Еңбек нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 21:24, реферат

Краткое описание

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Еңбек нарығы.docx

— 22.71 Кб (Скачать документ)

 

 
Еңбек нарығы.Еңбек нарығына тән қасиеттер.Еңбек нарығын реттеу.

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлері сияқты еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. Еңбек нарығында екі жақты байланыс болады: жұмыс күші иесі – еңбекті сатушы, жұмыс беруші – еңбекті сатып алушы. Еңбек нарығында жұмыс күшін сатушы мен сатып алушылар арасындағы қатынас заңды түрде – келісім-шарт арқылы және еңбек заңдарына сәйкес тіркеледі. Еңбек ұсынысы нақты жалақы өскен сайын өсіп отырады.

Еңбек нарығына тән қасиеттер:

-         жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

-         әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

-         еңбек нарығында бірде-бір кәсіпорын және бірде-бір жұмысшының үстемдік ете алмауы;

-         жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағаланады.

Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін келесі шарттарды орындау керек:

-         қызметкерлер мен жұмыс берушілер экономикалық еркіндігі және қызметтегі тұрақтылығының сақталуы;

-         жұмыс берушінің жұмыс күшінің саны, сапасы жөнінде хабардар болуы, шешім қабылдау еркіндігі мен жұмыс күшін жұмысқа алу және жұмыстан босату құқығы;

-         жалақының өсуіне кедергінің болмауы, себебі ол сатып алушы мен сатушы арасындағы басты реттеуші болып табылады;

-         жұмыс күшінің еркін қозғалысы, оның қоғамдық қажеттіліктерінің өзгеруіне сәйкес біліктілігінің өзгеруі және миграциялық қатынасы.        

  Еңбек нарығын реттеуде мемлекет тікелей араласады: ол еңбек туралы заң қабылдайды, еңбекақының ең төменгі мөлшерін белгілейді, жұмысбастылық, қайта даярлау бағдарламаларын қабылдайды, еңбек субъектілері арасындағы келіспеушіліктерді делдал ретінде келістіреді және т.с.с. Сондықтан еңбек нарығы өзіндігінен реттеле алмайды. Осы жағдайлар қазіргі кезде еңбек нарығында 3 субъект бар екендігін білдіреді: жалдамалы жұмыскерлер, жұмыс беруші фирмалар және мемлекет.        

  Жұмысбастылық пен еңбек нарығын реттеудегі мемлекеттің негізгі бағыттары мен әдістері өте көп. Олар елдегі нақты экономикалық жағдайға байланысты еңбек нарықтарында пайда болатын мәселенің күрделілігіне қарай анықталады.

Олардың ішіндегі ең көп қолданатын бағыттар мынадай:

1.     Жаңа жұмыс орындарын құру.Ол әр түрлі жолдармен іске асырылады: болашағы бар және жоғары мультипликаторлық әсер беретін өндіріс салаларында жаңа тиімді жұмыс орындарын ашқан жұмыс берушілерді ынталандыру; еңбекпен қамтамасыз ететін органдарды қаржыландыру және т.б.

2.      Шағын бизнесті қолдау және дамыту. Жұмыс орындарының (жұмыспен қамтамсыз етудің) ең көп санын шағын кәсіпкерліктің дамуы қамтамасыз ететіні блгілі. Әсіресе жеке еңбек іскерлігі,кооперативтер құру, шаруа қожалықтары сияқты нысандарды дамытуда үлкен рөлі атқарады. Сондықа шағын бизнесті қодау негізгі бағыттардың бірі болып табылады.Мәселен, көптеген дамыған елдерде жеке кәсіпорын ашамын деушілерге субсидиялар; жеңілдіктер мен арендаға гимараттар алу және лизинг негізінде техникамен  қамтамассыз етуге көмектер беру қарастырылады.Кәсіпкерлікті белсенді қолдау саясаты нәтижесінде АҚШта шағын кәсіпорындар санының өсуі қарқынынан асып түскен.

3.     Кадрларды кәсіптік дайындау мен қайта дайындау ауқымының кеңейюі. Бұл екі мәселені бірдей шешуге мүкіндік береді: жұмыс күшінің ұсынысын азайту және экономика өзгеріске толы жағдайында оның білім деңгейі мен тәжирбиесінің жоғарлауына мүмкіндік береді.

Еңбек нарығы — бұл бәсекелік  нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады. Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады. Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады. Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

Кейбір дамыған  елдерде жұмыссыздық жәрдем-ақысымен қатар қосымша жәрдемақылар төленеді, олар «мүқтаждықты» тексергеннен кейін ғана беріледі, яғни отбасы құрамы, еңбек қызметі, жұмыс істеген мерзімі және аясы, мемлекеттік марапаттаулары т.б.

Сонымен, жұмыссыздықтың болуы халықтың әлеуметтік қорғалу мәселелерін  тудырады, оған XX ғ. екінші жартысынан бастап бүкіл дүние жүзі айрықша  көңіл бөледі. Нарықтық жүйе жұмыс  күшінің тұрақты жұмыспен қамтылуына кепілдік бермейді. Сондықтан мемлекет халықтың табыс деңгейінің, олардың  жалпы көлемінің 50%-дан асуын қамтамасыз ететін, әлеуметтік корғау жүйесін  құрады.

 


Информация о работе Еңбек нарығы