Дара жарнақтылар класы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 19:50, доклад

Краткое описание

Дара жарнақтылар класына (лилиопсиды или однодольные – Liliopsida или Monocotyledones)104 тұқымдас, 63000-дай түр жатады. Бұлар бiр жылдық, екi жылдық, көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер, сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Дара жарнақтылардың қос жарақтылардан басты айырмасы бұлардың тұқым жарнағы бiреу болады.Тамыры шашақты немесе пиязшықты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дони Шырынды жапырақтар.doc

— 103.00 Кб (Скачать документ)

Астық тұқымдасы дара жарнақтылар класына жатады. Онда 7,5-10 мың түр, 700-дей туыс бар. Астық тұқымдасы көп жағдайда шалғындар мен далалы жерлердiң табиғи өсiмдiктер жабыныда басым болады. Тамаққа пайдаланылатын және малазықтық өсiмдiктер ретiнде, олардың халық шаруашылығындағы маңызы аса зор. Астық тұқымдасына негiзiнен көп жылдық және бiр жылдық шөптесiн өсiмдiктер жатады. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда ағаш тәрiздi формалары да бар. Олар шашақтамырлы, сабақтары буыннан және буын аралықтарынан тұратын өсiмдiктер. Астық  тұқымдасының сабақтары буын аралығының түп жағындғы клеткалардың бөлiнуiнiң нәтижесiнде ұзарып өседi. Астық тұқымдасына жататын өсiмдiктердi тығыз түптенген,  сирек түптенген және тамырсабақты деп топтастырады.

Бiрқатар астық  тұқымдасының – бидай(пшеница - Triticum), қарабидай(рожь - Secale), атқонақ(тимофеевна - Phleum) сабағының буын аралығының iшкi қуыс, ал буындары ұлпалармен толтырылған. Мұндай сабақты сабан деп айтады. Ал кейбiр астық тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң (жүгерiнiң, борыққамыстың) буынаралықтары ұлпалармен толтырылған.

                              Жабайы   астық    тұқымдастар

Астық тұқымдасының жапырақтары кезектесiп орналасады, параллель жүйкеленедi және олардың қынапшасы болады. Қынапша дегенiмiз- жапырақтың түтiк тәрiздi кеңейген түп жағы. Қынапша сабақты буыннан жоғарырақ орап тұрады, одан жапырақ кетедi. Астық тұқымдасында қынапша буынаралығының төменгi бөлiгiн жауып, бөлiнетiн жас клеткаларды қорғап тұрады. Астық тұқымдасы басқа тұқымдастарға жататын өсiмдiктерден осы ерекшелiгiмен ажыратылады. Жапырақ тақтасының қынапшадан кететiн жерiнде жарғақ тәрiздi өсiндiсi немесе тiлшесi болады. Ол сабақ пен қынапшаның арасына судың өтуiне мүмкiндiк бермейдi. Астық тұқымдасының ұсақ, көрiксiз гүлдерi күрделi масақ және сыпырғы гүлшоғырын түзедi.Астық тұқымдасының барлығының масағының түп жағында, екi масақша қабыршағы болады. Масақшаларындағы гүлдердiң саны, әр түрлi астық тұқымдасында әрқилы. Олардың саны әр масақшада бiреуден бiрнешеуге дейiн болады. Астық тұқымдасының әрбiр гүлiн 2-ден гүл қабыршағы, 2 гүлжарға, 3 аталығы және бiр аналығы болады. Аналығының сыртын қалың түктер каптайды, аузы қостелiмдi, мойны болмайды. Бiр ғана тұқым бүрi болады. Әдетте бұл бұрыс гүлге жатады. Гүлiнiң формуласы:         *♂♀ Т(2)+2 А3  Ж1

Астық тұқымдасының жемiсi – дән. Дәнде жемiс қабы мен тұқым қабы бiрiгiп кетедi. Дәнде  эндосперм ұрықты қоршап жатпайды. Эндосперм ұрыққа бүйiр жағынан  жанасып, қалқанша деп аталынатын жалғыз тұқым жарнағына тiкелей тиiп тұрады.

Астық тұқымдасының экономикалық жағынан аса маңыздыларына  бидай, қарабидай, жүгерi, арпа, күрiш, сұлы, тары жатады.

Бидай туысында (пшеница - Triticum)19 түр бар, олардың  тек 4-уi ғана табиғи жағдайда белгiлi, қалғандары мәдени жағдайда өседi. Жел арқылы өздiгiнен және айқас тозаңданатын өсiмдiктер. Масағы жалғыздан, оның 3-тен 7-ге дейiн гүлi болады. Гүлшоғыры - күрделi масақ. Дүниежүзiнiң ауыл шаруашылық өндiрiсiнде негiзiнен нан өнiмдерiн беретiн дақыл, 4 мыңнан астам сорттары белгiлi.

Қарабидай туысы (рожь - Secale). Қарабидайдың қоңыржай климатты аймақтарда, әсiресе солтүстiк ендiктiң  таулы аудандарында кең таралған 8 түрi бар. Жабайы қарабидайдың (дикая  рожь – Secale sylvestre) ареалы кең – Кавказда, Батыс Сiбiрде, Орта Азияда кездеседi. Жабайы қарабидай көп жылдық және бiр жылдық шөптесiн өсiмдiк. Гүлшоғыры күрделi масақ. Масақтың осiнде көптеген екi гүлдi масақшалар орналасады. Гүлдiң төменгi қабыршағының қылтығы болады, дәнiнiң сыртын түктер қаптап тұрады.

Мәдени қарабидайда(рожь посевная - Secale cereale) күрделi масағының  әрбiр масақшасында 2 жақсы жетiлген , 1 толық жетiлмеген гүлi болады. Қарабидай  – желмен тозаңданатын өсiмдiк. Оның дәнi әрi жiңiшке, әрi ұзын. Қарабидайдың дәнiнен алынған ұнның түсi қоңыр. Одан қрабидай нанын пiсiредi.

Арпа туысында(ячмень - Hordeum) 26 түр бар, оның 12-сi Қазақстанда  кездеседi.

Арпаның гүлшоғыры  – күрделi масақ. Масақ осiнде  бiр гүлдi 3 масақша  орналасады. Арпа гүлдеген кезде өздiгiнен тозаңданады, айқас тозаңдануы да мүмкiн. Арпа – ерте пiсетiн дәндi дақыл. Оның дәнегiнен арпа жармасын дайындайды және сыра ашытады. Мал азығы ретiнде де пайдалы дақыл арпамен  жылқыны, iрi қараны, шошқаны және құстарды семiртедi.

Сұлы туысының(овес - Avena) 33-тей түрi бар. Қазақстанда 7 түрi кездеседi. Шашыраңқы болып келетiн гүлшоғыры сыпырғы деп аталды. Сыпырғының бұтақшаларында  масақшалар орналасқан, олардың әрқайсысында 2-4 гүл бар. Сұлы- суыққа төзiмдi дақыл. Мәдени жағдайда егiстiк сұлыны (овес посевной – Avena sativa) орталық және солтүстiк аудандарында құнды жарма алынатын және малазықтық өсiмдiк ретiнде себедi.

Тары туысы(просо - Panicum). Тропикалық және субтропикалық  зоналарда көп таралған және қоңыржай климатты аймақтарда өсетiн 400-дей түрi бар. Жарма беретiн дақыл ретiнде себiледi.

Күрiш туысының(рис - Oryza) Азияда, Африкада, Австралияда, Оңтүстiк  Америкада таралған 24 түрi бар. Бiр  гүлдi масақшалары сыпырғы тәрiздi  гүлшоғырына жиналған. Масақшаның гүлiнiң 4 қабыршағы, 6 аталығы, 1 аналығы болады. Күрiштiң екi түрi мәдени жағдайға ендiрiлген және көп жерде себiледi. Олардың ең маңызыдысы – екпе күрiш (рис посевной – Oryza sativa). Бiздiң елде күрiш бидайдан кейiн екiншi орын алады. Ол Орталық, Оңтүстiк –Шығыс және Кiндiк Азияда негiзгi астық өнiмдерiн беретiн дақыл. Қазiргi кезде дүниежүзi бойынша күрiштiң  2 мыңнан астам сорттары белгiлi. Гүлiнiң формуласы:  ♂♀ Гс2 А3+3 Ж(3)

Жүгерi туысы (кукуруза - Zea). Бiр үйлi өсiмдiк, гүлдерi және гүлшоғыры  әр түрлi жынысты. Агрегатты, сыпырғы  тәрiздi гүлшоғырында екi гүлдi аталық масақшалары орналасқан. Екi гүлдi масақшаның әр гүлiнде үш- үштен аталығы болады. Аналық гүлдерi собық деп аталатын күрделi гүлшоғырына жиналады. Собық жапырақтың  қолтығында орналасып, түрi өзгерген жапырақтардан тұратын жамылғымен оралып қапталған. Аналықтың жатыны дөңгелек, мойны жiбек жiп тәрiздi сусылдаған ұзын, аузы қос телiмдi. Өсiмдiкте собық пайда болып, оның жамылғысынан шашақтанып, аналықтың аузы көрiнгенше тозаң пiсiп кетедi. Сондықтан жүгерiде өздiгiнен тозаңдану мүлдем жоқ десе де болады. Тозаң аналықтың аузына жел арқылы жақын өскен өсiмдiктердiң бiрiнен келiп түседi. Шыққан жерi – Мексика.

Жүгерi – жылу сүйгiш өсiмдiк. Оның тамыры ауаның жеткiлiктi мөлшерде келiп тұрғанын қажет етедi. Сондықтан жүгерiнi себуден бұрын  топырақты тиянақты түрде өңдеуден өткiзiп, оны жаз бойы қопсытып отырады. Жүгерi жарықты қажет етедi, сондықтанда оны қатар- қатар, бiр- бiрiнен қашықтау себедi. Бiршама құрғақшылыққа төзiмдi, бiрақ күнiне әрбiр өсiмдiк 1 литрдей су қажет етедi. Жүгерiнi суық ұрғанға, (үсiк жүргенге) дейiн жинап алады, өйткенi пiсiп жетiлген өсiмдiк -1ºС өзiнде оңай зақымданады.

Туыстың кең  тараған түрi кәдiмгi жүгерi(кукуруза обыкновенная – Zea mays). Жүгерi – биiктiгi 2-3 метр кейде одан да биiктеу болатын  бiр жылдық шөптесiн өсiмдiк.

Ол тек мәдени жағдайда ғана белгiлi. Еуропаға Оңтүстiк  Америкадан 1493 ж. әкелiнеген, Ресейде  оны XVII ғасырда себе бастаған. Тағамдық, малазықтық және техникалық өсiдiк ретiнде  маңызы аса зор.

Қоңыржай климатты аудандарда жүгерiнiң көптеген сорттарының дәндерi пiсiп үлгермейдi. Сондықтанда Солтүстiк аудандарда жүгерiнi сүрлем үшiн өсiредi. Қазақстанда жүгерi тамақ өнiмдерiне қажеттi және малға азық болатын аса құнды дақыл, әрi өндiрiске қажеттi шикiзат.

Борыққамыс  туысы(сахарный тростник - Saccharum). Жер шарының екi бөлiгiнiң де тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең тараған 15 түрi бар. Сабақтарында 15-20% дейiн қант болады. Сондықтанда бұл өсiмдiктi қант, ром, спирт алу үшiн өсiредi.

Қоңырбас туысы(мятлик - Poa). 200-дей түрi бар. Қазақстанда 32 түрi кездеседi. Олардың кейбiреулерi космополиттер*. Мал азығы ретiнде құнды өсiмдiктер. Сондықтан ерекше құндыларын мәдени жағдайда өсiредi.

Бидайық туысының(пырей - Agropyron) 70-тей түрi бар. Қазақстанда 44 түрi кездеседi. Күрделi масақтың өсiне жалпақ жағымен 3-тен 13-ке дейiн гүлi бар масақша орналасқан. Жатаған бидайық (пырей ползучий - Agropyron repens) деген түрi егiстiкке зиянды арамшөп, оның гүлшоғыры тiк өсетiн жекелеген күрделi масақтан тұрады.

Шалғын атқонағы (тимофеевка луговая – Рhleum pratense). Тамырсабағы қысқа болып келетiн көп жылдық шөптесiң өсiмдiк. Гүл шоғыры жүгерiнiң аталық гүлоғыры секiлдi өсiмдiктiң сабағының жоғарғы бөлiгiнде тoп болып орналасады. Мұндай гүл шоғыры сұлтан деп аталады. Малазығы ретiнде ең құнды өсiмдiктердiң бiрi, көп жағдайда оны бедемен (клевер - Trifolium) араластырып себедi.

                Осы жоғарыда келтiрiлгендерден  басқа астық тұқымдасына жабайы  өсiмдiктерден бетеге (овсяница - Festuca), арпабас (костер - Bromus), ажырық (прибрежница  - Aeluropus), қау (ковыль - Stipa), қамыс (тростник - Phragmites), қияқ (волоснец - Elumas), мортық (мортук - Eremopyrum) туыстарының өкiлдерi, т.б. жатады.


Информация о работе Дара жарнақтылар класы