Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 16:09, реферат
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
· диаспора - өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық);
· ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;
· орфография - дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн ережелер жүйесi;
· топонимика - ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi;
· транслитерация - бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әрiп арқылы беру.
Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 11 шiлде N 151
Осы Заң Қазақстан
Республикасында тiлдердiң
I тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
- · диаспора - өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық);
- · ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;
- · орфография - дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн ережелер жүйесi;
- · топонимика - ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi;
- · транслитерация - бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әрiп арқылы беру.
2-бап. Осы Заңның реттейтiн мәселесi
Мемлекеттiк, мемлекеттiк
емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарының қызметiнде
тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын
қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн
мәселе болып табылады.
Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда
және дiни бiрлестiктерде тiлдердiң қолданылуын
реттемейдi.
3-бап.
Қазақстан Республикасындағы
Қазақстан Республикасындағы тiл
туралы заңдар Қазақстан Республикасының
Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан,
тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының
азаматтарына, Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы
жоқ адамдарға қолданылады.
4-бап.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық
қатынастардың барлық саласында қолданылатын
мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн
жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды
факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi
меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр
азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi
өкiлдi және атқарушы органдар:
- · Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;
- · Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
- · қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.
5-бап. Орыс тiлiн қолдану
Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
6-бап. Мемлекеттiң тiл жөнiндегi қамқорлығы
Қазақстан Республикасының
азаматының ана тiлiн қолдануына,
қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық
тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар.
Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн
оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу
жөнiнде қамқорлық жасайды.
Ұлттық топтар жинақты тұратын жерлерде
iс-шаралар өткiзiлген кезде олардың тiлдерi
пайдаланылуы мүмкiн.
7-бап. Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол бермеу
Қазақстан Республикасында
тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың
құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi.
Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң және басқа
да тiлдердiң қолданылуына және оларды үйренуге кедергi келтiретiн
лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа
әкеп соқтырады.
II тарау. Тiл - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында
8-бап. Тiлдердiң қолданылуы
Мемлекеттiк
тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс
және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып
табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ
тiлiмен тең қолданылады.
Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк
тiл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер
қолданылады.
9-бап.
Мемлекеттiк органдар
Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
10-бап. Құжаттама жүргiзу тiлi
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк органдары
11-бап.
Азаматтардың өтiнiштерiне
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.
12-бап.
Қарулы Күштер мен құқық
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ әскери және әскерилендiрiлген құрамалардың барлық түрiнде, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқықтық қорғау ұйымдарында және құқық қорғау органдарында мемлекеттiк тiлдiң және орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi.
13-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi
Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.
14-бап.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер мемлекеттiк тiлде, ал қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде жүргiзiледi.
15-бап. Мәмiлелер тiлi
Қазақстан Республикасында
жеке және заңды тұлғалардың жазбаша
нысанда жасалатын барлық мәмiлелерi
қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi
аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттiк
тiлде және орыс тiлiнде жазылады.
Шетелдiк жеке және заңды тұлғалармен
жазбаша нысанда жасалатын мәмiлелер мемлекеттiк
тiлде және тараптар үшiн қолайлы тiлде
жазылады.
III тарау.
Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет
және бұқаралық ақпарат
16-бап. Тiл - бiлiм беру саласында
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк
тiлде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде
солардың тiлдерiнде жұмыс iстейтiн мектепке
дейiнгi балалар мекемелерiн құру қамтамасыз
етiледi.
Балалар үйлерiнде және оларға теңестiрiлген
ұйымдарда оқыту, тәрбие беру тiлiн жергiлiктi
атқарушы органдар олардағы балалардың
ұлттық құрамын ескере отырып белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы орта, арнаулы
орта және жоғары бiлiмдi мемлекеттiк тiлде,
орыс тiлiнде, ал қажетiне қарай және мүмкiндiгi
болған жағдайда басқа да тiлдерде алуды
қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiк те, мемлекеттiк емес оқу орындарында
мемлекеттiк тiл мен орыс тiлi мiндеттi оқу
пәнi болып табылады және бiлiм туралы құжатқа
енгiзiлетiн пәндер тiзбесiне кiредi.
17-бап. Тiл - ғылым және мәдениет саласында
Қазақстан Республикасында ғылым саласында,
диссертацияларды ресiмдеу мен қорғауды
қоса алғанда, мемлекеттiк тiл мен орыс
тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi.
Мәдени шаралар мемлекеттiк тiлде және
қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде
жүргiзiледi.
18-бап. Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тiлi
Қазақстан Республикасы
баспа басылымдары мен
Қажеттi тiлдiк ортаны жасау және мемлекеттiк
тiлдiң толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың
меншiк нысанына қарамастан, телерадио
арналары арқылы берiлетiн мемлекеттiк
тiлдегi хабарлардың көлемi уақыт жағынан
басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық
көлемiнен кем болмауға тиiс.
IV тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы өсiмдерде, көрнекi ақпаратта
19-бап.
Топонимикалық атауларды,
Елдi мекендердiң,
көшелердiң, алаңдардың, сондай-ақ басқа
да физика-географиялық объектiлердiң
дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша
атаулары басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне
сәйкес берiлуге тиiс.
Мемлекеттiк ұйымдардың, олардың құрылымдық
бөлiмшелерiнiң атаулары мемлекеттiк тiлде
және орыс тiлiнде берiледi. Бiрлескен, шетелдiк
ұйымдардың атаулары мемлекеттiк тiлде
және орыс тiлiнде транслитерация арқылы
берiледi.
20-бап.
Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн
Кiсi есiмiн, әкесiнiң
есiмiн және тегiн ресми құжаттарда
жазу Қазақстан Республикасының
заңдары мен нормативтiк
21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi
Мемлекеттiк
органдардың мөрлерi мен мөртаңбаларының
мәтiнiнде олардың атаулары мемлекеттiк
тiлде жазылады.
Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың
мөрлерiнiң, мөртаңбаларының мәтiнi мемлекеттiк
тiлде және орыс тiлiнде жазылады.
Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар,
жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi,
басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде
және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда
басқа да тiлдерде жазылады.
Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы
мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында
(этикеткаларында), таңбаламаларында,
нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде және
орыс тiлiнде қажеттi ақпарат болуға тиiс.
Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы
мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары
(этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары
импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен
мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi
аудармасымен қамтамасыз етiледi.
Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай
ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына
немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он
жағында немесе төменгi жағына орналасады,
бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады.
Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi
қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн.
Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк
құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан
аспауға тиiс.
Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама
мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған
жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.
22-бап.
Почта-телеграф
Почта-телеграф
жөнелтiлiмдерi Қазақстан Республикасының
шегiнде мемлекеттiк тiлде неме
V тарау. Тiлдi құқықтық қорғау
23-бап. Тiлдi мемлекеттiк қорғау
Қазақстан Республикасында
мемлекеттiк тiл және барлық басқа
тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар
бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi
жағдай жасайды.
Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын
және iс қағаздарын жүргiзудi қазақ тiлiне
кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Мемлекеттiк
бағдарламамен қамтамасыз етiледi.
Мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және
бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлуi қажет
кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдардың
тiзбесi Қазақстан Республикасы заңдарымен
белгіленедi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi терминология,
ономастика жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк
комиссияларды және қажет болған жағдайда
басқа да құрылымдарды құрады.
24-бап. Тiл туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының
тiл туралы заңдарының бұзылуына
кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез
келген меншiк нысанындағы ұйымдардың бiрiншi басшылары,
сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауапты
болады.
Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу
желеуiмен азаматтардың өтiнiштерiн қабылдаудан
бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттiк тiлде
және басқа тiлдерде қызмет атқарылатын
салада олардың қолданылуына кез келген
кедергi келтiру Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жауаптылыққа әкелiп
соғады.
25-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган
Қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тиiстi Ережемен реттелiп отыратын уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде:
- · тiлдi дамыту саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;
- · тiлдердi қолдану мен дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеуге, оның орындалуын жүзеге асыруға;
- · тiл туралы заңның орындалуын бақылауға, оны бұзу фактiлерiн қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға;
- · Қазақстан Республикасында ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiруге мiндеттi.
Уәкiлеттi орган:
- · өз құзыретiне сәйкес тiл туралы заңның орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
- · министрлiктерден, ведомстволардан, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан заңдардың, тiлдердi қолдану мен дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасының орындалуы жөнiнде ақпарат, мәлiметтер, құжаттар сұратып алуға;
- · заңдарда белгiленген өзге де функцияларды атқаруға құқылы.