еңбектің шекті енімділігі.

Жетілген бәсекелес шарты бойынша шекті түсім бағаға тең: МR=Р, олай болса

МRР = Р МР,.

Еңбектің шекті түсімділігінің қисығы (МRР) - жеке фирманың еңбекке сұраныс қисығы болады.

Кез келген жетілген бәсекелес фирма үшін еңбек ұсынысы өте икемді. ұсыныс қисығы

айнымалы фактор (L) орналасқан   координата осіне параллельді түзу сызық болады. Еңбектің әр бірлігіне бірдей мөлшермен ақы толеніп, ал осы еңбекақы жалданған жұмысшылар санына тәуелсіз болғандықтан, бұл түзу фирманың айнымалы факторының шекті шығын қисығы да болады.

Әрбір фирманың басты мақсаты - пайдасын

ең жоғары деңгейге жеткізу. Олай болса, пайдасын мейлінше арттыратын фирма жұмысшыларды еңбектің шекті түсімділігі еңбекақыға тең болғанға дейін жалдайды, яғни түсім шығынға тең болады:

MRP=w

w=P MP

MP= w/P

мұндағы w- атаулы еңбекақы, Р - тауардың бағасы, w/Р - нақты еңбекақы.

Сонымен пайданы мейлінше арттырудың шарты - еңбектің шекті өнімділігі мен нақты еңбекақының теңдігі болады. Еңбек нарығындағы жетілген бәсекелес фирманың тепе-теңдігі 1-суреттегідей болады.

Еңбек нарығындағы монопсония

Еңбек нарықтарының көпшілігіне жетілмеген бәсекенің қасиеттері тән болады. Жетілмеген бәсекенің бір түрі - монопсония . Монопсония кішігірім қалаларда, ауылдарда кездеседі. Мысалы, кішігірім калада жұмысшыларды жалдайтын бір кәсіпорын бар және бұл қаланың барлық тұрғындары осы кәсіпорында жұмыс істейді деп есептейік. Олай болса, кәсіпорын - еңбек нарығындағы басты сатып алушы және оның еңбекақы деңгейіне әсер етуге мүмкіндігі бар. Кәсіпорын жұмысшыларының санын қысқартып, сол арқылы еңбекақы мөлшерлемесін төмендетеді.


 

2- ші сурет. Еңбек нарығындағы монопсания үлгісі

2-суретті қарастырайық. Бұндай  нарықта монопсонияның нарықтық  сұраныс қисығына шекті түсімділігінің  қисығы

(MRPLMHC) сәйкес келеді. Монопсонияның нарықтық ұсыныс қисығы тауарды сатып алуға кететін орташа шығындармен беріледі, себебі оның әрбір нүктесі еңбектің әр түрлі мөлшерін қандай бағамен сатып алуға болатынын анықтайды. Өзінің тепе-теңдік нүктесін табу үшін монопсония шекті шығындар қисығын тұрғызуы керек, ал оның MRPLMHC қисығымен қиылысқан нүктесі, монопсонияның өз пайдасын мейлінше арттыру үшін қанша еңбек күшін жалдауы қажет екенін анықтайды.

Монополистің ұсыныс функциясы болмайтын тәрізді, монопсонияның сұраныс функциясы болмайды. Монопсонияның 
тепе-теңдік нүктесінде оның әр түрлі ұсыныс қисықтарына сәйкес келетін, сатып

алынатын еңбектің бірнеше шекті шығындар 
қисықтары бір уақытта қиылысуы мүмкін. Нәтижесінде, тепе-теңдік нүктесінен түсірілген перпендикуляр пайданы мейлінше 
арттыратын еңбек күшінің бірдей шамасын сатып алуға болатын 
әр түрлі бағалардың бірнешеуін (WLMHC, W LMHC)  көрсетеді. Осылайша монопсония жағдайында сүраныс келемі мен бағаның арасында бір мағыналық байланыс жоқ екенін кореміз (3-сурет).


3-сурет. Монопсонияның сұраныс  қисығының болмауы.

Еңбек нарығындағы кәсіподақтардың рөлі

Еңбекті ұсыну жағында жұмысқа жалданушылар атынан кәсіподақ тұратын жағдайда, еңбек нарығында монополия туындайды. Бұл жағдайда кез келген монополияланған нарықтағы сияқты баға тек қана сұраныс пен ұсыныстың функциясына ғана емес, сонымен қатар кәсіподақтың шығындары мен сұранысына да байланысты болады. Егер кәсіподақ еңбек нарығында монополиялық билікке ие болса, онда ол еңбекақы деңгейін жоғарылату мақсатында еңбек ұсынысын шектеуге тырысады. Кәсіподақтың монополиялық билігі жұмысшылар санын азайтып, еңбекақы мөлшерлемесін жоғарылатуға мүмкіндік береді.


4-сурет. Еңбек нарығындағы монополия

Кәсіподақтың «пайдасын» мейлінше арттыратын еңбекақы мөлшерлемесін анықтайтын үдерісті 4. -суреттен көруге бо-лады. Кәсіподактың шекті түсімінің қисығы еңбектің сұраныс қисығынан гөрі тікше болғандықтан, қарастырып отырган жағдайды еңбек нарығындагы жетілген бәсекемен салыстырғанда бұнда еңбекақы мөлшерлемесі жоғары, ал жұмыспен қамтамасыз ету төмен болып, нэтижесінде жұмыссыздық пайда болады (LпрL1). Мұндай еңбекақымен жұмыс істеуге ынталанатындардың бәрі бірдей жұмыс таба алмайды.

Еңбек нарығындағы екі жақты монополия

Екі жақты монополияның жорамалы бойынша сатып алушы монополистке қарама-қарсы сатушы монополист тұрады, яғни фирма-монопсония мен кәсіподақ-монополистік еңбек нарығында өз мүдделерін жүзеге асырғысы келеді. Мұндай жағдайда талдау үшін екі графикті: монопсония үлгісін және кәсіподақтықң монополиялық билігін біріктіру қажет.

 

5- сурет. Екі жақты монополия

Жетілген бәсеке жағдайында тепе-теңдік Е1 нүктесінде орналасады, жұмыспен қамтылғандар саны L c –тен  L1-ге дейін азайту жолымен жүзеге асырғысы келеді. Кәсіподақ еңбекақыны W2 деңгейіне дейін көтеруге ұмтылады, бірақ бұл кезде жұмыспен қамтылғандар саны жетілген бәсеке нарығындағыдан төмен болады.

Еңбек нарығындағы экономика

Жұмысшылар табысының әр түрлі болуы олардың бірлігіне байланысты болады. Бірліктілігі жоғары жұмысшылар тұрақты артық табыс-экономикалық рента ала алады. Экономикалық рента- бұл ұсынысы қатаң шектелетін ресурстарға төленетін төлемақы. Бұл ерекше ресурстардың қызметіне төленетін нақты төлемақы мен осы ресурстың иесі сататын төменгі деңгейдегі бағасының арасындағы айырма.


6-сурет. Экопомикалық рента

Жоғарыдагы суретте 6 (а) экономикалық рентаның жалпы жағдайы келтірілген, экономикалық рента W EX0 үбұрыштың ауданына тең. Өте ерекше адамдар өз ресурстарын ұсынған кезде еңбек ұсынысы вертикаль түзу болады, себебі бұндай ресурстарды иемденуші адамдардың саны шектеулі болады (6 (ә)-сурет). Мысалы, ұлы ғалымдар, эстрада жұлдыздары, атақты киноактерлер (Қ. Сәтпаев, Р. Рымбаева. А. Әшімов). Мұндай жағдайда еңбек ұсынысы өте икемсіз. Сондықтан сұраныстың өсуі еңбектің бағасын өсіреді, яғни еңбекақы өседі. Мысалы, әртістің танымалдылығы сұранысты жоғарылатады, сұраныс қисығы D1-ден D2-ге жылжиды, ал әртістің төлемақысы W1-ден W2-ге өседі. W1 W2 E2 E1 төртбұрышының ауданы экономикалық рентаға тең. (6 (ә)-сурет).

 


Информация о работе Еңбек нарығы