ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Банктердің несие
және оның экономикадағы рөлі
Орындаған:Зайнолдабеков С.М.
Тексерген:
Такирова Н.Б.
Өскемен, 2014 ж
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................................3
Негізгі бөлім......................................................................................................................4
Банктік несие жүйесінің ұғымы...................................................................................4
Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, несиенің
қызметтері..........................6
Банктердің және
банктік несиенің экономикадағы рөлі.........................................7
Қорытынды....................................................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................12
Кіріспе
Банктік несие — экономиканың
тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас
элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық
субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте,
сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Құнның қозғалысы — бұл несиенiң қозғалысының
кiндiгiн сипапайды. Несиелiк Қатынастардың
пайда болатын экономикалық негiзiне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбiне несиенi ақша
ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қарағанда
бұған негiз де бар сияқты. Себебi, қазiргi
шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде
берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң
әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды
түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие
мен қаржы категорияларын бiр санайтындар
да аз емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың
екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың
уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң
қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол
қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi,
яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия
түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа
ие.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару
шартында уақытша пайдалануға (қарызға)
берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.
Негізгі бөлім
Банктік несие жүйесінің ұғымы
Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие
– қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға
ақшалай қарыз түрінде беретін несие.
Банктік несие коммерциялық несиенің
шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар
кез – келген өндіріс саласына беріледі
және банктік несие арқылы кез – келген
бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының
иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке
орналастыра алады, ал банк бұл капиталды
машина құрылыс кәсіпорнына қарызға береді.
Банктік несиенің коммерциялық
несие аясына қарағанда қолдану өрісі
кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына
қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның
барлық топтарының ақшалай табыстарынан
және жинақтарын капиталға айналдыра
отырып, капиталдың қорлануына қызмет
етеді.
Банктік және коммерциялық
несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық
несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының
ұлғаюымен жоғарлайды және олардың азаюымен
қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде
оған ұсыныс және сұраныс жоғарлайды,
ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс
дағдарыстары әсерінен тауарлардың өндірілуі
мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды
төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс
өседі. Өндірістің жанданып, жоғарылаған
кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі
өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға
деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың
ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие
қарыз капиталына ( қарыз алушылар қаражаттарды
жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін
ұлғайту үшін пайдаланғанда ) және ақшалай
қарызға ( қарыз алушылар қаражатты өздерінің
қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда
) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы өндіріс
тұрғысынан алғанда бұл бөліну қарыздың
қамтамасыз етілуіне байланысты және
қарыз алушы капиталының шамасына несиенің
әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде
тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке
қоя отырып, борышқор банктен қосымша
капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан
бұл – ақша қарызы. Банктік несие әмбебап
болып келеді, өйткені банк арқылы қайта
бөлінген қарыз капиталы экономиканың
барлық салаларындақолданыс табады. Бұл
ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін
атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты
бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік
капиталдан бөлектенген. Кредитордың
мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз
алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және
пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын
ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде
көрінеді.
Банктік несие өзінің маңызды
ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір
сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды.
Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен
байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің
екі қатысушыларымен банкирлер және жұмыс
істеп жүрген капиталисттермен шектеліп
қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын
беруді банктерден басқа
әр түрлі мекемелер ( қаржылық
компаниялар, өзара банктік несиелер )
жүзеге асырады. Қарыз капиталымен мәміле
жасаушы жаңа типтегі мекмелер кейде “
банктік емес ” деген атқа ие, ал бұл жағдай
олардың мәнін өзгертпейді ( мысалы, Ұлыбританиядағы
құрылыс қоғамы, олардың қызметі тұрғын
үй несисін берумен байланысты ). Екінші
жағынан, қарыз алушылардың көлемі өзгереді.
Жұмыс істеп тұрған капиталисттерден
басқа ( акционерлік компаниялар және
жеке кәсіпорындар ) қарыз алушылар –
несиелік - қаржылық мекемелер, тұрғындар,
үкімет және жергілікті үкімет органдары
болып табылады. Банктік мекемелерде қарыз
алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің
әр түрлі мүмкіндіктері бар.
Несиелік мүмкіндіктер ғана
емес, сонымен қатар берілген қарыздардың
көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың
көлеміне ішкі және сыртқы факторлар әсер
етеді. Біріншеге банктің қолында бар
ресурстардың көлемі жатады. Ресурстардың
өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне
әсер етеді және активтік операциялардың
ұлғаюына жағдай жасайды.
Банктің белгілі – бір шетке
капитал шығару және оны қарыз алушыларға
беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда
депозиттер банктік ресурстардың бірден
– бір көзі болып табылмайды. Несиелік
мекемелер ақшалай қаражаттарды банкаралық
нарықтан қағазға алады, сонымен қатар
көрсетілген мақсатқа облигациялық қарыздарды
да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына
ақшалай – чектік эмиссиямен толтырылған
нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес,
оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар
және мемлекеттік мекемелер тарапынан
қарыз қаражаттарына деген сұраныстар
да әсер етеді. Осылайша экономикалық
төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының
коньюнктурасын айқындаушы негізгі фактор
болып, банктердің ресурстары емес, несиеге
деген әлсіз сұраныс болып табылады.
Несиелік жүйе мемлекет тарапынан
болатын ықпалға ұшырайды. Мемлекеттік
органдар және орталық банктер ұдайы қолданылатын
несиелік шектеулер, активтік операциялардың
жасанды түрде қысқарылуын тудырады. Осылайша,
несиенің экономикалық ғана емес, оның
әкімшілік те шектері бар.
Банктер өз саясатын қайта қарастыра
отырып және несиенің берілуі мен қызметтің
басқа түрлері арасындағы қолайлы ара
– қатынасты табуға тырысады. Мысалы,
қаржылық инженеринг жүйесі — әр түрлі
экономикалық кеңес беруді қоса алғандағы,
қаржылай қызмет көрсетулердің толық
кешенін ұсынады.
Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, несиенің
қызметтері
Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын
қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие
экономикалық категория ретінде төмендегідей
қызметтерді атқарады:
айналыс шығындарын үнемдеу;
айналыстағы нақты ақшалардың
орнын уақытша алмастыру;
капиталдың шоғырлануын жеделдету;
ғылыми-техникалық прогресті
жеделдету.
Несиенің қайта бөлу
қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының
толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады.
Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық
жүйенің бір саласынан екінші бір саласына
капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің,
қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы
қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе,
ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал
ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм
негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс
шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне
асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды.
Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай
қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы
уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда
қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті
туындатады. Міне, сондықтан да мұндай
жағдайларда қарыз алушылардың барлық
категориялары өздерінің меншікті қаражатқа
деген жетіспеушіліктің орнын толтыру
үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз
капитал айналымын қамтамасыз етіп қана
қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге
де мүмкіндік жасайды.
Ал, келесі қызметі,
яғни несиенің айналыстагы нақты ақшалардың
орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік
шаруашылықта мұндай орын алмастыруға
толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске
асу үдерісінде тек қана тауар айналысын
емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша
орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын
да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі
несиелік ақшалар: чектер, вексельдер,
несйелік карточкалар көмегімен жүзеге
асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы
ақша айналысының жылдамдығы мен қатар,
айналыстағы ақша массасына жене телем
айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану
процесі қызметі экономиканың тұрақты
дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып
табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің
бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта
отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми-техникалық
прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық
ұйымдардың қызметін қаржыландырумен
сипатталады. Сондықтан да, несиенің кемегінсіз
көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының
(бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан
басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.
Банктердің және
банктік несиенің экономикадағы рөлі
Банктік жүйе
– нарықтық экономиканың ең маңызды және
біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай
карым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан
қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен
өзара тығыз байланысты. Банктер халық
шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі
басқарумен тікелей байланысты болады.
Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру
жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық
делдал ретінде шаруашылық органдардың
капиталдарын, халықтық жинақтарын және
шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған
басқа да бос ақша каражаттарын тарта
отырып, қарыз алу-шылардың уақытша пайдалануына
береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді
және экономика үшін басқа да көптеген
қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің
тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына
тікелей ықпал етеді .
Қаржылық делдалдар осылай
қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық
үлестіру механизімін қамтамасыз ету
арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін
атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық
делдалдар болып табылады. Өз қызметінің
үрдісінде, олар ақша нарығында тауар
болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді
жасады.
Клиенттердін салымдарын
қабылдау арқылы банк депозит деген жана
міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы
қарыз алушыға жана талап қойды.
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды
жасау үрдісі каржылық делдалдықтың негізін
құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және
соған қатысты қаржылық институттар қызметіңің
қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың
құйылуы қаржылык делдалдык деп аталады.
Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау
арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының
«тобын» құрайды және де оларды жұмыс
істеп тұратын капиталға айналдырып, әр
түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды
канағаттандыра алады.
Шаруашылық органдар
мен тұрғындардың қаржылық-несиелік кызмет
көрсетуін ұйымдастыру және несиелік
жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың
дамуында маңызды роль атқарады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге
айналады және барлық қаржылық капитал
арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық
кызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық
фазасынын аясына ғана кіреді. Несиелік
жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып
«нақты өндіріске ен қауіпті түрде араласуы»
мумкін. К.Маркс келесіде «Ағылшын банкісі
сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке
билік етуіне» назар аударады. Банктер
шаруашылық өмірдің орта-лығы, барлық
экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері
негізінен экономиканы жалпы басқарудың
мақсаттары және міндеттерімен бірдей,
әйтсе де банктер басқарудың кішігірім
жүйелері ретінде экономиканы баскарудың
жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін,
өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару органы ретіндегі
банктің ролі оның өзінің қызметтерін
орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда
жалпы принциптерді сақтауда көрініс
табады.
Экономиканы басқару процесінде банктер
негізінен басқарудың экономикалык қатынастарын
көрсетеді, ал әр коғамның экономикалық
қатынастары ең алдьшен мұдде ретінде
көрініс алады, ал экономикалық мұдде
өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы
фактор болып табылатын әдістемелерді
пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден
келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді
канағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты.
Банктер басқарудың экономикалық әдістері
мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық
әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы
қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен
немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы
экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі
қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық
өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз
етеді.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің
тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем
төлеу ісүнін созғаны үшін өсім, несиені
өз уақытында қайтармағандығы үшін жоғары
пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана
емес, сонымен қатар, бұл операциялардың
басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.
Банктер өз кызметтерін орындау кезінде
функционалдық (экономикалық), салалық
(министерстволар, компания, фирмалар)
және аумақтарды (жергілікті орган) басқару
органдарымен өзара тығыз байланыста
жұмыс істейді.
Банктер экономикалық басқарудың органы
болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы
жауапкершілігі де экономикалық сипатта.
Банктердің экономикалық жауапкершілігінің
ең алдымен олар қызмет көрсетін меншік
түріне, ведомствалық тәуелділігіне байланысты
емес, шаруашылық органдарының, (яғни өз
акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық
қызметтерінің нәтижелерімен байланысты.
Банктердің айналасында өздеріне әрбір
банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар
топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен
қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері
үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін
несиелік сипаты жүргізіледі.
Банктерде басқарудың басқа органдарында
жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен
ол қызмет көрсетілетін кли-енттерінің
негізгі қызметі туралы ақпарат болып
табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға
төлем жасау, банктік несиелерді қайтару
үшін каражаттың болмауы тек объективті
емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің
жүмысының нашар екендігінің күнделікті
оперативті көрсеткіші болып табылады.
Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының
тиеген тауарларының өткендігін және
т.б. білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалтерлік
есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметтерінін
көптеген маңызды факторы
туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын
ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге
өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды
бакылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын
аныктауға мүмкіндік береді.
Ақша айналымы бірлікпен сипатталады.
Қолма-қол және қолма-колсыз ақша қозғалысының
аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді,
әрі өзара тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың,
мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті
халықтын шот есептерін жүргізу арқылы
ақша айналымының жиынтығын, ал олар арқылы
шаруашылық процестердің барысын қадағалайды,
әрі оларға ықпал етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай
қорларды шо-ғырландырған: мемлекеттік
шаруашылық буындардың қара-жаттары, халықтың
жинақ ақшалары, т.б. бар. Банктер осы қорлардың
қалыптасуына белсенді қатысады, яғни
оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді,
ақша айналымын реттейді және сол арқылы
ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның
нарықтык экономикаға көшуімен банктердін
алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті
жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру
нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық
және акционерлік түрлері, кооперативтік
қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас
түрінің негізінде кәсіпорындар кұрылуда.
Шаруа қожалықтары санының есебі, олардын
бірлесуі, жалға беруші (арендатор) және
жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар
да осыған жатады.
Қоғамда белгілі-бір класқа ие коммерсанттар,
кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың
дамуы бойынша экономикада, коғамда банктердің
экономикалық ролі күшеюде. Олардың жұмысында
бірінші орынға әкімшілдік-әміршілік
әдістердің орнын – экономикалық әдістер
алмастырады. Сөйтіп экономикаға банктік
ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы
арта түседі.
Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның
төмендеуінде және олардың нарықтық жолға
көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру
мен мемлекетсізденудегі ролі айрықша.
Бұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты
– несиелік механизмді жетілдіру, ақша
массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру,
есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін
сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасы
1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің
ұлттық валютамыз – төл теңгемізді енгізді.
Бірак инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994
жылы шілде айында 46 %-ға жетті. Ұлттық
банк пен үкіметтің монетарлық шараларды
қабылдауының нәтижесінде шілде айында
инфляция (25%-ға), төмендеді, ал 1994 жылы
тамызда 13,5%-ға, қыркүйекте -10,9%-ға тең болды.
Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта
қаржыландыру мөлшерлемесінің 300-ден 250%-ға
дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар
аукциондағы %-дық мөлшерлеменің 460-тан
280%-ға төмендеуі, яғни несие үшін төлем
– сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған,
нарыққа айналды. Теңгенің ресми және
бейресми валюталық бағамдарының жақындасу
тенденциясы бар. Аукциондарда қысқа мерзімді
қазыналық вексельдердің сату көлемі
жоғарылауда. Инфляция төлемдерінің жағымды
сәті ретінде ¥лттық банктің директивті
несиелерді беруден бас тартуын атауға
болады және олар тек агроөнеркәсіптік
несие үшін ғана сақталады. Несиелік ресурстар
аукциондарда сатылады.
Ұлттық банк үкіметтің шығындарына несиелер
беруді максималды төмендетуде. Мұндай
барлық шаралар ұлттық валютаның тұрақтануы
және инфляцияның төмендеуі бойынша жағымды
нәтижелер береді.
Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде
банктердің ролі маңызды. Банктердің активтері
мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар
қызмет көрсететін клиенттердің қаржылық
жағдайына байланысты. Осы орайда банктік
реформа мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру
үрдісінен бөлек жүргізілмеуі керек. Сондықган,
банктік реформаның негізгі мақсатының
бірі – экономиканың жеке секторын құру
және кәсіпорынды жекешелендіруде демеушілік
көрсету болып табылады. Бұдан келіп шығатыны
– банктік реформа мемлекеттік меншікті
жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы
керек. Өйтпесе олар шығынды несиелерден
арыла алмайды, бұл қазіргі кезде көптеген
мемлекеттік кәсіпорындардың несие портфелі
сапасының төмендігіне қатысты.
Банктік реформа кәсіпорындарды жекешелендіруді
қайта құруға және көп шығын шығаратын
кәсіпорындарды тарату немесе қайта құруда
ез үлесін алуы керек. Бұл шығынды және
төлем қабілетсіз кәсіпорындарды несиелеуді
шектеумен қатар өміршең кәсіпорындарды
несиелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көп шығынды
кәсіпорындардың өміршең кәсіпорындардан
бөлініп және олардың жаңадан құрылған
даму банкіне берілуі арқылы қызмет көрсетілуі
қалған банктердегі нашар, әрекетсіз несиелердің
шоғырлануын болдырмауы тиіс.
Банктік жүйенің реформасы инвестициялық
қорлардың ролін жоғарылату және сауықтыру
банктерін құру жолымен жекешеленген
кәсіпорындарды қайта құруға қолғабыс
етеді. Сауықтыру банкінің ролі жекешелендіру
бағдарламасының негізгі мақсаты болып
табылатын, тиісінше жекешеленген және
көп шығынды кәсіпорындарға корпоративті
жетекшілікті күшейтуге қатысты арта
түседі. Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін
кәсіпорындардың саудасына қатысып, олардың
қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы
мүмкін, яғни жеке меншік құқық жеке тұлғаларға
көшеді деген сез.
Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың
банктен несие алуларын қамтамасыз етеді,
жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді.
Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды
қайта құруды ынталандырады.
Жекешелеңдіруіші кәсіпорындарға республикада
банктік реформаны құрудың барысында
қажетті ипотекалық банктер маңызды көмек
көрсетеді, яғни бұл жерде әңгіме жекешелендіруші
кәсіпорындарға, оған тиісті мүлікті кепілге
ала отырып, ипотекалық банктің ұзақ мерзімді
несиесін беру мүмкіндігі туралы болып
табылады. Бірақ ол үшін ең алдымен заң
базасын жасау керек.
Қорытынды
Қазақстанның бүгінгі дамып
отырған банк секторының бәсекелестікке
қабілетті дамыған банктердің қатарына
кіруі үшін ең әуелі олардың тәуекелдерін
басқарудың тиімділігін арттыруға терең
мән беру қажет.
Проблемалық қарыздарды тиімді
басқару банктердің маңызды міндеттерінің
бірі болып табылады. Себебі шетел тәжірибесінде
банктер банкроттылығының көпшілігі активтерді
басқарудың сапасыздығымен, және бірінші
кезекте дебиторлық қарызды басқарумен
байланысты.
Қазақстандық коммерциялық
банктер үшін мұндай мәселе қосарлы көрініс
тапқан, яғни олардың несиелік қоржындарында
мерзімі өткен және күмәнді несиелердің
үлесі дамыған елдердің банктерінен екі-үш
есе артып отырғандығы жасырын емес. Сондықтан
да, кез-келген ҚР екінші деңгейдегі банктердің
қызметінің тиімділігі және жалпы еліміздің
банк секторының тұрақтылығы несиелік
тәуекел-менеджменттің тиімділігін арттыруға
тікелей байланысты, әсіресе қазіргі қаржы
дағдарысы жағдайында оның маңыздылығы
арта түсуде.
Ресейлік экономист А.В. Непомнящийдің
айтуы бойынша «ресейлік банктердегі
тұтынушылық несие бойынша мерзімі өтіп
кеткен қарыздардың өсімі көп жағдайда
қарыз алушылар-жеке тұлғалардың несиелік
қабілеттілігін бағалаудың қолданыстағы
әдістерінің жеткіліксіз тиімділгімен
және несиелік қоржынды басқарумен байланысты»,
ол несиені ұсыну туралы банктің шешім
қабылдау процесіндегі бұл әдістерді
жетілдіру маңыздылығын анықтайды.
Микаэл Горскийдің пайымдауынша
«қайтарылмаған және мерзімі өткен несиелер
көлемінің өсуі – бұл коммерциялық несиелеудің
басқыншылдық өсімінің салдары», яғни
«несиелер сенімсіз қарыз алушыларға
берілген, қамтамасыз ету ретінде өтімсіз
кепілдер алынған, бизнес-жоспарлардың
нақтылығы мен релеванттылығы талданбаған»
[1], бұл дағдарыс жағдайында банктер қызметіне
жағымсыз ықпал еткен.
Банктердегі проблемалық несиелер
несиені алған кәсіпорын қиын жағдайға
тап болғанда, бірақ сенімді беделі мен
кепілі болған жағдайда туындауы мүмкін.
Мұндай мерзімі өткен қарыз банк үшін
қауіпті болып есептелмейді.
Алайда үмітсіз мезгілі өткен
қарыз болады, ол кәсіпорын банкрот болып
танылған жағдайда болады, мұндай қарызға
банк ерекше көңіл аударуы қажет. Оның
салдарынан банктерде несиені алушы компаниялардың
қаржылық жағдайына егжей-тегжейлі бақылау
жүргізу қажеттілігі туындайды.
Проблемалық қарыздың түрлі
анықтамалары бар. Ресейлік анықтама шетелдік
анықтамалардан ерекшеленеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ақша, несие, банктер теориясы:
Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368
бет
2. Ақша. Несие. Банктер. Валюта
қатынастары. Оқу құралы / Көшенов
Б.А. - Алматы: Экономика, 2000