Алаш идеясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:33, реферат

Краткое описание

Алаш қозғалысының тарихи негізгі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді.
Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. Интернационализм (ұлтсыздандыру) саясатын жалаулатқан кеңес өкіметі жалпы «алаш» атауын құртып – жою үшін барлық амал - айланы қолданып баққаны содан болса керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Алаш идеясы - Қазақ идеясы.doc

— 71.00 Кб (Скачать документ)

Амантай Кәкен 

журналист, «Жалын» журналының

 публицистика және әдеби сын

номинациясы  бойынша  Ғабит  Мүсірепов

  атындағы сыйлықтың лауреаты    

                                                                 

АЛАШ  ИДЕЯСЫ – ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ

 

Алаш қозғалысының  тарихи  негізгі  Ресей  отаршылдығының қазақ  жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш  идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім  деп     ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені   Алаш  қозғалысы  қазақ  қауымындағы   отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске  ұмтылған   жалпыхалықтық     демократиялық қозғалыс еді.

Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. Интернационализм (ұлтсыздандыру) саясатын жалаулатқан кеңес өкіметі жалпы «алаш» атауын құртып – жою үшін барлық амал - айланы қолданып баққаны содан болса керек. Осы мақсат үшін өздері ойлап тапқан тап күресін ғажап пайдаланды: ел үшін екіге бөліп, қақ жарды, тыныш жатқан жұрттың басына әңгір – таяқ орнатты. Бұрын саяси астыртын күреске көп араласа қоймаған, оның құйтырқы әдістерінен хабары шамалы аңқау, аңғал жандар алдын ала құрылған осындай арнайы тұзаққа оп – оңай топырлап түсіп жатты.

Халық алдында  беделі бар, оны соңынан ертіп, сөзін  өткізе алатын оқыған білімді азаматтарға  «ұлтшылдық» деген пәле жабылды, атылып – шабылды. Ең алдымен Алашорда қозғалысына қатысқандарға кешірім  жасалды, бірақ соңынан бәрі құрбандыққа шалынды, тірі қалғандары итжеккенге айдалды. Келесі кезекте большевиктерді жақтап, сол арқылы елімді, жерімді гүлдендіріп, ұлттық мүдделерді көркейтемін деп кеңес өкіметінің іргесін қаласқан марқасқа азаматтар қырылып – жойылды.

Мәселен, Алаш ісі  бойынша қозғалыс  бастаушылары деп танылған Әлихан Бөкейханов, Ахмет  Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел  Габбасов, Мағжан Жұмабаев, Қайреддин  Болғанбаев және басқаларының көздері  құртылды, алайда репрессия науқаны  толастамады.

Бірақ осыдан кейін Алаш идеясы тоқтады десек, бұл шындықпен қабыспаған болар еді. Өйткені күні кешегі Қазақстанда неміс автономиясын құруға бағытталған КОКП ОК Саяси Бюросының қаулысына қарсы Целиноград (қазіргі Астана) қаласында өткізілген Маусым (1979) демонстрациясы да, одан кейінгі Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі де (1986) бүгінгі жер үшін, тіл үшін, елдік үшін жүріп жатқан азапты күрес те осы Алаш идеясынан туындап жатқанын қалай жоққа шығара аласыз?

Республикалардың  тәуелсіздік белгілерін сақтау жөніндегі қозғалыстың бәрі И.Сталин тарапынан «ұлтшылдық уклон» болып есептелді. Бас хатшының 1922 жылдың қыркүйегінде В. Ленинге жазған хатында тәуелсіздік дегеніміз «ойыншық» нәрсе. Бірақ басқалар оны шын деп ойлайды, соған қынжылады деп атап көрсетті («Известия ЦК  КПСС», 1989, № 9).

Осыған қарамастан РКП (б) ХІІ съезі (17-23 сәуір 1923 ж.) ұлттық мәселе жөніндегі шешімінде «ұлтшылдық уклоны» туралы жалпылама түрде  айтылады да, «ұлыдержавалық уклонның»  аса қауіптілігіне баса назар  аударылды. Өкінішке қарай, міне, осы қисапсыз, ретсіз ойды Сталиннің маңайындағылар қызу қостап жүзеге асыра бастайды.

Мәселен 1923 жылдың 17-22 наурызында Орынборда қазақ партия ұйымының ІІІ конференциясында Мәскеу өкілі Е. Ярославский   мен РКП (б)Қазақ бюросының мүшесі А.Вайнштейн қазақтар тап күресіне назар аудармайды, елде ұлтшылдық пиғыл басым деген арандатушы пікір қозғады. Алайда бұған С.Сейфуллин, Н.Нұрмақов, С.Меңгешев, барлығы 14 адам, наразылық білдіріп партияның Орталық Комитетінің хатшысы Е.Ярославскийге хат жазады. Бұған «қазақ жолдастар жөнінде ұлтшылдар деген бет алды айыптау жасалған жоқ, ал ұлтшыл – уклонистік көзқарастарды сынға алу әбден орынды және мұнын өзі «партияның әрбір мүшесінің ажырағасыз правосы ғана емес, сонымен бірге міндетті де болып табылады» деп жауап берілді. Демек, хатқа қол қойған  қазақтын 14 серкесіне сол кезде ақ « ұлтшыл» деген таңба басылған еді.

Осыдан бір  айдан кейін татар халқынын көрнекті өкілі, Наркомнац коллегиясынын  мүшесі М.Султанғалиевтің ісі қаралып, оған кеңес өкіметінің ұлт саясатына қарсы шықты, сол мақсатпен ұлтшылдық ұйымын құрды деп айыпталды. Бұл мәселе РКП (б) Орталық Комитетінің И.Сталин өткізген идеология қызметкерлерінің бас қосуында (1923 жылдың 9-12 маусымы) да күн тәртібіне қойылды. М.Сұлтанғалиевтің ісі деген атпен белгілі 4  - кеңес ұлт арыстарын болашақ жаппай жазалауға барар жолдағы баспалдақтың алғашқы табалдырығы болатын.

Сөйтіп, екінші кезекте қазақ зиялылары  Сәкен  Сейфуллин, Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек  Қожанов, Тұрар Рысқұлов, Сейітқали  Мендешев, Нығымет Нұрмақов, Темірбек Жүргенов, Ғаббас Тоғжанов, Смағұл Сәдуақасов, Санжар Асфандияров, Абдрахман Байділдин, Сүлеймен  Есқараев және басқалары оққа ұшты. Неге?

Бұлардың бәріне «ұлтшылдық», «ұлтшыл-фашист», «ұлтшыл- ауытқушылық » деген айып тағылды. Мақсат – Алаш идеясымен ауыздаған, өзіндік дербес ой – пікір бар оқыған қазақ зиялыларын ұлт мүддесіне, ұлт тағдырына байланысты істерден аластату, бұл бағыттағы қимыл - әрекеттерін шектеу. Орталықтын отаршыл саясатын таңдап сараптамайтын, оны бұйрық есебінде бірден сөзсіз жақтайтын, мүлтіксіз жүзеге асыра алатын қарапайым орындаушыға айналдыру.

Жергілікті  халықпен күресудің бірден – бір  жолы ұлттық сананы  улап, саналы азаматтарды  ұлтсыздандыру үшін большевиктер «ұлтшылдық»  деген терминді кеңінен пайдаланды. Орыс деревьняларында бау – бақшаларда құстарды үркіту үшін қолдан жасалған қарауыл – қарақшы – пугало – қоюшы еді. Қазақтар үшін «ұлтшылдық» дегеніңіз  сол пугалоға айналды. Демек, Мырқымбаев – ұлтшыл, яғни ол жау, қауіпті адам. Құртуға толық негіз бар дегендей.

Осыған орай 37 – ден аман қалып, бірақ келесі жылы ресми түрде «ұлтшылдар»  деп танылған Мырзағұл Атаниязов, Жүсіпбек Арыстанов, Мұхамеджан Қаратаев, Өтебай Тұрманжановтың НКВД абақтысына түсіп, бастарынан кешкен қиямет – қайымына бір сәт назар аударып көрейікші (кезінде ұлтшыл – фашистік ұйымның мүшелері болып айыпталған бұлардың бәрі кейін толық ақталған – А.К.)

 

Мырзағұл Атаниязов

1919 жылдан  компартия мүшесі, мұғалім, РСФСР  Заң

наркоматының  жанындағы Жоғары заң курсын бітірген.

ҚазАССР-ның  Заң наркомы, РСФСР Жоғарғы сотының

Қазақ бөлімшесінің төрағасы, Қазақ АССР-ның  прокуроры,

Қазақстан Компартиясы ОК-нің бөлім меңгерушісі.

 

«Осы жылдың  12 мамырында тұтқындалған Атаниязов  Мырзағұл 18 мамырда  Ораз Исаев 1932 жылы мүшелікке тартқан ұлтшыл-фашист ұйымының  мүшесі  екендігін мойындаса да келесі күні айтқанын жазып беруден бас тартты. Ұлтшыл-фашистерді әшкерлеудің орнына өзін ақтауға тырысты. Ешқандай  ұйымды көрген жоқпын, білмеймін деп бәрін жоққа шығарды.

«Қарсылық  көрсетуді  тоқтат, аталмыш ұйымның белсенді мүшесімін деп шыныңды айт» деген біздің үзілді-кесілді талабымызбен  есептеспейді, тыңдамайды. Өрескелдік көрсетеді. Тергеуші  Хамидуллинге, тергеу жүйесіне тіл тигізеді. НКВД мен кеңес өкіметіне қарсы керітөңкерістік пиғыл танытады. «НКВД жазықсыз адамдарды тұтқындап жатыр! Қазақ болғаным үшін мені ұлтшыл-фашист жасағыларың келеді. Тұтқындаңдар, сот шешімінсіз құртыңдар! Талай кінәсіздерді өлтіріп едіңдер – мені де атыңдар. Оған сендердің қабілеттерің жетеді!» - деп бірнеше рет қайталады. Біз талап еткен жауапты айтқысы келмеді. Сіздің нұсқауыңызды күтемін».

(лейтенант Катковтың 1938 жылдың 3 маусымында жазған рапортынан)

Бұл  құжаттан нені аңғаруға болады? Атаниязов ақты қара дегісі жоқ. Саяси жүйенің, өкіметтің  қолшоқпары Катковқа келсек, оған шындық керек емес: міндеті – жоспарды орындау, қолға түскен айыпкерін қайтсе де жау қылу. Жауап тек осы мақсатқа, жоқ жерден бар жасалмақшы істің талабына сай болуы тиіс. Ары таза, жаны жайсаң Атаниязов, керісінше, арандатуға бармайды, біреуге жала жаппайды.

Хрущевтің «жылымық кезеңінде» Катковтың жеке ісі партбюрода қаралғанда оны талқылауға қатысқан отставкадағы полковник  Мұқаш Омаров ақсақалмен сөйлескенде ол мынаны хабарлады. Рапортқа нарком Реденс бір ауыз сөзбен «бить!» деген бұрыштама қойыпты. Яғни НКВД – нің ойдан шығарылған дүниесін қашан растағанша Атаниязовты «ұра бер» деп жазбаша пәрмен берген (!).

Ал Катковтың  жеке ісіндегі ішкі қызметтік тергеудің  материалдарын оқығанда біз мынандай сорақылықтарды көрдік.

- Ол түрмеге  түскендерді ұрып-соғуға қатысқанын мойындамайды. Дегенмен, Чернов пен Зернов үшеуі Атанизовты бір рет соққыға жыққанын мойындамайды;

- бұрын оның  қарамағында істеген Р.Садықовтың  пайымдауынша, бақтыға түскендерден  тәулік бойы «конвеер жүйесімен»  үздіксіз жауап алынған. Тергеушілер  ауысып отырады, ал айыпкер түрегеп тұрады. Отыруға рұқсат жоқ, ұйықтауға болмайды. Сезікті жанды кемсіту, қорлау, мазақтау, тіл тигізу, адамгершілік қадыр-қасиетін аяққа басу үйреншікті жайға айналған. Мұндай әрекетке бармағандарды басшылар жауға ымырашылдық көрсетті, либералдық байқатты деп сөге жамандаған;

- Өтенов, Жүнісов  және басқа жазықтылар арыз-өтініштерінде  тергеушілердің тәулік бойы жауап  алғанын, қорқытып үркіткенін, жәбірлегенін, ұрып-соққанын ашына жазады;

- Атаниязов  өзінің арызында: «1939 жылғы сәуірдің 8-ші және 10-шы жұлдызындағы түнде тергеушілер Чирков, Оспанов, Катков, Зернов «қылмысыңды мойында» деп бірнеше сағат бойы жұдырықтап, сабады», - деп хабарлайды.

 

Жүсіпбек Арыстанов

 

Балалар үйінде тәрбиеленген. Мәскеудегі Шығыс

Еңбекшілерінің  коммунистік университетін бітірген.

Шымкент қаласындағы губерниялық «Ақ  жол»

газеті редакторының орынбасары. Ташкенттегі 

Орта Азия университетінде  дәріс берді. Баспагерлік

қызметпен айналысты. Қазақстан Компартиясы 

ОК-нің мүшесі, оның бюро мүшелігіне кандидат,

«Социалистік  Қазақстан» газетінің редакторы.

 

Архивтегі қылмыстық  істен:

«Арыстанов  Жүсіпбек 1904 жылы Қызылорда облысының  Тереңөзек ауданында туған, қазақ, қызметші, ҚК (б)П-ның мүшесі, Қазақ  мемлекеттік баспасының директоры, Алматы қаласындағы Лагерьная көшесіндегі № 44 үйде тұрады.

Тройцкийшілермен, оңшылдармен  байланысты. Ұлтшыл-фашистік ұйым мүшесі. Кеңеске қарсы белсенді жұмыс  жүргізеді.

Арыстановты тұтқындап, РСФСР  Қылмыстық кодексінің 58 бабының 2, 8, 11 тармағы бойынша қылмыстық жауапқа  тарту қажет (1938 жылдың 11 тамызы) ».

Ал Жүкеңнің өзі болса 1955 жылдың 10 маусымында Л.Брежневке  жазған хатында былай деген:

- Мен, Арыстанов  Жүсіпбек отан жауларының арандатушылығының  құрбанымын. Ішкі түрмеде екі  жыл отырып, зорлық-зомбылық пен азаптың неше атасын көрдім.

Менің «ісім» ұрып-соғумен  басталды. 1938 жылдың 11 тамызында тұтқындалысымен  тұп-тура аға тергеушінің кабинетіне әкелді, ол болса маған ешқандай айып таппай бірден ұрысып, боқтай бастады, айғайлады: «Арыстанов, сен фашиссің, сатқынсың, соны мойындап түсінік жаз, әйтпесе –атыласың!» деді.

Тепкі-теперіш  пен машақатқа шыдап бақтым, болмаған нәрсені қалай мойындайын! Сосын  тергеу басқа әдіске көшті:  тамыздың 11 мен 16-сы аралығында дәм-су татырмады, демалыс бермеді, ұйықтатпады, қолымды төмен түсіріп, тік отырғызып қойды. Сұрақшылар кезек-кезек күзетіп, ұрысып: «сен фашиссің, ұлтшылсың, соны мойында» деумен болды.

Қол аяғым, денем  ісіп кетті, ұйқылы ояу жағдайда орындықтан қисая бастасам, бүйірімнен не ішімнен ұра бастайды. Ес-түссіз құлап едім, үстіме суық су құйды, дәм татуға зауқым соқпады, солай болса да артқы тесіктен (через анальное ртверстие) күштеп тамақ берді, сосын дем алсын дегендей камераға әкелді. Қалай келгенімді білмеймін. Бес тәуліктей ұйықтамағаныма қарамастан шамасы бір-екі сағаттан кейін күзетшілердің айғай-шумен тепкілеп оятқаны есімде. «Күндіз ұйықтауға болмайды» дейді. Жан жағыма қарасам, жанымда бұрынырақ ұсталған ЦК-нің бөлім меңгерушісінің орынбасары, әріптесім Д.Сидоров отыр. Ол әділдік іздеп, жалған жаланы мойындамағандықтан бұрынғы совхоз наркомы Дүйсеновтың ешқандай сотсыз Катков пен Оспановтың  тепкісіне мерт болғанын айтып, жылап жіберді.

Содан соң 17 ай бойы жеке камерада, оның ішінде біраз  үзіліспен екі айдай карцерде отырдым. Катков үш рет армансыз ұрды, оның біріншісі Павловқа жауапқа барғаннан кейін. «Сен, Арыстанов, егер алдағы уақытта осылай қасарыса берсең, теріңді бірнеше мәрте сыпыртамын», - деді Павлов. Оспановтан да көп таяқ жедім. Тәулігіне үш, төрт сағаттан артық ұйықтауға рұқсат бермейтін. Ұрып-соғудан, моральдық қорлықтан, ашу-ызадан жүйкем жұқарып, есімнен жаңылған кезім болды.  Үстіме мұздай суық су құйғандықтан ауырып, тұмауға шалдықтым, басыма, желкеме шиқан қаптап кетті. Менің осындай жай-күйімді пайдаланып, Катков пен Оспанов ақыры айтқанын істетті: олардың ойдан шығарған қылмысы қағазға түсіп, қол қойылды. Сөйтіп, қолдан жасалған құжат негізінде, тоғыз адамға, оның ішінде маған, іс қозғалып, бәріміз сотталып кете бардық...

 

Мұхамеджан  Қаратаев

 

КАЗПИ-дің филология факультетін, Ленинградтың

тарих, философия және әдебиет Институтының

Информация о работе Алаш идеясы