Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2012 в 20:37, контрольная работа
Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.
1. Бағалы қағаздардың түсініктемесі.
2. Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі.
3. Дивиденттер есебі.
4. Қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі.
5. Борыш міндеттемелері бойынша операцияларының есебі.
6. Бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар.
7. Қорытынды. Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары.
7. Қорытынды. Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бағалы қағазды сату кезінде компания
әдетте табыс алады немесе зиян шегеді.
Бұл жағдайда табыс пен баланстық құн
арасындағы айырма табыс немесе зиян ретінде,
ал «қосымша төленбеген капитал» шотында
есептелдег ұзақ мерзімді инвестицияларды
қайта бағалаудан шыққан соммалар табыс
ретінде танылады немесе қабылданған
есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік баланста
бөлінбеген табыс ретінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығының
бөлінбейтін бөлімдес құрылымының бірі
бағалы қағаздар нарығы болып табылады.
Осы күні Республикада көптеген акционерлік
қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер
инвестициялық және сақтандыру компаниялары,
мемлекеттік емес зейнетақы қорлары құрылуда.
Бұл алған субъектілердің барлығы потенциалды
бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
болып табылады. Сондықтан олар өз қызметтерін
эмитент және инвестор түнде жүзеге асырады.
Бағалы қағаздар нарығын түсіну үшін алдымен
мына төменгі қағаздардың биржалық операцияларының
ерекшеліктерне тоқтала кетелік.
Жарғылық капиталды қалыптастыру кезінде
акционерлік қоғам сол капиталдың мөлшеріне
сәйкес акциялар шығарып және оларды акционерлер
арасында орналастырады. Қоғам акционерлерден
акцияларды сатып алу, қорлар нарығында
сату, жою және т.б. қимылдар жасауы мүмкін.
Кәсіпорын акционерлері меншіктегі акциялар
бойынша дивиденттер алуға құқылы.
Акциялар сатып алуға қарастырылған накты
шығындардың сомасында бағаланады. Бұл
шығындардың негізін акцияларды сатып
алу бағасы кұрайды. Ол номиналды баға
мен эмитентке төленген сыйақы немесе
эмитент берген жеңілдіктен тұрады. Одан
басқа акциялар сатып алу кезінде қаралатын
тауардың ерекшелігіне байланысты косымша
шығындар пайда болады. Олардың ішінде
- инвестициялық кеңесшінің қызметі қаржылық
брокерге сыйақы және бағалы қағаздармен
жүргізілетің операцияларға салық төлеу.
Бұл операциялардың есебі үшін № 1100-1150
«Қаржылык инвестициялар» шоттары пайдаланылады.
Борыштық міндеттемелер оларды сатып
алуға жұмсалған накты шығындар бойынша
кіріске алынады. Олардың құрамы акцияларды
сатып алу кезіндегі нақты шығындардың
құрамына ұқсас. Борыштық міндеттемелердің
номиналды құны олардың өте маңызды құрамдас
бөлігі болып саналады.
Бағалы қағаздар каржылардың ең тәуекелділігі
жоғары салымдарының бірі болып табылады.
ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру
туралы Ережелердегі өзгертулері мен
қосымшаларына сәйкес бағасы белгіленген
бағалы қағаздар баланста ең төменгі құн
қағидасы бойынша бейнеленуі тиіс.
Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары
Бағалы қағаздар
нарығын олардың шығуы мен
бағалы қағаздар нарығына қатыс
Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы
қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды
және былайша ажыратылады:
o халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар
нарығы;
o ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
o нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары
(акция,
облигация және т.б.);
o мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік
емес)
бағалы қағаздар нарығы;
o алғашқы және туынды бағалы қағаздар
нарығы.
Бағалы қағаздар нарығының функциясын
шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі
бар функция. Функцияның бірінші тобына
мыналарды жатқызуға болады:
o коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан
пайда табу функциясы;
o мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын
процесті, олардың ұдайы қозғалысын және
т.б.
қамтамасыз етеді.
o ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына
сауда
нысандары мен оның қатысушылары туралы
нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
o реттеуші - ондағы нарық сауда және оған
қатысудың
ережесін, қатысушылардың арасындағы
дау-таласты
шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды,
бақылау органын немесе басқару органын
және т.б.
белгілейді.
Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар
нарығының функциясына мыналарды жатқызуға
болады:
o қайта бөліну;
o баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын
функция. Қайта бөліну функциясы қосалқы
үш функцияға бөлінеді:
o нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын
қайта бөлу;
o ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз
формадан
өнімді формаға ауыстыру;
o инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа
қосымша
ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік
бюджет
тапшылығын қаржыландыру.
Ал баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы
функцияға немесе хеджирлеуге келетін
болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік
және опциондық келісімшарттар пайда
болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.
Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің
ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп
көрсету қажет:
o алғашқы және қайталамалы;
o ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
o биржалық және биржадан тыс;
o дәстүрлі және компьютерлендірілген;
o кассалық және мерзімді нарықтар.
Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық
және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен
байланысты пайда болды. Олар алғашқы
бағалы қағаздар - вексельдер мен коносаменттердің
пайда болуына себепкер болды. Ал олар
одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі
мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен
байланысты дамыды. Капиталдың бағалы
қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы
XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт
аралағында бағалы қағаздардың нарығы
айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы
топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы
қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер
ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан
кейінгісі заңды тұлғалар. Бүгінгі таңда
бір мезгілде эмитент және трейдер болып
табылатын бағалы қағаздар нарығының
қатысушыларын бірнеше негізгі топқа
бөлуге болады.
1. Жоғары имиджі бар мемлекет, муниципалиттер,
аса ірі ұлттық және халықаралық компаниялар.
Олардың бағалы қағаздарды шығаруы және
оны жүзеге асыруы көп қиындық тудырмайды:
оларды әрдайым үлкен мөлшерде қабылдай
беруге болады. Бұл мемлекеттік және муниципалдық
бағалы қағаздар жоғары табысты әрдайым
қамтамасыз ете бермейді, алайда олардың
сенімділік деңгейі жоғары. Сол себепті
де халықтың кейбір бөлігі (зейнеткерлер,
жалғыз бастылар, асыраушысынан айырылған
немесе қамқоршысы жоқ отбасылар және
т.б.) қатерге бастарын тікпей-ақ, өз қаражаттарын
осындай қағаздарға салуды жөн көреді.
2. Қаржылық институттар бағалы қағаздармен
опера-цияларды жүзеге асырады (коммерциялық
және инвестициялық банктер, сақтаңдыру
қоғамдары, зейнетақы қорлары және т.б.).
Олардың көбісі әр түрлі инвесторлардың
(заңды және жеке тұлғалардың) қаражатын
біріктіреді және олардың қаражатын табыс
түсіретін бағалы қағаздарға салудың
мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияның
бақылау пакеттерін иеленуге ұмтылады
немесе тәуекелдіктен қашып, өз капиталдарын
экономиканың әр түрлі салаларына орналастырады.
3. Жеке инвесторлар - жеке тұлғалар, оның
ішінде венчурлік бизнестегі шағын кәсіпорындардың
иелері.
4. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары.
Олардың қажетті ақпараттармен қамтамасыз
етілуі олардың бағалы қағаздармен операцияларды
жүргізуін оңайлатады. Бір немесе бірнеше
қызмет түрлерімен айналысу құқығына
тиісті лицензия алуы үшін қаржы нарығының
кәсіби қатысушыларына бірқатар талаптар
қойылады:
o заңды тұлғалар штатына тиісті қызметпен
айналысу
құқығына біліктілік куәлігі бар мамандар
қажет
болған жағдайда қойылатын біліктілік
талабы. Бұл
талап қалыптасқан әлемдік іс-тәжірибеден
алынып
отыр. Нарықтық экономикасы дамыған барлық
елдерде арнайы білімі бар тұлғалар ғана
қаржы
нарығында клиенттермен жұмыс істеуге
жіберіледі;
o бағалы қағаздар нарығының кез келген
кәсіби қаты-
сушысы заңға сәйкес ұйымдастырушылық-құқықтық
формада акционерлік қоғамға тіркелуі
тиіс - бұл
оның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына
қойылатын талап;
o қаржылық талап - бұл кәсіби қатысушының
өзіндік
капиталының жеткілікті болу деңгейі.
Таза өзіндік
капитал - бұл кәсіпорынның міндеттемелерінен
тыс
активтері. Жарғылық капитал - заңды тұлғаның
құрылтайшыларды немесе акционерлерді
қатыстыру
арқылы істі ұйымдастыру үшін салым ақша
ретінде
тартатын қаражаты. Өкілетті органдар
жарғылық
капиталдың емес, өзіндік капиталдың
жеткілікті болу
деңгейін белгілейді.
Кәсіби қатысушыға өз қаражатын сеніп
тапсырған инвестор өз активінің барлық
қауіптен сақталатынына сенімді болады.
Инвесторды кәсіби қатысушының мәселелері
толғандырмайды. Сондықтан да соңғысының
өзіндік капиталы инвестормен есеп айырысуына
жеткілікті болуы қажет, содан кейін ғана
өз уәдесінде тұрмаған контрагенттермен,
банктермен және т.б. байланысты туындаған
проблемаларын өзі шешеді.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына
мыналар жатады:
1. Сауда алаңы:
o биржалық. Бүгінгі таңда Қазақстанда
өз қызметін 1997
жылы бастаған қор биржасы (KASE) ғана әрекет
етеді;
o биржадан тыс.
2. Сауда агенттері:
o брокерлер - бұл клиент атынан және клиент
есебінен
операцияларды жүзеге асыратын делдалдар;
o дилерлер - бұлар операцияны өз атынан
және өз
есебінен жүргізетін делдалдар.
Қазақстанда брокер-дилерлік қызметтің
жалпы лицензиясы қандай да бір мәмілені
өз атынан және өз есебінен орындай алатын
адамды өз күшімен (дербес) тапқан делдалдарға
ғана беріледі. Оған қоса әлемдік тәжірибеде
заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да брокер
және дилер бола алады, ал Қазақстанда
брокер -дилерлік қызметпен тек заңды
тұлғалар ғана айналыса алады.
3. Қор нарығының инфрақұрылымына кіретін
ұйымдар. Оған мыналар жатады:
1) депозитарий - клирингтің, номинал ұстаушының,
төлем агенттігінің және т.б. функцияларын
жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби
қатысушысы. Қазақстанда 1997 жылдың 16 мамыр
айында құрылтай шешімімен құрылтан, әрі
1997 жылдың 18 шілдесіндегі N12301-1910-АО номерімен
Алматы қаласының Әділет басқармасында
заңды тұлға ретінде тіркелген "Бағалы
қағаздардың орталық депозитарийі"
акционерлік қоғамы бар. Қоғам ҚР "Акционерлік
қоғам туралы" Заңына сәйкес 1999 жылдың
28 қазанында және 2002 жылдың 9 сәуірінде
қайта тіркелді. Коммерциялық емес ұйымдар
орталық депозитарий болып табылады және
олар мынадай негізгі функцияларды орындайды:
o номинал ұстаушыны жүзеге асыру;
o эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқа
да қаржылық
құралдар бойынша құқықтарды ескеру және
мәмілелерді тіркеу;
o номинал ұстаушыға қаржылық құралдар
мен
мәмілелер бойынша және оның табыс төлемі
бойынша
төлем агенттігінің функциясы;
o қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша
клиринг;
o ҚР заңдарына қайшы келмейтін кеңес
беру,
ақпараттық және басқа да қызмет түрлері.
2) тіркеушілер - ҚР заңдарына сәйкес құрылған
әрбір акционерлік қоғам бағалы қағаздар
эмиссиясы мемлекеттік тіркеуден өткен
сәттен бастап, бір ай ішінде бағалы қағаздар
ұстаушыларының тізілімін енгізуді және
сақтауды қамтамасыз етуі керек.
Бағалы қағаз ұстаушыларының мүліктік
құқығын және мүдделерін қорғау мақсатында
бағалы қағаздар ұстаушыларының тізімін
дербес жүргізетін бағалы қағаздармен,
сондай-ақ АҚ-мен мәмілелерді тіркейтін
бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
(тіркеушілер мен номинал ұстаушылары)
бағалы қағаздар құқығының бірінші тұлғадан
екіншісіне өтуіне байланысты мәмілелерді
орындаудың фактілерін бекітуге міндетті.
Номинал ұстаушылар клиенттердің бағалы
қағаздарымен болатын мәмілелерді және
олардың ауыртпашылық түсірген фактілерін
тіркеу бойынша функцияларды орындайды.
Олардың иелік ету құқығын растайды, клиенттерде
бағалы қағаздардың болуын және олармен
мәміле жасаудың мүмкіндіктерін қамтамасыз
етеді, төлем агенттігінің функциясын
орындайды, клиенттерді бағалы қағаздардың
номинал ұстаушыларына берілгені жөніндегі
ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сондай-ак
номинал ұстаушыларымен жасасқан келісімшартқа
сәйкес басқа да функцияларды орындайды.
Номинал ұстаушылардың қызметі ҚР Қаржы
нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу
және қадағалау жөніндегі агенттігі берген
лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздармен байланысты меншік
иелерінің құқығын жүзеге асыру үшін тіркеушілердің
талап етуі бойынша номинал ұстаушылар
тіркелген бағалы қағаз иелерінің тізімін
нақты бір күнде беруте міндетті. Номинал
ұстаушыларға аталған ақпаратты ашу құқығын
бермеген бағалы қағаз иелері кірмейді.
Тіркеушінің функциялық міндеттемесі
мыналарда:
o бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу
арқылы меншік
құқығын тіркеу және аталған тіркеуді
растайтын
жазбаша немесе электрондық құжаттарды
ресімдеу;
o бағалы қағаз иелерінің тізілімін енгізу
және сақтау;
o тізілімнен көшірме беру жолымен бағалы
қағаз
иелерінің құқығын растау;
o бағалы қағаздардың меншік құқығының
өзгеру
фактісін тізілімдегі тиісті жазуды өзгерту
жолымен
тіркеу;
o дауыс құқығын және бағалы қағаздар
меншігі құқығы-
ның ауыртпашылық түсірген фактісін тіркеу;
o эмиссияланған бағалы қағаздардың мөлшерін
және
оның тіркелген мөлшерге сәйкес келуін
бақылау;
o құжаттамалық формада шығарылған бағалы
қағаздардың сертификаттарын сақтау,
беру және өтеу;
o корпорациялық әрекеттерді тіркеуді
жүзеге асыру;
o тіркеуші эмитентке оны жалпы жиналысқа
дайындау,
сондай-ақ дивидендтік есеп айырысу бойынша
кеңес
беру қызметін көрсетуге құқылы.
Тіркеуші заңмен белгіленген жағдайларды
ескермегенде тізімді немесе оның бөлігін
жүргізу бойынша өз өкілеттілігін басқа
тұлғаға жүктей алмайды. Оның тізімін
өзі жүргізсе де эмитенттерге тиесілі
бағалы қағаздардың меншік құқығын тіркеушінің
сатып алуға құқығы болмайды;
3) клирингтік ұйымдар - қаржылық құралдармен
мәмілелерді орындауға қатысатын тараптардың
талаптары мен міндеттемелерін өзара
есепке жатқызатын қаржы нарығының кәсіби
қатысушылары;
4) кастодиандар - клиенттердің қаржылық
құралдары мен ақшасын сақтайтын, әрі
олардың есебін жүргізетін, оларды сақтау
міндеттемесін өз мойындарына алумен
қаржы құралдары мен ақшаға байланысты
олардың құқығын растайтын қаржы нарығының
кәсіби қатысушылары. ҚР-да кастодиандық
қызметпен және сейфтік операциялармен
айналысуға лицензиясы бар банктер ғана
кастодиан бола алады;
5) бағалы қағаздар портфелін басқарушы
- клиент есебінен және оның мүддесі тұрғысынан
азаматтық құқықтың объектілерін басқару
жөніндегі қызметті өз атынан жүзеге асыратын
қаржы нарығының кәсіби қатысушылары.
Олардың негізгі функциялары:
o ақшаны қаржылық құралдарға инвестициялау;
o қаржылық құралдармен орындалатын мәмілелердің
есебін жүргізу;
o өздеріне жүктелген қаржылық құралдарды
пайдалану,
әрі оған иелік ету.
Бағалы қағаздар нарығыңдағы кәсіби қызметтің
қандай да бір басқа түрлерімен қатар
қолданылмайтын айырықша түрлеріне мыналар
жатады:
o бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу;
o депозиттік қызмет - тек клирингтік қызметпен
ғана
қатар қолданыла алады;
o инвестициялық қордың бағалы қағаздар
портфелін
басқару;
o қор биржалары;
o биржадан тыс нарықтың баға белгілеу
жүйесі;
Айрықша қызмет түрлерін есепке алмағанда,
кез келген басқа қызмет түрлерімен кастодиандық
қызмет қатар жүргізіле береді, ал бағалы
қағаздар портфелін басқару брокерлік,
дилерлік және кастодиандық қызмет түрлерімен
қатар қолданыла алады.
Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген
қызметтің міндетті шартына заңды тұлғалар
үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса,
жеке тұлғалар үшін - ҚР Қаржы нарығы мен
қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау
жөніндегі агенттіктің біліктілік куәлігі
қажет.
2004 жылы Қазақстан Республикасы бағалы
қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті
50-ден аса компания жүзеге асырды. Олардың
38-і бұл құқыққа 1996 жылдың басында ие бодды.
Кәсіби қатысушылардың құрамына екінші
деңгейлі 23 акционерлік банк кіреді.