Дүниежүзілік
сауда ұйымы
Қазақстан
Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына
кіру маңызы
- 1.1. Дүниежүзілік сауда ұйымының пайда болуы
- 1.2. Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі ережелері мен нормалары
- 1.3. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылымы мен қызметтері
1. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы
- Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан Уругвай кезеңінен бастап жұмыс істей бастады.
- Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жасалған Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) жалғасы болып табылады. ГАТТ механизмі сауда дамуының қазіргі уақыттағы кезеңі үшін жетілдіріліп, жаңартылған болатын.
1.1. Дүниежүзілік сауда
ұйымының пайда болуы
- Алғашқы кезеңде Дүниежүзілік Сауда Ұйымына 77 мемлекет кірсе, 2008 жылғы қазан айына байланысты соңғы мәлімет бойынша оған 153 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина бар.
- Ұйымның соңғы мәліметтер бойынша 189 миллион швейцариялық франк шамамен 90 миллион АҚШ доллары. Бас штабының орналасқан жері Швейцария мемлекеті, Женева қаласы. Ұйымда 625 штатты жұмыскер қызмет етеді. Ол бас директормен басқарылады.
- Дүниежүзілік сауда ұйымы халықаралық сауда жүйесінің үйымды-қүқықтық негізін құрайды. Дүниежүзілік сауда ұйымы көп жақты сауда келіссөздерінің Уругвай кезеңі 1993 жылғы 15 желтоқсанында аяқталып, 1994 жылдың сәуір айында қол қойылғаннан кейін 2005 жылдың 1 қантарында қүрылды. Дүниежүзілік сауда ұйымы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) мұрагері болып табылады.
1.2. Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі
ережелері мен нормалары
Дүниежүзілік сауда ұйымының
ГАТТ-тан айырмашылығы мемлекеттердің
үлғайтылған қатарында ғана емес,
сондай-ақ, өзі қатысатын іс-әрекетінің
кеңейтілген көлемдерінде. ГАТТ
тек тауарлар саудасы саласында
ғана әрекет етсе;
Дүниежүзілік сауда ұйымы тауарлар мен қызметтер саудасын,
сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды
қамтиды. Сонымен қатар, ол келіссөздер мен келіспеушілік
түзету барысында елдер арасында сауда қарым-қатынасты қалыптастыратын форум болып табылады.
- Төрт негізгі элемент:
- ұлттың ең қолайлы жағдай туғызу режимі (РНБ);
- ұлттық режим;
- тарифтерді шекарадағы қорғаудың жалғыз немесе қалаулы құралы ретінде
қолдану;
- транспоренттік пен ашықтық.
ГАТТ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы
екі басты принципте негізделген, осының
нәтижесінде, халықаралық-құқықтық тәжірибеде
төрт негізгі элемент қалыптасты. Екі
басты принциптер - бұл кемсітуден бас
тарту және нарықтық тиімділік, немесе
алдын ала болжалынатын, ашық, өзара қауіпсіз
нарықтарға қол жеткізу.
- Дүниежүзілік сауда ұйымының жоғарғы органы болып ұйымның барлық қатысушыларының өкілдерін біріктіретін Министрлік конференция табылады. Конференцияның сессиялары Уругвай кезеңі келісімдеріне қатысты басты мәселелер бойынша шешімдерді талқылау мен қабылдау мақсатында екі жылдың ішінде кем дегенде бір рет өткізіледі.
1.3. Дүниежүзілік сауда ұйымы
құрылымы мен қызметтері
- Министрлік конференция Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директорын тағайындайды. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Паскаль Лами мырза. Бас директор Дүниежүзілік сауда ұйымы Хатшылығының бөлімшелерінің қызметкерлерін тағайындайды және олардың міндеттері мен Министрлік конференция бекіткен ережелерге сәйкес қызмет ету шарттарын анықтайды.
- 1. Қосылуға жоспарлайтын елдің сыртқы сауда режимін және оның Дүниежүзілік сауда ұйымының көп жақты сауда келісімдерімен сәйкес келуін қарастыру.
- 2. Тауарлар саудасы саласындағы міндеттіліктер жөніндегі келіссөздер (ең алдымен импорттық тарифтердің көлемін азайту мен өзара үйлестіру арқылы).
- 3. Қосылуға жоспарлайтын елдің қызметтер саудасы саласындағы міндеттіліктерді жетілдіру жөніндегі келіссөздер де екі жақты негізде жүргізіледі, олардың нәтижесінде қосылу хаттамасымен қоса ұсынылатын міндеттіліктер тізбесі әзірленеді.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процессі
өзара байланысқан үш сатыдан тұрады:
- Дүниежүзілік сауда ұйымының айқын ерекшелігі өзара тиімді шарттар, ашықтық пен ұйымға мүше елдердің теңдігіне негізделген еркін сауда шараларын камтамасыз ету мақсатында сауданың халықаралық ережелері мен тәртіп шараларын қалыптастыруда.
Кірудің
мақсаттары мен міндеттері:
- Еркін сауда саясатының шағын ішкі нарығын иеленетін және кеңейтіліп бара жатқан дүниежүзілік нарықтарына шығуды қажет ететін Қазақстан үшін маңыздылығы анық. Халықаралык құқығына негізделген және алдын ала болжалатын Дүниежүзілік сауда ұйымының шарттары Қазақстан үшін ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сауда серіктерімен жарыста бәсеке қабілеттілігін көрсетуге мүмкіншілік туғызады.
- Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздер негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының Женева қаласындағы Хатшылығында Жұмыс Тобының мүдделі мүше елдерінің қатысуымен жүйелік мәселелер, ауыл шаруашылық мәселелері жөнінде көпжақты отырыс түрінде, ал тауарлар мен қызметтер нарығына қол жеткізу мәселелері жөнінде екі жақты отырыс түрінде өткізілді. Келіссөздер барысында төрт негізгі бағыт талқыланды
Кіру барысының ағымдағы жағдайы.
2. Қазақстан
Республикасының Дүниежүзілік
сауда ұйымына кіру маңызы
және жүргізілген іс-шаралар мен
жобалар
2.1. Қазақстан
Республикасы және Дүниежүзілік
сауда ұйымы
2.2. Дүниежүзілік
сауда ұйымы кірудегі іс –
шаралар, жобалар
2.3. Қазақстан
Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына
кірудегі қиыншылықтары.
2.4. Дүниежүзілік
сауда ұйымына кіруде пайда болған қиыншылықтарды
шешу жолдары
- Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу Қазақстанның экономикалық өрлеуі, жаңғыруы мен бәсекеге жарамдылығы үшін маңызды. Қазақстан халықарылық стандарттарға сәйкес болуы және халықаралық сауда жүйесіне барынша қатысуы тиіс. ДСҰ-на мүшелік – бұл сонымен қатар серіктестік және ынтымақтасу туралы келісімге (осы қатынастарды реттейтін негізгі келісім) және ЕО-тың Жаңа тәсіл директиваларына сәйкес Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі құрамдас бөлігі.
2.1. Қазақстан Республикасы және
Дүниежүзілік сауда ұйымы
- Қазақстан ДСҰ-на мүше болу туралы өтінішті 1996 жылы берді. Осы үрдісті басқару үшін Индустрия және сауда министрлігі жанынан Жұмыс тобы және Ведомствоаралық комиссия құрылды, сонымен қатар ДСҰ-на кіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, Сыртқы саудалық режим туралы меморандум әзірленген болатын. Көп тарапты келіссөздер (Қазақстанға деген елеулі экономикалық мүдделер бойынша он сегіз мемлекетпен) 1997 жылы Женевада басталды.
- 1999 жылы бекітілген Қазақстанмен Серіктесу және ынтымақтасу туралы келісімге сәйкес Еуропалық одақ экономикалық реформаларды күшейту жөнінде біршама жобалар мен тығыз экономикалық байланыстарға бастамашылық жасады. Осы жоба ДСҰ-ның және ЕО-тың айрықша талаптарына сәйкес болу үшін Қазақстанға құқықтық әрі техникалық көмекті қамтамасыз ету үшін әзірленді. Бұл өнім стандарттары мен сәйкестілікті растау рәсімдері бойынша ынтымақтастықты және оны іске асыру жөніндегі шаралардың күшейтілуін көздейді.
2.2. Дүниежүзілік сауда ұйымына
кірудегі іс – шаралар, жобалар
- Техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі осы заңнамалық ортаны ДСҰ-ның СТТ келісіміне және ЕЭҚ-ның тиісті заңнамасына сәйкес келтіру.
- Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің, Қазақстандық Стандарттау институтының, ДСҰ Департаменті қызметкерлерінің кәсіби тәжірибесін жақсарту және Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің Ақпараттық орталығы мүмкіндіктерін арттыру.
- Қазақстандық және Еуропалық Стандарттау, аккредитациялау, метрология жөніндегі органдар арасындағы кооперацияны күшейту.
Осы жұмыстың негізгі мақсаттары,
бұл:
- Заң жобаларын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс топтарын қолдау арқылы заңнаманың үйлесімділігін күшейту, қолда бар қосымша 34 заңдар бойынша түсініктемелерді қамтамасыз ету, 150 өнім стандарттарын қамтамасыз ету және 600 техникалық стандарттарға шолу жасау.
- Адам ресурстарын дамыту және техникалық регламенттерді, стандарттауды, аккредитациялауды құру рәсімдері бойынша оқыту және нарықты бақылау арқылы әлуетті арттыру, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті Стандарттау және сертификаттау институтының Ақпараттық орталығы (МемСтандарт) үшін тренингтер мен құрал-жабдықты қамтамасыз ету.
- Ақпараттық кампаниялар мен БАҚ үшін нақты тұжырымдалған жолдаулар арқылы ДСҰ-ның мәселелері жөніндегі ақпараттылықты арттыру.
- Тестілер мен сертификаттарды өзара мойындаудан пайда алу үшін стандарттау және аккредитациялау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жекелеген топтарына Қазақстанның қатысуын және мүшелігін күшейту, Салалық жұмыс топтарға ықпал ету және ақпаратпен алмасу.
Осы мақсаттарға жету үшін, жоба батыл
шаралар орындауда, ол:
- «Экономикалық зерттеу институты» ұйымының сараптамасы бойынша Қазақстан бірнеше көрсеткіштер бойынша ДСҰ-ға кіруіне болатындығын пайымдады. Бірінші қарағанда шаруашылық секторы ішкі субсидияландыру, қызмет саласы бәсекелестікті талап етеді, яғни ДСҰ-ға кіруге ешбір күрделі қайшылықтар жоқ және ол бірінші қарағанда заңды болып табылады.
2.3. Қазақстанның ДСҰ- ға кірудегі қиыншылықтар
- Бірақ Қазақстандық макроэкономикалық және микроэкономикалық бағыттарыныңың статистикалық мәліметтерін терең түрде зерттеген жағдайда олардың өзгеруі, кері және тиімсіз әсерлерге алып соғатындықтан институттың шешімдеріне күмән келтіріліп отыр.
- Бірінші индикатор – осы уақыттағы есеп бойынша қызмет балансының сальдосы.
- Екінші индикатор - осы уақыттағы операциялар есебінің табыс балансының сальдосы.
- Үшінші индикатор - осы уақыттағы есептің төмен балансының сальдосы.
- Төртінші индикатор - барлық өнеркәсіп өніміндегі өңдеу өнеркәсібінің орны.
- Бесінші индикатор - мемлекеттік емес сектордың пайыз бойынша ЖІӨ сыртқы қарыздары, ша<span
sty