Ақшаның пайда болу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 14:06, реферат

Краткое описание

Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экономика .docx

— 31.82 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

“Ақшанын пайда болуы және мазмұны” атты осы семестрлік жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бөлімде ақша туралы мәселелер қозғалған.

Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар  бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Ал екінші бөлімде қарастырылып отырған ақшаның айналысы жайында жаздым. Сонымен қатар металл ақша айналысымен қағаз ақша айналысына үлкен мән берілген. Ақша көрсеткішінің негізгі сандық көрсеткіштерінің бірі ақша массасы мен ақша базасы туралы жазылған.

Ал ақырғы бөлімде ақша жүйесі, ақша қызметтері мен міндеттері жазылды. Кез-келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақтылығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеліп тірейді. Келесі қадам осы инфляция туралы айтылса, ақырғы нүкте Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы мен ақшаның дамуы туралы тақырыпта қойылады. Ең бастысы 1993 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге енгізілгені туралы айтылған.                       

 

1. Ақшаның пайда болу тарихы

 

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының бір шама жоғары

дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысының зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызады.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі – зат, оны тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.

 Айырбас құн тауарлардың  өзінен бөлініп шыққан және  олармен бірге өз бетінше өмір  сүретін тауар, ол ақша. Нақты  және абстракты еңбектің, жеке  және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында  тауар табиғатына байланысты  болатын қайшылықтар айырбас  құнның әр түрлі формаларын  туғызды. Айырбас – бұл бір  тауар өндірушіден, екінші біруіне  жүретін тауардың қозғалысын  білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал=бидай=балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшеуіне ортақ негіз болуы қажет.

Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бұл тауарды екінші бір таурға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардыңда құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнның(1 мал=1 қап бидайға)ұғымы туындайды.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, құнның алғашқы формасы -  өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формалары қолданылады  ( 1 балта = 1құмыра ).

Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар – барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Яғни айырбас құнның екінші формасы қалыптаса бастады. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне бір тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Тауарлар айырбасының дамуы құнның үшінші формасы – бұл құнның жалпылама формасы қалыптаса бастады. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақашалрда “өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша)  “пекус” (мал) сөзінен шыққан. “Рупа”(мал) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды.

Сонымен қатар ақша ретінде сонау Ежелгі Спарта кезеңдерінде басқада металдарды да пайдалына бастады. Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын пайдаланылды.

Металл ақшалардың артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді, ұсақталынады және т.б. Металл ақшалардың кең таралуына ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті.

Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы сапаға ие болды.   

Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері:

Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс құралдарына деген шаруашылықтық қажеттілігінен әлде қайда төмен.

Монеталардың тозуы және бүлінуі.

Мемлекеттік билік пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталарды бұзуы.

Қағаз ақша – мемлекетің өз шығындарын табу үшін шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі. Тарихта олар алтын және күмістің белгілері ретінде пайда болды.

Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді, себебі, өзінің дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып алу қабілетін сақтайды

 

 

 

 

 

 

2. Ақша айналысы  мен заңы

 

Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Яғни ақша айналасы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналым ұғымы одан кең мағынада бергендіктен ол қолма-қолсыз тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақша бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің теңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы ары қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитализм айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады.

Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолдануы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.

Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады.

Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның тек  сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.

Қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол ақща мен қолма-қолсыз ақщалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.

Құн заңы және оның айналыс аясында пайда болу формасы, яғни ақша айналысының заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан барлық қоғамдық формацияға тән болып келеді. Құн формаларының дамуына талдау жасай отырып, К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.

Оның пікірінше, ақша айналысының заңының мәні ақшаның айналыс қызметін атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын таурлар бағасы ақша айналысының жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген тауарлар мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының жылдамдығы арасындағы экономикалық тәуелділікті бейнелейді.

Ақша айналысы заңы – тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын  анықтайды.       

Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:  несиенің даму дәрежесіне, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі; қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы; ақша айналысының жылдамдығы.

Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал егер ақшаға деген қажеттілік үлғайса, онда айналысқа қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.    

 

3.  Ақшаның қызметтері және ақша жүйесі

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:

  • Құн өлшемі және баға масштабы;

  • Айналыс (айырбас) құралы;

  • Төлем құралы;

  • Қорлану және қор жинау құралы;

  • Дүниежүзілік ақша.

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша ай налысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің  өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Ақша жүйесі – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады: ақша бірлігі, эмиссиялық жүйе және ақша түрлері.

Ақша бірлігінің – барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. ҚР-дың ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан  құралған 1 теңге болып табылады.

Ақша жүйесінің мынадай типтері болады:  

–  металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауарды тікелей бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

–  несиелік және қағаз ақшалар айналысы, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі. Металл ақша жүйесі екіге бөлінеді:

Биметаллизм – жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын және күміс) негізделген ақша жүйесі.

 Биметаллизмнің үш түрі болады:

 –  қос валюталы жүйе, яғни  мұнда алтын мен күмістің арасындағы  шекті қатынас, металдардың нарықтық  құндарына байланысты белгіленген;

–  қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;

–  ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталар жасауға ерік берілді.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы ”Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы “ ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкеә ұйымдастырылған. Жарға ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша бірліктерінің эмиссиясы, сонымен монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тертіптері қамтылады.

1993 жылдың  наурызында «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі туралы» жаңа  Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің басқару құрылымдары терең өзгерістерге ұшырады. Сонымен, Қазақстан Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезінен нақты жұмыс істей бастаған болатын.

Мемлекеттің егемендігін және республика банк жүйесінің дербестігін нығайту мақсатында 1993 жылдың екінші жартысында қазіргі техникамен жарақтандырылған мәнет сарайы іске қосылды, ол металл  тиындарын (бағалы металдардан жасалғандарын қоса отырып).

Информация о работе Ақшаның пайда болу тарихы