Дағдарыстың ел экономикасына әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 09:09, реферат

Краткое описание

1) Бүкіл әлемдік қаржы дағдарасының әлем және ТМД елдерінің экономикасына әсері
2) Дағдарыстың ел экономикасында көрініс табуы және оған қарсы бағдарламалар
3) «Самұрық қазына» Ұлттық әл ауқат қоры

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат Дағдарыстың ел экономикасына әсері.doc

— 116.50 Кб (Скачать документ)
       

                                                Жоспар:

  1. Бүкіл әлемдік қаржы дағдарасының әлем және ТМД елдерінің экономикасына әсері
  2. Дағдарыстың ел экономикасында көрініс табуы және оған қарсы бағдарламалар
  3. «Самұрық қазына» Ұлттық әл ауқат қоры

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дағдарыстың салқыны біршама басылып, әлемдік экономиканың ахуалы түзеле бастады» деген, беделді саясаткерлер мен экономистердің тұжырымдарына сүйенсек, еріксіз ел экономикасында нендей өзгерістер бар деген ойда қаларсыз. Дағдарыс біздің елге қалай әсер етті? Одан шығу жолдары қандай? Және дағдарысты артта тастаған Қазақстан халқы, бұған қалай қол жеткізді деген сұрақтарға төмендегі тараулардан жауап ала аламыз. Барақ    Обама:  «АҚШ экономикасындағы тоқырау аяқталуға жақын. Елдің қаржы жүйесі дағдарыстан шықты, жұмыссыздық та азая бастады. Мыңдаған жұмыс орнын сақтап қалдық. Бюджеттен бөлінген қаражатты қайтаратынымызға сенімдіміз». Дмитрий Медведев: «Шынымен де, экономикалық тоқырау аяқталып келеді. Соның алғашқы нышандары көріне бастады. Биылғы екінші тоқсандағы ЖІӨ біріншімен салыстырғанда 7,5 пайызға өсті. Негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың азаю үрдісі тоқтаған секілді. Алайда, мұның бәрі оңалудың жалпылама көрсеткіштері. Әзірге тұрақты даму басталды деп айта алмаймыз».  
Нұрсұлтан Назарбаев: «Экономикадағы оң тенденцияларды атап өтуіміз керек. Ай сайын экономикамыз дамып келеді. Тұрғындардың табысы азайған жоқ. Керісінше, 4 пайызға өсті. Теңгенің құнсызданғанына қарамастан, инфляциялық үрдістердің тежеле бастағаны көрініп тұр».  
Әрине, экономиканың түзеле бастағанын білдіретін алғашқы белгілер қылаң бергенде, осындай мәлімдемелердің жасалатыны сөзсіз. Дегенмен, көптеген сарапшылар бас киімімізді аспанға ату әзірге ерте дейді. Олардың ойынша, жер сілкінісі немесе дауылдың бетін қайтаруға тырысқан бақсыларша дағдарыстың «жын-шайтандарын» қуғанымызбен, оның кете қоюы екіталай. 
Айтарлықтай болмағанымен, экономикалық өсімнің байқалғаны шындық. Мемлекет басшылары осындай пікірде.


   Қай елдердің үкіметі дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жүзеге асыруда? Қай елде дағдарыстың алдын алу іс-қимылы нәтижелі, қайсысында нәтижесіз? Қай мемлекетте шаралар барынша өз уақытында және жедел қолға алынды? Қай елдерде әлеуметтік шиеленіс артуы мүмкін? Қай елде экономикалық және саяси дағдарыстың барынша өткір салдары байқалып отыр? Қай ел дағдарыстан бұрын шығады? Мысалы, «Қай елдердің үкіметі дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жүзеге асыруда?» деген сауалға қатысты сұрау салынғандардың 36-сы Қазақстанды, 47-сі Ресейді атаған. Бұдан кейінгі орындарда 15 реттен Эстония мен Литва, 12 реттен Украина мен Латвия көрсетілген. Сондай-ақ «Қай елде Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-қимылы барынша нәтижелі?» деген сауалға сарапшылардың 63-і «Қазақстан», 71-і «Ресей» деп жауап берсе, дағдарысқа қарсы іс-қимылды 8 адам Қазақстанда, 33 адам Ресейде нәтижесіз деп бағалапты. Ал енді қай елде әлеуметтік шиеленіс артуы мүмкіндігіне келсек, бұған қатысты жауап бергендердің ең көбі Украина мен Ресейді еске алып, 78 адам Украинаны, 43 адам Ресейді меңзепті. Қазақстанда ондай шиеленіс артуы мүмкіндігін 18 адам жорыған. Сол секілді экономикалық және саяси дағдарыстың салдары өткір болуы мүмкіндігін де 11 адам топшыласа, бұған қатысты 91 адам Украинаны, 39 адам Ресейді атап көрсеткен. Сонымен қатар, қай ел дағдарыстан бұрын шығады дегенде, сұрау салынғандардың 56-сы Қазақстанды, 60-ы Ресейді бірінші орында атаған. Мұнан кейінгі орында 20-21 адам Латвия, Литва және Эстония дағдарыстан өзгелерге қарағанда бірінші болып шығуы мүмкіндігін айтқан. Дағдарысқа қарсы жобаның сапалы іске асуының себептеріне тоқталсақ.

2010-2012 жылдарға арналған  бюджет жобасының әлеуметтік  бағыты, бұрынғыдан да басымырақ.  Әлеуметтік салаға жұмсалатын  шығыстардың үлесі, жалпы бюджеттің  40 пайызын құрайды. Салыстырар  болсақ: 2007 жылы бұл көрсеткіш  31,5 пайызды, 2008 жылы - 26,4 пайызды құрады. Дағдарыс жағдайында әлеуметтік міндеттемелерін қысқартып немесе одан толық бас тартып жатқан елдер бар. Ал бізде олай емес. Жалақы қорын, бюджеттің басқа да шығыс баптарын ескерер болсақ, әлеуметтік салаға қарастырылған шығыстар 50 пайыздан асып түседі. Яғни, бюджет шығысының жартысынан астамы әлеуметтік салаға және бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысына жұмсалады. Республикалық бюджетте 2010 және 2011 жылдары шілденің 1-інен бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын және мемлекеттік стипендияларды көтерумен қатар, әлеуметтік мазмұндағы бірқатар маңызды шаралар қарастырылып отыр. Атап айтқанда, 2010 және 2011 жылдары қаңтардың 1-інен бастап зейнетақыны сәйкесінше, 25 және 30 пайызға көтеру, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны орта есеппен 9 пайызға көтеру, сондай-ақ «Ардагерлер туралы» заң жобасына сәйкес ардагерлердің жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны көтеру; 2010 жылдан бастап бала күту бойынша берілетін ай сайынғы жәрдемақы мен төртінші және одан кейінгі туылған балаларға берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 30 минимальды есептік көрсеткіштен 50 есептік көрсеткішке дейін көтеру жоспарда бар. Оған қоса, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған, «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналар үшін арнайы жәрдемақының мөлшерін 3,9 минимальды есептік көрсеткіштен 6 есептік көрсеткішке дейін көтеру қарастырылуда.

         Экономикадағы дағдарыс құбылыстарына қарамастан, бюджет жобасында мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналарға және қамқоршыларға 2010 жылдан бастап минимальды жалақыға теңестірілген жәрдемақының жаңа түрі қарастырылып отыр. Бұл жәрдемақы мүгедек балалардың жағдайын жақсарту үшін жасалып отыр және олардың отбасыларына баланы қайтып алуынаға сеп болады.

         Ұлы Жеңістің 65 жылдығының тойлануына байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің жеңілдікті жолақыларына және біржолғы материалдық көмектеріне қаражат қарастырылып отыр. Сондай-ақ 2010 жылдан бастап Кеңес Одағы Батырларының,  Даңқ орденінің толық иегерлерінің арнаулы жәрдемақылары 130 минимальдық есептік көрсеткішке дейін, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қатарындағы Социалистік Еңбек Ерлерінің арнаулы жәрдемақылары 70 минимальды есептік көрсеткішке дейін көтеріледі. Сондай-ақ, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағын алғандарға да 130 минимальды есептік көрсеткіш мөлшерінде арнайы жәрдемақы енгізілетін болады.

Халықаралық сарапшылардың  бағалауынша, Достастық елдерінің  арасында экономикалық үдерістерді үйлестірудің қазақстандық тәжірибесі ең нәтижелі болып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын табады. Атап айтқанда, 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға бюджет жобасында 100 миллиард теңге қарастырылған. Стресстік  активтер  қорының есебінен де мемлекетке   қосымша  қолдау көрсетіледі.    Қордың  қаражаты өңдеу  өнеркәсібінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерді несиелеуге  және   үлестік  құрылысқа қатысушыларды  қолдауға    жұмсалатын  болады. Атап  айтқанда,  Қордан 20 миллиард теңге   және     банктердің тең  қаржыландыруы   арқылы 8,5 миллиард  теңге    өңдеуші өнеркәсіптегі стандартты  несиелерді  қайта қаржыландыруға  бағытталған  болатын. Өңдеуші  өнеркәсіптегі лизингілік мәмілелерді  қаржыландыруға   2   миллиард  теңге   жұмсалады. Қордан  20 миллиард теңге    Қазақстанның  Даму  банкіне  беріледі,     Банк  өз  кезегінде 50 миллиард теңге  сомаға өңдеуші  өнеркәсіптегі  ұзақмерзімдік  жобаларды  қаржыландырады.    Қордан тағы 30 миллиард теңге    Алматы мен  Астана қалаларындағы проблемалық нысандардың  құрылыстарын  аяқтауға  бағытталады,      сөйтіп   2,5  мыңнан  астам үлесшінің  проблемасы шешілмек.  Жол  картасын  жүзеге асыруға бөлінген  бюджет қаражаты   қаржыландыру  жоспарларына сәйкес игеріліп  жатыр. Жергілікті  атқарушы   органдардың   2009 жылғы    қазанның  9-ындағы мәліметтеріне сүйенсек,   жалпы,   республика  бойынша,  Жол  картасының  инвестициялық жобаларын  жүзеге асыруда  139,6 миллиард теңге игерілген.  Оның   ішінде,   республикалық бюджеттің    қаражаты - 96,8 миллиард теңге,  жергілікті  бюджеттің  үлесі - 42,8  миллиард  теңге, бұл    бір жылға қарастырылған  жалпы соманың   82,8 пайызы. Жоспарланған   5153  жобаның ішінен  3848 жоба  бойынша  жұмыстар толық аяқталды.   Жол  картасының  жобаларын  жүзеге асыруға  тартылған жұмысшылардың  орташа  айлығы  29,6 мың теңгені  құрап  отыр.Еңбек  және халықты әлеуметтік  қорғау министрлігінің мәліметтері  бойынша,    2009 жылы   жұмыс орындарын   құру  жөніндегі жобалар   жұмысшылардың  жаппай  жұмыстан босатылу ықтималдығы  туралы    болжамға   негізделді.   136 мың  адамға жасалған     ол болжам   нәтижесінде  расталған жоқ.    Дегенмен,     ол  адамдарды жұмыспен барынша қамту   басымдықты міндет  болып қалды.

«Самұрық қазына» медиахолдингі. Тұтастай алғанда, жаңа мегахолдингтің жарғылық капиталы 3 триллион 458 миллиард теңгені, немесе 23 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл көлемі бойынша жылдық республикалық бюджеткетең.Біздің жұмысымыз үшін маңызды «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңды қарау, талқылау және жедел қабылдау кезінде көрсеткен қолдауы үшін бүкіл депутаттық корпусқа алғысымызды білдіргіміз келеді. 
Бүгінде холдингтің құрамына бірінші басқару деңгейіндегі 48 еншілес және тәуелді ұйымдар, барлығы 400-ден астам ұйым кіреді. 
«Самұрық-Қазына» қорын капиталдандыру шеңберінде Мемлекет басшысы мен Үкіметтің шешімдерімен оған Қазатомөнеркәсіптің, ENRC, Қазақмыстың, Қазақстан ипотекалық компаниясының, Ипотекалық кредиттерге кредит берудің қазақстандық қорының, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің, 7 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының, «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) берілді. 
Мемлекет басшысы мен Үкіметтің шешімдеріне сәйкес холдингтің шеңберінде өткен жыл ішінде біріккен химия компаниясы, Ұлттық тау-кен компаниясы, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры, СК-Фармация, сондай-ақ «Самұрық-Қазына Келісім-шарт» ЖШС құрылды. 
Дағдарыс кезеңінде қаржы секторын қолдау шеңберінде Үкіметтің шешімі бойынша «Самұрық-Қазына» қоры БТА банкі, Қазкоммерцбанк, Қазақстан халық жинақ банкі сияқты үш  жүйе құраушы банктерге кірді. Сондай-ақ, Альянс Банкке кіру туралы мәселе қаралу сатысында тұр. Дағдарыстан кейінгі кезеңде жағдай тұрақтанғаннан кейін Қордың осы банктердің акционерлері қатарынан шығуы көзделеді. 
Мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатын әзірлеу мен іске асырудағы Индустрия және сауда министрлігі рөлінің нығаюына байланысты Үкіметтің шешімі бойынша «Самұрық-Қазына» қоры аталған министрлікке мынадай бірқатар еншілес ұйымдарды сенімгерлік басқаруға берді: Ұлттық инновациялық қор, «Kaznex» экспортты дамыту және ілгерілету копорациясы, «Қазақстан Инжиниринг» АҚ және 7 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар. 
Үкіметтің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген «Самұрық-Қазына» қоры қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда Қор қызметінің мынадай негізгі бағыттары айқындалғаны белгілі: 
1) Жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу, 
2) экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыруға жәрдемдесу, 
3) корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жолымен компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру. 
Компаниялардың өндірістік қызметі туралы қысқаша, бұл негізінен ҚазМұнайГаз, Қазақстан Темір жолы, Қазақтелеком, Қазатомөнеркәсібі, КЕГОК, Қазпочта, Эйр Астана сияқты аса ірі компаниялар. 
«Самұрық-Қазына» қоры қызметінің бірінші жылының жақсы нәтижелері ретінде, Кәрім Қажымқанұлы, сіз айтқандай, қаржы дағдарысы ұлттық компаниялардың қызметтеріне сұраныстың қысқаруы, тапсырыстар санының азаюы және ұлттық валютаның девальвациясы жолымен кейбір әсер көрсеткеніне қарамастан олардың өндірістік әлеуеті аса қысқа мерзімде жұмылдырылғанын атап өту қажет. Сонымен бірге оң нәтижелер де бар. 
Мәселен, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында мұнай мен газ конденсатын өндіру 2009 жылдың 8 айы ішінде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4% өсіп, 12,3 млн. тоннаны құрады. Магистралдық құбыр жолымен мұнай тасымалдау 2% өсіп, 37,3 млн. тоннаға жетті. 
Павлодар мұнай-химия зауыты акцияларының 58%-ын сатып алу жолымен  «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының мұнай өнімдері нарығындағы үлесі кеңейді. Нәтижесінде ұлттық компания  екі мұнай өңдеу зауытының иесіне және үшінші МӨЗ бірге иеленушіге айналды. 
Сәуірде «ҚазМұнайГаз», «CNPC Exploration and Development Company Ltd» және «Central Asia Petroleum Ltd» «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ акцияларын сатып алу туралы шартқа қол қойды. 
Сондай-ақ сәуірде Каспий құбыры консорциумының акционері болып табылатын «Kazakhstan Pipeline Ventures» БК-да ВР үлесін сатып алу жөніндегі мәміле аяқталды. 
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында жүк айналымы 2009 жылдың 9 айы ішінде өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда жолаушылар айналымы – 22,4% артты, алайда өкінішке қарай объективті себептер салдарынан жүк айналымы 12% төмендеді. 
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ЕҚДБ-мен және макензи консалтингтік компаниясымен бірлесіп 2020 жылға дейінгі темір жол көлігін дамыту бағдарламасын әзірледі. Және біз бұл осы саладағы инвестициялық белсенділікке тағы бір түрткі болады деп ойлаймыз. 
Биылғы жылы Мемлекет басшысы ұзындығы 298,4 км «Жетіген – Қорғас» жаңа темір жолы мен ұзындығы 138 км Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара темір жолының құрылысына бастама берді. 
«Жетіген – Қорғас» жаңа темір жолын салу—Ақтаудан  Қытай бағытына тасымалдау қашықтығын 500 километрге қысқартады. 
Астанада 3 шілдеде америкалық «General Electric» компаниясының қуаты жылына «Evolution» сериясындағы 150 тепловоз шығаратын локомотив құрастыру зауыты ашылды. Бұл Қазақстан мен жақын шет елдердің темір жол салаларының қазіргі заманғы магистралдық локомотивтерге деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.  
«Қазақтелеком» ұлттық компаниясы Ұлттық ақпараттық супермагистралінің құрылысын аяқтады, телефондандыруды аяқтау және тұтастай телекоммуникациялық транзит әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуде. 
Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде «Қазатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда уран өндіруді 61% ұлғайтуға қол жеткізді. 
Жаңадан құрылған кәсіпорын Біріккен химия компаниясы Үкімет бекіткен химия индустриясын құру жөніндегі жол картасының шеңберінде жалпы құны 14 миллиард  доллар болатын 23 жобаны қарауда. 
Дағдарыс кезеңінде жаңаша ойлау, шығындарды қысқарту, басқару құрылымымен бизнес-үдерістерді оңтайландыру талап етіледі. Бұл жерде де біз елеулі жұмыс жүргіздік, Кәрім Қажымқанұлы, тұтастай барлық компанияларда корпоративтік орталықты қоса алғанда, орталық басқару аппараттарының саны 15%, немесе 611 адамға қысқарды. Басқарушы компанияның өзінде 80 адам қысқартылды. Компаниялардың орталық аппараттарында еңбекке ақы төлеу қоры  жылдың аяғына дейін орта есеппен 30%, басқарушы компанияда да 30% қысқарды. Тұтастай алғанда, холдингтің шығындары 2009 жылға арналып бекітілген бюджеттермен салыстырғанда 222,5 млрд. теңгеге қысқарды, бұл 1,5 млрд.доллардан астам. Оның ішінде ағымдағы шығындар – 136,7 млрд., күрделі шығындар – 85,8 млрд. 
Ұлттық әл-ауқат қоры дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруда мемлекеттік маңызды құралы болды.  Дағдарысқа қарсы бағдарламаны  іске асыруға «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық қордан, Кәрім Қажымқанұлы, 1 трлн. 87,5 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінде экономикаға 80%-дан астамы орналастырылып та қойды, яғни 875,2 млрд. теңге  мақсаты бойынша пайдаланылды. Нәтижесінде біз неге қол жеткіздік? Біз БТА Банкінің акцияларының 75,1%-ын, Қазкоммерцбанк акцияларының 21,2%-ын, халық банкі акцияларының 20,9%-ын сатып алдық. Жылдың аяғына дейін мемлекеттің Альянс Банкінің капиталына кіру үдерісін аяқтау жоспарланып отыр. Және бүгінгі күні банк жүйесі өтімділігінің 90% астамы мемлекеттің қаражаты есебінен, ең алдымен  ҰӘҚ есебінен қамтамасыз етілді, бұл тұтастай сіз айтқандай көрсеткішке қызмет етті, банк жүйесіндегі депозиттің деңгейі өсіп отыр, яғни халықтың банк секторына деген сенімі сақталуда. Және бұл қабылданған шаралардың арқасында.  
 Үлестік құрылысты қолдау шеңберінде біз 2009, 2010-2011 жылдар ішінде Алматы мен Астана қалаларындағы, Алматы және Ақмола облыстарындағы 35 000 артық пәтерді салып бітіруді аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұған 240 млрд.теңге бөлініп, солардың ішінде 20 000 үлескер пәтермен қамтамасыз етілетін болады, бұл – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры және екінші деңгейдегі банктер арқылы үлескерлерді қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің екінші бағдарламасы да нақты нәтиже болып табылады.       
Сіздің шешіммен қабылданған ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы  аясында  кредиттердің пайыздық ставкасын 15-16 пайыздардан бюджеттік салаларда 9 пайызға дейін, халықтың қалған жіктеріне 11 пайызға дейін қысқартудың керек екені туралы біз  31 200 артық отбасыны қайта қаржыландырумен қамтамасыз еттік.  Шамамен 120 000 адам бүгінгі таңда дағдарыс кезеңінде бұрынғыға қарағанда, орта есеппен 30%  аз төлеу мүмкіндігін алды, бұл отбасылық бюджет үшін айтарлықтай үнем болып табылады.    
Шағын және орта бизнес субъектілері екінші деңгейдегі банктер арқылы 133,6 млрд.теңге мөлшерінде қаржыландырылды, солардың ішінде мемлекеттік қаражат 117 млрд.теңгені құрады. Қаржыландырумен елдің барлық өңірінде орналасқан 2 550 артық ШОБ қарыз алушы-субъектілері қамтылды. Кәсіпкерлердің отбасылары мүшелерін (орта есеппен 4 адамды) қоса алғанда бағдарламаны іске асырудың арқасында 10 мыңнан астам адам кредитті төлеу бойынша қаражатын үнемдеуге мүмкіндік алғанын немесе өз ісін дамытуға жаңа қаражат алғанын атап өткен жөн.    Осыған қосымша 4 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, қолдау көрсетілуде.    
Сонымен бірге, біздің негізгі міндет кәсіпкерлерге көмек көрсетуде экономикалық дағдарыс кезеңін бастан кешіру ғана емес, сондай-ақ одан әрі дамыту үшін негізін жасау.  Осы бизнес үшін біз бірнеше жаңа тетіктерді ұсындық.   
Біріншіден, 8 қазанда қабылданған Үкімет қаулысы шеңберінде   16-18%-дан жылдық 8%-ға дейін пайыздық ставкасын азайту есебінен ЕДБ-де қызмет көрсетілетін қарыздарды қайта қаржыландыру арқылы өңдеуші өнеркәсіпті қолдауға көмек көрсету, ШОБ субъектілері үшін жаңа жабдықтарды сатып алу бойынша лизингілік мәмілелерді қаржыландыру және ҚДБ арқылы инвестициялық жобаларды несиелендіру  болжанып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпті қаржылық қолдаудың қосымша шараларына 80,5 млрд.теңге жіберілетін болады, солардың 42 млрд.теңгесі – мемлекеттік қаражат, ал 38,5 млрд.теңгесі – тартылған қаражат.    
Екіншіден, пайыздық ставкаларды қаражаттандыру бағдарламасы әзірленді, үш жыл ішінде республикалық бюджеттен бір жылда 5 млрд.теңгеден қаражат бөлу шеңберінде                                 100 млрд.теңгеге жуық сомаға кәсіпкерлер үшін кредиттердің банктік қоржынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берілді.   
Үшіншіден, банктік кредиттерге ШОБ субъектілерінің қолжетімділігін жақсарту үшін  банктердің алдында ШОБ субъектілеріне кредит беруді кепілдендірудің жаңа бағдарламасы әзірленді, соның шеңберінде тең дәрежедегі тәуекелдер оның барлық қатысушылары арасында бөлінеді.   
Төртіншіден, қолдаудың қаржылық емес құралдары консультациялық-ақпараттық қолдау ретінде кеңінен қолдануға берілетін болады.  Қазіргі уақытта «Даму» қоры ел өңірлеріндегі әкімдіктермен және өңірлік жоғары оқу орындарымен бірге «Бизнес-кеңесші» бағдарламасын іске асыруды бастады, оның мақсаты кәсіпкерлерді бизнес жүргізу дағдыларына оқытып-үйрету болып табылады.  
Сонымен, бүгінгі таңда біз кәсіпкерлердің қажеттілігін сезінетін қолдау құралдарын табуға және пайдалануға ұмтыламыз.    
Біздің компаниялардың сатып алуындағы қазақстандық мазмұнды ұлғайтуға ерекше назар аударамыз. 8 жетекші ұлттық компанияларға (ҚТЖ, ҚазМұнайГаз, Қазатомөнеркәсіп, Самұрық-Энерго, КЕГОК, Қазақтелеком, Эйр Астана, Қазпошта) холдингтің барлық сатып алуы 90%-дан келеді. 9 айдың қорытындылары бойынша ұлттық компаниялар сатып алуындағы қазақстандық мазмұнның үлесі 66%-ға жетті, ал  2009 жылдың аяғына дейін               70% деңгейіне дейін жеткізілетін болады.  
Қазан айының басында біз сомасы 1 трлн. 270 млрд. теңгеге, оның ішінде отандық компаниялармен 1 трлн. 51,6 млрд. теңге сомасында сатып алу шарттарын жасадық. 
Биылғы жылы біз елдегі отандық тауарөндірушілердің ең толық тізілімі болған, кәсіпорындардың өздері оң баға берген Қор компаниялары жеткізушілерінің Бірыңғай тізілімін жасадық.     
Сатып алу бойынша барлық жұмысты реттеу үшін ұлттық компаниялар мен даму институттарының сатып алу үдерісінің мониторингісімен және ішкі бақылаумен айналысатын  
«Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС еншілес ұйымы құрылды.   Осы мәселе үнемі іскер топтар мен жұртшылықтың назарында болатынын ескере келе, барлық ұлттық компаниялардың тендерлік комиссияларының құрамына «Нұр Отан» партиясының, «Атамекен» Одағының және өзге де бизнес қауымдастықтардың өкілдері енгізілді. 
Сатып алудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық мазмұнды ұлғайтудың барлық салалық бағдарламалары Интернетте Қордың сайтында орналастырылды, Қазақстандық мазмұн мониторингісінің Интерактивті картасы әзірленді. Онда бүкіл жасалған  меморандумдар мен келісімшарттар, өнімдер номенклатурасы, оны өндірушілер, сатып алу бағалары, көлемдері және төлемі бойынша ақпарат берілген.  Біз сатып алуды автоматтандыру және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға айтарлықтай мән береміз.    
Ұзақ мерзімді шарттар туралы бірер сөз. ҚТЖ  «KSP Steel»  ЖШС-мен (Павлодар облысы)  сомасы 150 млрд. теңгеге жуық 65 мың тоннадан кем емес сатып алудың жыл сайынғы (2012 жылдан бастап) көлемімен рельсті өндіруге  10 жыл мерзімге кепілдік беру шартына қол қойды. Бұдан басқа, ҚТЖ Шығысмашиназауытымен (Шығыс Қазақстан облысы) ірі вагонды құюдың 10 жиынтығын сатып алуға арналған шартқа қол қойды. Шарттың жалпы сомасы   6,5 млрд. теңгені құрады. 32 мыңнан артық тауарлар атауынан тұратын Қордың ең ірі компанияларымен импортталатын негізгі тауарлар тізбесі жасалды. Біз  таяудағы үш жылда отандық өнімдер өндірісін ұйымдастыруға 209 млрд. теңгені инвестициялауға және қазақстандық кәсіпорындармен бірлесіп шамамен 34 жаңа өндірістерді құруға ниет білдіріп отырмыз. 
Мемлекеттік бюджет шеңберінде «СК-Фармация» ЖШС өткізген «бір терезе» ұстанымы бойынша дәрі-дәрмектерді сатып алуға арналған  ашық тендерлер   позволили сэкономить 739 млрд. теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді, бұл Денсаулық сақтау министрлігінің өтініш берген бюджетінен  40% аз. Біз еншілес компаниялар кемінде 5 жыл мерзімге шарттар негізінде отандық кәсіпорындармен сатып алудың ұзақ мерзімді кепілдендіру жүйесін дамытып қол жеткізуге ниеттеніп отырмыз.   
Қордың қатысуымен әртараптандыру, инвестициялық жобалар мен индустриаландыру  бойынша маңызды міндеттерге келетін болсақ, онда аяқталған жобалар арасында мыналарды ерекше атап өтуге болады. 
Алдымен, жалпы ұзындығы 486 км «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» электрді тарату аймақаралық желісін салуды аяқтау.   
Үлбі металлургия зауытында танталды конденсаторлар үшін пайдаланылатын жоғары сыйымдылықты танталды ұнтақтарды өндіру жобасы аяқталып, өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Осы жоба Қазақстанның нанотехнологиялар мен электронды өнеркәсіп салалары дамыту үшін база болып табылатын инновациялық технологияларды әзірлеу мен енгізудің айқын мысалы болады.   Өндірістік қуаты жылына әртүрлі класстардағы танталды ұнтақтардың 73 тоннасын құрайды. 
ҚДБ қаржы желісі бойынша  «Ютекс» АҚ тоқыма бұйымдарын шығару жөніндегі зауытты салу аяқталды.  
Жақында жалпы ұзындығы 1097 км  «Қазақстанның Солтүстік – Оңтүстік» 500 кВ транзитті электр берудің екінші желісін салу аяқталды, бұл 700 мВт арналған қолданыстағы транзиттің өткізгіш қабілетін арттыруға мүмкіндік туғызды.   
Бүгінгі күні Қорда жалпы сомасы 24,4 млрд. доллар болатын 30 ірі жоба, оның ішінде энергетика саласында – 8 жоба, химияда – 7, мұнай-газ өнеркәсібінде – 4, металлургияда – 2, фармацевтика мен туризмде – бір-бір жобадан, теміржол мен телекоммуникация салаларында – 3 жоба қаралу үстінде. 
Құрылыс сатысында оларды іске асырған жағдайда  45 мыңнан астам жұмыс орны, объектілерді пайдалануға енгізгеннен кейін             10 мыңнан астамы  құрылатын болады. 
 Қазіргі уақытта оның 3 жобасы Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия оларды мақұлдағаннан кейін қаржыландыру сатысында. Бұл Тараз қаласында ферроқорытпа өндірісін кеңейту және жаңғырту, Ақтау халықаралық теңіз сауда портын кеңейту, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын кешенді дамыту. 
Қор үшін экономиканың басым секторларының бірі энергетика болып табылады. Ақшабұлақ кен орнында ГТЭС және Орал ГТЭС салу жөніндегі мақұлданған жобалар өндірістік базаны одан әрі өсіру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.  
Ұлттық қордан «Самұрық-Қазына» қорына бөлінген қаражаттың көлемі жобаларды іске асыру үшін талап етілген қаржыландыру көлемінен біршама аз болуы нәтижесінде, қажетті қаражатты жұмылдыру үшін инвесторлардың жобаларын іске асыруға тарту, сондай-ақ экспорт-кредит агенттігін, оның ішінде Қытай мен Ресейді қоса алғанда, өзге сыртқы қаржыландыру көздерін іздеу мүмкіндігі зерделенуде. Мемлекет басшысының биылғы жылғы жеке қолдау көрсетуінің арқасында 10 млрд. доллар көлемінде қытай қарызы тартылды.  
2009 жылғы сәуірде Қазақстан Даму Банкі мен ҚХР Эксимбанкі арасында «Самұрық-Қазына» қорының кепілдігімен 5 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде ұзақ мерзімді (15 жылға дейін) қарыз беруге негіздемелік келісімге қол қойылды. Жобалардың тізбесі Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиясында қаралатын болады.  
2009 жылғы сәуірде «Самұрық-Қазына» қоры мен Қытай Мемлекеттік Даму Банкі арасында экономиканың шикізат емес секторларында жобаларды қаржыландыру үшін 3 млрд. доллары мөлшерінде қарыз беруге негіздемелік келісімге қол қойылды.

«Самұрық-Қазына»  қоры қызметінің тағы бір біршама  маңызды бағыты корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Осы мақсатта Корпоративтік басқару кодексінің жобасы әзірленді, оны ағымдағы жылғы қазанда бекіту жоспарланып отыр. 
Жалғыз акционер тұлғасындағы Үкімет қолдау кезінде бірқатар қажетті нормативтік құқықтық актілер қабылданды. 
Жалпы, Қордың Директорлар кеңесі Қордың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын маңызды әрі пәрменді корпоративтік басқару органы болды. Ол Қор қызметінің басым бағыттарын және стратегиялық мақсаттарын анықтайтын болады. Директорлар кеңесінің жанынан мынадай төрт комитет құрылып, жұмыс істеп жатыр: Аудит комитеті, Тағайындаулар комитеті, Сыйақы комитеті, Мониторинг, бақылау және талдау комитеті. Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» қорында корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесіне сәйкес Ішкі аудит қызметі құрылды.     
Қор Басқармасы алқалық атқару органы ретінде оның ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.  
Өткен кезеңде Қор 8 еншілес компанияда корпоративтік басқару жүйесіне диагностика жүргізді. Біз таяу уақытта бұл диагностиканы жариялайтын боламыз. Компаниялардың корпоративтік басқару деңгейін анықтау әдістемесі әзірленді. 
Әлемдік қаржы дағдарысы көрсеткендей, компаниялар, банктер және қорлар тәуекел менеджменттің тиімді жүйесін тәртіпке келтіруге ерекше назар аударуы қажет. Осыған байланысты, «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының тобында тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесі енгізілді. Атап айтқанда, корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесінің талаптарына сәйкес Қордың Басқармасы мен Директорлар кеңесіндегі қолданыстағы тәуекелдер бойынша тұрақты есептілік белгіленді. Еншілес компанияларда тәуекелдерді басқару деңгейін арттыру жөнінде жұмыс жүргізілді, оның ішінде еншілес компанияларда тәуекелдерді басқару жүйесін арттыруға бағытталған тәуекелдерді басқару жөніндегі әдіснама бекітілді.  
Қордың тобы компанияларының ақшаларын басқару жөніндегі бекітілген бірыңғай саясат арқылы Қордың тобы компанияларының ақша ағындарын үйлестіру жүйесі енгізілді, екінші деңгейдегі банктерге орналастыру және лимиттерді белгілеу ережесі реттелді.  
Қор еншілес компаниялардың өзара байланысты банктердің қаржы тұрақтылығын және өтемпаздығын арттыру мақсатында ақша қаражатын әртүрлі қаржы институттарына орналастыру арқылы, оның ішінде облигацияларды сатып алу арқылы оларды тиімді басқаруды жүзеге асырады.   
Бюджетті жоспарлау саласында компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру үшін Қор Басқармасы төрағасының басшылығымен Бюджет комитеті құрылып, тұрақты негізде жұмыс істеуде. Оның мақсаты қызметті жоспарлау және мониторинг жүргізу мәселелері бойынша компаниялардың корпоративтік басқару органдарында Қор өкілдерінің бірыңғай ұстанымын әзірлеумен қорытындыланады.  
«Самұрық-Қазына» қоры стратегиялық және ортамерзімді жоспарлауды үйлестіру мақсатында Еншілес ұйымдарды дамыту жоспарларын әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, орындау және орындалуы мониторингі ережесін, сондай-ақ2009-2013 жылдарға арналған еншілес компанияларға қатысты Қордың дивидент саясатын және дивидендтер есептеу нормативтерін әзірледі. Қор Басқармасының және Бюджет комитетінің отырыстарында тиісінше ай сайын және тоқсан сайын қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы компаниялардың есептері қаралады.   
Негізгі құжаттардың бірі 2020 жылға дейінгі Қордың даму стратегиясы болып табылады, оның жобасы Директорлар кеңесінің отырыстарында бірнеше рет қаралды. Қордың Директорлар кеңесінің соңғы отырысында Қордың миссиясы мен міндеттерін, Қор активтерінің құрылымын оңтайландыру бағытын анықтайтын «Самұрық-Қазына» қоры дамуының стратегиялық басымдықтары мақұлданды. 
«Самұрық-Қазына» қоры еншілес компаниялармен бірлесіп Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған стратегиялық мақсаттар мен шұғыл міндеттерді одан әрі орындауға ниетті.      
Алдағы жылға біз қандай міндеттер қоямыз?  
Өндірістік және инвестициялық қызмет шеңберінде:

  • ұлттық компаниялардың өндірістік-қаржы көрсеткіштерін жақсарту;
  • бизнес үдерістерді және басқару құрылымын одан әрі оңтайландыру, бейінсіз активтерді бөлу есебінен ұлттық компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру;
  • қазақстандық мазмұн үлесін ұлғайту;
  • мақұлданған инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың белсенді фазасын бастау.

Дағдарысқа  қарсы қызмет және қаржы институттарының қызметін жетілдіру шеңберінде:

  • ЕДБ тиімділігін арттыру және оған халықтың сенімін нығайту жөніндегі шараларды іске асыру;
  • ҰӘҚ тетіктері арқылы қаржыландырылатын 70% үлестік құрылыс объектілерін аяқтау;
  • кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа инструменттерін іске асыру; 
  • бизнес үдерістерді және даму институттарында жобалардың бастамашыларымен жұмыс рәсімдерін жақсарту арқылы даму институттары қызметінің тиімділігін арттыру.

 

   Корпоративтік  басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде:

  • кері байланысты жақсарту және холдинг, Жалғыз акционер (Үкімет), басқа мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат ағынын реттеу;
  • еншілес компанияларда корпоративтік басқару органдары қызметінің тиімділігін арттыру (Директорлар кеңесі, Директорлар кеңесінің Комитеттері, тәуелсіз директорлар, Басқарма, Ішкі аудит қызметі және басқалар);
  • Қор және оның компанияның кадр саясатын жетілдіру жөніндегі жұмысты жандандыру.

 

  
Біз көріп отырғанымыздай, біздің Қордың алдында ірі міндеттер тұр, біздің экономикамыздың одан әрі дамуы  оларды іске асыруға байланысты. Мәніне қарай Қор ұлттық экономиканы салушыға айналып барады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. «Егемен Қазақстан», наурыз, 2008ж.
    2. «Жас қазақ», ақпан, 2009
    3. «Айқын», тамыз, 2009

Информация о работе Дағдарыстың ел экономикасына әсері