Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 22:22, практическая работа

Краткое описание

Қаржы - бұл мемлекет, занды және жекс тұлғалардың арасында ақша құраллары қорларының қалыптасуы, бөлу және пайдалану жөнінде болатын экономикалық катынастар жуйесі. Қаржы ақша кұралдары қорының қалыптасуы мен пайдалануының бақылау жэне ЖҰӨ-нің бөлінуі мен қайта бөлінуінің экономикалык құралы. Қаржының мәні оның қызметтері арқылы анықталады: бөлу, бақылау, ынталандыру, фискалдық. Қаржының бөлу кызметтері шаруашылық субъектілерін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, олар мақсатты бағытталған ақша қорлары формасында пайдаланылады. Салық арқылы мемлекеттік бюджетте қаржы құралдары шоғырландырылып, өндірістік, әлеуметтік, халық шаруашылық проблемаларын шешуге жұмсалынады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Karjy juiesi.docx

— 29.52 Кб (Скачать документ)

Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы

 

Қаржы - бұл мемлекет, занды және жекс тұлғалардың арасында ақша құраллары қорларының қалыптасуы, бөлу және пайдалану жөнінде болатын экономикалық катынастар жуйесі. Қаржы ақша кұралдары қорының қалыптасуы мен пайдалануының бақылау жэне ЖҰӨ-нің бөлінуі мен қайта бөлінуінің экономикалык құралы. Қаржының мәні оның қызметтері арқылы анықталады: бөлу, бақылау, ынталандыру, фискалдық. 
Қаржының бөлу кызметтері шаруашылық субъектілерін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, олар мақсатты бағытталған ақша қорлары формасында пайдаланылады. Салық арқылы мемлекеттік бюджетте қаржы құралдары шоғырландырылып, өндірістік, әлеуметтік, халық шаруашылық проблемаларын шешуге жұмсалынады. Салық арқылы мемлекет кәсіпорындардың, фирмалардың, азаматтардын табыстарының бөлігін қайта бөліп, оларды өндірістік және элеуметтік инфрақұрылымнын дамуына, шығындарды белгілі мерзімде өтейтін қор және салаларға инвестиция түрінде жұмсайды. Ақша формасында қоғамдық өнімнің құнының қозғалысымен байланысты қаржылар ұдайы өндіріс процесін жалпы және фазалар бойынша сан жағынан бейнелейді. Сондықтан қоғамда қалыптасатын экономикалық пропорцияларды үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді. 
Қаржының ынталандырушы кызметі: салық ставкаларын, жеңілдік-терді, салық салу жағдайларын өзгерту арқылы мемлекет белгілі салалар мен өндірістердің тез дамуына жағдайлар жасайды және қоғамның өзекті проблемаларын иіешуге ықпал етеді. Салық жеңілдіктері арқылы мемлекет техниқалық прогресті, жұмыс орындарының көбеюіне, өндірістің ұлғаюына күрделі қаржылардың салынуын ынталандырады. 
Қаржының фискалдық қызметі ол салық көмегімен кәсіпорындар мен азаматтардың табысының бір бөлігін орталыктандырып, мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін өндірістік емес сфераны дамытуға жұмсайды. 
Ұлттық экономика шеңберіндегі каржы катынастарының жиынтығы мемлекеттің қаржы жүйесін құрайды. Қаржы жүйесі орталықтан-дырылған, орталыктандырылмаған қаржылар мен үй шаруашылығының қаржыларынан қалыптасады. 
Орталықтандырылған қаржылар - ол мемлекеттік бюджеттік жүйе, мемлекеттік несие, мүліктік және өзіндік сақтандыру қорлары, арнайы бюджеттік қорлар. Олар ұлттық экономиканы жалиы реттеудің, маңызды әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешудің құралдары ретінде пайдаланылады. 
Орталықтандырылмаған қаржылар ортурлі меншік формасындағы кэсіпорындар мен фирмалардыц каржылары. Бұл заішы тұлғалар арасындағы, занды тұлгалар мсн мемлекет арасындағы және заңды түлғалар мен жеке түлғадар арасындағы каржы катынастары. Кәсіпорындар мен салалар қаржылары қаржы жүйесінің негізін кұрайды. Мұнда қаржы ресурстарыныц маңызды бөлігі калыптасады. Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың қаржы жағдайынан елдің жалпы қаржы жағдайы тәуелді болады. 
2. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар. 
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттік қаржылардың маңызды бөлігі. Ол арқылы Ж¥Ө салалар мен территориялар арасында бөлініп, қайта бөлінеді. Бюджет - ол табыстар мен шығындардын баламсы. Ұлттық экономиканың дамуында бюджеттің ролі тарихи дамудың әртүрлі дендерінде бірдей емес. Оның екі кезеңін накты атап көрсетуге болады. Классикалық капитализм дәуірінде мемлекет шаруашылык іс-әрекетке белсенді араласпады. XX ғасырдын екінші жартысынан бастап бюджет макроэкономиканың куатты реттеушісіне айналды. Салықтар мен мемлексттік шығындардың басым бөлігі жұмыспен камту мен экономикалық өсуді қамтамасыз етуде бюджеттің алдынғы катарлы роль ойнауына мүмкіндік береді. Бюджет қоғамдық ұдайы өндіріс пен экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал студің маңызды тетігі. Мемлекеттік шығындар мен салық салу деңгейін өзгерту жолымен үкімет жиынтық сұраныс көлемін реттей отырып, экономикалық коньюктураның қысқа мерзімді ауытқуларына ыкпал ете алады. 
Сонымен бюджет - бұл мемлекеттін қаржы жоспары, мемлекеттің шығындары мен табыстарыньщ балансы. 
Қандай да бір елдің бюджеттік жүйесінің құрылымы ең алдымен оның мемлекеттік құрылысына тәуелді. Унитарлык мемлекеттерде бюджеттік жуйе мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады. Федеральды мемлекеттерде аралық бөліктер - штаттар мен федерация субъектілерінің бюджеттерінен тұрады. Бюджеттік жүйе арқылы бюджеттің бөлу және бақылау қызметтері жузеге асырылады. 
Бөлу қызметі мемлекеттік максаггар мен кызметтерді орындау ушін түсімдердін әртурлі каналдары және олардын қолданылуы арқылы мемлекетте ақшалай кұралдардын шоғырлануын көздейді. Кейбір елдерде бұл қызметгі өзінің аймақтық органдары арқылы мемлсксттік қазынашылык органы атқарады. 
Бақылау қызметі экономиканың әртурлі құрылымдық звеноларында акшалай құралдарды қалыптастыру мен пайдалану процестеріи бакылау шараларын жургізудсн көрінеді. 
Мемлекеттік бюджет мемлекеттік аппаратты үстау, қорғаныс, 
денсаулык сактау, білім, әлеуметгік жәрдемакылар төлеу үшін ашалай 
ресурстардың орталықтандырылған қорын кұрады. Бюджет шаруашылық коньюнктурага ықпал ете отырып, экономиканы мемлексттік реттеудін, оны тұрақтандыру бойынша шараларды жүзеге асырудын куатты тетігі болып табылады. Мемлекеттің экономикаға ықпал етуі каржыландыру, субсидия беру, трансферттер аркылы жүргізілсді. Экономикалық құжат ретінде бюджет коғамньш саяси және әлеумсттік динамикасын көрсетеді. Мемлекеттік бюджет тек орталық үкіметтің бюджетін ғана емес, сондай-ақ барлық деңгейдегі бюджеттердін жиынтығын көрсетеді. Бюджетке сондай-ақ әртурлі бюджеттік емес корлар немесс мақсатты бағыты бар акшалай қаржылар жатады. Өзінін сандық құрамы бойынша олар әркашан бюджет кұрамына қосыла бермейді. Бірақ пайдалану және бөлу принципі бойынша олар мемлекеттік бюджеттік шығындар үрдісіне теңестіріледі. Олар белгілі бір мақсатты қорларға шоғырландырылыл, орталық және жергілікті билік органдарының басқарылуында болады. Бұл зейнетакы қорлары және басқа да арнайы салықтар, қарыздар, бюджеттік субсидия есебінен құрылатын қорлар. 
Мемлекеттік шығындар мен салыктармен байланысты ретгеу жүйесі - фискалдық саясат деп аталады. Мемлекеттік шығындар - мемлекетті қаржыландыруға кететін шығындар, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жатады. Бұл сатып алулар әртүрлі болуы мүмкін; бюджет ессбінен жолдар, мектептер, медициналық кұрылымдар құрылысы, ауыл шаруашылық қорғаныс техникаларын сатып алу және т.б. Бұл жағдайда тұғынушы - мемлекет болады. Сондықтан да булар не өз тұтынуы үшін, не өндіріс факторлары, қызметтер мен игіліктер нарығында сұранысты реттеу үшін жүзеге асырылады. 
Мемлекеттік шығындар бюджет шығысында көрсетіледі, сондықтан олар тиімді және сандық сапалық экономикалык өсуді камтамасыз етуі тиіс. Бұл мемлекетпен жүргізілетін фискалдык саясат мына мақсаттарға жауап беруі тиіс: 
- экономикалық циклдың ауытқуын бәсендетуге; 
- экономикалық өсу қарқынын арттыруға; 
- жұмысбастылықтың жоғары деңгейіне кол жеткізуге; 
- инфляцияның қолайлы қарқынына қол жеткізуге. 
Фискалдык саясат дискрециондық және автоматты болып бөлінеді. 
Дискрециондық фискалдық саясат тауарлар мен қызметтерді сатып алу, мемлекеттік трансферттср және салықтар арқылы жүргізіледі. Олардын мөлшерінің өзгеруі жиынтық шығындардың өзгеруіне алып келеді. Дискрециондық фискалдық саясаттын кұралдары ол мемлсксттік шығындар жәнс салықтар. Бұл саясаттың мақсаты өндірісті ұлғайту, жұмыссыздықты қыскарту, инфляцияны төмендету, экономиканы тұрақтандыру. Дискрециондық емес саясат ол пассивтік саясат, мұнда мемлекеттік шығындар мен салықтардын дәрежесіндегі өзгерістер автоматты түрде ендіріледі (автоматты тұрақтандырғыштар). 
Автоматты тұрақтандырғыштар - бұл үкімет тарапынан қандай да бір арнайы шешімдер қабылдаудын қажетінсіз іс-әрекет жасайтын нормалар. Тұрақтандырғыштарга салык жүйссі, ең алдымен прогрессивті салықтар жатады. Жандану кезінде жалпы ұлттык өнімнің өсуімен салықтык түсімдер автоматы түрде өседі, бұл экономикалық өсуді тежейді, керісінше жалпы ұлттық өнімиің құлдырау кезеңінде салыктық түсімдер автоматты түрде қысқарады және бұл экономикалық құлдырауды бәсеңдетеді. Трансферггік төлемдср карама-қарсы жағдайда көрінеді. Жұмыссыздық бойынша жәрдем акы, кедейлік бойынша жәрдем ақы, фермерлерге субсидия - бұлардың барлығы экономикалык өрлеу кезеңінде қысқарады және өндірістін кұлдырау кезеңінде өседі. Нәтижесінде экономикалық өсу кезеңінде трансферггік төлемцер арқылы тұтыну шығындары қамтамасыз стіледі, ал кұлдырау кезеңінде тұтыну шығындары жоғары осіп, сұранысты ынталандырады.


Информация о работе Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы