Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 08:45, реферат

Краткое описание

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пада болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған. Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауармен ақша бір – бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар

Содержание

Кіріспе
Бөлім 1. Ақшаның пайда болуы мен мәні.
1.1 Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы
1.2 Ақша - тауардың жалпы эквиваленті
1.3 Ақшаның түрлері
Бөлім 2. Ақшаның қызметі.
2.1 Ақшаның атқаратын қызметі
2.2 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы
Бөлім 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы.
3.1 Қазақстан Республикасының валютасы.
3.2 Дүниежүзілік валюта жүйесі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ақша әне оның қызметі.docx

— 43.25 Кб (Скачать документ)

резиденттердің мемлекет алдындағы  шетел валютасымен міндеттемелерін  орындауын тексеру; сондай – ақ ҚР – ның ішкі валюта нарығында шетел валютасын сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру; шетел валютасымен жүргізілген төлемдердің дәлелділігі, валюта операциялары бойынша есеп пен есептесудің толықтығы және объективтілігі тексеріліп, сонымен бірге резиденттер еместердің теңгемен жүргізген операциялары бойынша бақылау жүргізіледі.Сөйтіп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастарға қызмет етіп, ол мемлекеттің төлем балансында көрініс табады.

3.2 Дүниежүзілік валюта жүйесі.

Халықаралық валюталық қатынастар – ұлттық шаруашылықтардың қызметтерінің  нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген  элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті. Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір – бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін көрсетеді. Капиталдың шеңбер айналысы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады. Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: Әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта түседі. Сондықта да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді. Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді.Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

Ұлттық валюталық жүйе.

Дүниежүзілік валюталық жүйе.

Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық  жүйе.

Тарихта ұлттық валюталық ең бірінші қалыптасқан. Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді. Ұлттық валюталық жүйе – елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады. Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.Дүниежүзілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие – қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері.


Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы