Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2015 в 22:15, реферат
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Ұлттық валютаға көшу механизмін жасау үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Құжаттардың бір бөлігін комиссия, енді бір бөлігін ұлттық банк әзірледі. Қажетті нормативті құжаттардың барлығы он сегіз күннің ішінде дайын болды. Тек тек ақша айырбасын жария етіп, іске көшу қалды. Дегенмен, қайталап айтамын, металл түріндегі валюта дайын болмады. Суретшілер дизайнды дайындап, үш ауысымда жұмыс істеліп, бір ай ішінде қағаз тиындар әзір болды.
Ақша мен монета он күн ішінде, ақша айырбасына 2-3 күн қалғанда облыстарға жеткізілді. Сонымен, қарашаның ортасына қарай ұлттық теңгемізге көшідің барлық әзірлік жұмыстары аяқталды. Ақшаны жеткізу аяқталып біткен соң 1993 жылдың 13 қарашасында республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев теледидардың кешкі жаңалықтарында ұлттық валютаның енгізілетінін жария етті.
Теңге 1993 жылдың 15 қарашасында ресми түрде өмірге жолдама алып, айналымға табыспен енгізілді. 1 АҚШ долларына шаққанда 4,75 есебінен теңгенің алғашқы бағамын белгіледі. 500 кеңестік сом 1 теңгеге айырбасталды. Ұлттық банк басқармасының мүшелері айырбас бағамын 1:1000 алуды ұсынған еді. Осы негізде алу қажет болатын. Бірақ, біздің дегеніміз болмады. Ал мемлекеттік комиссия қабылдаған бағам кейін ұлттық валютаның беделіне нұқсан келтіргені белгілі. Алғашқы екі жылда төмен құлдырады. Оқасы жоқ. Ең бастысы іс бітті. Теңге біздің экономикамыздың, мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралына осылайша айналды.
Ақша сұранымы мен ақша табысының жылдамдығының түсініктері
Ақша сұранымы теориясы
Ақша дегеніміз – төлем немесе халықаралық айырбас құралы. АҚШ – та ақша қорының негізгі өлшемі – валюта және тексеріліп тұратын депозиттер немесе М1 болып табылады. Бұл ақшаны халық бір нәрсе сатып алу үшін жұмсайды. 1989 жылдың орта шенінде М1 – АҚШ – та 800 миллиард доллар болды.
Ақша сұранымын талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраным тұрғысынан қараймыз.
Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранымы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне байланысты:
Ақша экономикасында активтердің алуан түрі кездеседі, яғни валютадан түрлі қағаздар жиынтығы ақшаны құрайды. Осы активтердің қайсысын ақша деуге болады? Негізінен 4 түрлі жиынтығы бар: валюта, М1, М2 және М3.
Ақша табысының жылдамдығы мен сандық теориясы
Ақша табысының жылдамдығы дегеніміз – ақша қорының жыл сайын айналымда болып, жылдық табысты қаржыландыратын уақыт мөлшері. Ол ЖҰӨ - нің ақша қорының коэффициентіне тең.
Табыс жылдамдығы былай аяқталады:
V=YN / M
Яғни, ол – номиналды табыс коэффициентінің номиналды ақша қорына қатынасы. Бұл теңдеуді балам түрде жазатын болсақ, YN (номинал ЖҰӨ) баға деңгейіне тең болып, нақты табысқа Y көбейтіледі.
Сонымен:
M X V = P X Y
Сандық теория
Соңғы теңдеу сан теңдеуі болып саналады, ол баға деңгейі мен өнім деңгейін ақша қорына қосады. Сан теңдеуі біртіндеп ақшаның сандық теориясы деп аталады. Бұл жерде V – табыс жылдамдығы және Y - өнім деңгейі тұрақты болады. Нақты өнімнің тұрақты болуы экономикалық жұмыспен толық қамтамасыз етілуіне байланысты. Егер V мен Y тұрақты болса, онда баға деңгейі ақша қорына пропорционалды болады. Сонымен, классикалық сандық теория - инфляция теориясы болып саналады.
Және ол баға деңгейі ақша қорына пропорционалды екенін дәлелдейді:
P = V X M / Y
Жылдамдық және саясат
Саясатта жылдамдыққа дұрыс мән берілген. Оны мына теңдеуді қайта жазу арқылы байқауға болады.
YN= M х V
Берілген номиналды ақша қоры мен жылдамдық арқылы ЖҰӨ - нің номиналды деңгейін білеміз. Бұдан ары, егер жылдамдық тұрақты болса, ақша ұсынымындағы өзгеріс номиналды табыстағы өзгерістерге пропорционалды болады. Ақша қорына әсер ете алмаған кез келген саясат, соның ішінде фискальды саясат табыс деңгейіне әсер ете алмайды.
Тұрақты жылдамдық туралы мәселе қозғалғанда ақша сұранымы да ескеріледі. Жылдамдық түсінігі өте маңызды, себебі ол – ақша сұранымы туралы әңгімелеудің ыңғайлы жолы.
M /P = L (i, Y).
Мәлімет көрсетіші
Төмендегі кестеде 1982 жылы сағат 1,00 – де белгіленген PGNP – ЖҰӨ - нің дефляторы, OWN – М2 – ден түскен табыс мөлшері, СОММ (айналымдағы кредит-ақша іс-қағазының мөлшері) – бағалы қағаздар немесе іс-қағаздар мөлшері.
Қорытынды
Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай – ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Ақша құн өлшемі ретінде
Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша айналыс құралы
Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Ақша төлем құралы
Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
Дүниежүзілік ақша қызметі
Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.