Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 22:41, курсовая работа
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны кейіннен К.Маркс дамыта түсті.
Егер К.Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға арналса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм – барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Батыс пен Ресей экономикалық теория өкілдері ағылшын эеономисі Альфред Маршалл және ресей ғалымы М.И.Туган-Барановский құндық теорияны шекті пайдалылық теориясымен қосты.
Кіріспе
1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар
2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері
3. Бағаны мемлекеттік реттеу
4. Баға, сұраныс және ұсыныс
5. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері
Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе
1.
Бағаның қалыптасуындағы
2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері
3. Бағаны мемлекеттік реттеу
4. Баға, сұраныс және ұсыныс
5. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны кейіннен К.Маркс дамыта түсті.
Егер К.Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға арналса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм – барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Батыс пен Ресей экономикалық теория өкілдері ағылшын эеономисі Альфред Маршалл және ресей ғалымы М.И.Туган-Барановский құндық теорияны шекті пайдалылық теориясымен қосты.
Осыдан, құн мен баға – ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфлияция және т.б. факторлар ықпал жасайды. Баға – тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы.
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері
Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.
Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А. Жандосов пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер және т.б. келесі күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті қоса алғанда) әрекет етеді.
Банк функциясының ішкі нысаны – төлем айналымы бойынша әсері – банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар - тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
3) тұрақтандырушы тармақта
4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.
Қазақстанда төлемдер мен
3. Бағаны мемлекеттік реттеу
Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі:
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта - теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекет аралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.
4. Баға, сұраныс және ұсыныс
Бағаны тұрақтандыруда бағаға әсер ететін сұраныс пен ұсыныс ұғымдарына мән берілуі қажет. Әр түрлі тауарлардың бір бірінен сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді.
Нарықтағы сұраныс көлемінің баға төмендегенде қандай мөлшерде өсетіндігі немесе баға өскенде кемитіндігі бағаға байланысты сұраныстың икемділігінің дәрежесін сипаттайды.
Сұраныстың икемділігі туралы пайымдаулар жалпы бағаның ұсынысқа әсерін талдағанда да қолдануға болады. Ұсыныстың икемділігі ол нарыққа шығарылған тауарлардың санының бәсекелік бағаның салыстырмалы өзгеруіне сәйкес салыстырмалы өзгеруінің көрсеткіші.
Экономикалық теорияда баға тұрақтандырудың монетаристік бағыты ақшаның сандық жағына ерекше назар аударады да, өндірісті ұлғайту, еңбек өнімділігі, тауар құны деген категориялар жайына қалады.
Монетарлық теориялардың
Монетарлық теорияда ақшаны ұсыну мен оған сұраныстың қарапайым жай түрінен күрделі жағдайларына дейін дамып отырған. Егер Қазақстанда 22-00-дей әр түрлі банктер: мемлекеттік, халықтық, коммерциялық және жеке банктер бар екенін ескерсек, айналысқа қажетті ақшаны компьютер машинасының өздері де есептеп шығаруы қиын, ал үкіметтің ақша станоктері күндіз-түні істеп, ақша жасап үлгере алмай келеді. Айналысқа ақшаны көп шығару инфляцияны күшейтетінін елдің бәрі біледі. Нарыққа көшкенге дейін айналысқа керекті ақшаны К.Маркс өзінің ұсынған қарапайым формуласымен анықталды: ол тауар бағаларының барлық сомасын айналыс санына бөлгенге тең. Әрине ақша айналысына, айналысқа қажет ақшаға несиеге берілген тауарлар және басқа факторлар да әсер етеді. Қалай болса да нарыққа көшкенге дейін мемлекеттік банк ақша айналысына әсер етіп отырды. Шет елдерде, әсіресе, АҚШ-та жалпы ақша айналысын реттеп, қаржы-несие саясатын жүргізетін орталық банк, федералдық резервтік жүйе бар. Ол - банктердің банкісі. Басқа банктер оның қас-қабағына қарап әрекет етеді. Федералдық резервтік жүйе макроэкономикалық деңгейде қызмет атқарады. ең бастысы, банктік резервтерге бақылау жасап, осы арқылы ақша мен несиені ұсынуды реттеп отырады.
5. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР бағаны тұрақтандыру маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады.
Қазақстан өз тәжірибесінде көптеген баға тұрақтандыру мәселелеріне байланысты басты сұрақтардың шешімін тиімді етіп шешіп келеді және шешу үстінде. Осы тұрғыда мемлекет баға тұрақтандыру шараларын қалыптастырып үлгерді.
Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін мемлекет заңды бекітілген құралдары мен операциялар арқылы жұмыс жасауда, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б.
Оларды пайдаланудың тиімділігін республикада 2001-2004 жж. қалыптасқан инфляция деңгейімен (6,4-6,8%) шамалауға болады.
Сонымен қатар болашақта артық өтімділікті «депозиттерге тарту» Ұлттық банктің басты құралы болатын жоспары бар. Алайда инфляциялық қысым көзі сырттан (сыртқы валюталық түсімдер) болса, артық өтімділікті шексіз азайту бұл операцияның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы түсімдерді реттеу бағытында шаралар қолдану қажет.
Институционалдық жағынан қарасақ несие жүйесі валюта қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Ақша-несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.
Информация о работе Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері