Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 18:03, реферат
Бәсекелестiк бар нарықта, пайдасын көбейту үшiн өндiрушiлер өзiнiң өндiрiс шығындарын мүмкiндiгiнше төмендетуге тырысады. Осының нәтижесiнде өнiмдiлiк артып, шығындар кемiп, компания өзiнiң бөлшек саудадағы бағасын түсiруге мүмкiндiк туады. Сонымен бәсекелестiктiң арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi артып, баға төмендейдi. Бәсекелестiк, сонымен бiрге, өндiрушiлердi тауардың сапасын жақсартып, ұсынылатын тауар мен қызмет көрсету түрлерiн тұрақты көбейтiп отыруға итермелейдi.
Кiрiспе 2
1. Бәсеке – нарықтың негізгі элементі 3
2. Нарықтық бәсекенің әртүрлi құрылымдарының салыстырмалы сипаттамасы 4
3 Монополиялық бәсеке 13
4 Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері 13
5. Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі жұмысын талдау 14
4. Монополиялық бәсекелес фирмалардың ұзақ мерзімдік кезеңі 15
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер 18
1-cурет. Олигополия сұраныстың қисық сызығы.
Iлесу жауабын таңдаған кезде (Д1Д1) бiрiншi фирманың бағаны кез келген төмендетуi оны сатудың шамалы ғана өсуiне әкеледi, өйткенi екi бәсекелес те оның соңынан ередi және оған бағадан қандайда да болсын басымдылық алуға жол бермейдi.
Осыған ұқсас пайымдауларды бiрiншi фирма бағаны арттырған жағдайда да келтiруге болады: басқа фирмалар да оның соңынан бағаны арттыратын болғандықтан, бiрiншi фирма нарықтан ысырылып шығарылмайды және сатудағы өз үлесiнен айырылмайды.
Елемеу жауабы жағдайында (Д2Д2) егер бiрiншi фирма бағаны төмендетсе, онда ол басқа екi бәсекелестiң есебiнен (олар бағаның төмендеуiне жауап қайтармайтындықтан) сатудың әжептәуiр өсуiне қол жеткiзедi.
Егер де бiрiншi фирма бағаны жоғарылатса, онда ол нарықтан ысырылып шығырылады (ол бәсекелестердiң бағасынан жоғары бағамен сататын болады, демек, сату кезiнде олардың пайдасына қарай айырылады).
Елемеу жауабы кезiнде сұраныс iлесу жауабына қарағанда бiршама икемдi екендiгiн байқау қиын емес (Д1Д1 және Д2Д2 қисығының иiлуiн салыстырғанда).
Қандай жауап басым болады?
Егер олигополистердiң арасында құпия келiсiм болмаса, онда бағаны төмендеткен жағдайда бәсекелестер оны iстеген фирманың мысалына iлесетiн (сонымен, оған өз есебiнен сату көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк бермей), ал бағаны жоғарылатқан кезде оны елемейтiндiгiн (соның есебiнен сату көлемiн ұлғайта отырып, бәсекелестi нарықта ысыру) ұйғару қисынды. Сөйтiп, олигополистiң сұраныс қисығы Р нүктесiнде “сынды”.
Олар:
Монополия бәсекенiң мұратын бұзғаны үшiн айыпталса, бәсеке ертеден-ақ экономикалық мәселердi оңтайлы шешуге әкелетiн күш ретiнде қарастырылады. Алайда, таза (жетiлген) бәсеке сияқты нарық құрылымы нақты өмiрде ешқашан болған емес, жоқ әрi болмайды да. Бұл — нарық қатынастар әрекет етуiнiң мұратты үлгiсi, нарықтың басқа құрылымдарының әрекет етуiн бағалау белгiсi. “Көрiнбейтiн қол”, яғни бәсеке жағдайларында қалыптасатын нарықтық бағалар, әсерiмен өндiрiс барынша аз орташа шығындарымен жүзеге асырылады. Демек, өндiрушi ресурстарды тиiмдi пайдаланады. Өндiрiс көлемi қаншалықты көп болса, ол соншалықты көп табыс алады. Осыған орай өндiрушi өнiдiрiстiң барлық факторларын толық пайдалануға мүдделi. Пайданы қалыптасуының шегiнен арттыру әдетте тек ғылыми-техникалық прогрестiң есебiнен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Осыдан келiп ғылыми-техникалық жетiстiктерiн барынша тиiмдi пайдалану таза бәсеке жағдайында жүзеге асады деген қорытынды жасады. Бәсекелi нарықтық механизм экономикалық мәселелердi мiнсiз, iрi бизнестiң немесе бюрократияның араласуын қажет етпей-ақ шешедi.
Таза бәсекенiң қасиеттерi көптеген экономистердiң монополияны айыптауы үшiн негiз болады. Адам Смит “монополия басқарудың ұлы жауы болып табылады” деп есептедi. Монополияны қауiптi бәсекенi жоя отырып, ол өндiрiс дамуының қозғаушы күшiн құртатындығында бағалармен және өндiрiс көлемдерiмен амалдай отырып, ол қалыптыдан тыс пайданы иемдене алады. Егер пайданы өндiрiстi қысқарту және бағаларды шарықтату арқылы арттыруға болатын болса, онда ғылыми техникалық прогресс жетiстiктерiн ендiру ынтасы жоғалады. Монополия қарсыласады немесе технологиялық жетiстiктердi жаншып тастайды. Нарықтың монополиялық құрылымының белгiлерiн график түрде былайша келтiруге болады.
2-сурет Р бағасы мен X өндiрiс көлемi кезiнде монополия пайда ала алмайтындығын көрсетедi, яғни баға Е нуктесiнде орташа шығындарға тең. Өндiрiс көлемi ОX1-ге дейiн қысқарса, баға Р1-ге дейiн артады, әдеттегiден артық пайда туады. Ол Р1 баға мен орташа шығындардың (В мен М нүктелерiнiң арасындығы кесiндi) айырмасына тең. Оның көлемiн Р1ВМL тiкбұрышты сипаттайды.
Д
Р С
Р1
Р2
L
O Q1 Q2 Q
2-сурет. Нарықтың монополиялық құрылымы:
ДД- сұраныс қисығы, АС-орташа шығындар.
Монополиялық бәсеке жағдайындағы бағаның құрылуы да осыған ұқсас жүредi. Өзгешелiгi—бағаны арттыру мүмкiндiгi тек өнiмнiң дифференциалдануымен байланысты екендiгiнде. Сондықтан да монополиялық бәсеке жағдайындағы бағаның құрылуына фирманың әсерi, таза монополия жағдайына қарағанда әлсiздеу.
P D
P3 B
C
G
P1 K
P2 L D
0 Q3 Q1 Q2 Q
3-сурет. Нарық монополиялық құрылымындағы бағаны үкiметтiк бақылаү.
Графикке назар назар аударатын болсақ, мономолия өндiрiс көлемiн ОX және бағаны РО деңгейiнде орнатқаннан соң үкiмет бағаға бақылау енгiздi деп ұйғаралық. Жаңа баға (ОР1) монополиялықтан төмен. Өндiрiс көлемi ОX1-ге дейiн артады. Жаңа баға тағы да фирмаға үстеме пайда табуға мүмкiндiк бередi (баға мен орташа шығындардың айырмасы сақталынып қалады: ЕК кесiндiсi). Егер де бағаны тағы да ОР2-ге дейiн төмендетсек, онда фирма залалдығы айналады, өйткенi орташа шығындар бағадан асып кетедi—GL кесiндiсi. Бағаның жаңа деңгейiнде өндiрiстi ұлғайту тиiмсiз болады.
X-X2 тапшылығы, сонымен бiрге “қара” нарық, кезектер, мүмкiн тұтынуды мемлекеттiк реттеу пайда болады. Егер бағаның шегi орташа шығындарадың шегiнен сәл ғана жоғарылатылса, онда ұзақ мерзiмдi жоспарында монополист өндiрiсiн кеңейтедi.
Бағаны бақылау таза бәсекелiкке қарағанда нарықтық олигополиялық және монополиялық құрылымдарынды барынша тиiмдi. Өндiрушiлердiң зор пайдаланылмаған өндiрiстiк қуаттары бар және үстеме пайда алады деген жағдайда ғана бағаны бақылау оларды өндiрiстi ұлғайтылуына түрткi бола алады. Монополиялық құрылымдарда мемлекетке азын-аулақ iрi өндiрушiлердi бақылау оңай. Сонымен бiрге бағаны бақылаушылар тарапынан болмай қоймайтын қателiктер тапшылық және қысқа мерзiмдi жоспардағы үйлеспеушiлiк пен ұзақ мерзiмдi жоспардағы тиiмсiздiктiң пайда болуына әкелуi мүмкiн. Егер бақылау пайдалылықты азайтатын болса, монополистер мемлекеттiң талаптарына iрiткi салады.
Жетiлмеген бәсекелi рыноктың үлгiсi қоғамның барлық ресурстарын барынша ұтымды пайдалануы, өнiм өндiруге жұмсалан қоғамдық шығындарды мейлiнше азайтуды көздейдi. Жетiлмеген бәсекелi рынок жетiлген бәсеке жағдайында қалыптасқан тепе-теңдiк қалыптасқан ауытқуды бiлдiредi. Сондықтан, қоғам шаруашылық өмiрдiң монполиялануынан белгiлi бiр залал шегедi. Түбiнде монополия мәселесi жетiлген бәсеке жағдайындағы жеке тауар өндiрушiнiң еркi мен сапасынан тәуелсiз бағаға билiк мәселесiне айналады. Бағаға билiк (салыстырмалы және еш уақытта абсолюттi болмайды) — жетiлмеген бәсекелестiң, ие монополистiң қолындағы өте нәсiп құрал. Егер бұл билiктi сонымен қатар өндiрiс көлiмiнде үнемдеудiң нәтижесiнде өнiм өндiру шығындарын азайтумен, ғылыми- техникалық прогрестi дамытумен рынокқа арзан бағалы өнiмдердi жаппай шығарып толтырумен қосақталса, онда жетiлмеген бәсеке қоғамға белгiлi бiр ұтыс әкеледi. Түптеп келгенде, қоғамның экономикалық дамуының объективтi прогресi жетiлмеген бәсекелi рынокқа алып келедi. Бағаға билiк табиғатқа билiкпен салыстыруға болады. Мысалы, бiз құнарсыз топыраққа, құрғақ климатқа қанағаттанбасақ, онда суландыру, жасанды тыңайту шараларын жүргiзе отырып, табиғатқа билiгiмiздi өз игiлiгiмiзге айналдырамыз. Бiрақ, егер белгiлi шектен өтiп, кетсек, онда бiздiң билiгiмiз қоршаған ортаны қиратумен тынады. Өкiнiшке орай, көбiнесе бiздi осындай жағдайлар орын алып келедi.
Монополиялану да осындай, бағаға бақылаудың бiр дәрежесiнен өтiп кетсек, ол қоғамның байлығын талқандауға жеке құртуға әкелiп соғады, тоқырауға бастайды тағы басқа. Бағалар туралы құпия келiсiмдер, жасанды тапшылықтар жасау — мұның бәрi монополияландырудың қауiптi көрiнiстерi. Рынокты экономикалық елдерде кезiнен қолданатын монополияға қарсы заңдармен реттеу, бағаға билiктiң сол шегiн табу әрекетiне жатады.
Келесi тағы бiр ұғым — монополияға қарсы саясат. Яғни монополияға қарсы заң не әкеледi, пайда ма, әлде зиян ба?- деген сұрақ туады. Менiң түсiнiгiмше, бәсекелестiк керек екендiгiн түсiнетiн көптеген адамдар сонда да нарықтың жұмыс iстеуiне мемлекеттiң араласуын құптамайды. Оның iшiнде үкiметтiң қарсы заңдарының Америка корпорацияларының бәсекелестiкке қабiлетiне шетел компанияларымен салыстырғанда әсерiн тигiзедi деп ойлайды. Ондағы негiзгi дәлел, көптеген шетел компаниялары жұмыс iстейтiн мемлекеттерде АҚШ-тағыдай монополияға қарсы заңдар жоқ, сондықтан да, олардың Америка өнеркәсiбiне қарағанда, көп артықшылықтары бар. Мысалға Жапонияның компьютер фирмалары жаңа бағдарламалық қамтамасыздандырулар жасау мен оларды жарнамалауда бiрiгiп жұмыс iстеулерiне болады. Ал Америкада мұндай әрекеттер заңға қарсы деп есептелiнедi. Сонымен монополияға қарсы заңдар мақсаты Америка тұтынушыларын жасырын келiсiлген баға тағайындау және тағы сол сияқты әрекеттерден қорғау болғанымен, шын мәнiнде, мұндай жағдай Америка компанияларының басқа ел компанияларымен бәсекелесу қабiлетiн шектеуi мүкiн.
Ал, монополияға қарсы заңдардың күшейуiн жақтаушылар шетелдiк бәсекелестерден келетiн қауiп-қатер туралы дәлелдер фирмалардың бәсекелестiктi жою мақсатында жасаған “түтiн шымылдығы” дейдi. Шетелдiк бәсекелестердi өндiрiстi тиiмдi ұйымдастырып көлемiн үлкейтпей-ақ жеңуге болады – дейдi бұл топ. Монополияға қарсы заңдар және фирмалардың қосылуы. Көптеген зерттеушiлер фирмалардың көлбеу бағытта қосылуы өндiрiстi тиiмдi ұйымдастыруға кеңiнен жол ашып, өнiмдiлiктi артырады дейдi. Өнiмдiлiктiң артуы, өз кезегiнде, тауардың өзiндiк құнын кемiтiп, тұтынушыға да пайдасын тигiзедi және шетел фирмаларын бәсеке сайысында жеңiп шығуға мүмкiндiк бередi. Бұл көзқарасқа қарсылар, көлбеу бағытта қосылу бәсекелестiк азаю нәтижесiде өндiрiстiң тиiмсi жұмыс iстеуiне, ресурстардың босқа шығындалуына, өнiм бағасының артуына әкеледi деп дәлелдейдi. Сондықтан да, олар монополияға қарсы заңдарды күшейтiп, бәсекелестiктi және нарықтық жүйенi қорғауды талап етедi. Осы сияқты фирмалардың тiк бағытта қосылуын үкiмет реттеуiн қорғау дәлелдерi ұсынылады. Фирмалардың тiк бағытта қосылуын жақтаушылар болат өндiру зауытының көмiр команиясының сатып алуы экономиканың дамуына себеп болады дейдi. Атап айтқанда, болат өндiру үшiн көмiр өте қажет компонент. Ендеше, болат өндiретiн компанияның қарамағында көмiр шығаратын шахталар болса, онда ол аз шығынмен шығарып, тиiмдi жұмыс iстетедi. Тiк бағытта қосылудың қарсыластары керiсiнше дәлелдейдi. Шынында да, АҚШ-тағы ең тиiмдi болат өндiрiстерi онша үлкен емес, тәуелсiз зауыттарда қалыптасқан. Ал, “U.S. Steel & Bethlehem Steel” сияқты алып компанияларда жұмыстары ондай тиiмдiлiктерге жете алмай отыр. Оның себебi, тiк байланыстағы iрi компаниялар шикiзаттарды тек өзiнiң бөлiмшелерiнен алуы керек, ал тәуелсiз фирмалар, керiсiнше ең жақсы шикiзат жабдықтаушыларды таңдауына болады.
Конгломерат қосылуды жақтайтындар әр түрлi үлкен фирмалардың бiр-бiрiмен қосылғанынан ешқандай жамандық болуы мүмкiн емес дейдi. Егер балмұздақ шығаратын үлкен зауытты мұнай өндiретiн үлкен компания сатып алатын болса, оларды өз салаларындағы нарыққа әсерi нелiктен өзгерiп кетуi мүмкiн деп таң қалады олар. Бұл екi компанияда қосылғаннан кейiн, конгломератқа қосылғанға дейiнгiсiнен артық нарықты бақылау мүмкiндiгi болмайды дейдi. Конгломерат қосылудың қарсыластары, мұндай конгломеративтiк корпорациялардың орасан зор көлемiнiң өзi-ақ оларға нарықта басым болуға мүмкiндiк бередi. Олардың ойынша, екi iрi компания бiрiккенде, олар әдетте, екi жақтың капиталын бiр саладағы нарықты жаулап алу үшiн нәтижелi пайдалануына болатындығын түсiндiредi. Ал жаулап алғаннан кейiн бағаны қайта өсiру мүмкiндiгi туады.
«Микроэкономиканың» бұл бөлімі нарықтың монополиялық бәсеке моделіне арналады. Нарықтың осы құрылымы нақты өмірде жиі кездеседі. Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері жетілген бәсеке мен монополияға тән кейбір қасиеттерге сәйкес келеді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз жасау, кітап басып шығару, қызмет көрсетудің басқа да көп түрлері монополиялық бәсеке нарығының іс-әрекеті.