«Алаш» партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 21:45, реферат

Краткое описание

1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық – демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Алашорда.docx

— 22.23 Кб (Скачать документ)

«Алаш» партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі     

1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық – демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жқнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-демократиялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқасты етті. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгерді. Мұны Ә.Бөкейханов кейінірек «Қазақ» газетінің 1917 жыылғы 23 желтоқсандағы 256-санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында (хат «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 25 қаңтарындағы №29 санында басылды) жан-жақты негіздеді. Осы сұраққа кадет партиясынан неге шықтым» деген сұраққа жауабында Ә.Бөкейханов негізгі үш мәселеге оқырмандардың назарын аударған: «кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн» дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса. Башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сытырылып қалады.

Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиналып, ұлт автономиясын тікпек болдық.

Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молда үкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқасты болмақ. Жалование алған молдалар хүкіміетке жетекшіл болып,  еріп кетеді. Біздің қазақ қырғыз дін ісін көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп қойған оң болады. Мұны орысша «отделение церкви от государство» дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды.

Осы үш жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен содан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. Мен мұны июлдегі (1917 жылғы шілде – К.Н.) жалпы қазақ сьезінде айтқан едім».

Басқа сөзбен айтқанда, Ә.Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен – аграрлық, ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық сьезд шақыруды дұрыс деп тапқанын ашық мәлімдейді. Осының нәтижесінде Ә.Бөкейхановтың кадет партиясынан іргесін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық болуға тиісті ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға бел шеше кірісуі үлкен саясаткерге тән батыл қадам болды.

Бірінші бүкілқазақтық сеьзд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты.  Сеьзге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан астам адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ сеьздерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылған еді. Олар:

1. Мемлекеттік басқару формасы.

2. Автономия құру мәселесі.

3. Жер мәселесі.

4. Халық милициясын құру.

5. Сот ісі.

6. Дін мәселесі.

7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.

8. Құрылтай жиналысын шақыру.

9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.

10. Жетісудың ашыққан халқына  көмек.

11. Халық ағарту ісі.

12. Земство

13. Әйел мәсселесі

14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.

 

 

 

1917 жылдың желтоқсанында  Орынборда өткен Жалпықазақ съезі  Түркістан автономиясының басшысы  М.Шокайды тыңдап, "Қокан оқиғасын  ұлт-азаттық қозғалыстағы демократиялық  мазмұнды мойындамау — басқаша  ойларандарды катаң жазалау, идеологиялық  төзімсіздік, пролетариат диктатурасының  революцияшыл ұрандарына елігушілік" деп бағалады. Осыдан кейін қазак  халкының автономиясы туралы  мәселе қаралды.

Делегаттардың көпшілігі жуық арада автономия жариялауды жақтап дауыс берді. Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің мүшелері сайланды. Балама негізде Ә.Бөкейханов төраға болып сайланды. Съезд қарсаңында "Казақ" газетінде "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. 

Он бөлімнен тұратын бұл құжатта партияның мемлекеттік құрылыс, қорғаныс, дін, ғылым мен ағарту саласындағы, аграрлық мәселе және т.б. жөніндегі кең көлемді бағдарламалары көрсетілді. Жобаның негізгі бағдарламалық қағидалары Бүкілқазақ съезінің шешімдерінен көрініс тапты. Сөйтіп, тарихтың бетбұрысты кезеңінде "Алаш" партиясы сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.

Төңкерістің осы бір тарихи қиын кезеңінде билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысу жолдарын қарастырмады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолыңдағы тайталасы басталды. Петроградта болған Ңазан төнкерісі Қазақстан аумағында бұрын-соңды болмаған таптық зорлық-зомбылықтың себебі болды. Бұған қарамастан Ресейдің халық бұқарасы, соның ішінде, қазақтар да Бүкілресейлік құрылтай жиналысына үлкен үміт артты. 1917 жылдың қарашасы мен 1918 жылдың қаңтары аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің басым көшішгігі "Алаш" партиясының бағдарламалық талаптарып қолдайтынын көрсетті.

Жетісу губерниясында "Алаш" партиясының блогы сайлаушылар дауысының 57,5%-ын алды. "Алаш" партиясы Семей уезінде (85,6%), Торғай, Орал губернияларында (75%) бұдан да жоғары жеңіске жетті.

Сайлау нәтижесі көрсеткеніндей, "Алаш" партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге елеулі оппозиция болды. Болыпевиктік экстремизм тайталастың ең басынан бастап-ақ бұл партияның орны баррикаданың басқа жағында болатынып анықтап берді.

 

 

1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда II бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайы өткізілді.

Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.[2]

Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейхан, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді.

Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейхан (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Үкімет төрағалығына үш қайраткер — Бөкейхан, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейхан төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды.

Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейхан бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді.

 

 

 

 


Информация о работе «Алаш» партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі