Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 20:46, реферат

Краткое описание

Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң, жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi тербелiстерiн зерттейдi.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
Негізгі бөлім:
А) Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы ....................5
Б) Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық проблемалар.............................................................................................................9
В) Макроэкономикалық модельдер.....................................................................12

Қорытынды................................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................17

Прикрепленные файлы: 1 файл

макроэкономика.docx

— 36.87 Кб (Скачать документ)

1-кезеңде  фирмалар мен үй шаруашылықтарының  шешiм қабылдауын зерттеушiлер теория деңгейiнде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлi экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;

2-кезеңде  фирмалар мен үй шаруашылықтарының  жиынтық шешiмдерiн қарастыра  отырып, жалпы экономикалық беталыстар  талдауға түседi. Бұл кезеңде агрегатталған, iрiленген шамалар қолданылады. Мысалы, бiр ғана фирманың өнiмi емес, ЖҰӨ; жеке банктiң пайыз мөлшерлемесi емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесi;

3-кезеңде  макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсiлмен зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.

Экономикалық үлгi экономикалық айнымалылардың арасында байланыстар орнатуға қажеттi алғышарттардан тұрады. Үлгi қисынның, графиктiң және математиканың көмегiмен құрылған теориялардан белгiлi бiр қорытынды алуға пайдаланылады, ол өз кезегiнде теория түсiндiруге тырысатын құбылыстардағы алғышарттардың салдарын анықтауға мүмкiндiк бередi Сөйтiп, үлгiнi экономикалық шарттардың өзгеруi және сатып алынатын иiгiлiктердiң құны мен көлемiне қандай өзгерiстер енгiзетiнiн анықтау, жорамалдау үшiн пайдаланамыз.

Экономикалық айнымалылар деп әртүрлi мәндерге ие бола алатын өзгеретiн өлшемдердi немесе ақша сомаларын айтамыз. Әдетте экономикалық үлгiлер экономикалық шарттардың ең маңызды экономикалық айнымалыларға әсерiн түсiндiруге тырысады. Үлгiде мәндерi берiлген айнымалылар параметрлер деп аталады.

Экономикалық үлгiлердiң қорытындылары көбiнесе болжамдар түрiнде көрсетiледi. Бұл белгiлi бiр фактiлермен расталатын немесе жоққа шығарылатын себептер мен салдардың көрiнiсi болып табылады.

Макроэкономикалық үлгi – әртүрлi экономикалық құбылыстар мен үрдiс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгi күнделiктi өмiрдiң оңайлатылған бейнесiн көрсетедi. Себебi макроэкономикалық зерттеу жүргiзуде нақты өмiрдiң барлық жақтарын бiр уақытта қарастыру мүмкiн емес. Сондықтан да бiрде-бір макроэкономикалық үлгi нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңiндегi белгiлi бiр бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейдi. Бiрақ осындай жалпылама үлгiлердiң арқасында экономикаға әсер ететiн iшкi (эндогендi) және сыртқы (экзогендi) экономикалық айнымалылардың көлемi анықталады.

Экзогендi айнымалылар – алғашқы ақпараттар, сырттан ендiрледi, ал эндогендi айнымалылар – кейiнгi ақпараттар, олар үлгiнiң өзiнде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, экзогендi айнымалылардың мәнi үлгi құрылмай тұрып берiледi, ал эндогендi айнымалылар үлгiнiң iшiндегi есептеулердiң нәтижесiнде қалыптасады.

Экономикалық принциптер арқылы түсiндiрiлетiн айнымалылар эндогендi, ал түсiндiрiлмей, берiлген түрде қабылданатын айнымалылар экзогендi деп аталады. Негiзгi мақсатымыз эндогендi айнымалылардың өзгерiсiн экзогендi айнымалылар арқылы түсiндiру болып табылады.

Үлгiнiң көмегiмен қамтамасыз етiлетiн экономикалық мәселелердi шешудегi жан-жақтылық макроэкономикалық саясаттың икемдiлiгiн және баламалылығын арттырады. Макроэкономикалық үлгiлердi пайдалану Үкiмет пен Ұлттыє банк экономикадағы циклдiк толқуларды реттеуде жүргiзетiн бюджет-салық, ақша-несие саясаттарының құралдарын тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.

Шеңберлi ағым үлгiсi, АD-AS, Кейнс кресi, IS-LM, Филипс пен Лаффер қисығы, Солоу үлгiсi сияқты жалпылама макроэкономикалық үлгiлер макроэкономикалық талдау жүргiзудiң негiзгi құралдары болып табылады. Бұл үлгiлер қандайда бiр ғана ұлттық экономикаға тән емес. Кез келген үлгi экономиканың динамикасын және оның көрсеткiштерiн танып-бiлудегi пайдалылығымен бағалануы тиiс. Бағалаудың объективтiк қиындығы мынада болып табылады:

а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты үлгi құрарда оны жеткiлiктi алғышарттармен қамтамасыз ету;

ё) макроэкономикалық саясат үшiн қате шешiмдердi болдырмау. Үлгi жеткiлiктi дәрежеде нақты өмiрдi көрсетуi мүмкiн, бiрақ бұл жағдайда ол өте күрделiленiп кетуi де ықтимал.

Ал өз кезегiнде үлгiнiң қарапайымдылығы оны экономикалық зерттеулерге пайдалануға байланысты басты талап немесе шарт болып табылады. Үлгiнiң шамадан тыс жеңiлдетiлуi үлгiде бiраз маңызды факторлардың ескерiлмеуiне әкелiп соғады, ал оның нәтижесiнде қабылданған шешiмдер қате болып шығу ықтималдылығы артады. Сондықтан кез келген үлгiнi құрудағы басты қиыншылық – нақты мәселе бойынша макроэкономикалық талдау жүргiзуге қажеттi факторлар шеңберiн анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта айтқанда, жалпы экономика ғылымы екi басты бөлiмнен тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкiметтiк агенттiктер сияқты шағын бiрлiктер жасайтын таңдауларды зерттейтiн экономиканың білiм. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секiлдi iрi масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтiн бөлiгi.

Макроэкономика экономиканы бiр үлкен бүтiн құбылыс ретiнде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп жалпылай қарастырады.

Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз:

1-кезеңде  фирмалар мен үй шаруашылықтарының  шешiм қабылдауын зерттеушiлер  теория деңгейiнде қарастырады. Содан  соң микроэкономикалық құралдарды  пайдаланып, фирмаларды әртүрлi экономикалық  жағдайларға байланысты қарастырады;

2-кезеңде  фирмалар мен үй шаруашылықтарының  жиынтық шешiмдерiн қарастыра  отырып, жалпы экономикалық беталыстар  талдауға түседi. Бұл кезеңде агрегатталған, iрiленген шамалар қолданылады. Мысалы, бiр ғана фирманың өнiмi емес, ЖҰӨ; жеке банктiң пайыз мөлшерлемесi емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесi;

3-кезеңде  макроэкономикалық ақпаратты талдау  және жинау арқылы теорияның  нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика  – макроэкономикалық теория мен  агрегатталған ақпараттардың ортасындағы  байланысты нысандық тәсiлмен  зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Мамыров Н. Макроэкономика. Алматы. 2003ж.

2. Дорнбуш Р. Макроэкономика. Алматы. 1997ж.

3. Нүрпейiсов Ж. Экономикалық теория негiздерi, Ақмола.1996ж.

 

 


Информация о работе Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы