Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 18:28, курсовая работа
Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастарды өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70-жылда «социализм» мен «капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Сол «капитализм» экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылық құра білді. Қаржы-несие институттары демократиялық негізінде құралған қазіргі нарық – адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде оның институттары мен салалық құрылымдары, басқару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т.с.с. нарыққа қатысушылары өзгеруі мүмкін
Кіріспе ……………………………………………………………………………3
І-Бөлім. Бағалы қағаздар рыногінің қалыптасуы
Бағалы қағаздар рыногінің қызметі және маңызы ………………………...5
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері ………………………...6
Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмитенттері ………………….20
ІІ-Бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
2.1 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногінің пайда болуы …..22
Бағалы қағаздар рыногін дамытудың негізі-жекеменшіктендіру ………....23
ІІІ-Бөлім.
3.1 Бағалы қағаздар рыногінің даму жолдары ………………………………….24
Қорытынды ………………………………………………………………………..26
Қолданылған әдебиеттер ………………………………………………………....28
Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның шаруашылық нәтижесіне байланысты. Дивиденд корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделеген. Дивидендтің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.
Жай акцияны меншіктенушілердің өкілеттіліктері мыналар:
Директорлар кеңесі корпорация атынан бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама береді. Ол жыл сайын өтетін жиналысқа мына хабарларды: корпо-рацияның жылдық есебін; жылдық баланысты және таза пайданы бөлу жобасын дайындайды.
Директорлар корпорацияны басқаруды ұйымдастыруға, менеджерлерді жұмысқа қабылдауға және шығаруға, сыйлық белгілеуге жауап береді. Олар капитал құрамының өзгеруін қадағалап, корпорация табысын бөлумен де шұғылданады. Табысты бөлу – корпорация меншігін оның акционерлер арасында дивиденд ретінде үлестіру деген ұғым. Бұл туралы директорлар кеңесі хабарлап тұрады, ол компанияның міндеті.
Директорлар кеңнсінің басты мақсаты – менеджерлердің өз міндетіне тө-мендегілерді жатқызады: міндетіне бой ұсыну, яғни өзінің өкілдік шеңберінде қыз-мет істеу; адал ниеттілік міндеті; корпорацияға адалық міндеті. Ондай адалдық мүдделерді толтастыруға, директорларға қарыз беруге, корпорацияның мүмкін-діктерін өз пайдасына қолдануға және онымен бәсекелесуге жол бермейді.
Қолма-қол төленетін дивидендтер баланстың активімен пассивін және қолма-қол ақша қаражатының қозғалысы ведомосты тексергеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Дивиденд дұрыс төленбеген жағдайда корпорация жауап беруге міндетті. Сонемен бірге акционер табысының тек бір ғана бөлігі. Оның екінші бөлігі акция бағасының өзгеруіне байланысты қалыптасады.
Директорлар кеңесі, жоғарыда айтып кеткеніміздей, корпорация акци-онерлерінің жылмажыл өтетін жиналысында сайланады. Дауыс берудің екі әдісі болады. Тікелей дауыс беру жай көп дауыс алу деген ұғым. Ол әрбір акционердің қолындағы акция санына тең дауыс беру. Сонымен қатар, дауыс беруде сенімхатты да пайдалануға болады. Акционерлердің жиналысында біреудің акциясы негізінде басқа бір сенімхатпен дауыс беруіне өкілеттілік алады.
Әрбір корпорация «А» және «Б» сериялы жай акцияларды шығара алады. Әлбетте, «А» сериялы акция корпорация құрылтайшыларына, яғни оның жарғысына қол қоюшыларға, ал « Б» сериялы басқа инвесторларға тиесілі. «А» сериялы акцияның иемденушілердің үлкен құқығы және көптеген дивиденд алатын мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндік тәуекелділікке берілген төлем тірізді. «Б» сериялы акция бойынша дауыс бермейтін акция және дауыс құқы шектеулі акция шығару жағдайлары орын алуда.
Көптеген корпорациялар жай акция бойынша номинал құнын бекітеді. Ол акцияның титулында көрсетіліп, хабарлама сипатында болады. Ол бір акцияға шаққандағы жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетеді. Номинал құны акцияның нарықтын бағасының одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны тек алғашқы орналыстырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал акцияның эмиссиялық бағасы.
Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағасын сатуға қатысқан барлық инвесторлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасын сатушының төмендеткен төменгі бағасымен және сатып алушының төлейтін жоғары бағасы анықтайды. Акцияның нарықтық бағасын ия корпорация, ия басқа біреу белгілейді.
Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық бағасы да болады. Ол қаржы есебінің құжаттары негізінде анықталып, бухгалтерлік немесе «кітаптық» баға деп аталады. Ол активтің таза құнын орналастырылған акция санына бөлгенге, немесе бір акцияға келетін акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.
Корпорация жай акцияның номиналын көрсетпей де шығаруға қыққығы бар. Онда ол нарықтық бағамен сатылады. Бұл жағдайда акцияның сертификатында компанияның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені көрсетіледі. Корпорация жабылғанда бұл акциялар акционерлерге активтің белгілі-бір бөлігін алуға кепілдік береді.
Артықшылықты акциялар – меншік туралы ерекше сертификат. Олар кор-порация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференционалды акция дауыс құқын бермейді. Ол дауыссыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылық дауыс құқы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.
Артықшылықты акция иемденушісін қорғау үшін акцияның осы түрі бой-ыншша дивидендтер әрқашан жай акциялар бойынша дивидендтер беруден бұрын төленеді. Сондықтан бұл акциялардан гөрі жай акция иемдену қауіптілеу. Артықшылықты акциялар номинал құны көрсетілген және көрсетілмеген болып екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда дивиденд акцияның номиналына байланысты процент түрінде есептеледі. Ал номиналсыз артықшылықты акциялар сирек кездеседі, оларда дивидендтің нақты ақшалы мөлшері көрсетіледі. Акция номиналының оның нарықтық бағасына әсері жоқ.
Жай акция бойынша төленетін дивидендтер сияқты артықшылықты акция бойынша да дивидендтер таза пайдадан төленеді. Артықшылықты акция, әдетте, - атаулы бағалы қағаз. Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір сериясының әртүрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр сериялы акцияның сертификатында көрсетіледі.
Егер корпорация артықшылықты акциялардың бір емес көп сериясын шы-ғаратын болса, онда оның біреуін бірінші артықшылықты деп, ал келесісін – екінші артықшылықты деп анықтауы керек. Сондықтан осы акциялардың тек бір сериясының ғана басқа серияларынан гөрі артықшылығы мол болады. Ол артықшылық әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: дивиденд алғанда, активтерді бөлгенде немесе осы екі жағдайды қоса алғанда.
Артықшылықты акциялардың өзі, бірнеше түр тармағына бөлінеді. Оларды былай топтастыруға болады – қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивтік және кумулятивтік емес, конвертабельді және конвертабельді емес. Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін шығару мүмкіндігі корпорацияның жарғысында қаралады. Акциялардың бұлай бөлуінің себебі акция иемд-нушілердің артықшылықтарды пайдалануына байланысты. Олар:
Қатысушылар артықшылығы өз иемденушісіне үстеме пайданы бөлуге қа-тысуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, корпорация жарғысында жай акция бойынша төленетін дивидендтің көлемі белгіленген, ал пайда одан жоғары болса, онда ол артықшылықты акция бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін жоғарлатады. Олардың арасындағы ара қатынасын компанияның өзі белгілейді.
Қатыспаушылар акциясын иесі ешуақытта белгіленген деңгейде артық ди-виденд алуға құқы жоқ. Егер артықшылықты акциялар кумулятивтік болса, онда бұрын хабарланған, бірақ кейбір себептермен төленбеген, дивидендтер міндетті түрде келесі жылы төленеді. Ол жай акциялары бойынша дивиденд төлеу хабарланбастан бұрын жүзеге асырылады, яғни төленеді. Кумулятивтік емес акциялар бойынша төленбеген диидендтерді келесі жылдың дивидендтіне қосуға болмайды.
Конвертабельді артықшылықты
акциялар өз иемденушілеріне кейбір
жағ-дайларда осы корпорацияның
жай акцияларының белгілі бір
мөлшеріне айыр-бастауына
Артықшылықты акциялардың өте сирек кездесетін түр тармағының бірі – дивиденд төлеуін кейін қалдырылған акциялар. Олар корпорация құрылтайшы-ларына ғана арнап шығарылады. Олар бойынша дивиденд тек жай акциялар бойынша төленетін дивидедтің ең жоғары квотасын төлеп болғасын ғана білдіреді. Содан қалғаны атаулы акция иелеріне бөлінеді. Егер компанияның ісі өрлеп тұрса, бұл акциялар өте тиімді.
Егер компанияның жарғысында оның директорлары корпорация капиталын құруға жеке қатысуы керек делінсе, онда – директорлық квоталы акция деп аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шоғырыланады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акциялар саны әлбетте барлық акциялардың 10%-нен аспайды. Демек, корпорация қаржысында олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де, басқаруда маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жиналысында дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ қосымша капитал тартуға мүмкіндік береді.
Облигациялар. Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару – қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығына облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады.
Облигация мерзімдік қарыз міндеттеме болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік – эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде – корпорация мүлігінің бір бөлігінің иемденуге облигация ұстаушының құқы. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар. Ол өзгешіліктердің маңыздылары мыналар: