Ақшаның пайда болуы мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 16:19, реферат

Краткое описание

Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауармен ақша бір – бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
Бөлім 1. Ақшаның пайда болуы мен мәні.
1.1 Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы........................4
1.2 Ақша - тауардың жалпы эквиваленті..........................................................6
1.3 Ақшаның түрлері..........................................................................................7
Бөлім 2. Ақшаның қызметі.
2.1 Ақшаның атқаратын қызметі....................................................................13
2.2 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы.......................
Бөлім 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы.
3.1 Қазақстан Республикасының валютасы.
3.2 Дүниежүзілік валюта жүйесі.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

СРС ЭКОНОМИКА.docx

— 53.89 Кб (Скачать документ)

 

 Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

 

 Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.

 

 Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.

 

 «Вексель» сөзі ағылшынша bill note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.

 

 Вексель – белгілі  бір соманы алдын – ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борыщқордың қарыздық міндеттемесі.

 

 Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.

 

 Жай вексель (соло) –  вексельді ұстаушыға векселде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

 

 Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексальді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель. Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде вексельді мынадай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

 

 Қаржылық вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

 

 Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.

 

 Достық вексель – кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.

 

 Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.

 

 Банкнота (ағылшын сөзінде «Bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номинальдағы ақша бірліктері.

 

 Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынандай айырмашылығы бар:

 

 Мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-6 айлық), ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме.

 

 Кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілділігі болады, ал банкнота қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

 

 Экономикалық әдебиеттерде банкнота екі түрге бөлінеді: классикалы және жай.

 

 Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

 

 Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті. Олар металға алмастырылмайды, тек қана орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз ақша айналыстарының заңдылықтарына бағынады.

 

 Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

 

 Чектің экономикалық жаратылысы мынандай:

 

 Біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;

 

 Екіншіден, ол айналыс  және төлем құралы қызметін атқарады;

 

 Үшіншіден, ол қолма – қолсыз ақшамен есеп айырсу құралы.

 

 

Бөлім 2. Ақшаның қызметі.

 

2.1 Ақшаның атқаратын қызметі.

 

 Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі біржақтарын сипаттайды.

 

 Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:

 

 құн өлшемі және баға масштабы;

 

 айналыс (айырбас) құралы;

 

 төлем құралы;

 

 қорлану және қор жинау құралы;

 

 дүниежүзілік ақша.

 

 Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға әкелетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс) өлшей алады.

 

 Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарда өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.

 

 Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқалы ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.

 

 Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық бағалы емес ақшалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.

 

 Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық роль атқарады. Тауар айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадый түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т(тауар).

 

 Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.

 

 Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.

 

 Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сонда-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ереше бір қозғалыс формасына ие: Т (тауар) – М (міндеттеме), келісілген мерзімінен кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар).

 

 Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталмағандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.

 

 Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.

 

 Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады:

 

 тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;

 

 мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;

 

 банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;

 

 сақтандыру міндеттемелері;

 

 әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.

 

 Ақшаның төлем құрал қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.

 

 Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынды, сөйтіп тауарды сатып алу және сату қозғалысы үзіледі.

 

 Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады:

 

 Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктердегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;

 

 Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

 

 Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар,

 

 сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларды қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлық құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге заем немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.

 

 Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретінде металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді» деп жазды. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.

 

 Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ – доллары, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы – еуро, сол сияқты халықаралық валюталық қордың СДР – і атқарады.

 

1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық қауымдастық елдерінде жаңа валюта «Еуро» енгізілді. Еуропалық валюталық одаққа бастапқы да 11 ел қатысқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың 1-қаңтарынан бастап, «Еуро» қолма-қолсыз төлемдер үшін және мемлекеттің жаңа қағаздарын орналастыру үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың 1-қаңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері 2002 жылдың 1-шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты.

 

 

2.2 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы.

 

Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша – кез келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар және ақша бір – бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.

 

 Әйтсе де адам өміріне ақшаның қажеттілігі туралы әр уақытта әр түрлі ойлар айтылуда. Рационалистік концепцияны (ақыл – ой талабына ғана негізделген көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келісім құралы, ол айырбас кезінде құндардың қозғалысына қажетті арнаулы құрал деп түсіндіреді. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзінің “Никомахова этика” деген кітабында “Айырбасқа қатынастардың бәрі өзара салыстырмалы болуы керек. Айырбасты болдыру үшін шарттылыққа негізделген әрбір өлшем болуы қажет” деп жазған.Бұл ой көне Рим қоғамында заңға енгізіліп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құнын заңмен бекіткен.

 

 ΧVІ ғ. бас кезінде утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің “Золотая книга о наилучем устройсве государства и новом острове Утопия” деген еңбегенде «барлығын ақшамен өлшегенде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс шешілуі мүмкін болар ма екен» деп жазған.Сондай-ақ XIX утопист – социолистер Прутон, Оуэн, Грейт және басқалар да ақшаға жағымсыз көзқараста болды. Мысалы, Прутон тауар өндірісін сақтап қалумен қатар ақшаны құртудың жобасын жасап және оны дәлелдеуге тырысты. Сол сияқты 1832 ж. Р. Оуеннің тауарларды ақшасыз «еңбек бондарын» қолданып, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарларды бағалаумен айырбас жүргізуге ұмтылған әрекеттерді банкроттыққа соқтырған.

 

 Субъективті ой-пікірлер  ХХ ғасырдағы көрнекті экономистерге де тән. Мысалы, американдық экономист П. Самуэльсон ақшаға жасанды әлеуметтік шарттылық ретінде қараса, Дж. К. Гэлбрейт «ақшаның қызметін асыл металдарға және басқа заттарға бекіту – адамдар арасындағы келісімнің өнімі» деп есептейді. Орыстың көрнекті ғалымы Струмилин С. Г. Ақшаның орнына белгілі бір еңбек өлшемін, ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық өлшемді ұсынды.

 

 Сондай-ақ 90-жылдардың бас кезінде шыққан «Экономикс» атты кітабында К.Р. Макконелл мен С.Л. Брю «ақша адамдарды сиқырлайды, ақшаның кесірінен олар азаптанады, ақша үшін еңбектенеді. Ақша – ол өзіне баурайтын, қайталанатын, құбылмалы перделі жұмбақ нәрсе» деп жазды.

 

 Сөйтіп, рационалистік концепцияны жақтаушылар тобы – ақша адамдар арасындағы келісімнен туған айырбастың техникалық құралы деген көзқараста болды.

 

 Ал, эволюциялық концепцияны (өрістеу, бірте-бірте даму көзқарасын) жақтаушылар бұл «жұмбақты» басқаша шешуде. Бұл концепция қоғамдық тауар өндірісін зерттей келіп, ақша адамдардың еркінсіз айырбастың ұзақ дамуының нәтижесінде бүкіл тауарлар әлемінен бөлініп шыққан ерекше тауар екенін дәлелдейді.

Информация о работе Ақшаның пайда болуы мен мәні