Амортизация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2013 в 16:18, реферат

Краткое описание

Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқаг тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс».

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..3
I Бөлім. Негізгі құралдарды мойындау…………………………………………………………4
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі…………………………………………4-6
II Бөлім. Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі………………………7
2.1 Негізгі құралдардың тозуына түсінік…………………………………………………..7-8
2.2 Амортизацияның әдістері………………………………………………………………….9-19
2.3 Амортизацияның синтетикалық есебі………………………………………………19-20
Қорытынды………………………………………………………………………………………….21-22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………..23

Прикрепленные файлы: 1 файл

Амортизация.docx

— 30.29 Кб (Скачать документ)

7420 2420 
2.3 Амортизацияның синтетикалық есебі

Негізгі құралдарға тозу сомасы есептелгенде бухгалтерлік есепшоттары  бойыша жүргізілетін шаруашылық операциялар 
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит 
1 2 3 4 
1 Ұйымға келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарының тозу сомасына 2410 2420 
2 Ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға сатқан немесе басқадай жолмен есептен шығарған негізгі құралдарына бұрын есептелген тозу сомасының есептен шығарылуына 2420 2410 
3 Негізі құралдарға есептелген тозу сомасына: 
- негізгі өндірісте; 
- қосалқы өндірісте; 
- жалпы шаруашылыққа арналған; 
- сатуға қызмет көрсететін салада; 
- күрделі құрылысқа пайдалануда; 
- алдағы есепті кезеңге жатқызылғандары: 
- қысқа мерзімге жалға берілгендеріне. 
8046 
8045 
7210 
7110 
2930 
1620, 2910 
7420 
2420 
2420 
2420 
2420 
2420 
2420 
2420 
4 Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуіне сәйкес тозу сомасының артуына 
5 Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының кемуіне сәйкес тозу сомасының азаюына 
Шаруашылық операциялар Д К Сома 
Негізгі құраладарға тозу сома 
есептелді: 
1. Негізгі өндірістегі жабдықтарға 8010 2420 93 740 
2. Көмекші өндірістегі жабдықтарға 8030 2420 81 200 
3. Әкімшілік ғимаратына 7210 2420 44 500 
Көмекші өндірістің жабдықтары 
есептен шығарылды 
баланстық құнына 7410 2410 32 200 
Жабдықтардың тозу сомасы есептен 2420 2410 11 000 
шығарылды 
Қорытынды 
Қозғалмайтын мүлік, гимарат және жабдықтар (негізгі құралдар) — дегеніміз – материалдық активтер,оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданады және бір жылдан астам мерзім пайдаланылады, осы пайдалану мерзімде өз құнын амортизация арқылы бірте бірте өндірілген өнімге ауыстырады. 
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар: 
- негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы; 
- негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы; 
- қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі; 
- негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі. 
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар бухгалтерлік есепте жеке инвентарлық объект ретінде көрсетіледі , мысалы ғимарат бұл объектіге әрбір жеке тұрған ұй кіреді, сол сияқты жабдықтарда , сондықтан есепке аларда кіріс құжатында (паспорт) объектіге жататын құрылғылар (қосалқы бөлшектер)жазылу керек. 
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар (негізгі құралдар) ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі: 
салалар бойынша; 
бағыты бойынша; (өндірістік,өн.емес) 
пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына; (жер,жабдықтар,ғимараттар..) 9 түр. 
иелігі бойынша;(меншікті, жалға алынған,уақытша пайдалануда) 
пайдалану маңызы бойынша;(әрекетті, запастағы,әрекетсіз) 
мүліктік құрамы бойынша;(инвентарлық, инвентарсыз) 
салықтық нысандар бойынша (топталған, әр топқа өз шектелген норма белгіленеді). 
Шаруашылықтың әр саласында, натуральдық-заттық белгі бойынша,негізгі құралдар мынадай түрлерге бөлінеді:ғимараттар; құрылыстар; беріліс құрылғылары;саймандар;өндірістік мүліктермен иеліктер;шаруашылық мүліктері;үлкен жұмыс малы мен өсім малы; кітапхана қоры;жерді жақсартуға күрделі шығындар(ғимараттардан басқа);мұражай құндылықтарымен басқа объектілер;басқа да негізгі құралдар. 
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар (негізгі құралдар) қозғалысы №16 ХҚЕС –на сәйкес бағаланады: өзіндік құн (нақты) бойынша немесе бастапқы құн — бұл негізгі құралдарды салу немесе сатып алу бойынша нақты жұмсалған шығынның құны,бұған төленген, өтелмеген салықтар мен алымдар,сондай-ақ активтерді мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыстын күйіне келтіруге байланысты жеткізу,монтаждау,қондыру,іске қосу шығындары және кез келген өзге шығындар енгізіледі. Күрделі қаржы есебінен салынған (тұрғызылған) немесе сатып алынған негізгі құралдар үшін бастапқы құны мүлік құны болып табылады. Ол мыналардан тұрады: ғимараттар мен құрылыстар үшін объектілер салу(тұрғызу)жөніндегі құрылыс және монтаж жұмыстарының шығындары, жобалау-іздестіру жұмыстары, сондай-ақ объектілердің мүліктік құнына бекітілген тәртіпке енгізуге жататын басқа шығындар. 
Негізгі құралдар пайдалану процесінде бірте-бірте тозады.Тозу – негізгі құралдардың физикалық және моральдық сапасының жоюлуы және осымен қоса құныныңда жоюлуы. 
Физикалық тозу- ол сырт түрі өзгергені, ал моральдық –ол қазіргі талаптарға сай еместігі (ғылыми және техникалық). Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны пайдалану мерзімінде шектеулі норма есептелер бойынша амортизацияланады.Амортизация кәсіпорынның шығындарында есептеледі (есептелмейді өнім беретін малдарға, кітапхана қорларына, консервацияға салынған негізгі құралдарға). 
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі.Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Астана, 1 наурыз 2006 ж. 
2. «Бухгалтерлік есеп және Қаржылық есеп беру» туралы заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңы. Астана, 2002 ж. 
3.Бухгалтерлік есеп стандарттары. Алматы, 2004 ж. 
4. Кәсіпорындағы қаржылық есепті жүргізу. Кезмемтаев К.К, Алматы. Экономика, 2003 ж. 
5. Бухгалтерлік есеп, 2-ші басылым қаржы және статистика. Радостовец В, Капайлов Г.З, 1994 ж. 
6. В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж. 
7. Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж. 
8. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж. 
9. Бухгалтер бюллетені. №3 қаңтар, 2006 
10. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж. 
11. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003. 153-183бет. 
12. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.


Информация о работе Амортизация