Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:28, реферат

Краткое описание

Микроэкономика пәні. Микроэкономиканың мақсаты мен міндеттері. Экономикалық ресрустар. Экономиканың негізгі үш мақсаты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

микроэкономика.doc

— 633.50 Кб (Скачать документ)

№1 тақырып. Қазіргі  микроэкономика және оның методологиясы 

(1 сағат)

 

    1. Микроэкономика пәні. Микроэкономиканың мақсаты мен міндеттері.
    2. Экономикалық ресрустар.
    3. Экономиканың негізгі үш мақсаты.

 

  1. Негізгі экономикалық түсініктер

 

Микроэкономика –  экономикалық теорияның негізгі бір бөлігі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын: қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты болады

Бұдан мынадай экономикалық проблемалар туындайды:

- «қажеттілік» бойынша – не  өндіреміз?

- «ресурстар және технология»  бойынша – қалай өндіреміз?

- «өнімдер және қолданылулар»  бойынша – кім үшін өндіреміз?

Адамдардың экономикалық іс-әрекеті белгілі нақты экономикалық тәртіппен жүріп отырады. Олар адамдардың арасындағы өзара әр түрлі байланысына  тәуелді болады және белгілі нысандарда жүзеге асырылатын экономикалық тәртіптің шарты болып есептеледі. Мұндай өзара байланыстар мен қарым-қатынастар қайталанып отырады әрі тұрақты болады және экономикалық тәртіптің тәсілі, нормасы, ережесі болып өздеріне сәйкес институттар мен қоғамдық құрылымдарда бекітіледі. Мұндай институттар мен олардың құрылымдары белгілі әлеуметтік жүйеге негізделіп, экономикалық іс-әрекет пен экономикалық тәртіптерге толықтай әсер етеді. әрине, нақты зерттеу мәселесіне және экономикалық теорияның белгілі бағыттарына байланысты оларды талдау әр түрлі деңгейде болады. Дегенмен де нарық, меншік, мемлекет сияқты негізгі институттарды ескрмесе болмайды.

Сонымен, адамдардың экономикалық іс-әркеттерін, оларды жүргізу барысында  пайда болатын және өздеріне сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемаларды микроэкономиканың зерттеу объектісі деп атаймыз.

Осы объектіні зерттеу  арқылы микроэкономика өзінің пәнін  анықтайды. Бұған экономикалық  субъектілер, экономикалық игіліктер және экономикалық іс-әрекеттер (қызметтер) жатады. Бұндай бірліктер адамдар, сонымен қатар олардың тобы, қоғамдастықтар болуы мүмкін. Кез келген қоғамдастық микроэкономикада субъект болып қарастырылмайды. Ол үшін адамдардың белгілі тобы бірігіп, қызмет істеп, алдарына қойған мақсаттарына бірге жетуі тиіс.

Тіршілік әрекетінің жалпы экономикалық процестеріне қатысушылары ретінде барлық экономикалық субъектілер екі түрлі қызметпен шұғылдануы мүмкін: бір объектіні басқа объектіге айналдыру (өзгерту) және оларды өз қажеттіліктеріне пайдалану. Бірінші жағдайда олар өндірушілер, ал екінші жағдайда, тұтынушылар болып есептеледі.

Тұтынушылар мен өндірушілердің экономикалық қызметтерінің объектісі  игіліктер болып табылады. Игілік – кез келген зат, ол материалдық, сонымен қатар материалдық емес болады және тұтынушының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады немесе өндірушінің көзделген мақсатына сәйкес қолданылуы мүмкін. Нарықтық экономикады олар тауарлар мен қызметтер деп аталады. Қызметтердің түріне байланысты игіліктер 2 түрге бөлінеді: өндірістік ресурстар және олардың негізінде өндірілетін тұтыну игіліктері.

Зерттеліп отырған экономикалық субъектінің экономикалық іс-әрекетін – олардың белгілі бір шешім қабылдап, әрі қарай соны жүзеге асыруы деп сипаттауға да болады. Қазіргі кездегі микроэкономикалық  теория шешім қабылдау процесіне көп көңіл бөліп зерттеуге бағытталған.

Сонымен микроэкономиканың пәні деп экономикалық субъектілердің экономикалық игіліктер туралы шешім қабылдауын айтамыз.

Микроэкномикалық зерттеулер бірнеше іргелі алғышарттарға сүйенеді және бұл микроэкономикалық талдаудың өзіндік ерекшеліктерін анықтайды. Соның ішінде ең алдымен экономикалық атомизмді атауға болады, микроэкономика өздігінен шешім қабылдап, соны іске асыратын экономикалық бірліктерге көп көңіл аударады.

Микроэкономикалық талдаудың келесі қағидалық белгісі – экономикалық субъектілердің ұтымдылық қимылын болжауы. Экономикалық рационализм тұжырымдамасының (концепциясының) түпкі мәні біріншіден, экономикалық субъектілердің өз қызметтерінен түсетін тиімділігін анықтау болса; екіншіден, осы тиімділікке жету үшін кеткен шығындарын есептеу; нәтижесінде осы көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып, өз пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізе білу болып есептеледі. Бұл жерде пайда – экономикалық субъектілердің тапқан игіліктері, ал шығындар – экономикалық субъектілердің осы пайдаға қол жеткізу жолында жұмсаған игіліктері болып абылады. Шығындары мен пайдаларын салыстыру арқылы экономикалық субъект ұтымды шешім қабылдайды.

Нарықтық экономикада  пайда көбінесе ақша түрінде бағаланады, яғни ақшалай түсім немесе түсім түрінде беріледі. Ал шығындар – жұмсауға кеткен қаражаттар немесе шығындар түрінде болады.

Экономикалық іс-әрекет нәтижесінде кіріс пен шығыс  арасындағы айырмашылықты ақша түрінде  – табыспен көрсетуімізге болады. Экономикалық субъектілердің оңтайлылығы экономикалық қызметтегі табыстың ең жоғары деңгейге жетуімен бағаланады.

Микроэкономикалық талдаудың  негізгі ерекшелігі шекті немесе маржиналдық талдау. Бұл талдау экономикалық іс-әрекеттердегі өзгерістерді зерттейді, яғни экономикалық субъект тек қана жалпы түсім мен жалпы шығындарды ғана салыстырмайды, сонымен қатар, өнім мөлшерін көбейткендегі қосымша түсім мен қосымша шығындарды да салыстырады. Шекті (қосымша) түсім шекті шығыннан көп болған уақытта шекті (қосымша) пайда оң сан болады. Сондықтан өз пайдасын мейлінше арттырғысы келетін экономикалық субъект бұнымен тоқталмайды. Жоғарыда айтылған екі көрсеткіш бір-біріне теңескенге дейін өнім шығару көлемін арттыра береді. Шекті түсім шекті шығынға тең болғанда пайда ең жоғары деңгейге жетеді, сонда ғана рационалды (тиімді) субъект өз мақсатына жетеді.

Микроэкономикада функционалдық талдауға да үлкен мән беріледі. Бұл зерттеуді жүргізгенде экономикалық өзгерістер кезіндегі басты көрсеткіш анықталады, ал одан кейін оған әсер ететін факторлар іздестіріледі. Сөйтіп олардың арасындағы тәуелділікті функция көмегімен көрсетеді.

Микроэкономиканың жоғарыда қарастырылған ерекшеліктері экономикалық модельдер құрғанда анық байқалады. Экономикалық модель дегеніміз экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір фрагментін қарапайым түрде көрсеті. Бұл кезде зерттеліп отырған құбылыстардың басты қасиеттерін және өзара қарым-қатынастарын жақсы түсіну үшін кейбір бөліктер қарастырылмайды.

Модельдер ауызша, график түрінде және символдық (аналитикалық) болуы мүмкін. Кез келген ғылым әр түрлі модельдерден тұрады, олар көбінесе ауызша болады.

Бірақ та, теориялық модельдеу кезінде әрдайым графикалық және аналитикалық модельдер қолданылады, себебі олар көрнекті және қысқаша түсінікті болады.

Кез келген модельде айқын  және айқын емес түрде белгілі  болжамдар болады. әр түрлі құбылыстар, олардың қасиеттері, сонымен қатар  олардың өзара байланыстары көбінесе символдық түрде, соның ішінде сандық және айнымалы шамалармен бейнеленеді. Модельдерде экзогенді және эндогенді деп аталатын екі экономикалық айнымалылар қолданылады. Экзогенді айнымалылардың мәні модель құрылмастан бұрын белгілі болады – бұлар берілген ақпараттар. Модельді талдау кезінде зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың қасиеттері туралы белгілі бір қорытынды шығарылады. Бұл кезде анықталған шамаларды эндогенді айнымалылар дейміз. Олар модельдің нәтижесі болып табылады. Модельді құру нәтижесінде экзогендік айнымалылардың эндогенді айнымалыларға қалай әсер ететінін көреміз.

әрине кез келген модель нақты экономикалық құбылысты белгілі бір дәрежеде ғана көрсетеді. Сондықтан оның нақты жағдайға сәйкес екенін анықтаған кезде экономикалық іс-әрекеттің модельде көрсетілмеген басқа да қасиеттері, көрсеткіштері өзгермейді деп ұйғаруымыз керек. Бұл шартты әрі қарай зерттеулер кезінде қолданамыз (басқа көрсеткіштер тұрақты деп қарастырғанда).

 

  1. Экономикалық ресурстар

 

Экономикалық шешім  қабылдау қажеттілігі төмендегі  себептерден туындайды. Біріншіден, экономикалық  субъектінің белгілі  экономикалық іс-әрекеттер жасауға мүмкіндігі болғанда, ал екіншіден, осы экономикалық іс-әрекеттерді орындаудың әр түрлі тәсілдері болғанда. Экономикалық іс-әрекеттердің әр түрлі тәсілдері міндетті түрде баламалы немесе бірін-бірі ығыстыра алатын (жоққа шығаратын) болуы тиіс. Бұл шарт орындалмаса орындау тәсілдерінің қай-қайсысын да қолдануға болады және ешқайсысы да бір-біріне кедергі болмайды.

Бұдан түсінетініміз, экономикалық іс-әрекеттердің бірнеше баламалы нұсқаларының ішінен біреуін таңдау проблемасы және бұндай жағдай берілген экономикалық субъектіге нақты мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар баламалы қадамдардың ішінен таңдау қажеттілігі де берілген уақытта туады.

Жоғарыда айтылғандай, әрбір экономикалық іс-әрекет белгілі  бір өзіне сай қажеттілікті анықтаудан басталады. әрине, қажеттілікте шек болмайды. Белгілі бір уақыт аралығындағы қажеттілігімізді уақытша қанағаттандырғанда, ол басқа жаңа қажеттіліктер туғызып, күрделене, тереңдей түсетіні сөзсіз. Сондықтан бұл мәселелер көбінесе тұрақты болады. Ал екінші жағынан, біздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын ресурстар мен технологиялар әрқашанда шектеулі болады. Біріншіден, бұл табиғатта кездесетін игіліктердің әр түрлі мөлшерде болуы, мысалы, кейбір игіліктер басқаларына қарағанда өте аз болады. Екіншіден, адамзат қолымен жасайтын игіліктер де шектеулі. Бұл тек белгілі уақыт аралығындағы белгілі игілік түрінің қор мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар оны толықтырып отыру мүмкіндігіне де байланысты. Қорларын толықтыру мүмкіндіктеріне байланысты игіліктер төмендегідей түрлерге бөлінеді: қайта өндірілетін және қайта өндірілмейтін. Сонымен, әр түрлі игіліктердің көлемдері мен қорларын толықтыру деңгейі олардың бір-бірімен салыстырмалы шектеулілігін көрсетеді және игіліктердің сиректігі категориясы деп аталады.

 

3. Экономиканың негізгі үш мақсаты.

 

Кез келген тұтынушының  қолындағы игілік қоры оның қажеттілігін толықтай қанағаттандыруға жетпеу мүмкін және өнімде бұл өте жиі кездеседі. Қажкттілікке байланысты игіліктердің жетіспеуін, шектеулі болуын игілік тапшылығы категориясы арқылы түсіндіреді.

Осы айтқандарды қорыта келсек, тапшылық пен сиректік игіліктердің шектеулілігін сипаттайды. Ал игіліктердің шектеулілігі (соның ішінде ресурстар мен технологияның) адамдардың экономикалық қызметтерінде қолданатын барлық игіліктерге тән қасиет.

Сан түрлі қажеттіліктерді  шектеулі игіліктермен қанағаттандыру іс жүзінде мүмкін емес, сондықтан  қажеттіліктердің кейбіреуі түгелімен  қанағаттандырылмайды. Сондықтан, кез  келген экономикалық іс-әрекет қарастырып отырған уақыттағы қанағаттандырылатын қажеттілікті таңдап алу болып есептеледі және осы уақытта басқа қалған қажеттіліктерді қанағаттандырудан бас тарту керек екенін көрсетеді. Сонымен қатар кез келегн экономикалық іс-әрекет шектеулі игілік қорының белгілі бір бөлігінің шығынын көрсетеді, бұның нәтижесінде қарастырып отырған қажеттіліктен басқаларын қанағаттандыру мүмкіншілігі азаяды. Белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін шығарылатын ресурстар шамасы басқа қажеттіліктерге керек осы ресурстар шамасымен байланысты болады. Бұдан түсінетініміз белгілі бір ресурстардың белгілі мөлшерін бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін жұмсайтын болсақ, онда қалған қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыру мүмкіншілігі аз, себебі игіліктер немесе ресурстар жетіспеуі мүмкін. Осыдан таңдау проблемасы үнемдеу проблемасымен тікелей байланысты болады.

Үнемдеу проблемасы – берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмсауы, соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізуін айтамыз.

Баламалық қажеттіліктерді  шектеулі игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық іс-әрекеттердің шығындары туралы айтып  өтуіміз керек, себебі кез келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Бұған жататындар: ақпарат алуға, шешім қабылдауға, берілген шарттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге кететін шығындар. Экономикалық қызметтің шығындары әр түрлі институционалдық жүйеде әр түрлі формада болуы мүмкін.

Игіліктердің шектеулілігін  және балама тәсілдердің ішінен таңдап алу қажеттілігін ескере отырып, кез келген экономикалық қызметтегі шығындар проблемасын қарастыратын болсақ, онда төмендегідей қорытындылар шығаруға болады. Белгілі бір игілікті алуға бағытталған кез келген әрекет дәл осы мезгілде басқа баламалы игіліктерді алудан бас тартуға мәжбүр етеді. Мысалы, 30 теңгеге 1 литр сүтті сатып алу үшін бір бөлке наннан бас тартуға тура келеді немесе темір құймадан гайка жасайтын болса, онда осы дайындамадан болт жасай алмайды.

Көп жағдайларда таңдау мүмкіндіктері екі варианттан көп болады. Экономикалық субъект әр баламалық нұсқаларда қолданатын ресурстардың тиімділігін бағалап, нәтижесінде пайдасы ең жоғары деңгейде болатын баламалық нұсқаны таңдап алады.

Балама шығын деп жүзеге аспаған балама мүмкіндіктердің ең жақсысынан түсетін пайданы айтамыз. Экономикалық таңдау кезінде балама шығындарды есептеу микроэкономикалық талдаудың маңызды принциптерінің бірі болып есептеледі. Балама шығындарды өндіріс мүмкіндіктерінің қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы шикізаттан дайын өнім өндіргенде бір ғана балама игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игілік өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымының балама мүмкіндіктері өте көп болады.

Информация о работе Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы