Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 19:48, контрольная работа

Краткое описание

Қазақстан аумағы көне заманнан көшпелілер тұрағы болған. Ол күрделі тарихи, саяси және этникалық процестер аренасы болды. Ең дәуірлік оқиға – шаруашылықтағы өзгерістер, қоғамдық және саяси ұйымдағы өзгерістер ХІХ ғасырда ғана туды. Қазақ халқы өзінің мыңжылдық тарихында көптеген күрделі оқиғаларды басынан кешті, саяси әлеуметтік, экономикалық даму сатысын өтті.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
А) Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Қазақстан
В) Соңғы жылдардағы Қазақстан
ІІІ Қорытынды бөлім

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР әлеу-эко дамуы.docx

— 50.70 Кб (Скачать документ)

Ауыл шаруашылығын одан эрі дамытудың жаңа кезеңі 2002 жылдан басталды. Бүл 2005 жылға дейінгі уақытты қамтуға тиіс кезең аграрлық өндірістегі реформаны аяқтау, ауылшаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізу жэне ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастырыла қарастырылған. Үкімет 2002 жылдан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен жүйелі жүмыстарды жүргізе бастады. 2002 жылы маусымда мемлекеттік- аграрлық бағдарлама қабылданды. Ол 2003—2005 жылдарды қамтыды, бүл жылдар ауылды қолдау, өркендету жылдары деп аталды. Сөйтіп, аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003—2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2002 жылы ауыл шаруашылығы салаларын қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 30 млрд. теңге қаржы бөлінді. 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын жэне оған байла- нысты салаларды бюджеттік қаржыландыру елеулі түрде өсті. Мы- салы, 2003 жылы 40 млрд. тенге қаржы бөлініп, оның 30 миллиарды аграрлық секторды дамытуға, 10 миллиарды ауылдың әлеуметтік мәселесіне, оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру салаларына, ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуге жүмсалды. Ал 2004 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен — 50 млрд., 2005 жылы — 55 млрд. теңге бөлінді.

Кейінгі жылдары  Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестици- ялар 3 еседен астам үлғайды. Бүл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Жоғарыда аталған ауылды қолдаудың үш жылдық бағдарламасы ел ішін дамытуға қуатты серпін берді. Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тау- ар айналымының 4 есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан, 2008, 7 ақпан). 2007 жылы ауылшаруашылық дақылдарының барлық дерлік түрлері бойынша жақсы өнім алынды. Әсіресе, ел диқандары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Республика бойынша 22,5 миллион тоннадан астам астық орылды. Қазақстан астық өндірісінің жан басына шаққандағы көлемі мен үн эксперты бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Соңгы он жылда ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі 3 есе дерлік артты. Қорытып айтқанда, еліміздің ауыл шаруашылығына жан-жақты көмек корсету арқылы оның деңгейін көтеру, соның ішінде қазіргі кездегі егістік көлемін сақтау, одан алынатын өнімді өсіру, малдың санын түрақтандыру ісін жүзеге асыру көзделген. Қазір ауылдық жерлерде Қазақстан халқының 43 проценті түрып жатыр.

Тәуелсіздік алған  Қазақстанның көлік қатынасында  темір жолдың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі, жол жүретін адамдардың тең жарымы тиеді. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Укра- ннадан кейінгі үшінші орынды алады. Міне, осымен байланысты темір жол көлігіне талаптар жыл сайын өсіп отыр жэне оның басты міндеттері Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан — 2030” стратегиялық бағдарламасында көрініс тапқан. Бүл мәселелерді шешуде темір жол қүрылымын жетілдіру ерекше орын алады.

1996    жылғы 31 қаңтарда Үкімет қаулысымен Алматы, Тың жэне Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік “Қазақстан темір жолы” кәсіпорны қүрылды. Ал 2002 жылы бүл кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен “Қазақстан темір жолы үлттық компаниясы” жабық акционерлік қоғамына айналдырылды.

2002 жылы Қазақстандағы  темір жолдың үзындығы 13,6 мың шақырымға жетті, оның бойындағы темір жол станцияларының саны 720 болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап жаңа темір жолдар салу жэне темір жол станциялары мен желілерді қайтадан жаңартуға ерекше назар аударылуда. Соның ішінде халықаралық темір жол желілерін қүруға барынша көңіл бөлінуде. Халықаралық темір жол қатынасын дамытуда Достық станциясы маңызды рөл атқарады. Өйткені ол Еуропа жэне Азия елдерінің арасындагы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда үлкен орын алады. 1991 жылы қыркүйекте Достық станциясы арқылы Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасу, ал 1992 жылы маусымда жолаушылар тасу жүзеге асырылды. 1994 жылдан бастап Достық-Алашанкоу станциялары арқылы халықаралық жүк тасу жүргізіле бастады. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай, Өзбекстан жэне Оңтүстік Корея сауда байланыстары Достық станциясы арқылы едәуір өсті. Тек

2002    жылдыц өзінде жүк тасу 1994 жылмен салыстырғанда 10 есеге артып, 6 млн. тоннаға жетті.

“Қазақстан  — 2030” бағдарламасыныц талаптарына  сай 1998 жылы мамыр айында алғаш рет  егемен Қазақстанныц тарихын- да Павлодар облысыныц Ақсу қаласы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Конечная темір жол қүрылысы басталып, 2000 жылы 8 желтоқсанда аяқталды. Жолдыц жалпы үзындығы — 184 шақырым. Жолды салуға республиканыц эртүрлі аудандарынан 1500 жүмысшы қатынасты, қүрылысқа 6,5 млрд. тенге жүмсалды. Бүл жол елдіц Солтүстік жэне Шыгыс облыстарыныц арасындагы қатынасты 600 шақырымга қысқартты. Павлодар облысыныц Ақсу жэне Май аудандары жеріндегі табиги байлықтарды игеруге мүмкіндік берді.

Егемен Қазақстан  жеріндегі екінші мацызды темір жол құрылысы Қостанай облысындагы Алтынсарин станциясы мен Ақтөбе облысының Хромтау қаласын байланыстыратын темір жол магистралі. Жолдың үзындығы 387 шақырым, қүрылыс жүмысы 2001 жылдың маусым айында басталып, 2004 жылдың қараша айының соңында аяқталып, пайдалануға берілді. Бүл жол Қазақстанның Солтүстік жэне Орталық аймақтары арасындағы жол қатынасын 1,5 мың шақырымға қысқартты жэне елді Ресейдің Қарталы-Орск темір жолына бағыныштылықтан босатты. Бүл жол- мен Қазақстанның Орталық жэне Солтүстік аудандарынан Батыс облыстарға хром рудалары, астық, ал Ақтау, Новороссийск жэне Одесса теңіз порттары арқылы Украинаға қара металл, ферросплав, сондай-ақ Ақтау арқылы Республиканың солтүстік облыстарынан Иранға жыл сайын 5,5 млн. тонна астық жеткізу көзделген.

Республиканың темір жол қатынасын одан эрі дамытуда оның аса қажетті магистральдық учаскелерін электр жүйесіне қосудың маңызы ерекше зор. Соңғы 10—12 жыл ішінде бүл бағытта бірсыпыра оң істер атқарылды. Мысалы, 1991—1994 жж. Арыс пен Шу станциялары арасындағы 600 шақырымдық жолды электр жүйесіне қосу жүмысы аяқталды. Ал 1993 жылдан бастап Шу мен Алматы арасындағы темір жолды электр қуатына қосу басталды. 1996—1999 жылдары қашықтығы 190 шақырым Шу-Отар темір жолын электр қуатына көшіру аяқталды, 2000 жылы үзындығы 90 шақырым Отар-¥зынағаш учаскесі іске қосылды, ал 2002 жылдың көктемінде Отар мен Алматы арасындағы темір жол магистралін электр қуатымен жүмыс істеуге көшіру біржолата аяқталды. Осының нәтижесінде Қазақстанда электр қуатымен жүмыс істейтін темір жол магистралінің үзындығы 3,7 мың шақырымға жетті, не- месе республикадағы барлық темір жолдың 27 пайызын қамтыды. Болашақта Алматы қаласы мен Достық станциясы арасындағы темір жолды электр қуатына ауыстыру жоспарланған.

Тәуелсіз Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаттарының  бірі — адамдардың жақсы түрмысын іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы орайда эрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, зейнетақыны жэне жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр. Әлеуметтік саладағы басты міндеттер: үлттық байлықты көбейту, халықтың түрмыс-тіршілігі жөнінен дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы жэне түрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту.

Алайда, қоғамдық қатынастардың өзгеруімен жэне нарықтық экономикаға көшумен байланысты халықтың түрмыс жағдайы төмендеп кетті. Еліміздің экономикасының қүлдырауымен байланысты еңбекақы, зейнетақы, жэрдемақы бұл жылдары тиісінші дэрежеде өспей, тауарларды ырықтандыру деңгейінен ондаған есе артта қалып қойды. Халықты жүмыспен қамту проблемасы күрделенді. 1991 жылдан бастап республикада жүмыссыздық ба- сталды. Әсіресе, ауылдық жерлерде кеңшарлардың таратылуына байланысты жүмыссыздық көбейді. Жастар жүмыс іздеп қалаға шүбырды. Қалаға келгенде де олар қарық болған жоқ. Не баспана, не дайын жүмыс пен табыс жоқ, сенделіп жүріп, азын-аулақ саудамен, рэкетпен, үрлық-қарлықпен шүғылданып, мыңдаған қазақ жастары қылмыскерлер қатарын көбейтті.

Қазақстанның  элеуметтік саласындағы басты мәселелердің бірі — зейнетақымен қамтамасыз ету. Соңғы кезде елімізде зейнеткерлердің қатары едәуір өсіп, олардың саны 2002 жылы 3 млн. адамға жетті. Үкімет зейнетақы мәселесін шешу үшін үш бағытта бірқатар жүмыс жүргізді. Бірінші — зейнетақының бүрынғы қарыздарын жабу, екінші — зейнетақыны уақытында төлеу, үшінші —   зейнетақы жүйесін реформалау. Бүл үш бағытта жүргізілген іс- шаралар бірсыпыра қайтарымын беріп, 1999 жылдың зейнетақы қарызын төлеуде бірқатар шаралар іске асырылды. Әсіресе, 7-8 ай бойы зейнетақыларын ала-алмай келген ауыл түрғындарына ерекше көңіл бөлінді. Зейнетақыны одан эрі арттыру бағытында шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, зейнетақының ең төменгі мөлшері 1997    жылы 3 мың теңге болса, 2000 жылы 4 мың теңгеге жетті. 2000—2002 жылдары зейнетақы төлемдерінің ең аз мөлшері үш мэрте артып, 23 пайызға өсті. 2003 жылдың басында Президенттің жарлығымен ең төменгі зейнетақы көлемі 5 мың теңгеге жетті. 2004 жылдың қаңтарынан төменгі зейнетақы мөлшері 5800 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері — 8335 теңгені қүрады.

Елімізде реформалау нәтижесінде аралас әрі ерікті жинақтаушы зейнетақы жүйесі қүрылып, ол өзінің тиімділігін көрсетті. 1,5 миллионнан астам зейнеткер ынтымақты негізде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етілді. Зейнетақы индексациялаумен бірге 2003 жылы оны саралап өсіру жүзеге асырылды. Жеке жинақ принциптеріне негізделген қамтамасыз етудің бір ғана түрі — жинақтаушы зейнетақы жүйесі ойдағыдай дамытылуда. 2004 ж. бір мемлекеттік жэне 15 жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларындағы 6,5 млн. азаматтың жеке есепшоттарында 415,2 млрд. теңге зейнетақы жинақталды. Оның ішінде 115,7 млрд. теңгесі инвестициялық кірістен түскен. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары түрақты түрде көбеюде, оның көлемі 2008 жылдың басында 1,1 триллион теңгеден асып түсті.

Сөйтіп, біз зейнетақы жүйесін реформалауды табысты жүргіздік. Базалық зейнетақы төлемдерін есепке алғанда, ең төменгі зейнетақы көлемі 1998 жылдан бері 4,3 есе, ал зейнетақы төлемдерінің орта- ша көлемі 3,3 есе көбейді. 1,6 миллионнан астам адам мемлекеттік зейнетақыны республикалық бюджеттен алады (Егемен Қазақстан. 15.12.2008).

Халықтың түрмысындағы маңызды көрсеткіш — түрғын үймен қамтамасыз ету. Бүрын да, қазір де түрғын үй адамдардың ең басты мүқтажы болып отыр. 90- жылдары республикада түрғын үй салу төмендеп кетті. Тек Қазақстан экономикасының 2000 жылдан бастап ілгерілеуімен байланысты түрғын үй қүрылысы соңғы жылдары қайтадан көтерілді. 2002 жылы үй қүрылысына 29,4 млрд. теңге инвестициялық қаржы жүмсалды немесе 2001 жылмен салыстырғанда 7,9%-ке артты. Жаңадан 1402,7 мың шаршы метрді қамтитын 11,2 мың пәтер іске қосылды. Үй қүрылысы, әсіресе, Алматы мен Астана қалаларында кең өріс алды. 2004 жылғы көктемдегі Президенттің халыққа жолдауында республикадағы ар- зан үй қүрылысын кеңейту, үзақ мерзімге 9-10 пайызбен берілетін ипотекалық несиелер, жинақтаушы түрғын үй банкілерінің көмегімен мүмкіндігі томен отбасыларын түрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы жарияланды жэне оны іске асыру үшін Үкімет қазір қарқынды жүмыстар жүргізуде. 2005—2007 жылдары 19 млн. шаршы метрден астам түрғын үй пайдалануға берілді. Бүл жоспардағыдан 22 процентке артық. Осы уақыт ішінде елімізде 44 мыңнан астам пәтер салынды. Бюджеттік қаржы есебінен 6 мыңнан астам коммуналдық пәтерлер салынды.

Қазақстан үкіметі  кейінгі жылдары халықтың эл-ауқатын  жақсарту, соныңішінде еңбекшілер мен  қызметкерлердің жалақысын арттыруға назар аударуда. Экономиканың көтерілуі әлеуметтік міндеттердің үлкен кешенін шешуге мүмкіндік берді. Тек 2002 жылы орташа айлық 54%-ке, немесе 1999 жылғы 9400 теңгеден 18 мың 500 теңгеге дейін көбейді, ең төменгі жалақы көлемі 5 мың теңгені қүрады. Бүл жылдары үкімет, әсіресе, бюджеттегі меке- мелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге көңіл бөлді. 2002 жылы тек мүғалімдердің жалақысы 35%-тен астам көбейтілді. Бүл мүғалімдердің орташа айлық жалақысының мөлшерін 2000 жылғы 7 мың теңгеден 9300 теңгеге дейін үлғайтуға мүмкіндік берді.

Мемлекет халық  алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін  орындап келеді. Мемлекеттік бюджет есебінен зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушыларынан айырылған жэне басқа да санаттағы түрғындарды элеуметтік жағынан қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Олардың барлығы 3,5 миллион (немесе барлық түрғындардың 23,6%) адамнан асады. 2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 1,5 есе көбейді. Бүл қазақстандықтардың кірісін айтарлықтай арттырды, оған мынадай өсім индикаторлары дэлел болады. 1999—2004 жылдары ең төменгі жалақы көлемі 2,5 есе (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін); төменгі зейнетақы көлемі — 1,9 есе (3000-нан 5800 теңгеге дейін); орташа жалақы — 2 есе (11864-тен 26048 теңгеге дейін); орташа зейнетақы көлемі — 2 есе (4104-тен 8529 теңгеге дейін); күнкөріс шегі — 1,5 есе (3394-тен 5394 теңгеге дейін); орташа мемлекеттік әлеуметтік жэрдемақы көлемі — 1,3 есе (3441-ден 4670 теңгеге дейін) өсті (Назарбаев Н. Жаңа кезең — жаңа экономика. // Егемен Қазақстан, 16.12.2004).

Түтастай алғанда, 90- жылдардың аяғымен салыстырғанда 2007 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар 3 еседен астамға өсті.

Халықтың денсаулығын  сақтау жэне оның деңгейін көтеру мақсатында Президенттің жарлығымен 2002 жыл — Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өтті. Денсаулық сақтау саласының 88 нысаны жаңадан салынды. 2002 жылдың тағы бір ерекшелігі жеке Денсаулық сақтау министрлігі, Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау жэне Фармация комитеті қүрылды. Жалпы, 2000—2002 жылдары денсаулық сақтау саласынреспубликалық бюджеттен қаржыландыру екі еседен астамға, жергілікті бюджеттен —  50%-ке дерлік үлғайды. Ал 2007 жылы ғана республика бойынша 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.

Соңгы он жылда (1997—2007) мемлекеттің денсаулық сақтау саласына шығыны 13 есе өсіп, 2007 жылы 338,5 миллиард теңгені қүрады. 1991 жылдан бері денсаулық сақтаудың 290 нысаны салынып немесе қайта жөнделіп, оларға 100 миллиард теңгеден астам қаржы жүмсалды. Соңгы бес жылда алғашқы көмек корсету буынын қүрал-жабдықтармен жэне медициналық техникамен жарақтандыру

3      есеге жуық өсті. Егер осыдан 10 жыл бүрын 1200-ге жуық ауылдық елді мекен медициналық қамтамасыз етусіз қалса, қазіргі уақытта ауылдықтар жер-жерде медициналық көмекпен қамтылып 

 

отыр. Тұрғыпдарға тегін медициналық қызмет көрсетуді қаржымен қамтамасыз ету көлемі кепілдендірілді жэне 2003 жылдан бастап өткен кезең ішінде мемлекеттің осыған бағыттаған шығыны 3 есеге артты (Егемен Қазақстан. 15.12. 2007). Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарла- масы табысты жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылғы  18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында (Егемен Қазақстан, 2005 ж. 19 ақпан) атапкөрсеткеніндей: Бүкіл д үниежүзілік банктің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді. Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда (1995-2005   жж.) қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе; жеке түлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісінің жасайтын салымының көлемі тиісінше 35 жэне 37 есе өскенін көреміз. Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едэуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мүның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері