Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 15:59, реферат
1929-1933 жылдары болған экономикалық дағдырыстан және одан кейін ұзақ жылдарға созылған экономикалық тоқырауды зерттеп отырып, Дж. М. Кейнс, өзінің “Қамтылу, процен және ақшаның жалпы теориясы” кітабында статистикалық үлгіні (моделді) жасап шығарды (1936). Ол бүкіл экономикалық процестердің, негізгі параметрлерін (бәрінен бұрын өндіріс көлемін) уақытпен өзгермеген, қысқа мерзім шеңберінде қарастырды. Бұл кезде экономиканың ұзақ мерзімді өсу мәселері оқымыстының алдында тұрмаған. Дж. Кейнс одан неғұрлым маңызды сұрақтарға “Толық емес жұмыспен қамтудан толық жұмыспен қамтушылыққа қалай көшуге болады?”, “Жаппай жұмыссыздықты қалай жоюға болады?”. “Өндіріс қуаттарының толық өспе қосымшалығын қалай пайдаланып тауарларды артық өндіруге болады?” деген өзекті сұрақтарға жауап беруді маңызды көрді.
Тұтастай алғанда Э. Хансен өзінің еңбектерінде ағымдағы реттеу бағдарламаларын ғана емес, сонымен қатар экономикалық дамудың ұзақ мерзімдік стратегиялық мақсаттарына арналған бағдарламаларды да берді. Ол толық теңдікке жету мүмкін емес деп санады, сонымен бірге “әлемдегі үлкен теңсіздіктерді элементтеу аса қажетті” деп болжам жасады.
Кейнс сияқты, Хансен жеке меншік инвестициялары, экономикалық өсудің басты ынталандырушы құралы деп санады, болашақ экономикада “толық жұмыспен қамтылушылық” пән жоғары қоғамдық және жеке меншіктік тұтыну сәйкес келіп, онын әлеуметтік салада рөлін ерекше көрсетті.
“Неоклассикалық
синтез” идеясын америка
Самуэльсонның теориялық өндеулеріндегі ең бастысты экономикалық процестерді талдауда әр түрлі ынталарды біріктіру. Мәселен, батыс экономистерінің басым көпшілігі тиімді ақша-несие және фискалды саясат жолымен А. Смит пен А. Маршалдың классикалық микроэкономикасын, Кейнс бойынша табыс деңгейінің қазіргі экономикалық анықтауын біріктіргілері келді.
Сонымен, Самуэльсон бойынша “синтез” – бұл еңбек құны теориясы мен шекті пайдалылық теориясының келісімі. Бұл микро - және макро деңгейлеріндегі статистиканы зерттеу оған талдау жасау және тепе – теңдік шығару динамикасын зерттеп, оны ажырату, бағдарлау және дискретті даму. Математикалық үлгілер мен есептеулерді қолдана отырып, ол логикалық негіздеулерді шығарып өзара функционалды байланыстарды анықтады.
“Неоклассикалық синтез” әртүрлі күресуші тұжырымдамалар мен мектептердің арасында өзара қолданылатын келісім жолдарын іздестіруге бағытталған. “Синтез” – бұл америкалық экономикалық ойлардың дамуындағы жалпы үрдестер мен дәстүрлер. Сонымен бірге, позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым әртүрлі жағдайларды ескере отырып ұлттық формаларда дамиды.
Самуэльсон бойынша аралас экономика, экономикалық бақылауды қоғам (мемлекет атынан) және жеке меншік институттар тарапынан жүзеге асыратын, еркін кәсіпкерлік жүйе. Еркін бәсекелестік, уақыт өте, монополияға айналып, қоғамдағы өндіріс пен бөлудің сәйкестігін анықтауда негізгі механизмі ретінде қатысады. Самуэльсон бойынша аралас үлгіде экономиканың негізі болып дамыған еңбек бөлінісі мен күрделі ақша жүйесі бар тауарлы өндіріске жатады. Осыдан ол мынадай қорытынды жасайды, еркін рынок жүйесінің кемшіліктерін түзетуде мемлекеттің экономикалық рөлі өсе түседі.
Самуэльсонның табыс деңгейі жинақтар мен инвестициялар арақатынасымен немесе жиынтық қоғамдық сұраныспен анықталатынын, сол сияқты бұл деңгейде фискалдық саясаттың әсерімен өзгеретіндігін көрсетті. Ағымдағы тұтынудан (капиталдан) өндіріске тартылатын ресурстар жұмсалады деп жазды автор, бірақ болашақта олар қайтарым береді, яғни экономика болашаққа қызмет етеді.
Ұлттық өнім мен ұлттық табыс динамикасы циклдық ауытқұларды көрсетеді, Самуэльсон оның төрт сатысын (фазасын) бөліп көрсетеді: қысу, жандану, экспансия және жоғары саты.
Самуэльсонның пікірі бойынша қазіргі даму кезеңіндегі сұраныс пен ұсыныс, мемлекет пен банктердің ақылды саясатының арқасында бір – біріне пара - пар болады. Ол ұсыныстың сұранысқа бейімделу кезеңдерінің ұзақтығына сәйкес сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігінің әртүрлі үлгілерін (типтерін) қарастырды.
Аралас экономикалық жүйе қызметінің негіздерін қарастыра келіп, Самуэльсон мынадай қорытынды жасады, рынок сұраныс пен ұсыныс арқылы қандай тауар керек және кімге, қандай көлемде өндіру қажеттігін анықтайтын жүйе. Ол былай деп атап көрсетеді, мемлекет нарықтық экономиканың шығындарының мөлшерін реттеп, елдің қорғанысқа, қоршаған ортаны қорғауға, аз қамтамасыз етілгендердің пайдасына табыстарды қайта бөлуге және т.б. жауапкерші.
70-ші
жылдардағы құрылымдық және
Кейнсиандықтың
және бүкіл “неоклассикалық
Монетаризм
теориясының негізін салушы
Екі
кейнсиандық ағындардын қосылуы
нәтижесінде посткейнсиандық
Бұл жаңа ағым, Кейнс теориясы мен неоклассикалық теорияның бір – бірімен мүлде сыйымсыз екіндігін бекітті. Шын мәнісінде, Кейнс болжамдарын әзірлеушілер – Э. Хансен, Р. Харрод, Д. Хинс, П. Самуэльсон оның теориясының мағынасын біршама бұрмалады. Бұл кейнсиандықты “қайта құрудың” екінші ағымын, жиі “монетарлық кейнсиандық” деп атады, себебі олар үшін, ақша процесімен байланысты тұрақсыздық пен белгісіздік шешуші фактор болды.
Посткейнсиандықтың осы екі ағыны 70- ші жылдары “неоклассикалық синтездің” ортодоксалды формаларына қарсы баламалы жүйе жасауға таласты.
Сөйтіп, неортоксалды кейнсиандықтардың екі ағымы да, неоклассикалық жүйені түбегейлі жоққа шығарып, Кейнстің экономикалық теорияда бастаған “революциясын” аяғына дейін жеткізіп макро – және микроэкономиканың жаңа синтезін жасауды алдарына мақсат етті.
Дегенмен, мынаны атап өту керек, өмірден оның неғұрлым көрнекті өкілдері (Р. Робинсон, Н. Калдора, П. Сраффи және т.б.) өтумен, бұл ұмтылыстар, жалпылама түрде танылған теория жүйесін жасауға қол жеткізе алмады. 80- ші жылдарға тән идеология мен саясаттағы консервативтік қозғалыс жағдайында нарықтық экономикада түбегейлі “қайта құру” идеяларының әлсіреумен байланысты посткейнсиандық өзінің бұрынғы белгілерін жоғалтты, дегенмен әлі де өмір сүруін тоқтатқан жоқ.
80-ші
жылдардың аяғы мен 90-шы
Кембридж мектебінің мүшелері, Дж. Кейнстің шәкірттері мен серіктері – Дж.Робинсон, Н. Колдор, П. Сраффа және басқалар ХХ ғасырдың 40-50-ші жылдарының өзінде, Кейнс теориясын сындық тұрғыдан қайта бағалау жөнінде сөз көтерді, олар оның теориялық зерттеулеріңің дамуына басқа ағымдардың синтез базасы мен байланыстыруға дамытуға талпыныс жасады. Оларды, “классиктерді” – бәрінен бұрын Д. Рикардо мен К. Маркстің идеялары мен методологиясын жақтаушылары ретінде жиі “солшыл кейнсиандықтар” деп атады. Олар тиімді сұраныстың өсуі үшін, монополияны шектейтін және әлеуметтік реформалары жүргізу факторлары ретінде, еңбек ақының өсу проблемаларын зертеді.
Кембридж мектебінің өзіндік ерекшілігі – бұл неоклассикалық мектебінің өндіріс негіздерінен, ресуртарды пайдаланумен, өнімдерді бөлуден және бағаны белгілеуден бас тарту.
Кембридж мектебінің көсемдерінің бірі Дж. Робинсон “Капиталды жинақтау” (1956) деп аталатын өзінің еңбегінде экономиканың ұзақ өсуіне (пайда мен еңбек ақы арасындағы бөліс, капитал көлемі және техникалық прогрестің сипаты, монополияландыру мен бәсекелестік дәрежесі, халықтың өсуі және т.б.) әсер етуші негізгі факторларды, сондай-ақ тұрақты өсудің ауытқуыұна әсер етуші себептерді синтездады. Робинсонның екі секторлы экономикасының бастапқы үлгісіне, К. Маркстің қарапайым және ұдайы кеңістік даму схемалары белгілі әсерін тигізді. Капиталды жинақтау теориясы марксистік теорияға ұқсас, ол проблемаларды зерттеп, шаруашылықты жүргізудің капиталистік заңдарының теориялық тұрғысын көрсетеді.
Барлық қоғамдық өндірісті Робинсон екі секторға бөлді:
Әрбір сектірдің түпкі өнімі еңбек ақыдан (W) және квазирентадан қалыптасады яғни пайдалардан (Ү) және амортизациялардан (Q) тұрады.
І W1+ Q1= Ү1; ІІ W2+ Q2 = Ү2; W1= Q2
Жинақтардың заңдылықтарын анықтау үшін Робинсон абстракцияға сүйеніп мынандай идеяларды ұсынды:
Оның
жүйесіндегі еңбек ақы –
Біріншіден, пайданың көлемінен яғный капиталдық тауарлардың жылдық өндірілген өнімнен (І бөлім) тозұ (ҰІ- R) құнын алып тастағанда, немесе жалпы квазирентадан амортизацияны (Q1+Q2-А) алып тастағанда қалған құнға тең: Екіншіден инвестициялауды жүзеге асыру кәсіпкерлердің тілегіне байланысты (олар пайданы басқа бағытқа жұмсауы мүмкін). Сонымен пайда нормаларымен жинақтау қарқының теңдігі осы екі жағдайға жауап беруі тиіс.
Жетілмеген бәсекеден, Робинсон бәсекелес шаруашылық жүйесінің тең жағдайының бұзылу мен жалдамалы еңбекті қанауды көрді. Ол бағаның сұранысқа тигізетін әсерін, тауар сатуды бақылауды, және мемлекеттін баға мен сатуды реттеу мүмкіндігін анықтады.
Робинсонның жетілдірілмеген бәсекелестік теориясы нарық механизміне талдау жасу бағыттарының бір тетігі болып саналады. Барлық өзгерістердің арқасында өндіріс пен капитал шоғырландырып, монополияларға жоғары бағалар белгілеуге және табыстарды өздерінің пайдасына қайта бөлуге мүмкіндік береді, яғни баға монополиялық пайданың көзіне айналады. Робинсон мемлекеттік реттеуді күшейтудің қажеттілігі туралы қорытындыға келді.
Д. Робинсон теориясын дамытушы Н. Калдор (1908-1986) компенсациялар өлшемдерінің идеясын айтып, экономикалық әл – ауқат теориясына үлес қосып, табыстарды бөлудің неоклассикалық теориясын, техникалық прогресті сынады. Неоклассикалық теориялар ережесін, Дж. Кейнс, Д. Рикардо, К. Маркс және П. Сраффа теориялары негізінде құрылған үлгілерімен өзгертті. Оның басты еңбектері: “Шығындарға салықтар” (1955), “Экономикалық тұрақтылық және экономикалық өсу туралы очерктер” (1960), “Капиталды жинақтау және экономикалық өсу” (1961), “5 томдық экономикалық шығармалар жинағы” (1978).т. б.
Салық мәселелері бойынша канцлердің Қазнашы кеңесшісі ретінде, ол салықтарды қайта бөлу мақсатында, капиталдың нарықтық құнынан асырылған өсімге салық салу және өндірістік секторға қарай еңбекті қайта бөлуде, жұмыскерлерді жалдағаны үшін кәсіпкерлерге салықты салуды ұсынды.
Кембридж
мектебі өзінің экономикалық саяси
дамуында. Қалдар алдында көп қарыздар.
Оның тиімді сұраныс пен сырттан
және іштен экономиканы
ХХ ғасырда экономикалық теорияны дамытуда Дж. Кейнстің жұмыстары терең із қалдырды. Ол А. Смит, Д. Рикардо және К. Маркспен қатар, экономикалық ойлардың дамуына шешуші әсер еткен, ұлы зерттеушілердің бірі болып саналады.
Экономика теориясын дамытудағы Кейнстің сіңірген еңбегіне жататындар: баға талдауын нақты өнімге ауыстыру; процент нормасына жаңа келіс (көзқарас); инвестициялық мультипликатор идеясы; қазіргі капиталистік экономиканы өздігінен реттеудің мүмкін еместігі туралы ереже; “тұтынуға бейімділік” және “өтімділікте ликвидке артықшылық беру” түсіндіктерін енгізу және т.б.