Акша жуйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 15:54, реферат

Краткое описание

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Содержание

Мазмұны
1.Ақшаның мәні және қызметтері
2.Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
3.Ақшаның түрлері
4.Ақшаның экономикадағы рөлі
5.Ақша айналысы және ақша жүйесі
6.Ақша айналысы және оның заңы
7.Ақша жүйесі
8.Ақша жүйесінің типтері
9.Тиыннын екінші беті
10.Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша.docx

— 20.96 Кб (Скачать документ)

                    Ақша

 

Мазмұны 

1.Ақшаның мәні және қызметтері

2.Ақшаның қажеттігі және шығу тегі

3.Ақшаның түрлері

4.Ақшаның экономикадағы рөлі

5.Ақша айналысы және ақша жүйесі

6.Ақша айналысы және оның заңы

7.Ақша жүйесі

8.Ақша жүйесінің типтері

9.Тиыннын екінші беті

10.Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақшаның мәні және қызметтері

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама–қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек  қана тауар айналысына ғана емес, сонымен  қатар қаржы – несие қатынастарына  да қызмет етеді.

Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.

Егер «нағыз» ақшалар айналыста  өзінің меншікті құнының арқасында  жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін.

Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.

Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.

Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән.

 

Ақшаның қажеттігі және шығу тегі

Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар  қатынастарының біршама жоғары дамуы  нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын  зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын  көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.

Нақты және абстракті еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен кұнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар  айырбас құнның әр түрлі нысандарын туғызды. Айырбас — бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғадысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, нысанына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тауарлардың бір-біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.

Мұндай негізге тауарлардың  құны, демек тауар өндірісі үдерісіне (процесінде) жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбекжатады. Тек қоғамдық еңбек қана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әртүрлі болып, нәтижесінде одардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнының (1 мал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.

Айырбас құны — бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.

 

Ақшаның түрлері

Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:

толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар);

толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері).

Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.

Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

құнның металдық белгілері—арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

құнның қағаздан жасалған белгілері.

Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшаларға.

Ақшаның экономикадағы  рөлі

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы үдерісінен туындайтын тауар өндірушілердің нысаны ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазіргі экономикадағы  атқаратын қызметтеріне мыналар  жатады:                                   құн өлшемі және баға масштабы;                                                                                                  айналыс (айырбас) құралы;                                                                                                                         төлем құралы;                                                                                                                                     қорлану және қор жинау құралы;                                                                                                                                 дүниежүзілік ақша.

Ақша айналысы және оның заңы

Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы  емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналысының объективтік  негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.

Қолма-қол ақшалар айналысы — бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.                                                                                              Қолма-қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.                                                                                                                    Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер).                                                                 Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс аясынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолмақолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

Ақша массасы және ақша базасы

Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады.

Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Ақша базасы — бұл міндеттемелерге  жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.

 

Ақша жүйесі

Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді.

 

Ақша жүйесінің типтері

Ақша жүйесінің өзіне тән  типтері және элементері болады. Ақша жүйесінің типі — бұл ақшаның қандай нысаны болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайдық.

металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған  э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9

↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы

↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

↑ 4,0 4,1 4,2 4,3 4,4 4,5 4,6 Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. ISBN 978-601-288-026-7

↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы

↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2


Информация о работе Акша жуйесі