Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 20:44, реферат
Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері БҰҰ және оның арнайы мекемелер жұмысына белсенді қатысуда. Бұл ынытмақтастық мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы ұжымдық қауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастық арқылы бейбітшілікті сақтау мақсатымен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1945 жылдың 26 маусымында 51 мемлекет қатысуымен құрылды. 66 жыл өтккеннен кейін мүше мемлекеттердің саны 193 жетті.
I Біріккен ұлттар ұйымы
II Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (ТМЫК)
III Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД)
IV Түркі мәдениетін және өнерін ортақ дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ)
V НАТО және Қазақстан
VI Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан және халықаралық ұйымдар
Жоспары:
I Біріккен ұлттар ұйымы
II Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (ТМЫК)
III Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД)
IV Түркі мәдениетін және өнерін ортақ дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ)
V НАТО және Қазақстан
VI Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ)
Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері БҰҰ және оның арнайы мекемелер жұмысына белсенді қатысуда. Бұл ынытмақтастық мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы ұжымдық қауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастық арқылы бейбітшілікті сақтау мақсатымен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1945 жылдың 26 маусымында 51 мемлекет қатысуымен құрылды. 66 жыл өтккеннен кейін мүше мемлекеттердің саны 193 жетті.
Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:
бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау; ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту; халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау; осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.
БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында 46/224 резолюцияға сәйкес Ұйымның жаңа мүшесі болды.
Жалпы, Қазақстан мен БҰҰ жүйесіндегі бағдарламалар, қорлар, мамандырылған мекемелер арасындағы өзара әрекеттесу кезінде Ұйым біздің елге 145 млн. дол. көлемінде техникалық көмек көрсетті.
БҰҰ және оның жүйесіндегі ұйымдардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптеген мемлекеттің ішкі мәселелерін шешуге бағыттау қажет. БҰҰ халықаралық қатынастың құралы екендігін тани отырып, Ұйым арқылы Жахандық адамзат мәселелерін шешудегі үлесімізді тигізуге тырысамыз.
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕСІ (ТМЫК)
Жалпытүркілік интеграция бойынша бастамаларды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ілгерілетті. 2006 жылғы Антальядағы Түркітілдес мемлекеттердің басшылары саммитінде елбасымыз бірнеше жалпытүркі құрылымдарын, атап айтқанда Түркітілдес мемлекеттері басшыларының Тұрақты органын, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясын және Ақсақалдар Алқасын құру туралы бастамаларын білдірді. Қазақстан Президентінің ұсыныстары түркітілдес елдері мемлекет басшыларының тұрақты әрекет етуші органының бекітуіне жіберілді және осы ретте түркі әлемінің іс жүзіндегі интеграциясын ілгерілетудегі маңызды қадам болып табылды.
2009 жылғы 3 қазанда әзербайжандық
Нахчыван қаласында
ТМЫК шеңберінде Мемлекет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Аға лауазымды тұлғалар комитетінің жыл сайынғы отырыстарын өткізу қаралған.. Сонымен қатар Астана 2012 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. 2012 жылғы ақпанда астанада осы жылдың салтанатты ашылуы өткізілді. Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Түркменстан, Татарстан (РФ), Гагаузия (Молдова) өкілдерінің және басқалардың қатысуымен халықаралық би және ән фестивалі өткізілді.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД)
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде
(Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина
басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы
туралы Келісімі істен
1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда желтоқсан 21|21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі.
ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды.
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы беделді үкіметаралық ұйым болып табылады. Қатысушылар саны, географиялық қамтуы және мамандандырылған құрылымдар желісі бойынша БҰҰ-дан кейінгі ең ірі ұйым бола отырып, қазіргі уақытта жалпы халқы 1,5 млрд. адамға жуық 57 мемлекетті біріктіруде.
1995 жылы Қазақстан оның толық
мүшесіне айналды. Ұйым жұмысына
қатысудың бір жарым онжылдық
ішінде Астана ИЫҰ-мен және
оның институттарымен өзара
Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық тәжірибелік өзара әрекеттесудің айқын үлгісі болып табылады. Атап айтқанда ИДБ қолдауымен Қазақстанда Исламдық қаржыландыру және исламдық банк жүйесі туралы заң дайындалып, қабылданды, сондай-ақ бірнеше инфрақұрлымдық және әлеуметтік жобалар іске асырылды.
ҚР-дың өсіп келе жатқан экономикалық әлеуетін мойындай отырып, ИЫҰ-ның Экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі тұрақты комитеті – КОМСЕК Бас Ассамблеясы Бюросына мүшелікке Қазақстанның кандидатурасы қолдауға ие болды. 2015 жылы Алматыны «Ислам мәдениетінің астанасы» етіп жариялау ИЫҰ елдерімен гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге үлкен серпін беретін болады.
Мұсылман Үмбеті алдындағы Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық баяндамасы жаңғырту мен реформаларды XXI ғасырдағы Ислам әлемі дамуының негізі ретінде жариялаған, өзінің мазмұны бойынша Ұйымның ерекше озық құжаты – ИЫҰ-ның Астаналық декларациясына негізін салды. Алғаш рет ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық іс-әрекеттер жоспары қабылданды.
СІМК 100-ден астам қарарларды қабылдады, оларға сондай-ақ Ауғанстаннан шығатын есірткінің заңсыз өндірілуіне және айналымына қарсы күрес және бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізі өңірлерін оңалту саласындағы Қазақстанның бастамалары да енді.
Түркі мәдениетін және өнерін ортақ дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ)
Түркі мәдениетін және өнерін ортақ дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) 1993 жылы 12 шілдеде құрылды.
Мүшелері: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Алтай Республикасы (РФ), Башқұртстан Республикасы (РФ), Гагаузия Автономдық Республикасы (Молдова), Хакасия Республикасы (РФ), танылмаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Саха Республикасы (РФ), Татарстан Республикасы (РФ) және Тыва Республикасы (РФ). Штаб-пәтері Анкара қаласында (Түркия) орналасқан. Ресми тілдері: түрік, ағылшын және орыс.
2011 жылғы 20-21 қыркүйекте Астана
қаласында ТҮРКСОЙ Мәдениет
ТҮРКСОЙ түркітілдес халықтардың арасындағы рухани байланыстар дәстүрлерін жаңғырту мақсатында құрылған. Ұйымның сан-салалы қызметі мүше елдер арасындағы мәдени алмасу мен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
ТҮРКСОЙ мүше-елдерінің ортақ жігерімен түркі халықтарының материалдық және материалдық емес мәдени мұраларын қорғау бойынша үлкен жемісті жұмыс жүргізілуде, оның ішінде, тарих және мәдениет ескерткіштерін жаңғырту, түркі халықтарының ұлттық мәдениеті үшін ерекше маңызды болып табылатын сирек тарихи-мәдени, архитектуралық және археологиялық ескерткіштерді зерттеу, сонымен қатар фольклор, дәстүр мен әдет-ғұрып мәселелері кіреді.
Соңғы жылдары ортақ тарихы, мәдениеті, тілі және ұлттық мәдени құндылықтары бар бүкіл түркітілдес мемлекеттердің арасында мәдени, рухани, гуманитарлық және басқа да салаларда байланыстары кеңеюде.
НАТО және Қазақстан
НАТО осы ұйымға кіруге ұмтылатын немесе осы ұйым саясатын қолдайтын бірқатар еуропалық мемлекеттермен “Бейбітшілік үшін ынтымақтастық ” деп аталатын келісімге қол қояды. Бұл бағдарлама мүшелері: Албания, Аустрия, Әзірбайжан, Әрменстан, Гүржістан, Ирландия, Қазақстан, Қырғызстан, Македония Республикасы,Өзбекстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Финландия, Хорватия, Швейцария, Швеция.
Қазақстан Республикасы және НАТО арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы біздің елімізге 1997 жылы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесіне (ЕАӘК) болып қайта құрған, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кіруімізден басталады. ЕАӘК Қазақстанға НАТО-ға қатысушы мемлекеттерімен және еуразиялық әріптестік мемлекеттерімен халықаралық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөніндегі нәтижелі сұхбатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ЕАӘК-ның жыл сайынғы Сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатыс1994 жылдың қаңтар айында қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту, НАТО және әрбір қатысушы мемлекеттердің арасындағы нақты әріптестікке қол жеткізуді мақсат ететін НАТО ұсынған «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы кең ауқымды бастамашылық болып табылады. Бұл бағдарлама өте маңызды және қазіргі қауіпсіздікті құрудың ажырамас бөлігі болды.
2004 жылдың қазан айында Алматы қаласында және 2006 жылдың желтоқсан айында Брюссель қаласында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен болған кездесулері барысында күш-жігерді біріктіру және терроризммен, экстремизммен, есірткенің заңсыз айналымымен, сондай-ақ қару-жарақ контрабандасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты орнату жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс 2006 жылғы 31 қаңтарда қабылданған Қазақстан және НАТО арасындағы Әріптестік іс-қимылы жөніндегі жеке жоспардың (ӘІЖЖ) шеңберінде іске асырылады.
ӘІЖЖ-нің қабылдануы Қазақстанның НАТО-мен өзара қарым-қатынастарын сапалы жаңа деңгейге шығарады және Солтүстік Атлантикалық Альянсімен халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөнінде жан жақты сұхбатты тереңдетуді жәрдемдесуге бағытталған.
2006 жылы ӘІЖЖ жүзеге асыру
аясында Қазақстан мен НАТО
сарапшыларының жүмыс
Альянспен сұхбатты нығайту үдерісіндегі маңызды оқиға Қазақтан Республикасы Парламентінің НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясындағы (НАТО ПА) бақылаушы мәртебесін алуы болып табылады. Тиісті шешімді ҚР Парламентінің қос палатасының төрағалары жасаған өтініштерінен кейін 2004 жылғы 15 қарашада Парламенттік Ассамблеясының Тұрақты комитеті мәжілісінде қабылдаған болатын.
2008 жылғы 12-13 қараша кезеңінде Қазақстан
Республикасының делегациясы
2008 жылғы 7-11 сәуір кезеңінде Астана
және Алматы қалаларында
Қазақстан НАТО-ның Білім жөніндегі комитетінің барлық шағын бағдарламаларына қатысады. Бірлескен жобалар, ең әуелі, Семейдің, Арал теңізінің, ядролық қаруды таратпау режимін нығайту және биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне бағытталған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1) refik.kz
2) kk.wikipedia.org
3) mfa.gov.kz
4) el.kz
5) zox.kz
6) bes-asyl.kz
7) kitaptar.com