Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 13:53, реферат

Краткое описание

Рыноктық экономика – бұл сұраныс пен ұсыныстың үздіксіз арақатынасы. Мұндай қарым - қатынасты қарапайым моделінің тууы, экономикалық ғылым тарихында үлкен маңызды дәуір болып саналады. Сол мезеттен бері екі ғасырдан астам уақыт өтсе де, рыноктық экономикамен теориялық танысу осыдан басталады. Өйткені осы модель арқылы барлық экономикалық процестер ашылып көрсетіледі.

Содержание

СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС 3
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ (ЭЛАСТИКАЛЫҒЫ) 7
СҰРАНЫС МЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕРІ 10
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 13

Прикрепленные файлы: 1 файл

econ_ref_251.doc

— 102.00 Кб (Скачать документ)

Икемділік коэффициенті табыстың сұранысқа әсерімен анықталады.

Бұл жерде Ed — сұраныс икемділігінің табысқа байланысты коэффициенті, е — сатып алушылардың табысы.

Тауарлардың басым  бөлігінде табыстар мен сұраныстың арасындағы тікелей тәуелділік бар, яғни табыс өсуімен сұраныс көбейеді. Алайда, кейбір жағдайларда кері тәуелділік болуы мүмкін. Әдетте мүндай жағдай елдің кедей бөлігі тұтынатын, тұтыну қасиеттері төмен, тауарларға қатысты. Табыстар өскен сайын картоп, нан сияқты тағам өнімдеріне сұраныс азаяды, өйткені тұтынушылар өз рациондарына көп ет, көкөніс және жеміс-жидектер кіргізуге мүмкіндік алады.

Сұраныс икемділігімен тауарлар бағаларының тербелуі басқа тауарлардың бағаларының өзгеруіне әрқалай әсер етеді. Мысалы, икемсіз сұраныс пен тауар бағасы өссе, онда осы тауарды сатып алу шығыны өседі, ал бұл тұрақты табысқа басқа тауарларға сұранысты азайтады және олардың бағасын төмендетеді.

 

СҰРАНЫС МЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕРІ

 

Егер мемлекет рыноктық механизмге араласпаса, яғни бағаны қадағаламаса, бәсекелік рынокта сұраным мен  ұсынымның арасында тепе-теңдік орнайды  және тауардың рыноктық бағасы мен  оның жалпы көлемі белгіленеді.

Сұранымның  артуы тепе-тең баға мен тауардың тепе-тең мөлшерін өсіреді.

Сұранымның  кемуі тепе-тең баға мен тауардың тепе-тең мөлшерін кемітеді.

Тауарға ұсынымның  өсуі тепе-тең бағаның азаюына  және тауардың тепе-тең мөлшерінің көбеюіне әкеледі.

Ұсынымның кемуі  тепе-тең бағаның өсуіне және тауардың тепе-тең мөлшерінің азаюына әкеледі.

Сөйтіп, рынокта  сұраным мен ұсыным барлық кезде  тепе-теңдікте бола алмайды, бірақ рынок  тепе-теңдікке ұмтылады.1

Cонымен, тепе-теңдік баға - бұл баға мен тауардың мөлшерінің өзгерістері теңелген жағдайдағы сатып алу мөлшері мен сату мөлшері үйлесетін баға.

Егер, баға тепе-теңдіктен жоғары болса, онда ұсыным сұранымнан асып кетеді де, нәтижесінде тұтынушыда артықшылық болады немесе керісінше – мұқтаждық туады.

Жоғары баға өндірушілерді көп өнім өндіруге итермелейді. Мұндай бағада сатып алушылар саны азаяды. Өндірілген өнімнің аз бөлігі ғана сатылуы мүмкін. Ал қалған бөлік молшылық болып қалады. Молшылық - ұсынымның сұранымнан асып кетуі. Молшылық бағаның төмендеуіне әкеледі. Бағаның одан әрі төмендеуі өндірістің қысқаруына, сұраныстың көбеюіне әкеліп, сұраным мен ұсыным теңеседі. Баға одан әрі төмендегенде сұраным ұсынымнан асып кетеді. Бұл дефицит деп аталады

Тепе-теңдік баға көптеген факторлардың әсерінен өзгеруі  мүмкін, олардың ең маңыздысы –  салық салу мен бағаны бақылау. Бұл мемлекет араласуымен іске асырылады.

Салық салу салдары  тұтынушыларға да, өндірушілерге  де теріс әсер етуі мүмкін, себебі, салықтың өсуінен баға өседі, яғни тұтынушы сұранымы азаяды, соның нәтижесінде өндіріс  қысқарады.

Бұл кезде рыноктық тепе-теңдік нүктесі өте жоғары деңгейге жылжиды.

Рыноктық баға құруға мемлекеттің араласуы да сұраным  мен ұсынымның тепе-теңдігін бұзады. Ол әлеуметтік маңызы бар тауарларға рыноктық тепе-теңдіктен төмен деңгейде баға белгілеуде мәжбүр ету арқылы көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытындыда айтылғандардан ең маңыздысын бөліп көрсетейік.

     1.АҚШ-та  және басқа да аралас экономикалы  елдерде ресурстарды бөлуге қатысты  шешімдерді бағалар жүйесі арқылы  іске асырады. Бағалар рынокта анықталады: бұл рыноктар әртүрлі формада болады, бірақ олардың жұмыс істеуі сұраным мен ұсынымның базалық моделі арқылы қысылған түрде түсіндірілуі мүмкін.

     2. Сұраныc көлемі – бұл берілген рынокта тұтынушының белгілі бір уақытқа (мысалы, бір күнге немесе бір жылға) сатып алғысы келген тауар саны. Сұраныc көлемі тауардың бағасына және де басқа факторларға тәуелді, олардың ішінде ең маңыздылары – баламалы тауарлардың бағалары, тұтынушылардың табыстары, олардың таңдауы және күтілетін бағалар.

3. Сұраныc шәкілі тауарға деген сұраным көлемі мен оның басқа факторлар өзгермегендегі бағасына тәуелді болып табылады. Сұраныc қисығы – сұраныc шәкілінің графиктік суреттемесі. Сұраныc қисығы негізінен кемуші болады, бұнысымен ол сұраныc көлемінің баға түскенде көтерілетінін көрсетеді.

4. Ұсыныc көлемі – бұл берілген рынокта өндірушінің белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келген тауар саны. Ұсыныc көлемі тауар бағасы мен басқа да факторларға тәуелді, олардың ішінде ең маңыздылары - өндірістің негізгі көздері (физикалық капитал), өндірушінің қолы жететін технология, өзгермелі өндіріс ресурстарының бағалары, яғни өндірушінің шығынын анықтайтын барлық факторлар.

5. Тұтынушының  табысының өсуі қарапайым тауарға деген сұраныc көлемін көбейтпейді, сұраным қисығын оңға қарай жылжыта отырып, баға мен көлемді өсіреді. Тұтынушының табысының өсуі төмен сапалы тауардың сұраныc қисығын солға қарай жылжытып, баға мен көлемді азайтады.

6. Бұрыштық коэффициент мәні мен ұсыным қисығының жағдайы ең алдымен өндірістің шығындарымен анықталады, ал олар өз кезегінде технология мен өндіріс ресурстарының құнымен анықталады. Технологиялық кәміл өндірістің шығындарын қысқарта отырып, ұсыным қисығын оңға қарай жылжытып, тепе-тең баға мен тауардың шығару көлемін азайтады. Өндіріс ресурстарының біреуінің құны төмендегенде де осындай жағдай болады.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Я.Ә. Әубәкіров, Қ. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, Е. Байжұманов, С. Досқалиев, Ж. Жәйшебеков. Экономикалық теория. Алматы. “Қазақ университеті” баспасы,1999ж.
  2. Я.Ә.Әубәкіров, Қ.Нәрібаев, М.Есқалиев, Е.Жатқанбаев, Е.Байжұманов, С.Досқалиев, Ж.Жәйшебеков. Экономикалық теория негіздері. Алматы. “Санат баспасы”, 1998ж.
  3. Экономическая теория (политэкономия). В.И. Видяпин, Г.П. Журавлева. Москва. Издательство ²Российская экон. академия². 2000
  4. Нарықты экономиканың негіздері. Жүнісов Б.А., Мәмбетов Ұ.Е.  Ақтөбе, 1993, І-бөлім.
  5. Курс экономической теории. М.Н.Чепурин, Е.А.Киселева.                                                                               Издательство ²Аса². 1998г..
  6. Основы экономической теории. М.А.Сажина, Г.Г.Чибриков. Москва. Издательство ²Экономика² 1995г

 

 

1 Основы экономической теории. М.А.Сажина, Г.Г.Чибриков. Москва. Издательство ²Экономика² 1995г.




Информация о работе Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері