Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 20:02, курсовая работа
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Кіріспе
I Бөлім. Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
1.1. Банктің мешікті капиталының құрылымы
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі
1.3. Банктің жарғылық капиталының құру тәртібі
1.4. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі
II Бөлім. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
2.1.Депозит туралы түсінік
2.2.Депозиттің сыныпталуы
III Бөлім.Депозиттік операцияларды дамыту жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
5
10
15
22
32
33
40
42
44
Бағалы қағаздарды эмиссия проспектісін сараптамадан өткізу кезінде банкті қайта ұйымдастырған жағдайда, Ұлттық банкке төмендегі қосымша құжаттар ұсынылады:
Ұлттық банк жағымсыз қорытынды беруі де мүмкін. Оған мыналар негіз бола алады:
Бағалы қағаздардың эмиссия проспектісі жөнінде жағымды қорытынды беруден бас тарту туралы Ұлттық банктің мәліметі банкке жазбаша түрде беріледі.
Шығарушы банктердің әрбір бағалы қағаз шығаруы, орналастыру тәсілінен тәуелсіз, оларды шығару үшін проспекттер құру мен эмиссия проспектінің сараптамадан өтуіне алып келеді.
Алғашқы шығаруды тіркеу үшін банк құру туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің рұқсаты негіз бола алады. Жекелеген банк операцияларын іске асыратын банктер мен ұйымдар шығаруды тіркеу кезінде өкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде сараптамадан өткен және аудиторлық қорытындысымен бекітілген қосымша шығару проспектісін ұсынады.
Акцияларды одан әрі (қосымша) шығарғанда:
Шығарушы банк бағалы қағаздарды тек эмиссия жарияланып, проспект тіркелгеннен кейін ғана өткізеді.
Банк тәжірибесінде бағалы қағаздарды өткізудің бірнеше әдістері бар:
Бағалы қағаздарды өткізгенде шығарушы банк оның нәтижелерін сараптайды және эмиссия бойынша есеп жасайды. Есепке банк басқармасының төрағасы, бас бухгалтер қол қояды, банктің мөрімен бекітіледі және тіркеуші органға ұсынылады. Бағалы қағаздарды өкілетті органда тіркеу үшін ұсынғанға дейін оларды нақты орналастыру нәтижелері туралы есеп Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілуі тиіс.
Шығарушы банк акцияларының төленгенін растайтын құжаттар қатарына келесілер жатады: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде шығарушы банктің жинақтау шотына ақша қаражаттарының төленгені туралы растайтын төлем құжаттарының көшірмелері; банк басшысы мен бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған жарғылық капиталының бөлігінің шығарушы банк ақша қаражатымен төленгені туралы банк анықтамасы; акциялар төлеміне мүліктік салмдар салынғанын растайтын қабылдау-өткізу актілері мен басқа да құжаттар; жарғылық капиталын қалыптастыру туралы аудиторлық қорытынды.
Бағалы қағаздарды шығару және шығарушы банк нақты өткізгенбағалы қағаздар құны қорытындылары туралы есепті тіркеуден өткізген соң өкілетті орган төлемге түскен акциялар қаражатын пайдалану шектеулерін алып тастауға және оларды акционерлік ретінде жарғылық капиталына кірістеуге рұқсат береді.
1.4 Банктің
меншікті капиталының
Егер банк өзінің меншікті қаржыларын тиімді қолдана алса, онда ол олардың көмегімен банк кірісін көтеріп, салымдардың сақталуын қамтамасыз ете алады. Кіріс деңгейін арттыру үшін, банк ең алдымен өзінің меншікті қаржыларын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салмай, оның орнына несиелердіберумен айналысатын жағдайда, өзінің кіріс деңгейін көтере алады. Қосымша төлемділік қабілеттілігін немесе міндетті резервтердің көлемін ұлғайту қажеттілігін қанағаттындыру үшін, несиелік портфельдің немесе бағалы қағаздардың кейбір бөлігін нақты ақшаға айналымдар арқылы жетуге болады. Егер менеджер қосымша салымдарды тартумен байланысты сұранысты қанағаттандырған болса, онда ол банктің төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейін сақтай отырып, тартылған салымдарды инвестициялаумен қатар, несиелерді берумен байланысты операцияларды жүзеге асыра алады. Өзінің қысқа мерзімді берешектері мен депозиттік шоттарын реттей отырып, банк өзінің төлем қабілеттілігін және кіріс көлемінің деңгейін арттыра алады.
Капиталдың көрсеткіштері арқылы мемлекеттік қадағалау органдар банктердің қызметін қадағалап, оларға баға бере алады. Әдетте меншікті капиталға жататын көсеткіштерге:
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төмеңгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төмеңгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.
«Капиталдың жеткіліктілігі»
термині банктің жалпы
Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төмеңгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды ескеру қажет:
Сондықтан, кез келген
саяси немесе экономикалық өмірдегі
жағдайлар банктердегі
Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.
Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бырақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында мынадай міндеттер тұрады: тәекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәекелдерге тәелді ме, жоқ па? деген балама сауал туындайды.
Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылдың Базель комитеті келісімінің шешімімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім-шарт» негізінде «Кук коэффициенті» деп аталатын капитал жеткіліктілігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялдық норматив қатарында пайдаланылуда.
Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төмеңгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиді: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс мендеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етуімен қатар, төмеңгі туекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.
Базель келісіміне сәйкес, меншікті капиталдың жеткіліктілігін анықтайтын басты көрсеткіш ретінде, тәуекелді актевтер көрсеткіші болып саналады:
мұнда: - Тәуекелді активтер коэффициенті;
- Банктің меншікті капиталы;
- Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің сомасы;
Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейде бөлінеді:
Бірінші деңейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (KI):
Минус:
Екінші деңгейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (КII):
Субординарық қарыз – бұл банктің қамтамасыз етілмеген міндеті болып тадылады және жазбаша куәландырылған келісім-шартқа сәйкес, банкті жою кезіндесоңғы кезекте қанағаттандырылатын қарыз (қалған мүлікті акционерлер арасында таратудың алдында). Екінші деңгейлі капиталдың (КII) құрамына енетін субординарлық қарыз, 5 жылдан кем емес бастапқы өтеу мерзіміне ие болуы керек. Сонымен қатар соңғы бес жылдың әрбір жылы бойынша субординарлық қарыздың бастапқы сомасының 20% көлеміндегі сома, меншікті капиталдың есебінен өтеліп отырады.