Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 17:31, курсовая работа
Бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi
КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
1.Бәсекеге қабілеттілік туралы жалпы түсінік және оның мәні................................................................................................................................5
2.Қазақстан аймақтарының бәсекелестік жағдайы..................................................11
3.Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары ................18
ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ......................................................................27
Әрбір ел дүниежүзілік рынокта
өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға
тырысады. Бұл тікелей инновацияларға
қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың
50-60 жылдарында дамыған елдер қолға
алған негізгі мәселе де осы болатын.
Алайда мемлекет құқықтық-нормативтік
негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырып немесе басқа қаржы
ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе,
бұл саланың қарқынды дамуы да
екіталай болып келедi.Іс жүзінде
ғылыми зерттеулер мен инновациялық
процестерді мемлекеттік
- Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін
ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте
бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика,
денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы
мәселелерін шешумен
- Қайтарымсыз негізде мемлекеттiк негiзде субсидиялар бөлу;
Мемлекеттік емес лабораторияларда
іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына
қайтарымсыз негізде
- Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.
Стратегиялық
жоспарды iске асыру саласында
ел экономикасының жақсы қарқын алғанын
атап өту керек. Орта мерзiмдi кезеңде
қарқынды дамуды жалғастыру және сонымен
қатар экономика мен
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат
ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер
тұрақты экономикалық дамуға қол
жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар
рыноктарында жағдаяттың өзгерiстерiне
тым тәуелдi болып қала бередi.
Экономиканың шикiзат секторынан алынатын
iрi кiрiстерден шектен тыс толығу қаупiн
ескере отырып және мұнай бағасының күрт
төмендеуiнiң зардаптарын болжау негiзiнде
Қазақстанда Ұлттық қор құрылды. Онда
мұнай мен түстi металдарға әлемдiк баға
деңгейiнiң белгiленген қалыпты шектен
тыс асып кетуiнен түсетiн кiрiстер жинақталады.Бұл
шара, сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесiне
түсетiн валюта қысымын жоюға және экспортты
ынталандыратын және дайын өнiмнiң импортын
тежейтiн теңгенiң айырбас бағамын қамтамасыз
етуге мүмкiндiк бередi.
Қазақстанда өнеркәсiптiң өңдеушi салалары
және өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн
салалар дамымай отыр.Өңдеушi өнеркәсiпте
металлургия өнеркәсiбi ғана сыртқы рынокта
бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсiбiнiң
кейбiр өнiмдерi шетелдiк өнiмдермен iшкi
рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеушi
өнеркәсiптiң қалған өнiмдерi бүгiнгi таңда
тiкелей және жанама субсидиялардың есебiнен
ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына,
өнiмдi тасымалдауға төмен және экономикалық
тұрғыдан негiзделмеген тарифтiң белгiленуiнен,
кедендiк қорғау баждарын белгiлеуден
көрiнiс беруде.
Қазақстан Республикасының заңдары бюджет
қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және
инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға
тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке
компанияларға қаржылық қолдау көрсету
мемлекеттiк сыбайлас жемқорлықтың көрiнiсi
ретiнде бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың
дұрыстығын көрсеттi. Әдетте, мемлекет
нақты компанияларға тiкелей қаржылық
қолдау көрсете алмайды және онымен айналыспауға
тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк
қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке
кәсiпорындарды жаңғыртуға, инновациялық
процестерге қатысуға және осы арқылы
өзiнiң өндiрiстiк және бәсекелестiк әлеуетiн
құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы
әрi бастамашы болуы мүмкiн және болуы
тиiс.
Елiмiздегi инновациялық саланы мемлекеттiк қолдауды ҚР-ның “Инновациялық қызмет” туралы Заңынан көрумізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей:
-Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламарды жасау.
-Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.
-Инновациялық инфрақұрылымды құру.
- Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру
-Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.
-Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қаматамасыз ету.[9]
Каспийде
комiрсутегiн өндiрудiң дамуы
Стратегия индустриядан кейiнгi дамудың
перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық,
инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi
ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты
бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге
тиiс. Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс:
1) Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға,
оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та
технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн
жасауға жәрдемдесу.
2) Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi
бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк
ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда
қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық
инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы
элементтерiнiң қызметiн (технопарктер,
ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық
аймақтар және c.c.) қолдау.
3) Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан
алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi
ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану.
Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы
әзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет
ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi
бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде:
-биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары және басқалары);
-ядролық технологиялар;
-ғарыштық технологиялар;
жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және басқаларды жасау.
4) Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың: жаңа материалдар мен химиялық технологиялар, ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.
5) Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.[10]
Қазіргі таңда адамзаттың ойлау
жүйесінде түбірлі өзгерістер жүріп
жатыр. Өмірдің барлық саласын қарқынды
екпінмен қамтыған бұл құбылыстан сырт
қалу кез келген қоғамға сын. Бұл
ретте әлемдік өркениеттің
Бәсекелестіктің бұлжымайтын заңы — күш жігеріңді аямай тер төгу, сөйтіп, өзінді өзгеге таныта білу. Өткен ғасыр басындағы қазақ зиялыларының мұңы халықты ояту болса, бұл жаңа ғасырдың мақсаты әлемдік өркениет көшіне қосылу. Соңғысының талабы ауырлау болуы мүмкін. Арман мен үміт алда. Демек, өткенге алаңдау немесе ескірген жүйенің шырмауынан шыға алмау — ілгері басар қадамға кедергі ғана. Ертеңгі игіліктер үшін, әсіресе, бәсекелестіктің көрігі қызып тұрған бүгінгі таңда, жастарымыз ел мүддесін көздейтін алтын қалыпқа құйылып, өмірлік тәжірибелерде шыңдалуы керек. Біздің көксейтініміз де, көздейтініміз де сол - әлемдік білім кеңестігінің көкжиегіне қол жеткізіп қана қоймай, өз орнымызды дәл табу.Атап айтқанда, ғылыми зерттеулермен белсенді айналысып жүрген, жаңа технологияларды жасақтап және жүзеге асырып жатқан компанияларды қолдап отыру жөн.
Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда келесідей ұсыныстарды ұсынуға болады:
Елбасымыздың 2008 жылғы 5-ші ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты халыққа Жолдауында айтылғандай Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдарындағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орны алу мен 30 корпоративтік көсбасшыларды қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.
Қазақстан 2011 жылы жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси жетістіктерімен жаңарған саяси құрылыммен қарсы алды. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарады.
Аймақтардың
бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып,
біз ел экономикасын көтеріп қана
қоймай, әлемдік аренада бәсекеге
қабілетті елдер қатарына қосыламыз.
Күшті экономикалық даму, халық әл-ауқатының
жоғары деңгейі, саяси тұрақтылық, әлеуметтік
деңгейдің тұрақтың дамуы –міне
осылар елдің бәсекелестік жағдайын
анықтап беретін маңызды
Информация о работе Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру