Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 19:38, реферат
Экономика (гр. Oikonomia — үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.
Экономика ұғымы
Орындаған: Абилова С
Қадырбай И
Қабылдаған: Искалиев М
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті
Жоспар
Экономика (гр. Oikonomia — үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.
Көлеңкелі экономика
Көлеңкелі экономиканың бейресми (ашық жүретін, бірақ салықтан табысты жасыратын, ресми cтатистикада ескерілмейтін) экономика, қосып жазу, алаяқтық шарттар мен пара алушылық тән жалған экономика, заң тыйым салатын астыртын экономика деп аталатын түрлері бар.
Біріншіден, Әділет министрлігінде, мемлекеттік органдарда тіркелген жекелеген азаматтар және бірлестіктер арасындағы экономикалық қатынастар (“екінші” экономика).
Олардың қатарына жеке еңбек қызметінің қылмысқа жатпайтын, бірақ рәсімделмеген түрлері, мәселен, қосалқы және үй ш-н жүргізу, тұрғын үйлер, саяжайлар салу және жөндеу; автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және оларға күтім жасау жөнінде дербес қызмет көрсету; жекеше тасымал; мұқтаждарға мед., пед. және тех. көмек көрсету; тұрғын-жайды жалға беру, т.б. жатады.
Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес – икемді салық жүйесін жасау, шағын бизнеске, шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсету, т.б. іс-шаралар арқылы пәрменділік сипат алады.
Байлыққа ие болу және тұтынымды қанағаттандыру жайлы ойлануды Аристотель (384-322) экономика және хрематисстикаға бөлді. Экономиканың біздің ғ.д. негізгі мақсаты – тұтыну құнын алу, өмір сүруге керекті үй шаруашылығы, өнер, сауда арқылы баю болды. Байлық және ақшаны иемденуде алға қойған мақсатқа жетудің шегі жоқ. Егер экономика табиғи себептермен қамтамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен үйлеспей тұрғандайәсер қалдырды.
«Хремасстика» термині – сауда капитализмімен ұқсас түсінік. Экономика терминін экономикалық ғылымға ең алғаш әкелген Ксенофонт өзінің кітабын «Экономия» деп атады. Бұл еңбегінде сол заманғы құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару жөніндегі нұсқаулары жазылған. Ерте дәуірде көпшілік елдерде кең тараған ғылымның аты, грек тіліндегі шаруашылық және басқару сөзінен алынып, француз экономисі Антуан Маккретьен оны (1575-1622жж) «Саяси экономия» деген еңбегі арқылы бекітті. Сонымен, XVII ғасырдан қазіргі кезге дейін «саяси экономия» деген ғылым қалыптасты.
Экономикалық ғылым — білім жиыны, қоғамда үстемдік ететін шаруашылық идеологиясының негізгі құрамы және экономикалық ойлауды қалыптастырушы. Экономикалық ғылымның негізгі бөлігіне мыналар кіреді: экономикалық теория, шаруашылық логикасының тәжірибесі ретінде экономикадағы табиғи процестерді реттеу, шаруашылық қызметіндегі тәжірибені реттеу, қоғам мен индивидумның қажетін қанағаттандыру.
Мезоэкономика – ұлттық экономиканың белгілі бір ішкі жүйелерінің немесе халық шаруашылығы салаларының ӘӨК, аймақтық экономика т.б. жұмыстары мен заңдарын зерттейді.
Экономикалық теория пәні мен саясиэкономия пәні ұқсас. Дегенмен, экономикалық теория адамдар арасындағы субъективтік жағын қарастырады. Яғни адамдардың мінез-құлқын, таптар мен таптардың материалдық, материалдық емес игіліктермен байланысты қатынастарын қарастырса, ал саяси экономия материалдық игілікті талдаумен шектеледі.
Үшінші: шаруашылықты басқару, жүргізу ережесін сақтауды, сонымен қатар саяси проблемаларды да қарастырады. Мысалы, мемлекет жұмыссыздарға төлемақы төлей ме, жұмыс істемейтін аналарға көмектесе ме, конверсиялауға дауыс бере ме және басқалар.
Қорытынды
Бұл – экономикалық
ұғым ретінде қалыптасқан
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті