Cалық салу механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 15:55, реферат

Краткое описание

Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады.
Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады.

Содержание

1.ДСҰ-ның пайда болу тарихы
1.1. СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы
1.2. Токиолық раунд-сауда жүйесін реформалауға алғаш әрекет жасап көру
1.3. СТЖК табысқа жетті ме?
1.4. Уругвай раунды-жаңа жүйені жасау
2. Әлемдік сауда жүйесінің негіздері
2.1. Дүниежүзілік сауда ұйымы дегеніміз не?
2.2. Сауда жүйесінің принциптері
2.3. ДСҰ СТЖК-нен қалай ерекшеленеді
2.4. ДСҰ құрылымы
2.5. ДСҰ секретариаты және бюджеті
2.6. ДСҰ-на мүше болудан түсетін артықшылықтар
2.7. Соңғы жылдары ДСҰ-на кіретін елднр тәжірибесі
3. Қазақстанның ДСҰ-на кіруі
3.1. Қазақстанның ДСҰ-на кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда артықшылықтары көп болады
3.2. Ауылшаруашылығы-Қазақстанның көмекті қажет ететін жалғыз саласы
3.3. ҚР ДСҰ-на кіруі жайындағы келісім сөз үрдісі

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖОСПАР.docx жулдыз.docx

— 50.47 Кб (Скачать документ)

3.3. ҚР ДСҰ- на кіруі  жайындағы келісім сөз үрдісі. 
Қазақстанның ДСҰ- на кіру үрдісі 1996 ж. 26 қаңтарында басталды. 1996- 2002 ж.ж. аралығында ДСҰ- на кіру жөнінде көптеген ақпараттық мәліметтер көлемі бағытталған. 
Осы уакыт ішінде Жұмыс тобының 7 отырыстары мен Қазақстанның нарығына тауарлар мен қызметтердің енуі жайында бастапқы ұсыныстарды талқылау жөнінде 13 екіжақты келісім сөздер жүргізілген. 
Халықаралық сауда ережелеріне республика заңнамасының сәйкестенуі арта түсті. Ішкі нарықты, селекционды жетістіктерді қорғау, стандартизация, патенттер жайында жаңа заңдар қабылданып, кедендік заңнамаға өзгертулер енгізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып келеді. 
15 жыл ішінде жеткен жетістіктер қорытындысы бойынша Қазақстанның ДСҰ- на кірудің ақпараттық кезеңі аяқталып, ДСҰ- ның мүше елдерімен белсенді келісім сөздер жасау кезеңіне өттік. 
Тауарлардың нарыққа кіруі жайында нақты келісім сөздерді жүргізуге Қазақстанның ДСҰ- на кіру жайындағы, жұмыс тобының 38 мүшелдері ішінен 15 мемлекет қатысуға ынта білдірді. Олардың ішінде ықпалы көптері: АҚШ, ЕК, Жапония, Канада, Австралия және Швейцария. Қызметтер бойынша 8 мүше елдер келісім сөздерді белсенді түрде жүрізіп келеді: АҚШ, ЕК, Канада, Швейцария, Жапония, Австралия, Латвия және Польша. 
Қазақстан Республикасы ЕврАзЭС-тің мүше мемлекеттерінің Үкіметтік кездесулеріне белсенді түрде қатысатындығын атап көрсеткен жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды 
“Үкіметке мынаны тапсырамын: 
…ДСҰ-ға кіру шеңберінде біздің экономикамыздың кейбір салаларын, әсіресе, шикізатты өңдеуді дамыта отырып, ауыл шаруашылығын қолдауға мүмкіндік беретін арнаулы экономикалық “бейімделу бағдарламасын” әзірлеп, іске асыратын болсын”. 
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдаунан 1 наурыз 2006 ж.Дүниежүзілік сауда ұйымына өтуді жақтаушылар да, оған қарсылар да уақыт озған сайын өз дәлелдерін алға тартып, дауыстарын айқынырақшығарып жатыр. Бұл заңды да. өйткені дүниежүзілік сауда ұйымы секілді әлемнің 149 мемлекетін біріктірген экономикалық алпауыт ұйымның құрамына ену ойласпай шеше салатын мәселе емес. Себебі бұл ұйым қайырымдылық одағы емес, керісінше қиян-кескі бәсекелестік өтетін алаң ұйымды күшті тауар өндірісі бар ел ғана жеңіске жетеді. Күшті деген сөзді ең бірінші “арзан” тауар өндіре алу деп түсіну керек. Екіншіден, күшті деген сөзді “сапалы” деген сөзбен алмастыруға болады. Яғин өзіндік құны төмен, бірақ жұрт қызығатындай сапалы тауар өндіре алсаң ғана бұл ұйымның қызығын көресің. Ал ондай мүмкіндігі болмағандар импорт тұтынушысы шеңберінде өмір сүреді. Ақиқат осы. Ал осындай бәсекеге біз төтеп бере аламыз ба? Міне, бүгінгі әңгіме осы жайлы болмақ. 
Бұған дейін қазақ пен орыс елі Дүниежүзілік Сауда ұйымына “қол ұстасып”, бірге кіруге сөз байласқан –тын. Алайда осыдан біраз ай бұрын Въетнам астанасы- Ханойда Ресей АҚШ-пен “ДСҰ-ға кіру туралы Хаттамаға” қол қойғанда, Қазақстанның енді жападан-жалғыз қалғандығы анық болды. 
ДСҰ-ға мүше болмасқа амал жоқ. Замана талабы осыған міндеттеп отырғандығын дұрыс түсінгеніміз игі. Жаһандану үрдісінің алдыға айналған алып доңғалағын тоқтату мүмкін емес. Керісінше, біздің одақ қалып қоймай, ертерек бейімделе бергеніміз жөн. Экономикалық қарым-қатынастарымызды, сауда-саттығымызды жаңа талаптарға сәйкестендірудің алғышарттарын нақты белгілеп алуымыз қажет. Сонымен Қазақ Елі 1996 жылдан бері ДСҰ-ға кіреміз деп осы ұйымға мүше елдермен толып жатқан келіссөздер жүргізіп келеді. Талай-талай заңдар өзгерілді, жаңа стандарттар (ГОСТ) енгізілді. Не ойлағаны барын кім білсін Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдердің кейбіреулері оған бөлек-бөлек болмай, кірсек бәріміз бірге кірейік деген ұсынысты да айтып жүр. Сонда Қазақстан сыртқа шығаратын өнімі де (егер өнім бар болса!) солар шығаратын өнімнің есебіне кіріп кетпей ме деген күдік тағы мазалайды. Қазақ атам мұнайда “Ортақ өгізден оңаша бұзау артық” дейтін еді – ау… 
Ал осы Одақтың мүше елдері ДСҰ – ға бөлек – бөлек кірсе де олар бізге “торговый партнер” болып шыға келеді емес пе! 
Қазақстан ДСҰ – на кіреді дегеннен – ақ көңілімізге қатты бір күдік ұялайтын еді. Әрине, ол ауылшаруашылығына байланысты. Ауылшаруашылығы дегенде қазақтың дені ауылда тұратыны еске түседі. Қазақтар қазір өз күнін көруге бейімделіп, тырбанып мал өсірген болып жатыр. Біздің әлі күдігіміздің өзі базар экономикасы жағдайында күндердің күні болғанда малыңыздың құны көк тиын болып қалмай ма, деген күдік еді. ДСҰ – на кіргеннен кейін сол күдігіңіздің расқа айналатынына көзім жете бастаған сияқты. Қанша жерде аграрлы мемлекет десеңіз де, Қазақстанның бүгінгі ауылшаруашылығы әбден күйзелген сала. Қазір көзі ашық, саяси да, экономикалық та білімі бар ел азаматтарының біразы ДСҰ жағдайында біздің ауылшаруашылығы бара – бара өмір сүруін тоқтатуы мүмкін деген пікір тоқталып жүр. Бұған қазақ ауылдарындағы ауылшаруашылық техникасының жоқтығы, бар болса оның әлдеқашан көнергені, әрі бүгінгі заман талабына сай емес екендігі, жаңа технологияның жоқ екені, климаттың жағдайы әртүрлі екенінің өзі – ақ дәлел бола алады. Ауылға кадр бармайтыны, барса тұрмыстық — әлеуметтік жағдайдың жоқтығынан тұрақтамайтыны таға бар. Жаңа техника алдық, жаңа технологияны игереміз дегеннің өзінде оны игеретін кадрларды қайта оқыту керек. Бұл аз болса… 
Бұл аз болса, мынаны да еске алыңыз. ДСҰ – ға мүше елдердің ішінде ауылшаруашылығы шарықтап, әбден дамыған Канада, Бразилия, Аргентина, Австралия сияқты мықты – мықты елдер бар. Оладың өздері мүше болып отырған осы ДСҰ – ға деген ауылшаруашылығы бойынша өте қатаң өз ұстанымдары бар. Ауылшаруашылығына пайдаланылатын жердің әр гектарына бірнеше жүздеген доллар төленеді. Ал Қазақстанда ауылшаруашылығына көмек деп аталатын көмекті ортақ бөлімге келтірсек, әр гектарга бар болғаны 14 доллардан келеді екен. Сөйтіп отырып ДСҰ – ға кіреміз, сөйтіп отырып ауылшаруашылығында бәсекеге түсаміз деу өзіңді — өзің алдап, не қаратабан ауыл қазағын алдау емес пе? Олай болса, кейбіреулердің “ДСҰ – ға кіргесін көп ұзамай – ақ Қазақстан Республикасы дегеніміз үлкен – үлкен бірнеше қала болып қалады” деген сөзі расқа айналмай ма? Оның аржағында не боларын не боларын айтуға ауыз бармайды… “Аттыға ерем деп, жаяудың таңы айырылыпты” деген осы шығар, сірә!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мамыров “Халықарылық  экономикалық қатынастар” –  Алматы, 2002 жыл 
2. Аманжан ЖАМАЛОВ: “Дүниежүзілік сауда ұйымы құбыжық емес”. Алтын Орда газет. №13, 24-30 наурыз 2006 ж. 6-бет. 
3. АНА ТІЛІ газет. №44, 3 қараша 2005 ж. 4-бет. 
4. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК сауда ұйымына кіру бізге не береді? АНА ТІЛІ газет. №28, 14 шілде, 2005 ж. 8-бет. 
5. Жас қазақ үні газет. №18, 06.05-12.05. 2005 ж. 4-бет. 
6. “ДСҰ-ға өту-бәсекелестікке лайықтыларға ғана қолайлы”. АҚ ЖОЛ ҚАЗАҚСТАН газет. №14, 6 мамыр 2005ж. 6-бет. 
7. ДСҰ-ға енбей, “ас батпайды” , енсек, шетелдік жұмысшылар қаптайды. АЙҚЫН газет. 29 қараша 2006ж. 1,2-бет 
8. “ДСҰ-жұмақ емес”. АЙҚЫН газет. 3 наурыз 2006 ж. 6-бет. 
9. “Тауар өндіре алсаң ғана ДСҰ-ның қызығын көресің”. АЙҚЫН газет. 30 наурыз 2006 ж. 7-бет. 
10. Министр Жақсыбек Құлекеев: “ДСҰ-на ену Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы орнын бекемейді”. “Егемен Қазақстан” газет. 18 мамыр 2001 ж. 2-бет. 
11. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы. 2004 жылдың қаңтар-шілдесі. №7, А:2004.-51-58 бет, 285-286 бет.

 

 

 


Информация о работе Cалық салу механизмі мен функциясының қалыптасу негіздерін талдау