Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 07:32, курсовая работа
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пада болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған.
Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауармен ақша бір – бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді.
Кіріспе..................................................................................................................2
І. Ақшаның пайда болуы мен мәні.
1.1 Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы........................3
1.2 Ақша - тауардың жалпы эквиваленті..........................................................5
1.3 Ақшаның түрлері..........................................................................................6
ІІ. Ақшаның қызметі.
2.1 Ақшаның атқаратын қызметі....................................................................12
2.2 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы....................16
ІІІ.Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы.
3.1 Қазақстан Республикасының валютасы..............................................
3.2 Дүниежүзілік валюта жүйесі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір – бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдың шеңбер айналысы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: Әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта түседі. Сондықта да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді. Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді.
Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
Тарихта ұлттық валюталық ең бірінші қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе – елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.
Дүниежүзілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие – қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері
Ұлттық валюталық жүйе |
Дүниежүзілік валюталық жүйе |
1) Ұлттық валюта |
1) Резервтік валюталар |
2) Ұлттық валютаның алмастырылу шарты |
2)Валюталардың өзара |
3) Ұлттық валюта паритеті |
3) Валюталық паритеттерінің ортақ режимі |
4) Ұлттық валюта бағамының режимі |
4)Валюталық бағамдар режимінің регламентациясы |
5)Валюталық шектеудің, |
5) Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу |
6) Елдің халықаралық валюталық өтімділігін ұлттық реттеу |
6) Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу |
7) Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу |
7) Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдаланудың ережелерінің біртұтастығы |
8) Елдің халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу |
8) Халықаралық есеп айырысудың негізгі формаларының біртұтастығы |
9) Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі |
9) Дүниежүзілік валюталық нарықтар мен алтын нарықтарының режимі |
10) Елдің валюталық қатынастарын
басқаратын және реттейтін |
10) Мемлекетаралық валюталық
реттеуді жүзеге асыратын |
Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу – экономикалық формасындағы қатынастарды білдіреді.
Мұндағы, валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпке белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.
ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді.
Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы.
Валюталық жүйелердің даму заңдылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі даму кезеңдерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес келмеген жағдайларда туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық жүйенің құлдырауы басталады.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алады.
Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына әкеледі.
Жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру үш басты кезеңде жүргізіледі:
I кезең – жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы, алғышарттардың түзілуін, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.
II кезең – жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, біртіндеп іске қосылады.
III кезең – толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, ақша –
тауардың жалпы эквиваленті
Сөйтіп, ақшалар ертеден
азаматтың пайда болуымен
Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, балықшы, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория
ретінде ақшалар өндіріс және
бөлу процесінде адамдар
Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер бұрындары сатып алу процесі жалпыға бірдей эквивалентпен талтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Қазіргі кезде
кәсіпорындарды жекешелендіру де,
мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру
да, әр түрлі өндірістік және өндірістік
емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық
банктің несие ресурстарын басқа банктерге
сату да, инфляцияға қарсы күрес те және
т.б. жүргізіліп жатқан іс – шараларда
ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақша нарықтық
экономикада ақша – несиелік
реттеуде айналыстағы ақша
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Кәсіпкерлік негіздері. М.Б.
Бисенғазиев, А.Ш. Хамитов.
2. Кәсіпорын экономикасы. Г.Ө. Жолдасбаева. Алматы, Экономика – 2002
жыл.
3. Кәсіпорындағы бухгалтерлік
Радостовец, О.И. Шмидт. Алматиы – 2003 жыл.
4. Экономика предпринимательсва. В.И. Кушлин, П.Д. Половинкин, А.Н.
Фоломьев, В.Н.Архангелский, А.И.Марголин, Ю.В.Яковец, А.В.Зозулюк.
Гуманитарный издательский центр Москва – 2001 год.
5. Настольная книга
Москва – 1997 год
6. Управление малым
Астана – 2001